Ажмолдаева клара байжигитовна



бет9/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

1 тақырып. Өлкетану белгілі бір аймақты оқытудың кешенді ғылымы ретінде (4 сағат).
Өлкетану мақсаты мен міндеттері. Ботаникалық өлкетану. Ботаникалық өлкетану нысандарын оқыту және бөлу әдістері. Өлкетану жұмыстарының маңызы. Қызылорда облысы бойынша ботаникалық өлкетану нысандары. Арал маңы сексеулі. Оларды құру тарихы, экологиялық жағдайы.
Зертханалық жұмыс (4 сағат).

  1. Арал маңы ботаникалық өлкетану нысандары. Оларды құру тарихы және экологиялық жағдайы. Флораны талдау. «Сексеуіл» табиғат ескерткіштеріне ботаникалық топсаяхат жасау.

2 тақырып. Арал маңындағы ботаникалық өлкетану нысандары (4 сағат).
Арал маңындағы табиғи ландшафтар және ботаникалық алаңдар. Ботаникалық өлкетану нысандары. Оларды құру тарихы, экологиялық жағдай мен заманауи статусы.
Зертаханалық жұмыс. Арал маңындағы табиғи ескерткіштер. Флораларды талдау. (4 сағат): Сапақ елді мекені, Қарашалаң, Аманөткел елді мекеніндері өсмдіктеріне талдау.
3 тақырып. Өлкелік материал негізінде білім алушыларға отансүйгіштік, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру (4 сағат).
Білім алушыларға өлкелік материал арқылы отансүйгіштік, экологиялық, адамгершілік тәрбие берудің маңызы. Ботаникалық өлкетану нысандарына топсаяхаттың бағдарын жасау. Білім алушылар және жергілікті халықпен ботаникалық өлкелік нысандарды қорғау бойынша ағартушылық жұмыстар. Өз өлкесін танып білуге арналған зертеу жұмыстары.
Зертханалық жұмыс. Білім алушылармен өлкетану жұмыстарын жүргізу бойынша сыныптан тыс іс-шараларды жасау. Өз туған өлкесін оқыту бойынша білім алушылардың жоблақ жұмыстары мен ғылыми-зерттеу тақырыптарын жасау. Қорытынды сабақ (20-кесте).

Кесте 20 - Пән бойынша өзіндік жұмыстың мазмұны мен құрылымы (модул)





р/с

Пән бөлімдері

Білім алушылардың өзіндік жұмыс түрлері

Өзіндік жұмысты бақылау формалары

1.

Өлкетану белгілі бір аймақты оқытудың кешенді ғылымы ретінде

Презентация дайындау

Презентация

2.

Арал маңындағы ботаникалық өлкетану нысандары

Презентация дайындау

Презентация

3.

Өлкелік материал негізінде білім алушыларға отансүйгіштік, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру.

Реферат, эссе дайындау

Реферат, эссе

5. Оқытудың интербелсенді формаларын қамтитын білім беру технологиялары қолданылды.


1. Ақпараттық-коммуникациялық технология. Интернет ресурстары мен электронды кітапхана арқылы оқу материалдарын, реферат жазу, өзіндік жұмыстарды қолданылады. Өсімдіктер туралы видеофильмдерді ақарайды.
2. Оқытудағы модульдық-блоктық технология. Білім алушыларды өзіндік жұмысқа қызықтыру, белсендіру және оқу материалын меңгертуде қолданылады.
3. Оқытудағы құзыреттілік-бағыттылық технология. Білім сапасын артыруға арналған барлық оқу жұмыстарының түрерін жүзеге асыруда қоланылады.
4. Зерттеушілік оқыту технология. Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік әрекеттерінде, үйірмеде, топтық жұмытсарды орындауда қолданылады.
5. Оқытуды жобалау технология. Жобалау жұмыстарын жасауда және білім алушылардың әртүрлі конференцияларда баяндама жасауда қолданылады.
6. Оқытудың кіріктірілген технологиясы. Биологиялық пәндер бойынша барлық оқу іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруда қолданылады.
7. Оқытудың интербелсенді технологиясы. Зертханалық жұмыстарды, дала практикаларын жүргізуде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда қолданылады.
Тақырып, Қорытынды бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет