66
Бұл әрине леопардтар дейсіңдер ғой дегенмен дұрыстап үңіле қараңдаршы
басы және аяқтары арыстанға өте ұқсас. Ойланып қиналма бұл аң «леопандар»
олар тұңғыш рет леопард пен арыстан қаншығын будандастырып тұқым алған
Нисимия (Жапония) қаласындағы зоопаркте ғана «өседі». Алайда әр түрлі
жыртқыш аңдарды будандастыру арқылы жаңа
тұқым алу тәжірибесі көптен
бері жүргізіліп келеді. Англияда бұдан жиырма жыл бұрын жолбарыс пен
арыстан
қаншығынан тұқым алынды, ал одан сегіз жылдан кейін жолбарыс
пен арыстан қаншығынан тұқым – Америкада да алынды.
Бірнеше рет
осындай тәжірибе Совет Одағында да жүргізіліп келді, бұлардың арыстан-
жолбарыс тұқымдас түрі (төртінші ұрпағы) қазірде Москваның зоопаркінде
тұр.
Шынында таудың басына шығу қиын-ақ екен.
Қысқасы аяғыма тас
байлап алғандаймын. Неге екенін кім білсін Ләйла мен Жанар маған бұрылып
қарайды. Байқаймын шаршап келе жатқанымды, сүйретіліп келе жатқанымды
көреді, күледі. «Шыда, аз қалды» - дейді. Оларға әрине ештеңе демеймін.
Меніңше екеуі мені мазақтап бара жатқан сияқты. Амалым жоқ ызаланып
келемін. Шынын айтқанда тауға барып шаңғы тебеміз деп мені өздері ерткен.
Әйтпегенде әрине Сәрсен екеуміз мұзға барып коньки тебетін едік. Ләйла –
менің апайым. Жанар – оның досы. Тауға жүр,
шаңғы тебейік дегені маған
жасаған пионерлік қамқорлықтары ғой («ҚП»).
3-жаттығу.
Текстен қыстырма сөздерді тауып,
тыныс белгілерін қойып
жазыңыздар.
Желкенді қайық
Меніңше Желкенді қайық жасауға кіріспестен бұрын ара, сүргі, балға,
отвертка (винт бұрайтын аспап), бұрғы сияқты қарапайым аспаптар мен үйеңкі
(фанера), екі тақтай, бірнеше шеге, аздаған мата және сыр немесе майлы бояу
әзірлеп алу керек. Әрине оның бортын (бүйірін) жасаудан бастаған жөн. Содан
кейін, сөзсіз шпангауттар (қайықтың түбіне көлденең төселген ағаш), транец
(артқы тақтай) және форштевень(маңдайша ағаш ) жасау керек. Форштевень
диаметрі 20-25 миллиметрлік тесік жасалады. Ол су ағып кетпеу үшін
жасалады. Осыдан кейін қайықтың каркасын (қаңқасын) құрастыру керек.
Оның бөлшектері шегемен бекітіледі. Кесек ағаштан тұғыр бекітіледі.
Кесек
ағаштан тұғыр (степс) жасалады. Кейін оған мачта (желке байланатын діңгек)
орнатылады. Мұнан кейін қайықтың түбі мен үсті (палубасы) жасалады.
Палубаға керегі планкалар (жұқа тақтайлар), киль (ұзыннан салынған ағаш)
әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: