Есімшенің өткен шақ түрі етістік негізіне -ған (-ген -кан, -кен) жүрнағы мен -атын (-етін) жұрнағы жалға-ну арқылы жасалады.
а) -ған жұрнағы арқылы жасалған форма, сөйлемніц кай орнында калай түрлендіріліп жұмсалса да және құ-рылымы ж алаң я күрделі түрде колданылса да, дәйім өткен шақ мәнін білдіреді Мысалы: Мен ол кісіні талай көргенмін, талай әңгімелескенмін; Ж азылған хат, оқыл-ған кітап көп-ақ, бірақ солардың бәрі де есте қалмаған екен; Қөп жасаған білмейді, көп көрген біледі; Жылтьі-рағанның бәрі алтьін бола бермейді т. б. Бұл мысалдар-да, түрленіп те, түрленбей де қолданылуына қарай, өт-кен шақ есімшеден болған бастауыштар да, анықтауыш-тар да, баяндауыштар да бар, бірақ солардыц бәрінеп де өткен шак мәні аңғарылады.
Бұл форма косарланып та жұмсала береді. Мысалы: кврген-білген, келген-кеткен, көрмеген-білмеген т. б.
Өткен шақ есімшеден мынадай жұрнақтар арқылы туыцды сөздер жасалады:
-ша, -ше: алғанша, келгениіе, айтқаніиа, кеткениіс...
-дык, -дік (-тық, -тік): оқығандық, білгендік, көр-гендік, көрмегендік, жазғандықтан т. б.
-дай (-дей): айтқандай, білгендей, көргендей...
-сы (-сі): оқығансы, білгенсі, көргенсі, айтқансы...
с к е р т у : -аған (-еген) қосымшасы қазак тілінде Шактық мәннен айырылып, сын есім тудыратын жұр-иақка айналып кеткен (алаған, береген, жатаған, қа-6аған, сүзеген, тебеген, ңашаған т. б.).
Әдетте, өткен шак есімше формасына «екен, еді, бол» көмекші етістіктері, «білем, шығар» (модаль) сөздері және «тәрізді, сияқты, секілді» шылаулары тіркесіп аса жиі колданылады. Бұл дәнекерлердің әрқайсысы есім-шеге өзінше әр қилы қосымша модальдік ренк, шақтық мән үстейді. Мысальг Үйықтаған боло қалды; кслген екен; айтңан еді; барған шығар; естіген білем т. б.
ә) -атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы аркылы жаса-латын есімшенік қай мезгілді білдіруі контекске байла-нысты, өйткені оның қай шакты білдіруі айналасындағы сөздерге қарай ауысып отырады. Бірак бұл форада, әдет-те, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-әрекетті ка-зіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін кебірек қолданылады да, осы шақ пен келер шақта бо-латын әрекетті білдіру үшін сирек жүмсалады. Оның бұл ауыспалы сипаты жүрнақтың күрделілігінен туған сияқты, мысалы, еткен шақтық мән жұрнактын қүра-мындағы әуелгі -ған (тұр+ган) белшегінен тнген енші болса, осы шақтық мән әуелгі -а (-е, -й) жүрнағы мен тұр етістігінен қалған болса керек. Ал -атын жүрнағы-ның келер шақтық мәні (баратын жүмысым бар; жөнел-тетін жолауіиыларым бар) сөз тіркестерінің аукымьтнан пайда болатын ерекшелік тәрізді. Мысалы: біздср уа-қыт-уақыт жиналатынбыз да, әлеуметтік жай, әдебиет мәселелері жөнінде пікір алысатынбыз, тіпті, кейде қат-ты таласатынбыз... сияқты тексте, әрине, еткен бір кез-дерде болған іс-әрекет жайында сез болып отырғаны айкын. Сонымен қатар, ол формадан еткен уакыттарда болған іс-әрекет бір жолғы қүбылыс емес, үнемі болып отырған, әдетке айналған, дағдылы машық болған амал-эрекет екені де бағдарланады. Осыдан бұл форманың, контекстке карай, бірде осы шақ, бірде келер шақ мә-нін білдіру касиеті калыптаскан. Өйткені Қолым тимей-ді, күнделікті істейтін ісім, атап айтқанда, беретік саба-ғым, үй-үйге кіріп, газеттен оқитын хабарым, арнай өт-кізетін әңгімелерім бар деген сияқты текстен. әрнне, дағдылы, үздік-создық тындырылып отыруға тиісті іс-әрекет аңғарылады. Ал ол баратынға ұқсайды, баратын сияқты дегендерді барғанға уқсайды, барған шығар тә-різді тіркестермен салғастырсақ, олардың алғашқылз-рынан келер ш ақ нышаны, соңғыларынан еткен шақ мә-ні айқын аңғарылады Сондай-ак, баратындай, келетін-дей дегендерді барарлықтай, келерліктей формалары-мен салыстырсақ, бүл мағьша онан да айқындала түсе-
ді. Сонымен, -агын (-етін), -йтын (-йтін) формалы есім-діе өткен кезде болған іс-әрекетті шүбәсыз етіп сурет-геу үшін кебірек қолданылса да, әредік күнделікті әдет-ке айналып істеле беретін қазіргі істі де, болашақта істелуге тиісті істі білдіру үшін де жұмсалады.
Баратын сияқты, баратын болар, баратын білем, ба-ратын болып отыр, баратын еді деген тіркестерден -атын формалы есімшеніц мағынасына тіркескен дәнекерлер зркасында әр түрлі күмәндылық, айғақтылык, болжал-дық тәрізді реңктер жамалады.
Есімшенің осы шак түрі, жоғарыда айтылғандай, контекске қарай -атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы ар-қылы жасалады. Бірақ бұл осы шақтың мағынасы сей-лесіп отырған кезді дәл атамайды,— дағдыға, әдетке айналған, үйреншікті болған, жалпы жүзеге асып оты-ратын я істеліп жататын әрекетті білдіреді. Осы себеп-тен бұл форма жалпы осы ш ақ есімшесі деп аталады. Мысалы, Сенің алғаның да, алатының да, аларың да
ылғи алғыс дегендегі алғаның — өткен шақ, алаты-ның — осы шақ, аларың — келер шақ екені күмәнсыз. Дегенмен, есімшенің осы шағының мағынасы да, қыз-ыеті де сол есімшелердің езге шақ формаларымен, етіс-тіктің өзге формаларымен үнемі қарым-қатынасқа түсу, олармен тығыз байланысу нэтижесінде қалыптас-қанын ескерген жен.
Достарыңызбен бөлісу: |