Ахмет Байтүрсынов! Темірбек Жүргенов!



бет16/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#124238
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Мүсылман дөуірі

Мүсылман дәуірінде қазаққа арнаған мөдениет дегеніміз, идеологиясын алғанда қазақ халқын шын мөдениеттен алыстатып, артқа қарай сүйреген,

бастан аяқ ислам дінімен шырмалған, ең кері кеткен мәдениет болған. Бүл кездегі өдебиет нүсқаларының бәрі осының рас екенін анық сипаттайды. XVII ғасырда жасаған ислам өсиетшісі Сопы Алдиярдың:

«Шариғатсыз кіші үшса һауаға,

Көңіл бермек әніндек қүтнамаға», - деген сөзі бүл дөуірдегі мөдениеттің идеологиясының талық характерін көрсетеді. Бірақ белгі жағьшан қарағавда мүсылман дәуірі қазақ өдебиетіңде бірталай көрнекті із қалдырды, сондықтан мүсылман дөуірі қазақ әдебиетінің тарихына айрықша бір ағым, жеке бір тарау боп кіреді. Бүл ағымды бастаған бірталай қазақ ақындары болған. Күншығыстың мүсылман классик әдебиет нүсқаларын қазақшаға аударған осылар болатын. Осымен қатар, қазақ әдебиетінің мүсылман дәуіріне Орта Азия мектеп-медреселерінде оқып, күншығыс төрбиесін алған бірталай қазақ ақындарының өз бетімен жазған еңбектері де кіреді. Бүл ағымның адамдары - Фирдаусидің «Шахнамасын» қазақшаға аударған Ораз молда, болмаса Әубәкір, Шортанбай, Жүсіпбек қожа, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Шәді, Мүса молда, Түрмағанбетгер сықылды ақындар. Бүл жолдағы ақындар мен жазушылардың артқа қалдырған әдебиет мүралары «Кңз Жібек», «Айман - Шолпан», «Қозы Көрпеш», «Жүсіп - Зылиқа» сықылдылар.

Осы айтылған жазушылар мен ақындардың бәрінің де үстаған жолы, соның арқасында халыққа қалдырғысы келген мәдениет үлгілері айтылған Сопы Алдиярдың тезисі екендігін дәлелдеу үшін Батыс Қазақстаннан шыкқан Әубәкір ақынның мынандай «фәлсафасын» келтіруімізге болады:

«...Ер жетпес мүратына талпынғанмен,

Әзелде бір тәңірісі қаламаса...

Би болмас белін жалпақ буғанменен,

Ағармас асыл арам жуғанменен».

Мүсылман ағымына жататын ақындардың жазғандарының негізі Әубәкірдің осы сөзінен үзап кетпейді.

Ш тарау Қазақ жері колония болған дөуір

Ресей патшалығына қараған дөуірдегі патша үкіметінің қазақ арасына таратпақшы болған мәдениетін «миссионерлер мәдениеті» деу керек. Миссионерліктің негізгі мақсаты қазақ халқын шоқындырып, Ресей патшалығының байлаулы бүзауы қылу еді. Бүл мақсатты жүзеге асыру жөнінде екі тарау жол болған.

Бүл екі жолдың әрқайсысын жақтайтын қазақ ортасынан шыққан жеке адамдар да болған.

Миссионерліктің бірінші тарауыньщ көшін бастаған - орыстың атақты миссионері Ильминский. Мүның жолы кдзақ халқьш басы-көзі демей күшпен шоқындыра беру еді.

Бүл жолды жан-тәнімен жақтап шыққан және миссионер мәдениетін қазақ ішіне таратудың өдісін көрсетіп кеткен адам казақтың өз ішінен шыққан бірінші ірі бішмпазы Шоқан Уәлиханов еді. Шоқан Уәлихановтьщ бүл туралы пікірі өзінің орыс тілінде жазған, өзі өлгеннен кейін орыс либералы Ядринцев пен Потаниндер бастьфып шығарған кітабынан ашық көрінеді.

Бүрын қазақ ішінде ашылған орыс-қазақ (русско-киргизской) мектеп пен семинарларды да елге миссионерлер мадениетін орнату үшін қүрылған еді деп түсіну керек, өйткені бүлардың барлығы да өнер-білімінің орнына дін төрбиесін беретін.

Орыс-қазақ (русско-киргизский) мектептерін бірінші ашып, оны халыққа жаюға басшылық қылған Алтынсарин Ыбырай сьпфілдылар. Бүл, миссионер Ильминскийдің айтуына қарағанда, қазақ ішіне миссионердің ықпалын жүргізуші адамның бірі болғанға үқсайды.

Миссионерліктің жоғарыда айтылған екінші тарауына көсемдік қылған адам - Түркістан генарал-губернаторы Кауфман. Генерал Кауфман:

«Түркістан халқы шелдеген жер сықылды. Өзін алдымен өңдеп, суарып алмаса, оган сепкен христиан дінінің үрыгы семіп қалады. Біз бүларды халық ағарту жүмысын жүргізу арқылы ғана өңдей аламыз. Ол үшін бүл халықтың өз дініне тура қол сүқпай-ақ, христан дінін мектеп арқылы сіңіруімізге болады», — деген пікірмен, жерлік халықты христиан дініне аударуда өз алдына өдіс үстаған.

Қазақ арасында бүл дөуірде ислам дінін таратушы миссонерлер де болған. Бүларды да негізінен екі жікке бөлуге болады. Біріншісі - услы хадимшілер болса, екіншісі — услы жадидтер.

Бүл айтылған «мәдениет» өрнектерінің қайсысы болса да, қазақ халқының көпшілігінің арасына тарай алмады.

Қазақ үлтшылдарының мөдениеті

Қазақ тарихына бүл дәуір халықты кері тартқан үлтшылдар дәуірі боп кіреді. Бүл дөуірде системаланып, бір ізге түскен мәдениет болған жоқ. Үлтшылдардың идеологтары мөдениет жөнінде ынгай халықты кері кетірегін жолға тартқылап, не ислам дінінен қол үзгісі келмей, не хандық дәуірін көксеп, не миссионерлердің етегін қүшып, патша үкіметінің сойылын соқты. Қазақ үлтшылдарын бастаған кісілердің кадет партиясьша кіруіне себеп те осы еді- Қазақ үлтшылдарының түпкі ниегінің анық осы екендігі, ңдеологиясының жоғарыда айтылған Әубәкірлерден асып кете алмағандығы уақытында Алашорда адамдарының програмы болған Дулатов Міржақыптың «Оян, қазақ!» деген кітабьгаан көрінеді: «Ортаға жарар еді мешіт салсаң, Намазды қаза қылмай барып түрсаң. Қазақтың көп жерінде мешіт жоқ, Не қылып исламға ашылсын қүт... Риза қазақ халқы болар еді Білімі шариғаттың түрса қолда».

(«Оян, цазақ!»)

Алашорданың осы сияқты идеологтарын ескі басшылықтың кей кісілері өз уақытьгада революция бағытында болды деп түсінеді. Бүл бүтіндей теріс пікір. Бүл анық адасқан кісілердің пікірі. Қай кезде болсын Алашорда идеологиясы халықты мөдениетке жақындатпайтын, революцияға дүшпан идеология болды. Алашордашылардың өмір бойы не көксегенін Дулатовтың мына сөзінен де көруге болады: «Қүл кетті хан орнына таққа мініп,

Жүрт кетті жамандықты жатқа біліп...

Үкімі шариғаттың емес қолда

Әділдікпен халық билеген хан кетіп...»

Үлтшылдардың қазақ халқына дүшпан екендігі, әсіресе, 1916 жылы айқын көрінеді. 1916 жылы қазақ халқының патшаға қарсы көтерілісін басу үшін олар «Қазақ» газетіне былай деп жазған:

«Біз газетіміздің бетінде Алаш халқы патша бүйрығьша мойынсүну керек екендігін өне бойъі айтумен келеміз. Біздің жолымыз осы. Бүдан басқа бізде жасырын сыр жоқ». (Ахмет, Әлихан, Міржақып. «Қазақ». И-ХШ-1916 ж. N 192).

Қазақтың үлтшылдары дәл керекті жерде елдің кдмын қойып, қайда бет бүратынын Октябрь кезінде айқын көрсетті.

Алашорданың басшысы Бөкейхановтың қазақ халқының келешегі жоқ деген пікірі қайдан шыққан. Осының өлеуметтік тамыры неге тіреледі, енді соган келейік. Оның тамыры мынау:

Бүлар өзі шыққан таптың үстемдігін өмірлік деп түсініп, көпшілікті кемелге келіп, өз бетімен ел болады деп ойламайды. Екінші — сол сенбеушілж, келешекті қүбыжық қылып көрсету арқылы халықтың үмітін кесіп, жігерін жасытып, үстем тапқа қарсы еш уақытта бас көтермейтін қылу. Үшінші -халықтың аяғьм өсгіп матап, кісендеп қойып, өздері халықтың мүнңн айгып жылағансып, көп кезінде жақсы ат алу.

Топқа бөлінген қоғам қүрылысында бүл сияқты бояма пікір қашанда болатын нөрсе, келешекке сенбеу, өз табының қамьшан басқаны көрмеу. Алашордашылардан бүрын да қазаққа басшылық қылғысы келген халық дүшпандары болган. Хан заманынан басгап Алашорда адамдарына шейін барлығы да кіл қазақтың келешегі жоқ деп қақсаумен келді. Егер хан дәуіріндегі жыршы қазақты:

«Қүйрығы жоқ, жалы жоқ,

Қүлан қайтып күн көрер,

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтып, күн көрер», - десе, Байтүрсынов:

«Қалтаңдақ қайық мініп еспесі жоқ

Теңізде жүрміз қалқып көшпесі жоқ,

Жел соқса, қүйын қуса жылжи беру,

Болғандай табан тірер еш нерсе жоқ», - деп өулиелік қылды. Бүл бүлардың қазақ өз алдына ел бола алмайды дегені. Сондықтан революциядан кейін де Алашордашылар қазақ халқын Колчактың қүлдығьгаа бермекші бодды.

Шоқаннан бастап, Молда Ораз, Әубөкір, Шортанбай сықылдылар, ең ақыры Алашорда адамдарына шейін қазақтың келешегі туралы бәрі бір ауыз болатын. Олар бір-біріне қайшы келгенде тек ауызбен қазақты қай дінге шоқындыру туралы ғана ала ауыз болатын.

Бірақ қазақ халқы бүлардың айтқанына ермеді. Халықтың хандарды қүлатуына, ел алдаған не қулардың түзағына түспеуіне, ең соңғы барлық алдаушының ішінде барлығынан да «мәдениетті» боп көрінгісі келген

үлтшылдардың да артынан ермеуіне себеп осы еді.

Халық өздерін сүйемеген соң жоғарғы айтылған ақьгадардың идеологтары барлығы бір ауыздан халықты ыңғай сөгіп, мүқатумен болған.

Қазақ елін кемсітіп қорлауды да бүлар миссионерлерден өнеге қылып алған. Айтылған қазақ арасынан шыққан ағымдар мен миссионерлердін, қазақ елшің беделін түсіру жөніндегі мақсаттарының бір жерге қүятындығын орыс миссионерлерінің «ел аузынан алдық» деп басып таратқан сөздерінен көруге болады. Онда олар қазақты кітапқа қарамай адамға ат қояды деп айыптайды, қазақтың «Қойшыбай» деген сықылды аттарын «Қорлыбай» деп келемеж қылады.

Қазақ еңбекшілері де осы сықылды өзін кемсініп қорлаушыларға аяқсыз қалдырмай, келістіріп өз уақытында жауап бере алған. Қазақтың ауыз әдебиетінде ақсүйек хандарды, қожа-молдаларды мазақ қылу ретінде айтылған сын, нақыл сөз, мақалдар ете кеп. Осылардың барлығы айтылган дүшпандарға берілген жауап болатын.

Қазақтың бүрынғыдан қалған ән-күйі бірталай қайғылы оқиғаларды суреттейді. Осы өндер, бір жағынан, қара халықтың октябрьге жеткенге шейін өмір бойы көрген қорлыгын көрсетсе, екінші жағынан, бүрын ел қамқорымыз дегендердің сыналатын жерде халықты қан қақсатып жылатып кеткендігіне жазылған приговор есебінде деп ойлауға болады.

Біз мана қазақ әдебиетінде мүсылман мөдениетінің үлгісін алған ақындар болды дедік. Осымен қатар қазақ мөдениетіндегі Еуропа үлгілерін де айта кету керек болса, мүны бастаған Абай деуге тура келеді.

Бүлардан басқа осы уақытта тілмаш дегендер болды. Олардың да өзіне лайықты мәдениеті болды. Тілмаш я переводчик деп орыс өкімдерінің алдында түратьш қазақ қызметкерлерін айтатын.

Тілмаштар мәдениеті дегенде, олардың қолданғаны қоғам қүрылысьшың колониялы түрмысының ең ішіндегі сорақысы болатьш. Мәселен, пара алу, елді алдау, шенқүмарлык, үлыққа жағыну, өтірік шағымға сальшу, қазақтың тілін бүзу, халықтың өз медениетін аяққа басу тілмаштың өнегесі болатын.

Осы ретте сөз аяғывда переводчиктердің «мәдениеті» туралы бір екі сөз айтып кету керек болады. Переводчик-тілмаш - патша үкіметінің миссионерлері ашқан мектепте төрбиеленген қазақ шенеуніктері. Олар қолдаған мәдениет үлгілерінен қазақ елі өте жиренуші еді.

Переводчиктерді қазақ мәдениеті тарихында вз алдьгаа бөлек беті бар ағым деп қарауға болмайды. Жоғарыдағы айтылған көнешіл ағымдарының қай-қайсысының да өз ішінен шыққан тілмашы болатын, тілмаш дегендер солардың бір онысынын, бір мүнысының шылауын көтеріп жүруші кісілер. Қорытып келгенде патша әкіметінен тілмашқа тиген телім - үкімет пен елдің арасына дәнекер болу, патша үкіметінің озбырлығын ел арасьгада өз ынғайымен жүзеге асырып, қалай да болса халыкты пашіаға мойьшсүңдыруға тьфысу.

Қазақ ішінде бүрын үстемдік қүрған тап, оның көсемдері халықтың ілгері басқан аяғын қандай кейін кетіремін десе де болмады: қандай қиыншылық көрсе де қазақ еңбекшлері өзінің кез жасымен қолдан келгенше мәдениет қүрды. Бүл мәдениет - әлең, жыр, әдебиет үлгілері, түрлі өрнек, кесте сықылды қолөнеріне жататын заттар, ән-күй, би, музыка сықылды өнерлер. Осы сықылды еңбекпен қолға келіп бүрынғыдан бізге мүра болып қалған мәдениет белгілерінің іске жарайтьш жақсыларының барлығы ешкімнің ортақтығы жоқ, халықтың өз еңбегімен туғызған мәдениеті. Бүларды бүрынғы заманда ел билегендер аяққа басса, енді совет үкіметі гүлдендіріп пайдаға асырып отыр. Совет үкіметін халық осы себепті мақтайды. Сондықтан қазіргі ақындар былай деп жырлайды:

«Күндей боп октябрьдің шамы жанды,

Жолын көрді жүмыскер, мылтық алды,

Сол мылтықтың күшімен қауды кешіп,

Жайнаған бакдіа қүрды социалды.

Бөгеген қолды барлық женді жауды,

Сонан соң табиғатты жебей сауды,

Астын тесіп, кеудесін кесіп алып,

Үйретті Орал, Алтай, Алатауды».



(Сәбит Муқанов)

Бүрынғы елең, ән-күй сықылдылардың барлығы да мүндай болмайтын -жылау болатын. Оның себебі — олар халықтың өмір бойы көрген жөбір-жапасынан туғандықтан, октябрьге дейін жарық күн көрмей жылаумен өмір өткендіктен болатын.

Қазақ ақындары бүрын келешекті көксеп, кіл жылаумен болса, ендігі совет заманының жыршысы қазіргі күннің көркін, оның ерекшелігін, жақсылығьш жырлайды.

Қазіргі уақытта ел арасында социализм дөуірін сыпаттайтын өлең, тақпақ сөздер көбейген. Қазіргі ауыз әдебиеті еткен дәуірлердікіндей зарлы-мүңлы емес, халықтың куанышын, өміріміздің бақьптылығьш көрсетедц казіргі дәуірді, социализм қүрьш жатқан үкіметті, жана қүрылысгы мақтайды. Бүған дәлел мына сықылды өлендер:

«Рахмет большевикке іс жүргізген

Түлейге түк білмейтін іс білдірген».



IV тарау Ескі басшылықтың қате істері туралы

Голощекин барда болған істер Қазақстанда «ескі басшылық заманы» деген атаққа ие болды.

Халықтың түсінгенінде - «ескі басшылық» деген сөз мемлекет басқару ісівде болған көп қателіктерді көтереді. Ескі басшылықтың мәдениет ісінде қылған қателері ауыл шаруашылығы істерінен де сорақы деуге болады.

Бүл қателіктердің бөрін теріп, тексеріп жатпай, мөдениет ісіне тиісті бірқатар тарауларын альш қаралық.



Мектеп ісінде қателіктер

Мәдениеггің әзінің де, ісінің де негізі - мектеп. Бойьш жазып өскен халық қатарлы мектеп бар жерде мәдениет те бар, ондай халықты мөдениетгі деп ауыз толтырып айтуға түрады. Бүрын Ресей халқының надан болатьшдығы халықтың көпшілігінің мектепке қолы жетпегендіктен еді.

Октябрь революциясы осы кемшілікті қүртты, мектепті қалың қара бүқаранікі қылды, ол үшін еңбекші елге қай уақытта болса да есігі ашық мектеп қүрды: мектептің атын да, затын да өзгертті. Мектеп 17 жасқа шейінгі жастарға жалпы ілімнің негізін үйрететін болсьш делінді. Мектептің програмьш осыған ынгайлап, былайша айтқанда, 17 жасқа жеткенше балалар октябрь орнатқан мектептен жалпыға керекті политехника өнерін үйреніп, оньмен қатар адам басының ақылы жеткен өнер-білімінің негізімен танысып шығатын болды.

Социализм қүрудың алғашқы дәуіріндегі кемшілігімізді кетіру үшін іс жүзінде оқу срогы ол көрсетілгеннен екі жылға қысқартылған, мектеп 9-7 жылдық болатын болған. Ауылда да, қалада да ашылатын мектептің түрі осындай болатын болды - бүлардың програмы жоғарыда айтылған жалпыны бірдей ілімнің негізімен таныстыру тілегімен қүрылған еді. Совет союзінің қай жерінің мектебі осы сықылды болатын болды.

Демек, Қазақстанда да мектеп осы сықылды программен қүрылған 9-7 жылдық болуға тиіс еді. Қазақстандағы мектеп қүру ісіндегі бірінші қателік — осы айтылған принципті бүзғандық болды: програм мөлшеріне, оқу жылының үзын-қысқасына қарамай, тек аты мектеп болса болды деп түсінді. Шыныңда, ашқан мектеп дүрыс мектеп болу үшін оның структурасы, оқу програмы совет жерінің басқа мектептерімен бірдей болуы шарт қой. Қазақстан кісілері осы мәселенің шекарасьш айыра алмады. «Соқыр тауыққа көрінгеннің бөрі — бидай» сықылды дегеннің салдары болды: бүлар не оқу жылының үзын-қысқасына, не програм мөлшеріне қарамай бала оқытқанның бәрін мектеп деп есептеді.

Қазақстан сықылды жерде жаңадан мектеп ашу, оны ашқанда жаңа мәдениет негізі қылып қүру деген өте үлкен мәселе ғой. Бүған союздың басқа жерінің іс төжірибесіне қарап ойланып, өте шеберлікпен кірісу керек, кіріскеңце баяғы мектепке үкіметгің артатын мақсатын Қазақстан жағдайында қалай орындау жағын көздеу ниетімен кірісу керек. Бүдан 9-7 жылдық мектептерді қазақ ауылында қалай қылғанда толық түрде кемшіліксіз ашуға болады деген сауалды орындау жүмысы туады. Мүны орындау үшін мүмкін болған жеріңце қалалы жердегідей балалар қатынап оқитын етіп 9-7 жылдық мектептің өзін аша кою, болмаған жерінде, әсіресе көшпелі халқы сирек, жері шалғай жерлерде балаларды бір жерге жиып отырып, 9-7 жылдық мектептерді бітіртіп шығару үшін интернат ашу жүмыстарын күні ілгері ескеру, осы сықылды Қазақстан жерін, қазақ елінің түрмысын білгендерге ап-анық болған мөселелерді ең алдымен шешіп алудың орнына Қазақсганды бүрын басқарган кісілер жамбасының ауырмайтын жағымен жата кеткен. 9-7 жылдық мектепті қалай етіп қазақ аулында толық ашуға болады деп бас ауыртып жатпай, бір жыддық, екі жылдық қысқа срокты совет союзында қолданылған мектеп програмымен байланысы жоқ бәлекей мектепше ашқаа

«Жаліш Союзда мына сықыдды мектеп болу керек, Қазақстанның мьша сықылды жайы бар, бүл жағдайда қалай қыламьв» деп, Казақсган тарихында оқу ісі қаралып көрген емес. Бүған қарағаңда, бүрьш Қазақстанға бастық болғандар мектеп дегеннің не екенін, оны қалай егкевде Қазақстанға пайдалы болатындығьш ойланып, ескерді деуге болмайды. «Ескі басшылық» дегенде бүрьш Қазақстанды басқарған кісілердің барлығының ауруы осы еді.

Осы сықылды озса оқу жүмысының, қала берді мектеп оқу ісін жете білмегендіктен бүрын бастағавдар мәдениет ісінің кейбір негізгі мәселелеріне көнешілердің көзімен қараған. Бүрынғы Алашорда партиясы «мектеп 2 жылдықтан артпасын, тек ақтан қараны айыруға үйретсе болады» дейтін. Ескі басшылық та мектеп мвселесінде осыған еліктеген.

Мектептің 2 жылдық болуы Голощекин заманында ете-мөте қолға қатты алынған мәселесінің бірі болды.

«Мектеп 1-2 жылдық қана болсық халық тек хат таныса болады, мектеп үшін үлкен үй салып жатудың да қажеті жоқ, мектепке күрке де лайық болады» деген Голощекиннің өзінің де, оған ерген адамдардың да белгілі мөдениет програмдары болған.

1. «Мектеп 1-2 жылдық болсын, халық тек хат таиитын болсын» дегенге
келсек, осы сықылды сөздер Голощекиннің түрлі дерективінің бәрінде де
бар. Мүны ойлап айтты, болмаса, Қазақстанға нағыз осы керек екендігін
біліп айтгы деуге болмайды. Қазақстанға да керегі - 9-7 жылдық ілімнің
негізіне жол сала аларлық барша совет жері қолданған мектеп.

Осыған қарамай, Голощекин қазақ мектебі 1-2 жылдық болсын дегенде, бірінші, Совет Союзына бірдей болған оқу (9-7 жылдық мектеп) бүзды, екінші, басқа жер, оның ішінде Қазақстанның өзінің қалалары да 9-7 жылдық мектепке жетіп отырғанда қазақ ішіндегі мектептің беретін білімінің бойын 1-2 жылдықтан асырмады. Совет өкіметі «мектеп адам баласының ақылы жеткен ілімінің негізіне жол ашсын» десе, Голощекин «қазақ тек хат таныса болады» дейді.

2. «Мектеп үшін үлкен үй салып әуреленбесін, мектепке күрке де
болады» деген саясаттың салдарынан осы күнге шейін Қазақстанда көз
көріп, ауызға аларлық жаңадан салған мектеп үйі жоқ. Мүны олар (екі
басшылык) өзінің «жаман ойынша» оқуды арзандатамын деп ісіегеи. Оларша:
үй салмаса, шығьш шықпайды, адам басын оқыту арзанға түседі. Бүған
келсек, бүл да қате көзқарас, істің тамырына түсінбегендік. Қазақстанда
революциядан бүрьщ оқу, мектеп деген болмаган, сондықтан мектепке
арналып үй де салынбаған. Осы сықылды жағдайлар есіресе қазақ арасында
көп болған.

Міне, осы сықылды жерде мектеп ашқаннан соң Совет мектебіне қолайлы үй салмауға бола ма? Болмайды.

Болмайтындығы — күркеде оқытқан оқу қымбатқа түседі.

Сонымен Голощекин бір жағынан бюджетгі қарарда ақшаны аз берсе (класқа 40 бала норма қылып жалақыны шығарса), екінші жағынан, класга 10 бала болсын деп жүрттың делебесін босқа қоздырып, ақшасыз қүрғақ класс аштырып, орынсыз жалақының қарызын қолдан көбейткен.

Ал енді осы сықылды қате істелген істерді кейінге қалдырып, кеткен кесіріне келсек:

1. Қазақстанда барлық 7000 мектептің 16% - 1 жылдық, 29,5% -2 жылдық, 19,9% - 3 жылдык, 27% ғана толық 4 жылдық оның ішівде қазақ мектебін алсақ, 24,3% - 1 жылдық, 47,8% - 2 жылдық, 16,8% - 3 жылдық,

11,1% - 4 жылдық. (Бүл барлық мектептің есебінен алғанда).

Дүрысына қарағанда, жалпы союзда бірдей міндетті мектеп структурасы бойынша бар мектеп - толық 4 жылдық, иә толык 7 жылдық, не толық 10 жылдық болуы керек. 1, 2, 3 жылдық мектеп дегендер мектеп структурасында жоқ заттар. Ал бүлардың Қазақстанда болып отырғандығы

— баяғы Голощекин зарлап ашқызган 1-2 жылдық мектептің нөтижесі.
Қазақстан қүрылғалы қазір 15 жыл болды, осыған қарамастан әлі күнге
дейін 10 жылдық жалғыз да қазақ мектебі жоқ. Бүған себеп те өлгі
айтылған мектеп 1-2 жылдық, тек хат танытатын болса болады дегеннің
салдары. Жаңадан үй салынбай, оқу күркеде-ақ болсын дегеннің кесірінен,
қазір мектепте смена көбейді. Сменамен (кезекпен) оқу жалғыз калада
ғана емес, ауылдарда да бар, оның ішінде көшпелі аудандарда да бар,
бүл жаңа үйдің жоқтығынан, үйдің оқуға да, түруға да жетпегендігінен
болған. Ескі басшылықтан шыққан өтірік уәде, ақшасыз артық айтылып,
босқа қалған қүрғақ сөздер мүғалімге бересіні, мектеп қарызын көбейтті.

Басқаны қойып жалақының езін алғанда да, жалақы қарызынан әлі күнге дейін арыла алмай келе жатқан себебі: бюджетте көрілмеген уәделерді бүрын босқа берген (40 кісінің орнына 10-20 бала оқыт деу) болмаса, қолайлы үйдің, тағы да осы сықылды жабдықтардың жоқтығынан туған, кеселдердің көптігінен туған. Осы сықылды көнеден қалған кеселді айта берсе, толып жатыр, бірақ оған көп уақыт кетеді, сондықтан осы жалақы жайында айіылғанның өа-ақ жетеді Әлгі айгылған себептерден туған жалақьшың қарызы жыл сайын 2-3 миллион болып отырған, осының салдарынан оқу жылы аяқталмай ісін тастап кетуші мүғалімдер де көп болған. Оқудың мазасы болмаған соң, мектептен өз еркімен шығып кететін балалар да көбейген. Осы сықылды балалардьщ саны 32-33-ші жылдары 40%-ке жегті. Бүл айтылғандарға ескі басшылықтың мектеп қүру ісіндегі басқа қателері қосылды. Ол аз болса, жаңадан салынған мектеп үйлерінің халықтьщ орталюынан алыс болғандығы, смегада көрілген мектептің түрлі каражатгарының айтарға жоқ аздығы жөне оның да уақытымен беріліп түрмағандығы сықылды кемшіліктер еді.

Мектепті қай жерден ашу - Қазақстанда үлкен мөселе. Әсіресе, қазақ ауылдарында бүл мәселені түс-түстан қарастырып көріп, толық тексеріп шешпесе, мектептің орнығып өсуіне осының жалғыз өзі-ақ негіз болады. Казақ аулы орыс поселкелеріндей болып, бір жерде калың қораласып отырмаңды

бытыраңқы болады. Мөселен, бір жерде 20 үй болса, оған көрші жерде 10


үй огырады. Әңгіме мектепті осы 20 үйдің ішінен ашу ма? Болмаса, 10 үйдің
ішінен ашу ма? Әйтпесе, екеуін де қойып, осы екі ауылдың ортасынан ашу
ма? Бүрын бүл сықылды мәселелерді өз алдына ескеріп қарамаған: мектепті
кез келген жерінде аша салған, сонымен мектеп иө жоғарыда айтылған 10
үйдің арасында қалған (бүл ретген 20 үйдің баласы оқусыз қалған), иә екі
ауылдың ортасынан ашылған да, мектегггің түрған жері екі ауылдан да алыс
болғандықтақ ешқайдан да оқушы қатынай алмай, мектепте жыл бойы оқу
болмай, қүр далада қалған. Шу дегенде ойланьш ісгегеңце мектепті алдымен,
әрине, 20 үйдің қасынан ашып, екінші, ерте бастан осы мектепке 10 үйдің
баласын келтіріп оқудың қамын ойлар еді. Осыдан барып интернат мәселесі туады. Қазақстанда, сірә, интернатсыз мектеп ашуға болмайды. Бүдан, өрине, Қазақстандағы мектептің барлығыңда бірдей интернат болу керек екен деп түсінбеу керек - бүл өйтеуір интернаттың өте керектігін көрсету үшін айтылған сөз. Ал интернат әлгі сықылды қай ауылға апарып ашқанда мектепке баланы толық жия алмайтын жерде керек. Бүл көшпелі аудандардың барлығында бірдей бар ахуал. Сондықтан «ә» деп Қазақстанда, қазақ ауылында мектеп орнату ісіне кірісерде ең алдымен интернат орнату жағын қарастыру керек. Қазақ ауылындағы мектептің интернаты болмаса, баласы (класс толымы) аз болды. Мектептің жоғарғы кластарының ілгері қарап өсуіне керекті шарттар (мүғалім, саймандар сықылды) кем бола береді. Осыны ескеру керек еді.

Бүларды ескеріп, білуі үшін ел басқарған адамдардың өзінің озса Қазақстанды, қалса өрбір районды бөлек ауылдарға дейін жете білуі керек. Ескі басшылыққа араласқан адамдар мектептің де не екенін, Қазақстанның да халін білмеген. Сондықтан олардың мектеп қүру істері үшқары соққан, тілекке жақын жоламаған.

Өзбекстан сықылды республикалар бала басына жылына 80 сом шығарғанда, Қазақстанның арнағаны 30 сом болған, оны да уақытымен бермей, ит жемі қылып, жылдың үзақ бойына созумен болған. Осы сықылды шалағайлықтың салдарынан қазіргі күнге шейін елде үлгі қылып, ауызға аларлық мектеп жоқ. 1930 жылы шыққан партияның орталық комитетінің қарары бойынша, ең болмағанда өр районда бір үлгілі мектеп болуы керек еді. Енді биыл Мәскеудің сүрауымен жер-жерді ақтарып қарап, үлгілі деп айтуға жарайтын 11 мектепті бүкіл Қазақстаннан азар таптык, Осы айтылған кемшіліктердің саддарынан қазақ мектептерінің жоғарғы кластары өспегеқ класс толымдары кем. Мәселен, барлық орталау мектеп 500-ге тарта болса, оның ішінде қазақтікі 150-ден аспайды, барлық орта мектеп 61 болса, оның қазағы 6-ақ мектеп. Класс толымы орта мектепте 18-26 адам, орталау мектепте 26-35 адам, бастауыш мектепте 23-29 адам, бүлардың бюджетте қабылданған толымы 30-35 адам болуы керек. Бүл кемітілген норма, болмаса, бүрьш 33-жылға шейін бюджет бойынша қолданып келген класс толымы 40 адам болатын. Осылармен қатар айтып кегетін кемшілік - мектеп басындағы, оқу ішіндегі кісілердің жарамсыздығы: кім жаман, ешқайда жарамайтын болса, бүрын оны мектепке апарып бастық қылып қойған. Мектеп ісін басқару үшін білімнің керек екені, ол білім әркімнің қолынан келе бермейтіндігі ескерілмеген, жаман көргенін мектепке бара түрсын деген. Сонымен мектеп кіл істен шыққан жарамсыз жүмыскерлердің билейтін тозаңы болған. Кімде-кім іске алғысыз адам іздесе, мектеп ісінен табатьш болған.

Ең соңғы кемшілік - мектепте сайман жоқ. Парта, кабинет дегендер ілуде бір мектепте ғана болған. Ауыл мектебінде көп жерде бала жерде отырады. Доска деген жоқ. Осының барлығы да қолға түспейтін зат болғандықтан жоқ емес, бүрынғы қүнтсыздықтан жоқ болған, баяғы Голощекин айтқан «күркеде де оқу бола бередінің» салдарьгаан, болмаса партасыз, кабинет, саймансыз мектеп бола ма екен, о заманнан бү заман, ондай бала оқытқанды кім көріпті.

Ал енді қалай қылу керек, осыған жауап беріп өтелік. Мектепті кемшіліксіз ету деген — бүрынғы екі басшылықтың іс-әрекетін басыбайлы, тамырымен қопарып қүрту деген сөз. Олай болса, осыны қалай істейміз?

1. Интернаты бар мектептерді көбірек ашу керек. Былтыр интернатты


ашқанда, көшпелі райондардың барлық баласын мектепке тарту ушін
істеп едік. Әлі де сол мақсатпен, оның үсгіне қазақ мектептерінің жоғарғы
кластарын өсіру үшін интернат ашу керек. Мектеп түрған жер халықтың
қалың ортасында болмағандықтан, мектептегі бар класты баламең
толтыра алмағандықтан, жыл сайын мектептің жоғарғы класына көшетін
баланың саны кеми береді.

Ауылдағы мектептің дәрежесі екі жылдан аспасын деген Голощекинннің сандырағын былай қойғанның өзінде, 3-4 класқа жеткен соң-ақ көшпелі, халқы сирек отыратын жерлердің мектебінің баласы ыдырай бастады. Бюджетте көрілген класс толымына келмейтін болады.

Сондықтан оларды әрі қарай оқытуға бала аз болса, өз алдына класс шықпай, жыл сайын кейбір мектепте 4-5 бала далада қалып жүр. Міне, вр район бойынша ең болмаса бір мектеп ашып, осы сықылды жоғарғы класқа жете алмаған балалардың басын қосып оқыту керек. Осы ретпен интернат арқылы қазақ мектептеріне жағдай жасалады.


  1. Енді мүнан былай мектептің түрған жерін тексеріп шығып, оны
    халықтың ең қалың жеріне көшіруіміз керек. Бүдан, мәселен, түтін тобы
    аз ауылдарда мектеп біткенді жабамыз ба деген мәселе туады. Жоқ,
    жаппаймыз. Ол сықылды бірнеше ауылдар үшін интернат ашу керек,
    болмаса бірнеше ауыл балаларын қосып оқытатын мектепке балаларды
    көлікпен қатынатып түратын амалын қарастыру керек.

  2. Класс толымы деген үлкен мәселе. Оны мектепке жайлы қылып
    шешу үшін, бірнеше мектептің қатар кластарын, бір-біреуімен біріктіріп
    оқыту керек. Бүны интернат арқылы, не болмаса, балаларды кәлікпен
    қатынатып түратын амалын тауып істеу керек.

  3. Мектеп атаулының өз алдына бюджеті болсын. Осыны жыл басынан
    айырып, өрбір мектепке смета жасап беру (алу) керек. Сол бюджетте
    көрілген қаржы мектептің смегасымен тоқтаусыз керегінде беріліп түрсын.

  4. Парта, сайман, кабинет қүралдары деген мектепте тақ болсын, бүл
    күнде ақшаны мектеп үшін қанша болса да, алуға болады. Бүрынғыдай
    емес, мектеп қаражатына деп оқуға арналған ақша қазір кебейді. Бірақ
    осыны уақытымен алып, керегіне шашыратпай икемдеп пайдаланған
    жөн. Осыған адам керек.

Мектептің басьгаа районда бар оқу ісіндегі кісілердің ішінен сайлап, ең озған жақсысын қою керек. Мектептің бастығы жақсы болса, шаруашылық та, оқу-тәрбие жүмысы да көңілдегідей болады. «Балық басынан шіриді» деген нақ осы ретке арналған мақал.

  1. Мектеп оқытушыларын сүрыптап алу керек. Оқытушы дүрыс
    оқытушы болсын, тамақ үшін отырған мағлүматсыз адам болмасын.
    Мектепке керек кітап, қағаз, тетрадь дегендер өрбір мектептен алынған
    заявка арқылы оқу жылы басталмастан бүрын даяр болып түрсын.

  2. Мектеп програмдары 4, 7, 10 жылдық болып қайтадан жасалсын.

Програмды қайта қарағанда, бір жағынан, қазақ мектептерінде ілімнің негізін таныту ниетін көздесек, екінші жағынан 7, 10 жылдық мектепті бітірген бала қазақ тілінде, орыс тілін де біліп шығу жағын ескеруіміз қажет. Қазақстанның 7, 10 жылдық мектебін бітірген бала орыс тілін толық біліп шығып, қалаған жердің үлы оқуына кіре алатын болсын. 7, 10 жылдық мектепті қазақша бітіріп шыққандарға үлы оқуды қазақ тілінде өте алатын жағдай туғызуымыз керек. Бүдан үлы оқу орындарын қазақшаландыру мөселесі туады. Үзамай осы іске кірісуіміз керек.

8. Жыл сайын қолымыздан қанша келсе, сонша жаңа мектеп салуымыз


керек. Жаңа мектеп үйі қалаға да, далаға да керек, реті келген жерде
мектеп үйін колхоздың өзінің салуына жол беріп, жөрдем ету керек.

9. Ең соңғы мөселе — мектептің ісін оқу бөлімдері көз алдынан


шығармасын, мектептің ісін, ондағы кісіні оқу бөлімінің бастықтары,
инспекторлары күнбе-күн ашық білетін болсын. Олар үзбей мектепті
аралап, мектепке барғанда қүр сводке жинамай, мектептің оқу-төрбие
жүмысын қалай жүргізу туралы жол көрсетсін, нүсқа, үлгі көрсетсін.
Мектеп өз ісін орындау жағынан, тәртіп сақтау, тазалық, жақсы түрмыс
жағынан айналасындағы елге үлгі боларлық орын болсын. Оқу бөлімдерінің
бастықтары, мектеп қызметкерлері осыны ескерсін.

Кадр даярлаудағы қате істер Кадр даярлауда мына сықылды қателіктер болды:



  1. Жоғарғы дәрежелі оқу орындары (ВУЗ) уақытымен ашылмай,
    кенжелеп жарықкд шықты. Сондықтан дер кезде шаруа жүмысына керегінше
    кісі өзірлеп, жеткізіп бере алмады.

  2. Жоғарғы оқу орнын ашып, оған оқытушыны қайдан тауып алу
    мөселесін шешпеген. Сондықтан Қазақстан жоғарғы оқу орындарына
    жарамды әзірлігі бар оқушы тауып алу соңғы күндерге дейін үлкен
    проблемаға айналды.

Енді осы екі мәселені бас-басына түсініп алалық.

Қазақстан сықылды бүрын колония болған, бүрыннан ескілікті мөдениеті жоқ жерде революциядан кейін кадр жасақтау ең керекті мәселелердің бірі еді. Жаңадан қүрылған республиканың керек-жарағына жергілікті халықтан кісі тауып алу, ерине, кадрмен байланысты іс еді.

Осылай болған соң, Қазақстан қүрылысымен біріншіден қолға алынатын ісі қалай, қайтіп кадр әзірлеп алу еді.

Жоғарғы және орта дәрежелі мектеп ашып, осылардан басқа да төте жолмен кадр әзірлейтін курстар ашу, қандай жолмен болса да, оқыған адам әзірлеу қажет еді. Бірақ кадрдің кемшілігін жетістірудің орнына, кадр әзірлейтін оқу орнын орнатудың есесіне, бастауыш мектептің әзін ондап ашпай, бүзумен болғандығын жоғарыда айттық.

Қазақстанда жоғарғы оқу орны кешігіп ашылды. Соның өзінде көп кемшілікпен болды. Меселен мүнда жоғарғы мектепте оқитын кісілерді әдетте орта дәрежелі мектеп даярлап беріп отыруы керек.

Қазақстанның мектебінде мүндай кісілерді даярлап алуға болмайды. Өйткені мектепте жоғарғы класс жоқ. Осылай болғандықтан жоғарғы оқу орнына керекті оқушыны жай кісілерден курс арқылы даярлап алудың қамын жасау керек еді. Міне, осы жүмыс істелмеді. Ескі басшылықтың ішіндегі осы кемшіліктің кесірінен ашылған жоғарғы дәрежелі оқу орны соңғы күндерге дейін нашар, сапасыз болып келді, екінші жағынан, мектеп бүрынғысьгаан жаман мамырлай берді. Себебі өз алдьша әзірленген оқушы болмагандықтан жоғарғы оқу орнына оқушы қылып бастауыш мектептердің баласын алды (орта дәрежелі қазақ мектебі ол кезде болған жоқ қой). Мектептін, жоғаргы класының өспеуіне бүл бір жағынан себеп болды да, екінші жағынан, жоғарғы оқу орындарына әзірлігі жоқ, оқуға жарамсыз оқушылар жиылғандықтан іс маңызын кетірді: оқуға кіруші канша болса, окуьш бітірмей шығып кетуші де сонша бшщы. Оку орындарьш оқушылардың біреуі кіріп, біреуі шығып жататын базарға айналдырды. Сонгы жылдары жоғарғы оқу орнын бітіргендердің бір қатарларының шала сауатты болып шығуына да осы себеп болды.

Кадрдың кемісін, өсіресе, мүғалімдердің жетімсіздігінен көріп отырмыз. Мүғалім аз да, оның үстіне білімі де кем, Қазақстанда осы күні 15 мыңға тарта мүғалім болса, соның 75 процентінің білімі төмен, 3,4-ші кластардан шығып, мүғалімдік қылып жүргендер де аз емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет