93
қасиетін сезінуге; оны өз ізденісіне, белсенді өсуіне
және өзін-өзі дамытуға
итермелейтінін анықтады. Микроқоғамдағы диалог (отбасы, құрдастар
арасындағы және т.б.) адамның өз ішіндегі диалогқа ауысуына,
интерициализациясына ықпал етеді.
Тағы бір тәсіл, жеке тұлғалар мен
мәдениеттер арасындағы диалог мәтіндер диалогында көрінуі мүмкін.
Бұл педагогика ғылымындағы герменевтикалық көзқарастың бір көрінісі.
Мәтіндерді түсіну дайын нәтиже емес, диалектикалық процесс, әртүрлі мәдени
дүниелердің диалогы, «өзіңдікі – өзгенікі» мағыналардың соқтығысуының
нәтижесі.
Бір қызығы, түсіндіру мен түсіну бұл түсінудің
циклдік сипатын
білдіретін шеңбердің герменевтикалық принципімен байланысты: бір нәрсені
түсіну үшін оны түсіндіру керек және керісінше. М.М.Бахтин былайша
тұжырымдайды: «Түсіндірген кезде бір ғана сана, бір субъект; ал түсінуде екі
сана, екі субъект бар [178]. Объектіге диалогтық қатынас болуы мүмкін емес,
сондықтан
түсіндіру
диалогтық
сәттерден
айырылады
(формальды
риторикалықтан басқа). Түсіну әрқашан белгілі бір дәрежеде диалогтық болып
табылады.
Оқу және көптеген
ғылыми әдебиеттерді зерттеу, оқу бұл болашақ
маманның қалыптасуының маңызды шарты болып табылады. Білім, ағарту, оқу
және диалог – бұл бірнеше әлем есігін ашады: мәдениет пен ғылым, елдер,
өркениеттер тарихы және т.б.
Педагогикалық қарым-қатынас педгагогтан кәсіби
мәдениетті
талап етеді, оның мәнін келесі ережелер сәйкес келуі мүмкін яғни
басқа адамдарды түсіну және олардың даралығын дұрыс бағалау; олардың мінез-
құлқы мен жағдайына адекватты эмоционалды түрде жауап беру; әрқайсысына
қатысты адамгершілік талаптарына қайшы келмейтін, сонымен бірге ең жақсы
қарым-қатынас әдісін таңдау ол қарым-қатынас жасау керек адамдардың жеке
және жас ерекшеліктерін ескеру. «Ертегілерді әдебиеттану және педагогика
тұрғысынан зерделеуде ертегінің лексикалық-образдық қызметі, адамның тілдік
мәдениетін қалыптастыруға, ауызекі сөйлеу тілін түсінуге
қабілеттілігін атап
өтуге болады» [179].
Достарыңызбен бөлісу: