Ажмолдаева клара байжигитовна


Бірінші бөлім бойынша тұжырым



бет11/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

Бірінші бөлім бойынша тұжырым
Сонымен, бірінші бөлімді қорытындылай келе, болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компонентті пайдаланудың теориялық негіздері, анықтау мақсатында биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компонентті пайдалану мәселесінің педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердегі көріністеріне талдау жасалды. Біздің зерттеу нысанымызға жақын зерттеу жұмыстарын жұргізген әдіскер-ғалымдар: Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова, М.Б.Аманбаева, А.Т.Ермекбаева, Н.Н.Баранский, А.С.Барков, Л.Ф.Греханкина, C.B.Васильев, О.В.Скоркина, М.Д.Даммер, Ю.В.Кулешова, Е.Г.Терентьева, Е.А.Алексеева, П.В.Гора, Ю.К.Бабанский, З.Абасов, А.Азанбекова, Л.Ш.Арипбаевалардың жұмыстарна талдау жасай отырып, "Кәсіби даярлық" ұғымындарының мәнін ашуға тырыстық.
Атап айтатын болсақ, "Кәсіби даярлық" ұғымының бастапқы түсінігі өздігінен немесе кәсіби білім жүйесі арқылы білім алудың негізгі жолы болып табылатын кәсіби білім ретінде анықталады, ал, энциклопедиялық сөздікте «Кәсіби даярлық» ұғымының шеңберіне терминдердің анықтамалары қарастырылып «кәсіп» ұғымы белгілі бір дайындықты талап ететін және әдетте өмір сүрудің көзі болып табылатын еңбек қызметінің түрі болып табылады –деп көрсетеді.
Қорыта келе, біз бұл тараушада педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып, «кәсіби даярлау», әдістемелік даярлау» және «өлкетану» ұғымдарын жан-жақты талдадық.
Сонымен қатар, бірінші тарауда өлкелік компонент ретінде Қызылорда облысы Арал маңы өсімдіктерінің биоэкологиялық ерекшеліктеріне тоқталдық.
Ғылыми зерттеулерде биологиялық өлкетану - туған өлкенің тірі табиғатын зерттейтін пән ретінде қарастырылып, міндеттерді қамтиды:
-жануарлар мен өсімдіктер тірішілігіндегі маусымдық құбылыстарды жүйелі түрде бақылау;
-зерттелетін аумақ бойынша жануарлар мен өсімдіктердің таралу заңдылықтарын анықтау;
- туған өлкенің жануарлары мен өсімдіктер дүниесінің биоәртүрлілігімен танысу, табиғи құбылыстарға фенологиялық бақылау жүргізуге және олардың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерін анықтауға үйрету;
- табиғи қауымдастықтарды зерттеу және оларды қорғау, экологиялық дүниетанымды қалыптастыру болып табылады. Биолог мамандарды даярлауда Қызылорда облысы Арал маңы өсімдіктерін оқытудың әдістемесін жасау үшін, жалпы білім беретін мектептерде жоғары сыныптарда бағдарлы оқытудың әлеуетін анықтау үшін төмендегі құрылымдық блоктар таңдап алынды.
кәсіби өзіндік анықталу;
таңдаудың объективті және субъективті кеңістігі;
кәсіби бағдар әдістері.
Осыған сәйкес, қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсеттік:
1. Пәндік қолданбалы курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы, биология) білімді тереңдету.
2. Пәнаралық қолданбалы курстар, олардың мақсаты білім алушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.
Олай болса Қызылорда аймағындағы мектептердегі өлкетану жұмыстарын жақсарту болашағы келесідей:
-биологиялық курсының барлық бөлімдері бойынша өлкетану мазмұнын оқытатын таңдау курсының бағдарламаларын құрастыру;
- өлкетану бойынша бейіндік сыныптардың білім алушылары үшін оқу материалдарын дайындау;
- өңір білім алушыларының экологиялық-өлкетану бойынша білім беру міндеттерін тиімді жүзеге асыру мақсатында мұғалімдерге арналған инновациялық әдістемелерді әзірлеу.
Біз, зерттеу жұмысында Арал өңірінде кездесетін өсімдіктерге талдау жасадық.
Қорыта келе, біз бұл тараушада педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып, «кәсіби даярлау», әдістемелік даярлау» және «өлкетану» ұғымдарын жан-жақты талдадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет