Бастауыш кластарда жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мынадай түрлері.
Ауызша әңгіме өткізу.
Берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару.
Мұғалімнің көмегімен мазмұндау жоспарын жасау.
Мәтіннің формасын өзгерте баяндау, яғни І жақ түріндегі мәтінді ІІІ жақпен мазмұндау.
Қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек негізгі мәселелерін ғана баяндау.
Берілген мәтінге оқушы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау.
Сөздік жұмыстары.
Мазмұндама және шығарма жазу.
Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету-мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Мазмұндама жазуға үйрету кезінде мұғалім бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сұрақтарға жауап қайтару, мәтінде түсініксіз сөздермен жұмыс жасау, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу, мәтінді тірек сөздер арқылы бірнеше оқушыға ауызша мазмұндату, берілген тақырыпқа ұқсас оқушылардың өздерінің білетін мәліметтері бойынша жоспар жасауға байланысты әңгімелер өткізу, т.б. жұмыс түрлері жүргізіледі. Мазмұндама жоспарын құруға үйрету алғашқы кезде тікелей мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі және оқушыларды толық қатыстыра отырып, бірлесіп жоспар құрудан басталады.Ол үшін мұғалім мәтін мазмұнына қарай сұрақ қойып, бірнеше оқушыдан жауап алады. Солардың ішінде ең дәл,тұжырымды айтылғанын тақтаға жазады немесе оқушыларға жаздырады.
Мазмұндама жазуға төселіп кету оқушылар үшін оңай жұмыс емес.Сондықтан мазмұндама жазуға төсілдіру жұмысы «жеңілден ауырға қарай» деген қағидаға сүйене отырып, біртіндеп күрделендіреді.
-Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілі »бағдарламасында
(2-4-кластарға арналған) жазба жұмыстарының талаптары бойынша;
-Мазмұндама жұмысы 2-4 кластарда жыл бойына барлығы шамамен 4 рет әр оқу тоқсаны сайын 1 рет алынады.
-Мазмұндамаға арналған сөз саны;
1-класта 10-30сөз.
2-класта 30-50 сөз
3-класта 50-70 сөз
4-класта 70-90 сөз
Бағдарлама талаптарына сай бұл мазмұндамалар жинағына оқушылар үшін ауызша және жазбаша мазмұндауға әрі жеңіл, әрі балалардың ой-өрісіне сәйкес, мазмұндық жағынан тәрбиелік мәні бар мәтіндер таңдалып, мынадай тақырыптар негізіне алынады:
1.Жыл мезгілдері, олардың бір-бірінен өзгешеліктері.
2. Суреттен, кинодан көрген –білгендері.
3. Өзін қоршаған табиғатты бақылаудан алған әсері.
4. Балалардың еңбек әрекеттері, ойындары.
5. Туған жер, достық, отбасы туралы әңгімелер.
6. Отан үшін от кешкен батырлар.
7. Ертегілер,т.б.
Мазмұндаманың негізгі тақырыптары бала өскен сайын қайталануы мүмкін.Бірақ жас ерекшелігіне байланысты бұл жұмыстар бірте-бірте күрделеніп жүргізіледі. Мысалы, дайын мәтін бойынша жүргізілетін мазмұндама 1 класта сөздің мағынасын түсіну, сөйлем құра білу, олардың ара жігін ажырату мақсатын көздесе, 2 класта мұғалімнің көмегімен жоспар жасауға, негізгі айтылмақшы ойды табуға, мәтіннен түсінгендерін жазуға дағдыландырады. Ал 3-4 кластарда оқушылар дайындалған жартылай тексті әрі қарай өз беттерінше жалғастыруға, қысқа және толық мазмұндама жазуға, ой қорытындыларын жасауға үйренеді.
Мазмұндама жазғанда қойылатын негізгі талаптар.
Мазмұндаманың дұрыс шығуы көп жағдайда мәтінді дұрыс сұрыптап ала білуге байланысты. Сондықтан да мазмұндама мәтіндеріне үлкен талаптар қойылады.
Атап айтқанда:
а) идеялық-тәрбиелік мәні жағынан да, көркемдік қасиеті жағынан да жоғары дәрежеде және оқушылардың көкейіне қонымды келсін;
б) мазмұны мен сюжеті қызықты және балалардың ұғымына үлесімді келсін;
в) көлемі әр сыныпқа лайықты болсын;
г) жеке бөлімдері (қысқа эпизодтары) оңай ажыратылып, оқушылардың өздігінен жоспар жасай алуларына қолайлы болсын;
д) тілі (сөз, фраза, сөйлемдері) жатық, жеңіл және оқушылардың жас шамасына, білім көлеміне сай келсін.
Мазмұндама мәтіндерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны оқушылардың халықтық тәрбиені терең ұғынуға, ерлікке, еңбекке, адамгершілікке, достыққа баулуға бағытталады. Қазақтың ұлттық тәрбиесін бойға жинау, Отанның даңқты адамдарын сүйе білуге тәрбиелеу-мазмұндама мәтіндеріне қойылатын алғы шарт. Оқушылар Отанымыздың табиғаты, ел-жер байлығы, дүниетану көлеміндегі ғылыми-техникалық мақалалар бойынша да мазмұндама жазулары керек.
Мазмұндама мәтіндеріне көлемі, құрылысы, тілі жағынан үлкен талап қойылатыны жоғарыда айтылады. Бұл талаптардың өзіне тән бір ерекшелігі – мазмұндама мәтіндерінің көлемі мен жоспарлауға жататын жеке бөлімдеріне, сөз, сөйлем құрамына әр сынып бойынша белгілі мөлшерде шек қоюшылық жазбаша мазмұндамаға қатысты.
Оқушы белгілі мәтінді сөзбе-сөз қайталамай, өз сөзімен мазмұндап жазуы керек;
Оқушының өз ойы, өз пікірі болу керек;
Қажет кезінде мәтіннің баяндау жағының өзгертілуі;
Аяқталмаған мәтінді жалғастыру, мазмұнына сай ой қорытындысын жасау;
Бастауыш кластарда мазмұндама жазудың мынадай түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |