-ыр, -ір, -ар, -ер.
-ыр (-ір, -р.-) формасы кейбір негіздерге жалға-нып, олардың лексикалық мағынасына катысты туған сындық ұғымның атауларын білдіреді. Мысалы: жүмыр, иір, обыр, қыңыр, тықыр, шымыр, қүзар, былжыр т. б.
-ыр (-ір, -ар, -ер...) қосыміиасы кейбір еліктеу сөздерден де туынды сын есім жасайды. Мысалы: жал-тыр, жылтыр, сылбыр, былбыр т. т.
-у жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, лекси-калық мағынасына қатысты сын есімдер жасайды. Мы-салы: жарау, қызу, тақау, жадау, жабырқау, түзу, таяу, бітеу, баяу, көлбеу, қату т б.
-аған (-еген) жүрнағы кейбір салт және сабақты етістіктерге жалғанып, олардан мазмұнына сәйкес, бел-гілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: тебеген, қабаған, сүзеген, қашаған, береген, алаған, безеген, көреген т. б.
-ын (-ін, -н) жүрнағы кейбір етістіктен және кей-бір көне негіздерден туынды сын есім жасайтын өнімсіз қосымшаның бірі. -ын (-ін, -н) қосымшасы өзінің жал-ғанатын сөзінің лексикалық мағынасына қатыстық сын есімге тән мағына жамайды. Мысалы: ортан, бүтін, ер-кін, үзын, жайын т. б.
-қалақ (-келек, -ғалақ, -гелек) жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, солардың лексикалық мағынасы-' на сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бой ұратындықты біЛ'
діретіндей сындық ұғымның атауын жасайды. Мысалы:
үшқалақ, сасқалақ, қозғалақ т. б.
-алақ (-елек) жүрнағы негізінен, еліктеу сөздерге
жалғанып, олардың бейнелеу ұғымына катысты туынды сын есім жасаиды. Мысалы: еңкелек, қаңғалақ, бүлта-лақ, шыжалақ, жалталақ т. б.
-анақ жұрнағының туынды сөз жасаудағы үлесі тіпті аз да, өнімі тіпті жоқтың қасы деуге болады. Өйт-кені бұл жұрнақ арқылы тек суқ, шүқы, иіық сияқты 61-pep етістіктен ғана олардың нақтылы лексикалык ма-ғынасына қатысты сындық ұғымды білдіретін туынды сөздер жасалады. Мысалы: сүғанақ, иіүқанақ, шығанақ
Достарыңызбен бөлісу: |