Ахмет Байтүрсынов! Темірбек Жүргенов!


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ РЕВОЛЮЦИЯСЬГ



бет15/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#124238
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ РЕВОЛЮЦИЯСЬГ

I тарау Қазақстанның қазіргі мөдениеті

Жолдастар! Біз сөзге кіріспей түрып еске алатьш жақында мәдениет фронтында бір қайғылы уақиға болды. Өздеріңіз газетген оқыған боларсыздар, бүкіл жер жүзіне аты мәлім Максим Горький атындағы самолет апатқа үшырап отыр. Сонымен қатар оған мініп үшқан жақсы инженерлеріміз бен самолет істеу жөнінде үлкен еңбек сіңірген бірқатар өнерпаз ерлеріміз қаза тауып отыр. Солардың қүрметі үшін, делегаттар, орындарыңыздан түруларыңызды өтінемін [...].

Бүл съезде қарағалы отырған мәселеміз - мәдениет мәселесі ғой. Оның ішінде менің баяндамама байланысты жері - мәдениет революциясының барысы және оның басып өткен әр түрлі кезендері туралы.

Осыларға тоқтаудан бүрын Қазақстанның қазіргі күйі, оның мәдениеті Сталин жолдастың Бөкейханүлына айтқан әлгі сөзін ақтап отыр ма, жоқ па, соған дәлел бола ала ма, жоқ па, міні, мен алдымен осыған жауап беріп өтпекпін. Бүған жауап - алдымен қазақ халқының Қазақстан болуының өзі бір үлкен мәдениет. Олай болса, қазақ халқының қазіргі көгеріп, көркейгендігіне осы дәлел.

Қазақстан дегеніміз - компартияның басшылығы арқылы ғана жүзеге шығып, октябрь революциясы туғызған еңбекші қазақ елі, сол қазақтың жері, сол қазақтың үлты. Бүл - социализм қүрып жаткан үлт республикасы. Ендеше Қазақстан деген сөз - совет елі, совет жері деген сөз. Реюлюциядан бүрын қазақтың жері, қазақтың үлты, мөдениеті деген бар ма еді? Жоқ еді.

Қазақстанды қүрған, қазақтың анық үлт мәдениетін жасаған тек Октябрь революциясы мен Совет үкіметі ғана.

Қазақстанда зор мәдениет туғандығы қазақ еңбекшілерінің өз алдына мемлекет боп отыргандығынан көрініп түрса да, Қазақстан мемлекетінде не бар, не жоқ екендігін де айтып өтуіміз керек. Қазақстанда Қарағанды, Балқаш, Риддер, Полиметалл сияқты ірі индустрия бар. Мысал үшін Қарағандьгаы алайық, Қарағанды өзінің көмір байлығымен жалпы Совет Союзында 3-орын алады. Индустрияның басқа түрлерін алсақ, мысалы, мыс, күміс, қорғасьш заттарды өндіретін орындарды, бүлар Совет Одағындағы сондай өндіріс орындарының кеуде жерінен орын алады - шамасы 70-80 процент. Бүл сияқты алыптарымызда он мыңдаған қазақ пролетариаты істейді. Социал индустрияның ардақты адамдары мен атақты екпінділері де күн санап көбеюде!

Бүл индустрия жөнінде.

Ал енді ауыл шаруашылығын алсак, Қазақстанның ауыл шаруашылығы -жер үстіндегі мәдениетті шаруашылықтың бірі. Өйткені жер үстінде колхоз шаруашылығындай шын мөдениеггі шаруашылық жок, Қазақстанның

* Кітапша Алматы қаласында 1935 жылы жарық көрді.

шаруашылығы колхоз шаруашылығы екендігіне дәлел — оның халқының 85%-і колхоз болып отырғандығы.

Колхоз - адам баласының ілгергі тілегіне, ойлаған ойына жеткізетін шаруа қүрылысы. Біздің колхозымызда ірі техника бар, МТС, автомабиль бар. Былайша айтқанда, жоғарғы дәрежелі техникасы бар ірі шаруа болу үшін керекті қүрал-саймавдарының бөрі сай, бәрі бар.

Жолдастар! Біздің үкіметіміздің түрі - Совет үкіметі. Жер үстінде әр түрлі үкімет бар. Совег үкіметінен баскд үкімеггің бірде-біреуі шьш мәдениетке жақ емес, тек совет үкіметі ғана — мәдениетті жақтайтьш, қолдайтын, өршітетін үкімет. Біздің үкімет - мөдениет ошағы. Біздің үкіметгің осылай болуының себебі: баска мемлекеггің үкіметін бір уыс буржуазия басқарады, біздің үкімеггі, пролетариат диктатурасы аркасыңда көпшілжтің, еңбекшілердің өздері басқарады. Бүған халықтың арасынан шыққан өзіміз бен өздеріңіз дәлел. Кешегі болып өткен IX Қазақстан Совет съезінде Қазақстандағы 19 түрлі үлттың бәрінен де делегаттар қатьгаасты, сол делагаттардың көпшілігі жүмысшылар мен қара шаруалар болды. Бү да үкімег еңбекшілердің қолында екендігіне дәлел. Сонымен үкімет халықтың өз қолында болған соң, әрине, ол үкімет халыққа не керек болса, соны істемек. Халықтың керегі — мәдениетті кетеру, индустрияны, ауыл шаруашылығын көркейту. Ауыл шаруашылығы мен индустрия кетерілсе, мөдениет те көтерілмек. Буржуазия үкіметі мемлекет байлығын еңбекшілерді қанауға жүмсайды. Пролетариат үкіметі байлығын халық мәдениетін көтеру жолына жүмсайды. Осыдан Совет системасының орнауының өзі көпшілікті мөдениеттендірудің ең басты, ең негізгі шарты екендігі көрінеді.

Пролетариат революциясы — мөдениет революциясы. Революция арқылы, жай адам түгіл, ескі уақытта шетке қағылып, қатардан шығьш қалған адамдардың да қазір мәдениетке жетіаіі, ірі адам больш шығатындығын көріп отырмыа Бүған бізде толып жатқан дәлелдер бар. Бүл жөнінде коминтерн программасьгада былай делінген: «Адам баласының қалың көпшілігін өзгерту керек. Ол іс жүзінде ғана, реюлюция үсгівде ғана болуы мүмкін. Сондықтан революция жасау, үстем тапты басқа жолмен қүлату мүмкін болмағандықтан ғана керек емес, сонымен қатар сол революция арқылы үстем тапты қүлатушылардың өздері ескі қоғамның барлық кір-қолаңынан қүтылып, жанд қоғам қүруға жарарлық болуы үшін де керек».

Бүдан революция (пролегариат революциясы) адамды, алдымен революция жасаушылардың өздерін өзгертеді деген мәселе туады. Енді біз осы Совет Одағында, совет системасы арқылы өскен мөдениет адамдарымызды қалай өзгертіп отыр дегенге келсек, мүны мен созып жатпаймын. Өйткені бүған дәлелдер толып жатыр. Жақын арада Мөскеуде жалпы союздың VII совет съезі больш өтті. Сонда Авдиенко деген бір жазушынын, сөйлеген сөзінен біраз үлгі келтірсем болады.

Авдиенко былай деді: «Мен бүрын безпризорник едім, жасымда үрлық қылдым, жол тосып, кісі тонадым, өзім сықылды адамдардың талайының тамағына пышақ салдым.

Маған адам біткеннін, бәрі дүшпан көрінуші еді. Талай базарды таладым. Талай базаршының сатуға деген заттарын үрлап алып, зар жылаттым.

Кімнің киім-кешегін алмадым. Кімнің қолындағы нанын жүлып жемедім, кімнің қалтасына қол сүқпадым!

Андығаным жеке шыққан жан болатын. Ең аржағы, бірімен-бірі сүйісіп, қол үстасып қыдырып жүрген жастарды да жүндей тонадым.

Қысқасы, адам баласының ойына келетін бүзықтық атаулының бәрін істеп көрдім. Өмірімде андығаным адам болатын. Кімді қалай қапысьш тауып отырғызсам дейтүғынмын. Бірақ қолына түссем, мені ешкім де аямайтын: үратын, сабайтын, жонымнан сыдырып қайыс алғандай қылатын. Артынан босана сала мен де олардан аянбай өш алатынмын.

Енді совет үкіметінің арқасында осы айтылған мінездердің барлығынан ажырап, мен бүгінде адам болдым. Халық қатарындағы жазушымын.

Күні кеше қара көлеңке жерде бекініп жүріп өткен-кеткенді қүстай түлетіп отырған бүзық - мен бүгін білім алып, жүрт қатарына кірдім, басқаға ақыл үйрететін жазушы болдым.

Бүрын мендей болғандардың талайы осы күні жетіліп инженер, болмаса басқа да мамандық істеріне ие болып отыр...»

Жақында Мәскеуде колхозшылардың жалпы одақтық съезі болып өтті. Сол сьезде біздің Ақтөбе облысынан барған Таңқыүлы Бекен деген колхозшы былай деген еді: «Мен кеше қойшы едім. Шыкқан жерім кедей еді. Жетім-жесір едім. Бүгін мінгенім - трактор. Менің қолыма үкімет «Интернационал» маркалы трактор берді. Тракторға мініп алып: «Ал, Бекен, мін болат түлпарға, айда социализм жерін!» - деймін. Өмірі кісінің есігінде жүрген, «өрі жүр, ку кедей, аулақ» деп әркім зекитін мен — Бекен Таңқыүлы — бүгін тракторшымын, социализм қүрып жатқан белді кісілердің бірімін. Кешегі съезде Сталин, Молотов жолдастармен тізе қосып, қатар отырып, съезге басшылық қылдым.

Бақытым күннен-күн артуда. Міне, бүл сықылды күйге жеткізген - күн санап гүлденіп келе жатқан колхоз түрмысы».

Өздеріңізге белгілі, қазір біздің детдомдарымызда (балалар үйінде) біраз балалар бар. Бүлардың мектеп жасындағыларының бәрі мектепте оқиды. Оқығанда кәдімгі мектеп программасымен оқып, кәдімгі мектегт жолымен тәрбиеленіп отыр. Бүлардың 47%-і бірінші класта оқиды, 27,2%-і екінші класта, 14,4%-і үшінші класта, 2,7%-і төртінші класта, 2,5%-і бесінші класта, 1,4%-і алтыншы класта, 0,4%-і жетінші класта, 0,1%-і сегізінші класта оқиды. Сонғы екі жылдың ішінде детдом балаларынан 8594 бала түрлі өнер үйрететін жоғарғы, орта дәрежелі мектептерге берілді.

Жоғарғы, орта мектептерге жіберілген балалардың ішінде Қазакстанның барлық детдомдарынан бала бар. Мысалы, Ақтөбе облысының Тамды детдомынан 86 бала оқиды. Бүлар қыс оқып, жаз детдомдарына - «өз үйлеріне» қайтып кеп отырады.

Біздің детдомдарымыздың езінде де оқу жүмысымен қатар түрлі өнер үйретіледі. Әлгі айтылған Тамды детдомынан 18 кинотехник, 13 тәрбиеші, 5 фотограф, 16 тракторшы, 2 шофер, 1 токарь, 3 үй салушы үста әзірленіп шыкқан.

Сол детдомның өзінің ішкі жүмысында жүрген, бүрын панасыз болған балалардың ішінен шыққан 31 маман бар. Оның 11—і - музыкант, 12-сі -машинист, 2-сі — мүғалім, 4-і — суретші, 1-і - дөрігер, 1-і - электромеханик.

Ал Алматыдағы 2-детгородоктан Ленинградтағы балет (би) мектебінде 10 бала оқиды — би дегенді түсінесіздер ме, сіздерде би бар ма?



(Дауыстар:

Тусінеміз, бар).

Міне, сонда оқиды.

Сол 22 детгородоктардың 22 баласы ПЗУ-де оқиды, үшеуі суретшілікке әзірленіп жүр, тертеуі авиамотор жүмысын үйреніп жүр, басқаша айтқанда, әуеге үшатын летчиктікті үйреніп жүр. Бүрынғы кезде қазақ арасында ислам дінін таратушының бірі болған Софы Алдияр деген кісі: «Шариғатсыз кісі үшса һауаға, көңіл бөлме өніндек қүтнамаға» («Адам егер шариғатсыз әуеге үшатын болса, оған сенбе») деген екен. Міне, сол сопыны көрден түрғызып алып, шариғатсыз, бірақ Совет үкіметінің арқасында өуеге үшқалы жатқан біздің кешегі жетім балаларымызды көрсетсе, не дер еді? (Крл іиапалщгпау).

Ал Қазақстандағы детдомдардың ішінен саралап алынған 70 бала Алматыда ашылған балет мектебінде оқиды. Солар съеэге арнап өзірлеп жатқан «Спящая красавица» деген балеттің бір номерін жақында сіздерге көрсетпек (Қол шапалщгпау).

Бүрын панасыз болғандардан, бүгін Совет үкіметінің арқасында ірі өнер-білімге ие боп, ірі техниканы меңгеріп отырған толып жатқан жігіттеріміз бар.

Олар кім десеніздер, олар, кеңіліне келмесе, мьша философ, мьша огырған Қабылов Илияс жолдас. Қабылов жолдас бүрын безпризорник болған.

Міне, қарсы алдымда отыр екен, мына Тоғамбаев Қартқожа жолдас та бүрын панасыз болса керек. Ол қазір совет инженері.

Бізде мәдениет үшін жүмсалған кдражат-күш екі түрлі; біреуі - мәдениетгің өзіне деп арналған қаражат, екінші - соған керекті жагдай тудыру үшін үсталатын қаражат.

Мәдениеттің өзі деп мектеп, театр сияқтыларды бөліп алып айтқанымыз ғой. Болмаса, біздің түрмысымыздың қай жағын алсақ та бәрі мөдениетке жатады. Өйткені біздің түрмысымыз — мәдениетті түрмыс.

Екінші жақтан, мәдениеттің күшеюіне шаруашылыққа жүмсалған қаражат көмек қылады. Өйткені шаруашылықтың көтерілуі бір жағынан мөдениетгің керкеюіне жетекші болады. Мөскеуде болған колхозшылардың жалпы союзды екінші съезінде Өтебаева Шақбай деген колхозшы қазақ қатыны: «Бізде 1932 жылы бір қара жоқ еді, қазір 175 жылқымыз бар. Бүл 175 жылқыньщ 27-сі бие, оның барлығы буаз. Мүнан басқа 63 өгіз, 40 сиьф, 120 қойымыз бар. Үй басына осы күнде екі қарасы жоқ үй жок, Соның ішінде менің де екі қарам бар», - дейді.

Сол съезде Исмаилов деген жолдас колхозының шаруашылығы өсуін айта келіп: «Біздің барлығымыз хат танимыз. Бізде мектеп бар. Колхозшыларымыздың бәрі сауаттанды, оның 50%-інің жақсы мағлүматы бар. Сонда да бізге өлі мектеп керек, мектеп ашып беріңдер. Біз енді атқа мінуді былай қойып, автомобильге мініп жүрмекпіз, бізге машина керек. Велосипедті мініп, мауықты бастық, бізге енді автомобиль керек», — деді.

Міне, осы тілектердің өзі мәдениетті ілгерілетпей қояр ма? Шаруашылығы өскен сайын халық мәдениет керек қылады Сондықтан Совег үкіметінің халық шаруашылығы үшін үстаған қаражаты да мөдениет үшін үстаған қаражат боп саналады дейтініміз осы.

Осы ретпен халық мәдениетін көтеру дегенді кең мағынада алып, соған жүмсалған қаражат қанша бопты дегенге келсек, сонғы 7 жылдың ішінде Қазақстан республикасында бүл жүмысқа үсталған қаражат кісі басына 673 сом 80 тиын болған екен.

Қазақ халқы Ресей патшалығына толық қарағанына 60-70 жыл шамасы болған деп есеп қылсақ, Ресей патшалығы (1911 және 1914 жылдардың мағлүматына қарағанда) барлық сол 70 жылдың ішінде қанша қаржы үстаған екен десек, жан басына 6 сом ғана келеді екен. Оньщ өзі де еңбекшілер үшін емес, дін мектептері мен ақсүйектердің балаларына ашылған мектептер үшін ғана жүмсалыіггы. Екінші ескеретін — өмір бойы патша үкіметі қазақ халқының шаруашылығъш күту жүмысына ешнәрсе жүмсамаған болатын.

Осы айтылганнын, өзі-ақ совет үкіметіңде мәдениет жүмысы үшін үсгалған қаражаттың қандай адам айтқысыз көп екенін керсетеді. Бүрын «мәдениет өссе екен, әсіресе, еңбекшілер мәдениетгі болса екен» дейтін ешкім жоқ еді. Ол мына фактілерден көрінеді: патша кезінде бүкіл Қазақстан жерінде оқитын балалардың саны 13-ақ мың болушы еді. Басқа түрлі мөдениет орындары (клуб, кітапхана, балалар бақшасы сықылды) ол уақьпта халықтың түсіне де кірмейтін. Ал енді сол аз мектептердің оқу жүмысы қандай еді? Бүл мектептерде оқитын оқушылардың 10 сағаты дін оқуға кетеді екен. Қалғанының өзінде де қүдайға қарсы келмейтін пәндер ғана өтіледі екен. Химия, физика, табиғаттану сияқты білім беретін сабақтарға 6-ақ сағат арналады екеа Николай кезінде шығарылған кітаптардың, мысалы, табшштану кітабьгаьщ жартыдан көбі дінді жақтауға, соны мақтауға арналған болады екеа

Қазіргі біздің мәдениетіміздің өсуі, аяқ алысы қандай екенін мына цифрлардан да көруге болады. Қазақ республикасында 6562 мектеп бар. Овда 578 мың окушы бар. Оның қазагы - 254 мын, Бүлардың қаншасы қай облыста, қай районда - оны біле жатарсыздар. Оны айтып түрмаймын. Жоғарғы оқу орындарында, түрлі техникумдерде қазір 25 мың 452 оқушы бар. Оның қазағы - 17 500. Жер-жерде кітапхана, клуб, қызыл бүрыш, қызыл шайхана, балалар бақшасы, кино, радиолар тіпті көп. Мектептерді қосып жөне олар осылардың барлығын жиыстырып бале келгенде Казақстанда 60 үйге бір мәдениет орны келеді екен, басқаша айтқанда 60 үйге не бір кітапхана, не бір мектеп, не бір клуб тиеді екен. Ал енді мәдениет үйлеріндегі кітап, газеттерді алсақ, бүлардық көптігін бүрынғы уақытпен салысгьфуға да болмайды. Бүрьш казақ тілінде барлығы 10-15 кітап болатын, «Жүсіп-Зыликд», «Зарқүм» деген секілді. Қазір бізде 368 газет бар. Оның 116-сы қазақ тілінде. Барлық қазақ мектептеріне керек кітаптар Қазақсганның өзінде, өз баспасы арқылы шығып отьф, басылып шығады.

Мысалға 1934 жылы шығарылған кітаптарды алайық. Бастауыш мектеп оку кітаптары 22 түрлі, 858 700 дана. Орта және жоғарғы мектеп оқу

кітаптары 16 түрлі, 227 500 дана. Сауат ашу, үлкендер мектептерінің оқу кітаптары мен методика кітаптары 5 түрлі, 625 000 дана. Бастауыш және орта мектептерінің методика кітаптары 25 түрлі, 180 900 дана. Барлығы 68 түрлі 1 миллион 892 мьщ 100 дана. Бүл біздің мектептеріміз үшін шығарылған кітаптар.

Қазақстанда үлт мектептері кеңейіп күшейді. Мектептерде өз ана тілінде оқытылады. Бастауыш және орталау мектептер 1934 жылы ана тілінде оқу кітаптарымен қамсыздандырылған болатын. Толық орта мектептердің оқу кітаптарының көтиілігі қазақ тітнде шығарылып отыр. 1934 жылы Қазиздат оку кітаптарын партия мен үкімет белгілеген срокта басылып шығарды. Бүл жөнінде Қазақсган халық комиссарлар кеңесінің 1934 жылдың 17 ноябрьдегі қаулысында кітап шығару жөнінде Халық ағарту комиссариаты мен қазиздат біраз табыстарға ие болғандығы көрсетілген болатын.

Революциялардан бүрьш адам қатарына қосылмаған, совет үкіметінін, түсында ғана теңдікке жеткен дүнған, үйғыр үлттарының тілінде де оқу кітаптары мен әр түрлі едебиетті баспамыз арқылы шығарып отырмыз. Әзір үйғырша 28, дүнғанша 7 кітап шықты. Бүл жүмыс күшейе бермек. Міне, жолдастар, мүның бәрі Ленин мен Сталиннің үлт саясатының арқасында қазақ сықылды халықтың жетіскендігі, пролетариат мөдениетінің күшейгендігі.

Бүрын театр бар ма еді, жоқ па еді деудің қажеті де болмас. Искусство дегенде қазақта жалғыз домбьфа болатын. Оның өзі де кәдірсіз болушы еді. Домбыра үстаған адам сүтке тиген күшіктей болып, домбьфасын қолтығына тығып жүруші еді. Домбыра үстаған жьфшының - искусство адамьшың -хан-төреге, байларға тек ермек, мақтау үшін болмаса, шынында қанша қадірсіз болғанын Абайдың өлендерінен де көруге болады:

«Бүрынғы ескі биді түрсам барлап,

Мақалдан айтады екен сәз қосарлап

Ақындары ақылсыз, надан болып,

Кер-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты өркімге арнап,

Әр елден өлеңменен қайьф тілеп,

Кетірген сөз қадірін жүртты шарлап.

Мал үшін тілін безер, жанын жалдап,

Мал сүрап біреуді алдап, біреуді арбап,

Шет елде қайыршылық қылып жүріп,

Өз елін «бай» деп мақтап, қүдай қарғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған тандап,

Жиса да бай болмапты қанша малды ап,

Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,

Былжырақ көрінеді соларды ондап».



(Абай)

Бүл өлең домбырашылардын, ақьшдардың бай төрелер үстем боп түрған кезде көдірі қандай екенін көрсетеді.

Сол сияқты бүрынғы кезде қугын жеген домбьфа мен домбьфашылар қазір төрден орын алып отьф. Бүл - совет үкіметінін арқасында ғана болып отырған жүмыс. Қазір біздің үлт искусство ісіне домбыраға қосылып қобыз қатынасты, оған қосылып сыбызғы келді. Осылардың бәрінің басын қосып, біз Қазақстан атына арналған 30 адамнан қүрылған үлт оркестрін жасап

ОТЬфМЫЗ.


Бүл домбыра оркестрі деп отырғанымыз мемлекет филармониясы дегеніміздің бір бөлігі. Қазір түрлі театрымыз бар, радио, киноларымыз бар. Қысқасы, қазіргі Қазақстанда социализм қүру үшін керекті мәдениеттің барлық түрі бар деуге болады.

Социализм дәуіріндегі мәдениет - адам баласының өмір бойы «әттең, осьгадай болар ма еді» деп ынтық боп кеткен мәдениеті. Бүрынғы заманда халықтың қамын көздеген қырағы кісілер, мысалы орыстың атақты жазушысы Чехов, Некрасов сияқтылар, біздегі қазіргі халықтың көпшілігінің қолына тиген мәдениет сықылды мәдениетке ынтық боп, соның бүгін болмаса, ертең болатындығын болжап кеткен. Мысалы, Чехов: «Мүнан кейін түрмыс адам айтқысыз жақсы, көркем болады», — дейді екен. Некрасов: «Кімде-кім базарға барып, керексіз әулие-әнбиелердің орнына Гоголь мен Белинскийдің суретін іздеп сатып әкелетін күн болар ма екен!» - деп арман қылады екен. XIX ғасырдың атақты педагогы Песталоция: «Адам баласы үш қабатты үйде түрған семья сықылды. Жоғарғысында — жақсы жайда аз халық түрады, ортасында, әсіресе ең астыңғы қабатында халықтың көпшілігі түрады. Осы көпшілік қараңғылықта, оның жоғарғы жарық қабатқа қолы жетпейді, өзі отырған қараңғы жерде оқи алмайды. Әттең, осы астыңғы қаращы қабаттағы халықтың көзін ашатьш шара болып, соған бар күшімді жүмсасам, арманым болмас еді», — дейді екен.

Міне, осылардың сол заманда көксеген күні қазір туып отырған жоқ па? Осы күнгі Совет Союзының, Қазақстанның мәдениеті барлық үлттың еңбекшілері үшін ортақ мөдениет боп отырған жоқ па? Бүл мәдениет арқылы кешегі езілген қазақ сықылды нашар елдер өз алдына мемлекет қүрып алып, іргелі халықтын, дөрежесіне жетіп отырған жоқ па?

Міне, сондықтан еңбекшілердің ауызекі әдебиеті кіл Совет үкіметіне арналған, Совет үкіметін мақтайды. Осыған мьгаа сықылды өлендер мысал бола алады:

«Замана осы күнде түрленеді,

Кедейдің балалары гүлденеді.

Байлардан бүрын көрген қорлығымды,

Айтуға тілім жетпей күрмеледі...»

«Сөзімнін, қарап түршы нашасын-ай! Көңілім, көп дүшпанды басасың-ай! Большевик үкіметке өмір беріп, Бозбала бері бірдей жасасын-ай!»

(Ел аузынан)

Міне, сондықтан еңбекшілер ортасынан шықкан, социализмді жьфлайтын совет акындарымыз қазіргі күвдері былай деп жырлайды: «Жолдасым-ай! Бір кезде болдым бала Аз емізді табиғат сараң ана, Бек, бай, молда, отаршыл талай тонап, Бетіме кетпес таңба салды жара. Мойныма қылқындыра түсті арқан, Сол кезде Маркс пенен Ленин дархан Арқанды қиды, дем ап арып жүрген Жаралы жауыр болған босады арқам».



(Сәбит) Міне, Қазақстанның қазіргі күйі осы, жолдастар!
П тарау Қазақ халқы бүл күйге оңай ие болған жоқ

Қазіргі бақьпты өмір, қызықты түрмысқа казақ халқы көп қиыншылықпен талай тар жол, тайғақ кешуден өтіп жетті. Бүған жеткенше басьгаан не күндерді өткізді. Бүл түрмысқа жеткенше еңбекші халық хан, төре, бай, ақсүйектермен шекісті, осылардьщ қараңғылығына, зорлығьша лажсыз көнді.

Октябрь революциясына дейін қазақтың тап зорлығына қарсы қозғалыстарының бәрі аяқсыз калумен келді. Бүған себеп болған бүрын қазақ халқын бастаған бай табының сойылын соғушылардың дер кезінде қазақ еңбекшілерін орта жолға тастап, сатып кете бергендігі. Октябрь революциясынан бүрьш қазақ еңбекшілерінің өнер-білім, мәдениетінщ өсуіне ешбір жағдай болған жоқ. Еңбекшілер ездерінің үзақ тарихы дәуірінде өр түрлі өнердің, бастауыш түрде болса да, басын қүрағанмен, үстемдік қылған тап пен олардың көсемдері осы сықылды халықтың қолындағы мәдениетін басып-жаншып, қадірсіз к*>ілып, іске жаратпай, қазаққа басқа жат «мәдениет» сіңірмек болды.

Бүрынғы қазақ халқын бастағандардың бізге мүра боларлық қалдырған мәдениет белгісі жок, Оның растығын өр дәуірді өз алдына ашып тексерсек білеміз.



Хан дөуірі

Хандар хандық қүра бастағаннан-ақ қазақ халқын қүл қылып, ілгері адымын аштырмайтынын жүрт үзамай сезген еді. Сондықтан қазақ еңбекшілері қашан хандықты біржола қүлатқанға дейін хаңдықпен жауласуын бір мезгіл де тыйған емес. Бүл өңгіменің растығын осы күнге дейін жүрттың аузында жүрген өр түрлі өлең, жыр, әңгіме, мақал сықылды ауызекі әдебиеттің нүсқаларынан көруге болады. Қазақ халқының тарихын тексергенде үлкен сеніммен қолданатын материал осы сықылды ауыз әдебиет нүсқалары, өйткені қазақтың бүрынғы дәуірін баяндайтын дүрыс жазылған тарих кітап өлі күнге дейін жазылып шыққан жоқ, ал ол-пүл шыққандары болса, патша үкіметі жиған ресми материалға сүйеніп жазылғандықтан тарих мәселелерін дүрыс, Маркс оқуьша сүйеніп шешпейді. Ал сол сықыдды халық аузындағы материалдарға қарасаңыз, XV ғасырда қазақ ортасына алғаш хандық қүрған Женібекке көпке мәлім ертегінің ақыны Асан Қайғының айтқан өлендерінен хандардың мөдени рөлі, ол ханға халықтың қалай қарағандығы ап-ашық көрініп түр:

«Елмен бірге жүрмейсің...

Тіл алсаң, іздеп қоныс көр!

Желмая мініп жар салсам,

Тапқан жерге ел көшір».



(Асан Қайгы)

Бұл сөз Ресей патшалығы қазақ даласын отарлау үшін ауыз сала бастағанда айтылған болу керек. Қазақ еңбекшілері Ресей патшалығына бағъшғаннан пайда шыкдайтынын ертеден-ақ сезген сықыдды. Асан Қайғыньщ бүл сөзінен Ресей патшалығына бағьшудың қорқынышын халықтың сезгендігі көрінеді.

Халықтың бүл тілегі орындалу ол кезде ешбір мүмкін емес еді. Өйткені Ресей патшалығынан басқа жаққа көшіріп өкететін хан жоқ еді. Ол уақытта қазақ елін солтүстіктен Ресей мемлекетті қусырса, оңтүстіктен Орта Азия хандығы, күншығыстан қытай патшалығы қысып түрған кезде осының біреуіне де бағынбай, халықты қорғап қалатын хан хан да болмаған болар еді. Әрине, мүндай жүмысты ханның тап үжданы кәтермейді ғой! Сондыктан қазақ хандары халқын уақытында Ресей патшалығына сатты да, өте шықты. Қазақ елін қанатын жайып әрістеп келе жатқан Ресей империализмінін, торына шырмады.

Сонымен қазақ халқын шу деп, қол-аяғын матап, қүлдыққа беретін хандар болатын. Осылай болған соң қазақтың келесідегі үлт мөдениетіне хандардың қандай кесірінің тигендігі өз-өзінен көрініп-ақ түр.

Хандық дәуірі қаддырған қазақ арасындағы «мәдениет» нүсқалары қандай? Енді соған келелік.

Сол дәуірдін, өзінде-ақ қазақ арасында тап жігі айқындалып, ақсүйек, қарасүйекке (бүқара) бөлінеді. Хан кезінде ел ішінде үстемдік қүратын сол ақсүйектер табы еді. Ақсүйек табы қара бүқарадан жиренгендігі сонша -олардан қыз алып, оларға қыз бермейтін. Осы рәсім ақсүйек түқымдарында төңкеріске дейін сақталып келді. Сонан соңғы көне заманьгаың қалдырған мөдениеті — халықты бай мен жарлыға бөлу, байды кедейге үстем қылу. Сол заманға арнап айтылған ауыз едебиеті, қазақ тарихы осы туралы айтылған зармен толған.

«Бай сыйлы орны темен жерде болса,

Кедей сыйсыз жасы үлкен-төрде болса.

Аузы қисық болса да бай сөйлесін,

Көзі соқыр, қүлағы көр де болса

Кедей сөзі есіктен төрге жетпес,

Қылышынан қан тамған ер де болса», —

деген ел аузындағы мысқыл өлеңдер хандар қалдырған мөдениет хақында айтылған сьш деп түсіну керек.

Хандық дәуірінде ... нағыз көгапілікті тапқа бөлген түрмыстың түрлері болмаса, басқа бізге қалған жөнді мүра боларлық ешбір мәдениет белгілері жок,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет