Ажмолдаева клара байжигитовна



бет7/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

Зерттеулер базасы: Ғылыми зерттеулер мен эксперименттер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Биология, география және химия» кафедрасының негізінде жүргізілді.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2018-2019 жылдар) зерттеу тақырыбын негіздеу үшін педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерге талдау жасалып, зерттеудің жоспары құрылды; зерттеудің мақсаты мен ғылыми аппараты айқындалды; «Қазақстан биоресурстары» пәні бойынша берілетін өсімдіктердің экологиялық білім мазмұны зерделеніп, оны жетілдіру жолдары анықталды.


1 БОЛАШАҚ БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ӨЛКЕЛІК КОМПОНЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік аспектілері
Білім беруді модернизациялаудағы өткір мәселе педагог кадрларды даярлау жүйесіндегі өзгерістер болып табылады, оның ішіндегі маңызды аспектілерінің бірі болашақ мамандарды әдістемелік тұрғыдан даярлауды жетілдіру болып табылады.
Биология мұғалімін гуманистік бағдарланған білім беруді жүзеге асыруға дайындау мүмкіндігі оның отандық педагогикадағы негіздерін әзірлеумен байланысты.
XX-XXI ғғ. аралығында жүргізілген зерттеулер жалпы және жоғары білім берудің мақсаттары мен мазмұнын, оқыту үрдістерін және оның нәтижелері туралы түсініктерді өзгертті.
Жоғарыда аталған бағыттағы мұғалімнің даярлығын өзгертудің әртүрлі аспектілері бұрыннанда терең зерттеліп келді, дегенмен жаратылыстану-ғылыми білім беруде жеке тұлғаны дамытуды жобалау тетігі мен кәсіби даярлау мазмұнының жеткіліксіз әзірленуі байқалады.
Бірқатар зерттеушілер бұл жеке тұлғаға бағдарланған - мақсаттар мен білім нәтижелері арасындағы алшақтықтың себебі болуы мүмкін-деп түсіндіреді [31].
Сондықтан да, қәзіргі кездегі әдістемелік зерттеулердің өзектілігі теориялық қағидаларды пән мұғалімінің практикалық іс-әрекеті тәсілдеріне аудару болып табылады.
Биолог мүғалімдердің әдістемелік дайындығын жетілдірудің ерекше өзектілігі қазіргі әлемдегі биологияның маңыздылығымен байланысты қатар жүріп отырады. Жалпы биология-бұл қазіргі заманғы мәдениетте жаңа реттеуші қағидаттарды қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын ғылым болып табылады.
Биология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылым арасындағы аралық орын алады, жаратылыс-ғылыми және пелгогикалық пәндермен кіріге отырып, басқа жаратылыстану ғылымдарының гуманизмге бағытталуына бастама болады. Болашақ биолог мамандарын әдістемелік тұрғыдан даярлауды уақытылы жетілдіру практиканың қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар табиғи білім беру саласындағы педагогтың дайындық мәселелерін шешудегі ғылыми жетістіктермен де байланысты.
Осы аталған жағдаятты егжей-тегжейлі талдау келесі қайшылықтарды:
- кәсіби білім берудің теориялық негіздерінің әзірленуімен және оларды биология мұғалімінің практикалық қызметінде іске асырудың тиімді тәсілдерін құрастыру бойынша әдіснамасының болмауын;
- білім беру мақсаттарына қол жеткізу бойынша болашақ биолог мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін тереңдету, іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін әзірлеудің жеткіліксіздігін;
-ЖОО оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жеке тұлғаға бағытталған моделіне көшу талаптары мен биологияны оқытуда өлкелік оқу жетістіктерін сақтау қажеттілігін анықтауға мүмкіндік берді.
Жоғарыда аталған қайшылықтар қазіргі таңдағы:
- білім берудің теориялық негіздерін биология мұғалімінің практикалық іс-әрекеті тәсілдеріне аудару әдіснамасын анықтау;
-болашақ биология мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлаудың тиімді жүйесін құру сияқты өзекті ғылыми проблемаға айналып отыр:
Қазіргі кәсіптік білім беру жүйесіндегі әдістемелік дайындық педагогикалық жоғары оқу орындары мен классикалық университеттерде жүзеге асырылады. Жүйе құраушы курс практикалық сабақтармен және инновациялық әдістемелік арнайы курстармен толықтырылатын биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі болып табылады.
Қазақстандық педагог Н.Д.Хмель [32] өзінің «Мүғалімдерді кәсіби даярлаудың тұжырымдасмасы» атты ғылыми маұаласында құзыреттілік тәсіл контекстінде әдістемелік дайындық кәсіби даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, оның шеңберінде болашақ мамандар пәнді оқыту форматында кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін меңгереді. Сондықтан да алдымен "Кәсіби даярлық" ұғымын ашуға тоқталған жөн.
"Кәсіби даярлау" ұғымының мазмұнын түсіндіру «Кәсіби іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз ету» оқу құралында кездеседі.
"Кәсіби даярлық" ұғымының бастапқы түсінігі өздігінен немесе кәсіби білім жүйесі арқылы білім алудың негізгі жолы болып табылатын кәсіби білім ретінде анықталады.
Энциклопедиялық сөздікте «Кәсіби даярлық» ұғымы шеңберінде терминдердің анықтамалары қарастырылады. Мысалы: «кәсіп» ұғымы (лат. professio - өз ісімді жариялаймын) белгілі бір дайындықты талап ететін және әдетте өмір сүрудің көзі болып табылатын еңбек қызметінің түрі болып табылады.
Ал, «мамандық» (лат.specia-туыс, түр) бір кәсіп аясындағы сабақ түрі ретінде түсіндіріледі. Бұдан әрі кейбір әдебиеттерде кәсіби даярлық мақсатын құрайтын екі негізгі «кәсіп» және «мамандық» ұғымның анықтамасы келтіріледі.
Мамандық пәндік іс-әрекет арқылы ашылады. Ол тар немесе кең мағынада болуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда-тиісті ғылыми пәнмен көрсетілген объективті шындықтың кейбір бөлігі туралы білім жиынтығы болып табылады. Кәсіп-шындықтың осы фрагментімен байланысты мақсат арқылы анықталған объективті қажетті іс-әрекеттің ерекше түрі.
Басқаша айтқанда, кәсіп-өз мақсаты бар және өз өнімдері, нормалары, қаражаты бар, сайып келгенде, әлеуметтік функциямен және осы іс-әрекетке қызмет көрсететін қоғамдық өндіріс саласының технологиясымен детерминирленген қызмет болып табылады. Оның қазіргі заманғы түсінігінде, яғни зерттеуге немесе оқытуға, қайта құруға, басқаруға немесе жобалауға және т.б. жалпы бағыттағы әрбір мақсатына жауап бере отырып, нақты өз бетінше жұмыс істейтін мамандықтар бар. «Мамандық» және «кәсіп» ұғымдарын дамыту тұрғысынан мамандықты оқыту технологиясы, сондай-ақ кәсіпті оқыту технологиясы, яғни кәсіби дайындық технологиясы туралы айту ұсынылады.
Талдау нәтижесінде кәсіби даярлық мақсаты мен педагогикалық білім беру мақсатының бір -біріне сәйкес келмейтінін байқауға болады. Әрине педагогикалық білім беру максаты өте кең ауқымда қарастырылады. Ал, кәсіби даярлықтың соңғы мақсаты жаңартылған мектеп мазмұны міндеттерін шешеуге дайындық ретінде анықталу керек.
Кәсиби даярлық ұғымын әр қырынан қарастырудың нәтижесінде , әлі де болса тұтас анықтамасының жоқ екіндігін байқауға болады, дегенмен осы ұғымға мақсат негізінде сипаттама беріледі, яғни, кәсіби даярлық мақсаты кәсіби міндеттерді шешу үшін кәсіби іс-әрекеттерді орындауға дайындық болып табылады.
Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау қазіргі білім беру жағдайында заманауи жағдайларға тез бейімделе алатын, жоғары кәсіпқойлыққа және еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесінің туындап отырғанын көрдік. Осыған байланысты ЖОО-да оқу үрдісінде кәсіби және жеке өзін-өзі жетілдірудің құрылымы мен заңдылықтарының ерекшеліктерін мамандарды кәсібилендіруді ерте кезеңдерден басату керек.
Сондықтан да ЖОО оқып жүрген болашақ мұғалімдердің даярлығына әсер ететін кәсіби-тұлғалық ерекшеліктерінің көріну міндеттері ең өзекті болып табылады. Бұл міндеттер мектеп кезеңінде жеткілікті түрде жолға қойылған, ал бұл мәселе студенттік кезең үшін ашық қалып отыр.
Адамның кез-келген кәсіпке даярлық мәселесі А.П.Сейтешов, Г.АУманов., Ш.Т Таубаева., А.Г. Асмолов, З.А.Исаевалардың және т.б. ғалымдардың психологиялық-педагогикалық еңбектерінде кеңінен айтылады, В.П.Беспалько, А. П.Беляевалардың еңбектерінде кәсіби даярлау тұлғалы сапа ретінде анықталады, ал, И.А.Зимняя, И.С.Якиманскаялар өз еңбектерінде іс-әрекетті бастар алдындағы тұлғаның жағдайы ретінде қарастырып, белгілі бір қабілеттердің болуы ретінде қарастырады [33-41].
Пән мазмұндарының мүмкіндіктерін қолдана отырып замануи болашақ мамандарды кәсіби даярлау мәселесін неғұрлым толық ашу үшін, қандай сапаларын, тұлғалық қасиеттерін қалай дамыту керек дегенге көңіл бөле отырып басты бағыттарын айқындап алдық.
-болашақ мамандарды білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіруді қамтамасыз ететін сабақты ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін шығармашылықпен іздеуге, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға дайындау;
-білім алушыларда оқу және ғылыми әдебиеттермен, оқу еңбегінің мәдениетін, ұтымды танымдық іс-ірекет тәсілдерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру;
-білім алушыларды жалпы мәдениет пен педагогикалық еңбек мәдениетіне тәрбиелеу;
-болашақ мамандарға экологиялық тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу пәндерінің мүмкіндіктерін барынша пайдалануды айқындау;
-жаратылыстану циклындағы пәндерден алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану, оқытуды өмірмен байланыстыру сұрақтарына көңіл бөлуді күшейту, яғни, дәріс және зертханалық, практикалық сабақтар мазмұнына өлкелік материалдарды қосу.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау және жеке тәжірибе педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мамандарды, соның ішінде биолог мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіне сапалы өзгеріс керектігін дәлелдеп берді. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттарын талдай келе, біз, келесідей өзгерістер болу керек деген қорытындыға келдік:
-әдістемелік білім беру мазмұны саласында (аймақтық, өлкелік компоненттерді ескере отырып вариативтілік, бағдарлы дайындық) ;
-оқыту технологиясы саласында (оқытудың заманауи тұжырымдамасын, ақпараттық технологияларды, оқу пәндерін кіріктіру элементтерін ендіру);
-тәрбие саласы (психологиялық қызмет пен орталықтар, диагностикалық тәсілдер, жеке жұмыс әдістері).
Жоғарыда аталған өзгерістерді негізге ала отырып, біз, диссертациялық зерттеуімізде болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлау үшін өлкелік компоненттерді оқу үрдісінде пайдалану мәселесін алып отырмыз.
Біз, зерттеу жұмысымызда өлкетану идеясының даму тарихы мен өлкетанудың пән ретіндегі әдіснамсына тоқталамыз.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдары туралы білім беру жеткілікті түрде байқаудан өткізілген, ал табиғат пен қоғамның өзара байланысы және олардың бір-бірімен үйлесімділік заңдылықтары туралы білім беру әлі де болса жете зерттелмегендігін көрсетіп отыр. Өйткені бүгінгі күнгі табиғат туралы білімді талдауға негізделген экологиялық білім беру халықтың көзқарасын табиғаттың бүлінушілік тенденцияға қарай кетіп бара жатқандығын түсіндіруге жеткіліксіз болды. Бұл экологиялық білім мен тәрбие берудің философиясы мен әдіснамасын Дүние және ондағы Адамның орны туралы жаңа, біртұтас түсінікке негіздеп қайта құруды қажет етіп отыр. Мұндай білім мен тәрбие беру оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың өзара әсерінің негізгі ұстанымдары мен заңдылықтары туралы білімді кеңейтіп беруді талап етеді.
IX-ХV ғғ. ғұламалары әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, М.Қашқари, С.Бақырғани табиғатты қорғау туралы көзқарастарын тарихи мұралардан оқып танысуға болады. Жаратылыстану ғылымдарын, соның ішінде биология мен географияны, медицина ғылымдарын философиялық тұрғыдан негіздей келе, әл-Фараби табиғаттың адам тіршілігіндегі рөлін жете бағалап, адамның табиғатқа тәуелділігін, онымен үйлесімді өмір сүре білу керектігін айтады.
Баласағұндық ғалым халықтық тәрбие дәстүрлеріне сүйеніп, табиғаттың адамзатқа ықпалы жайлы халық сенімі мен табиғатпен үйлесімділік қағидасын ұсынады.
Түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген ғұламаларының бірі Махмұд Қашғари өзінің әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдарында жаратылыстану жайлы бағалы пайымдаулар айтқан. Қашғари көтерген қай мәселе болмасын деректі материалға негізделіп, білімдік-тәрбиелік мәнділігімен ерекшеленеді. Ғұламаның «Сөздігінде» табиғатпен біте қайнасқан халық болмысы кеңінен баяндалып, оның сан-салалы тіршілігінің көптеген жәйттерін ашып беруге көмектесетін мәлімдемелері мен туған өлкенің географиялық жағдайын халықтық астрономиялық тұрғыда талдауларынан анық байқалады.
«Табиғат-адам-қоғам» қарым-қатынасы үрдісіндегі эстетикалық, өнегелік құндылықтарды идеялық тірек еткен Қашғари шығармашылығының бүгінгі жастардың экологиялық білімін, сана-сезімі мен мінез-құлық бірлігін қалыптастырудағы практикалық мәні зор.
Қорыта келгенде, ортағасырлық деректер көзі табиғаттың адам тіршілігіндегі рөлін жете бағалап, онымен үйлесімді өмір сүре білген бабалар іс-әрекетін айқын бейнелейді [42-45].
Қазақ халқының мәдениеті мен ағартушылық тарихында көрнекті орын алатын Ұлы Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өз шығармаларында табиғаттың тепе-теңдігін ұстауды естен шығармауға шақырады.
Абайдың табиғат туралы философиялық ой-пікірлері табиғат заңдылығын пайымдаумен қатар оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың бар байлығы адам баласына азық болып отырғандығын айта келе, өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға, оған жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ш.Уәлиханов қазақ халқының табиғатпен қатынасын, әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын зерттеп, жас ұрпаққа табиғат жайында бай мұра қалдырды. Ол, халық арасындағы жақсылық сенім «табиғатты шексіз қадірлеуінен туған»,- деген ой түйіндейді. Оның бұл ойы қазіргі жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеудегі маңызы зор.
Осындай педагогикалық ғылыми мәнге ие көне жазбалар мен туындыларды талдай келе, біз өз заманында өмір сүрген ғұламалардың «адам-табиғат-қоғам» үштігінің өзара тығыз байланысы мен бір-біріне әсерін тура жеткізе білгендіктерін көреміз. Мұның барлығы өз кезегінде жастарға экологиялық білім мен тәрбие беруде және мәдениетін көтеруде тұғырлы негіз болады. Өйткені қоғам мен табиғаттың бір-бірімен тығыз байланысы және бір-біріне әсері туралы білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім мен тәрбие беру және дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеуші ХVI-ХVІІғғ. прогресшіл ой пікірдегі ұлы педагогтары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Pycco, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, А.Гумбольдт және т.б. тұлғаны қалыптастырудағы табиғаттың рөлін жоғары бағалай келе, өз пікірлерін «... адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған» деп тұжырымдайды.
XIX ғ. өмір сүрген орыстың демократ ағартушылары В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев табиғат туралы жүйелі білім беру адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының қалыптасуына әсер ететіндігі жайлы айтқан. Олардың бұл ой-тұжырымдары педагогика ғылым саласында табиғи құбылыстар мен объектілерді түсінудегі білім мен сезім арқылы қабылдаудың өзара байланысын негіздеуге үлгі болды
Оқу орындарындағы өлкетану жұмыстарының жағдайы кез келген әлем елдерінің болашағы білім беру жүйесі мен зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл – ойы мен интелектісін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы артық болмақ. Өлкетану жұмысының қазіргі кездегі маңыздылығы туралы Қазақстан республикасының бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Жолдауында, қазіргі кезде еліміздегі оқу – ағарту саласында, өте көкейкесті болып табылатын өлкетану сынды пәннің жоқтығын атап көрсетті [46-50].
Оқу үдерісінде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мен оның деректерін пайдалану тек тәуелсіздік алған тұстан бері қозғалып келе жатқан мәселе емес ол өз тарихында ұзақ даму жолынан өтті. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан жәдігерлер қазіргі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді. Қазақ халқы ежелден – ақ қоршаған орта болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көзіне айналдыра білген. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқанын байқауға болады. Туған өлкедегі табиғат пен тарихты, шаруашылық пен саясатты, мәдениет пен адамдардың тіршілік әрекетін қосып адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану психологиялық – педагогикалық мәселе ретінде зерттеушілерге әрқашанда үлкен қызығушылық тудырған [51].
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
"Өлкетану" термині Ресейде 1914 жылдан бастап қолданыла бастады. Бірақ, өлкетану ұғымының анықтамасы, оның зерттеу аясы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Мысалы:
XX ғасырдың 20-жылдарында өлкетану әкімшілік, саяси және экономикалық сипаттамалары бойынша бөлінген кез-келген белгілі бір аумақты синтетикалық зерттеу әдісі ретінде түсінілді.
XX ғасырдың 60-шы жылдарында өлкетану мазмұны мен жеке зерттеу әдістері бойынша әртүрлі, бірақ жиынтығында өлкені жан-жақты ғылыми тануға әкелетін ғылыми пәндер жиынтығы ретінде анықталды.
XX ғасырдың 80-ші жылдарында мұндай анықтама қабылданды: өлкетану - бұл жергілікті тұрғындар үшін туған жері болып саналатын белгілі бір аумақты (елдің, ауданның, қаланың немесе елді мекендердің бөліктерін) жан-жақты білуі. Өлкені жан-жақты тану арқылы табиғатты, тарихты, шаруашылықты, халықты, оның мәдениеті мен тұрмысы жан-жақты зерттеледі.
Қазақстанда өлкетану ғылымы патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын - ала арнайы әскери экспедициялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енсе, оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда өлкетану жұмыстарының құндылығын ерте кезде – ақ түсінген.
Алғашқы өлкетанымдық зерттеулердің алғышарттарын біз көне дәуір оқымыстылары Геродот, Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен байқауымызға болады. Өлкенің құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қоршаған ортаға тәуелділігін қарастырған [52, 53].
Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, сол кезде Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы 1887 ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті [55].
Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды.
Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты.
Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н.Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады [56].
Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді.
Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отаушараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға қазақтың біртуар ғалымдары Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин және т.б. өз үлестерін қосты.
Еліміздің педагогикалық тархында 1920 жылдан бастап өлкетану жұмыстары бірте – бірте жолға қойыла бастады. Осы жылы Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды, 1921 жылдың 7 ақпанында Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты тарихи, мәдени ескерткіштерді қорғау туралы қаулы қабылданды. Онда Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөлімінің рұхсатынсыз өлкедегі тарихи қорғандар мен ескерткіш орындар, төбелерді қазып, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиым салынды. 1924 жылы зерттеу қоғамы өлкетанудың бесжылдық жұмыс жоспарын қабылдады. Онда елді мекеңдердің орналасу картографиясың, табиғи байлықтарын және табиғат жағдайларын зерттеу, гидрографикалық комиссия құру секілді мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Ең маңыздысы сонда бұл өлкетанымдық зерттеу қоғамы ауыл шаруашылығындағы мәселелерді де күннің кезек күттірмес мәселесі ретінде алға қойып, халыққа өлкетану ісіне байланысты дәрістер оқуды мақсат етті. 1929 жылы барлық мұражайлар мен Қазақстанды зерттеу қоғамдары алдында ескерткіштерді есепке алу жұмысы кең көлемде жүргізіліп, оларды ұқыпты түрде картаға түсіру мен сипаттау талап етілді.
Қазақстанда өлкетану ісінің дамуы С.Аспандияров, М.Д.Жолдыбаев, Ә.Жангелдин сында аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен байланысты. Сол кездегі О.Жандосовтың «Өз өлкеңді таны» мақаласы өлкетануға елеулі үлес қосты.
В.Д.Гордецкийдің «Жетісу өлкесіндегі мектеп топсаяхатына мәліметтер» атты оқу құралы Жетісу өңіріндегі мектептерге таратылды. Бұл мектептердің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған ең алғашқы өлкетану бойынша оқу құралы еді.
1930 жылы Қазақстанда зерттеу қоғамынының белсенді мүшесі Ә.Жангелдин, ғалым – филолог Ә.Қоңыратбаев мүшелікте елеулі қызметтер атқарды. 1930 жылы сәуірде Өлкетану Бюросының жетекшісі қызметін атқарған С.Аспандияровтың басшылығымен алғаш рет бүкіл қазақтық өлкетанушылар съезі шақырылды. Оның жұмысына ipi ғалымдармен қоса 238 делегат қатынасты. Шақырылған жиында, жоғары оқу орындарының студенттерін және мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында өлкетану ісін жандандыруға көңіл бөлініп, шешімдер шығарады. Әр жеке тұлғаның, өз өлкесін, табиғатын, өндіргіш күштерін, тарихын, климатын, өсімдіктер әлемін т.б. білу, оны ғылыми тұрғыда еліміздің тарихын дамытуға пайдалана білу аса қажетті белгі болып табылатындықтан, өлкені танып – білу мен зертеу, оны іс жүзінде дәлелдеу жұмыстары Білім алушылардың арасында әлі де болса кемшін қалып келеді - деген шешіммен, оқу орындарында өлкетану жұмыстарын жан – жақты жандандырып, үйірмелер ашуды көздеген. «...Болашақ жастар өмір сүріп отырған мемлекеттің өткені мен келешегін, оның алдында тұрған жоспарларды жақсы білуі қажет. Білім алушы өз елінің басынан кешкен қиындықтарымен танысып қана қоймай, сондай қиындықтан елін, халқын алып шығуға белсене қатысып, оған өзінің үлесін қосатындай болып тәрбиеленуі тиіс» - дей келе, «өлкетану жұмыстары Отанды сүю мен патриоттық тәрбие беруде маңызды роль атқарады» - деп тұжырымдады С.Аспандияров өз еңбегінде [57].
Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ici қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді.
Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру ілгері дамуда. Егемендікке қол жеткізген уақыттан бастап туған өлкеге, туған жердің тарихын оқытуға ерекше назар аударылды, себебі өз өлкесінің тарихын білмей ұлтжанды ұрпақ қалыптаспайды. Бұған нақты дәлелдер де жетерлік, мысалыға 1994 жылы 26 тамыздағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, 1995 жылы 30 маусымда қабылданған тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, 1996 жылғы 15 шілдедегі этникалық – мәдени білім тұжырымдамасында сондай - ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламаларында өлкетану жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен маңыздылығына ерекше мән берген.
Ал оқу орындарында өлкетану материалдарын пайдаланудың кейбір тұстарын Г.В.Аверкиева, Т.В.Данилова, И.В.Кишкин, А.А.Хуснитдинов отандық ғалымдардан Г.Қ.Тұрабаева, Д.Д.Байдалиев өз еңбектерінде қарастырған [ 58].
Бірақ оқу орындарының да бұл салада әлі де болса шешімін таппаған мәселелер баршылық, олар білім алушылардың өлкетану жұмысына даярлау керектігіне байланысты пікірлер айтылғанмен де, мұнда аяқталмаған нақты теориялық және практикалық мәселелер жеткілікті. Оған жататындар: білім беру мен тәрбиені тұтас үдеріске біріктіру, өлкетану үйірмелері, биология пәні бойынша өлкетану материалдарын зерттеу, жинау т.б.
Оқу орындарындағы өлкетануға даярлау ісін ұйымдастырудағы кемшіліктерді былайша түсінідіруге болады, негізгі себеп өлкетануға байланысты іс – тәжірибелердің өз дәрежесінде еместігі, оқытушының өлкетанымдық іс – әрекетті бір пән негізінде қарастырылмағандығы.
Сонымен қатар, жаңа білім беру жүйесіне көшу рухани бай, денсаулығы мықты, туған елін, жерін сүйетін, қадірлейтін білім алушыны тәрбиелеуді ұсынады. Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі уақытта болашақ маманның кәсіби даярлық жүйесі, ең алдымен, Қазақстандағы білім беруді аймақтандыруға байланысты инновациялық өзгерістермен анықталады. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңымен реттелген аймақтандыру ұстанымы елдің барлық аймақтарын аймақтық білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етуді және осы салада арнайы ғылыми зерттеулер жүргізуді қарастырады. Болашақ мамандарды кәсіби даярлау үрдісіне өлкетану компонентін енгізу отандық білім беруді дамытудың жетекші тенденцияларын барынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жалпы азаматтың жалпы білімінен, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, белгілі бір аумақтық әлеуметтік-мәдени қоғамдастық өкілінің және оның барлық жеке ерекшеліктері мен қабілеттері бар адамның біліміне көшуге мүмкіндік береді.
Қоғамда болып жатқан демократиялық үрдістер өлкетануды жаңа деңгейге көтерді, оның тәрбиелік рөлін арттырды, өлкетану қызметіне қызығушылықтың пайда болуына ықпал етті. Жоғары оқу орындарында жаңа және қызықты өлкетану мәселелерін таңдау, өлкетану қызметінің нәтижелерін жариялау, осы салада жаңа білімді кеңінен тарату, қызмет нәтижелерін пайдалану, оларды іс жүзінде енгізу мүмкіндігі пайда болды. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму динамикасы болашақ мұғалімнің кәсіби ғана емес, сонымен бірге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды арттырады. Осы міндеттерді шешуде өлкетану үлкен әлеуетке ие.
Қазақстандағы білім мен тәрбиенің негізгі әдіснамалық ережелерінің бірі-қоғам мен табиғат арасындағы байланыс тұжырымдамасы. Өлкетану білімі өлкетану білімінің кешенділігіне және өлкетану арқылы жас буынының әлеуметтік-мәдени және этноэкологиялық бейімделуінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, осы аспектінің өзекті мәселелерін қарастырады. Өлкетану жұмысы табиғатты, болмысты және адамды мәдениет аспектісінде көруге мүмкіндік береді ("Табиғат - әлемдік мәдениет, ұлттық және туған өлкенің мәдениеті "), бұл жеке тұлғаны тәрбиелеу және оның, кәсіби және азамат ретінде қалыптасу жолын іздеуді қамтиды [59 - 62].
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үрдісіне өлкетану компонентін енгізу қажеттілігі тек теориялық алғы шарттармен ғана емес, сонымен қатар жоғары мектептің тәжірибесімен - білім беруді гуманитаризациялаумен, студенттің жалпы және кәсіптік даярлау мәселелеріне, қайта кәсібилендіру үрдістеріне және осыған байланысты жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларының жаңа талаптарына байланысты болады.
Өлкетану материалы жоғары оқу орнында әртүрлі пәндерді оқуда кеңінен қолданылады. Өлкетану білімі барысында Туған жер туралы білімді ғана емес, өлкетану құзыреттілігін де қалыптастыру үрдісі жүріп жатады. Қоғамның өлкетану білімі, іскерлігі, дағдылары, практикалық тәжірибесі жалпы білім беру саласындағы, сондай-ақ болашақ іс-әрекеттің зерттелетін пәндері бойынша білім кешенін игерумен қатар білім беру жүйесіне қалыптасады. Білім алушылар білім беру үрдісінде игеретін және біліммен, дағдылармен, практикалық іс-әрекетпен және әлемге эмоционалды-құндылық қатынасымен қамтылған әлеуметтік тәжірибе болашақ маманның кәсіби-тұлғалық дамуы мен өзін-өзі дамытуының негізі, материалдық және рухани мәдениетті дамытудың қажетті факторы болып табылады [ 63 - 66].
Біздің ойымызша, мұғалімдерді кәсіби даярлау үрдісінде өлкетану материалы келесі әлеуетке ие:
- өлкетану студенттердің жалпы педагогикалық білім жүйесін байытады, оларды кіші Отан тарихымен таныстырады, өлкетанудың педагогикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, студенттерді оқытуда жоғары оқу орны мен мектептің іс-әрекетінде сабақтастық пен тарихи ұстанымын жүзеге асырады, өлкетану материалын практикалық кәсіби қызметте пайдалануға мүмкіндік береді;
- олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын игеруіне, студенттерді өлкетану саласындағы белсенді зерттеу қызметіне тартуға ықпал етеді (мысалы, педагог-шеберлер мен жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық ұжымының тәжірибелерін жүйелеу );
- педагогикалық циклдің барлық пәндерін оқытуда өлкетану материалын қолдану, студенттерді өлкетану практикалық әрекетке белсенді қосу, өлкетану бойынша шығармашылық тақырыптық тапсырмаларды орындау қажеттілігін негіздейді;
- қызметтің неғұрлым нәтижелі түрлерін қолдана отырып, болашақ мамандардың кәсіби бағытын дамыту құралы болып табылады:
- педагогтердің практикалық жұмысын бақылау;
-білім беру мекемелері мен өлкетану мұражайларына экскурсиялар;
- озат педагогтармен кездесулер;
-практик-мұғалімдермен тәжірибе алмасу;
-білім беру мекемелерінің мұрағаттарын зерделеу;
-жергілікті мұғалімдердің жұмысын сипаттайтын мерзімді басылымдарды зерттеу;
-өлкетану әдебиеттерімен танысу;
- жергілікті мұғалімдердің еңбектерін сипаттайтын рефераттар дайындау педагогикалық өлкетану және т.б.;
- белгілі бір өлкетану дайындығын, өлкетану мәдениетін қалыптастыруды қамтитын өлкетану құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, болашақ маманның жеке және кәсіби өсуінің бір бөлігіне айнала отырып, сонымен қатар болашақ маманның рухани-адамгершілік құндылықтары мен рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үрдісінде тәрбиелік функцияны орындай отырып, маңызды тәрбиелік әлеуетке ие [67-70].
Қорыта келе, біз бұл тараушада педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып, «кәсіби даярлау», әдістемелік даярлау» және «өлкетану» ұғымдарын жан-жақты талдадық.
Жоғары оқу орындары белгілі бір аймаққа мамандар дайындайды және сол, өзі тұратын аймақтың "Мәдениетін игеру тәжірибесін" алу болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудағы өлкетану компоненті студенттердің өлкенің мәдени өмірін игеруіне ықпал етеді.
Келесі тараушада биолог мамандарды даярлауда Қызылорда облысы Арал маңы өсімдіктерін оқытуда әдістемелік негіздерге тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет