2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары
Бұл тарауда зерттеу болжамын және болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану мазмұнының теориялық тұжырымдамасын эксперименттік тексерудің нәтижесін қарастырамыз. Педагогикалық эксперимент үш жыл бойы жүргізілді, оған: проблеманың қойылуы және зерттеудің эмпирикалық әдістерін таңдап алу, эксперимент нәтижелерін теориялық ой елегінен өткізу, оқыту үдерісін жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру міндеттері кірді.
Зерттеу екі кезеңде жүргізілді: айқындау, қалыптастыру эксперименттері. Зерттеудің әрбір кезеңінде эксперимент мақсаты тұжырымдалып, болжам тексерілді. Айқындау экспериментінің мақсаты – болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда алғашқы білім жағдайын айқындау болып табылады, оған білім алушылардың өлкелік білімді мағыналы қолдана алуын; білім алушылардың іргелі теорияларды оқып-үйренуі кезінде оқу танымының құрылымын түсінуін, оқытушылардың оқу материалының мазмұнын оқыту әдістерімен, сабақ түрлерімен, білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің түрлерімен үйлестіре алуын зерделеу міндеттері кірді. Оның нәтижелері зерттеу проблемасының өзектілігін дәлелдейді.
Әр түрлі пән бағдарламаларына қойылатын талаптарды айқындау, бағдарламаның мазмұнына талдау жасау; дайындалған оқу материалының түсініктілігін айқындау және жасалған оқыту әдістемесін бастапқы тәжірибеден өткізу.
Қалыптастыру экспериментінің нәтижесі бойынша дайындалған эксперименттік бағдарламалар мен оқыту әдістемесіне түзетулер енгізілді. Бұл кезеңдегі эксперименттік жұмыс нәтижесінде әр түрлі бағдарламалар құрылып, оқу материалдары әзірленді.
Бұл кезеңде эксперименттік бағдарламаларды тәжірибеден өткізу, жасалған оқыту әдістемесінің тиімділігін бағалау жүзеге асты.
Педагогикалық эксперимент Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Биология, география, химия кафедрасында» және Болашақ университетінде жүргізілді. Зерттеулерден статистикасы есептелетін бастапқы мәліметтер нақты болған жағдайда ғана статистикалық болжамдар тексерілетін өлшемдер жеткілікті түрде негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік беретіні белгілі. Алынған нәтижелердің объективтілігі педагогикалық экспериментті жоспарлаудың нәтижесіне байланысты.
Егер де, жоғарыда айтылған жағдайлар немесе олардың едәуір бөлігін ескерсек, білім алушылардың ақыл-ой әрекетінің сипаты айтарлықтай өзгереді, білім алушылармен жүргізілетін барлық өлкетану жұмыстарының тиімділігі артады.
Анықтаушы экспериментің мақсаты білім алушыларда Арал маңы өсімдіктер туралы өлкелік білімді қалыптастыру мәселесінің жай-күйі туралы мәліметтерді алу. Білім алушылардың Арал маңы өсімдіктерінің биологиясы мен экологиясы туралы білім деңгейін, өсімдіктердің адам өмірі мен қоршаған ортадағы ролін және алуантүрлілікті сақтауға бағытталған табиғатты қорғау іс-әрекеттеріне бағытталған өлшемдерді құрастырдық. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін біз сауалнама жүргізу, педагогтар және білім алушылар арасында әңгімелесу жүргізілді. Бұл кезеңде алынған нәтижелер өңделіп, талданды.
Тәжірибенің екінші кезеңі -қалыптастырушы эксперимент. Екінші кезеңде болашақ білім алушыларды даярлау мазмұнына өлкелік компонент – Арал маңы өсімдіктерінің биологиясы және экологиясы ендірілген – осы білімдерді педагогикалық ЖОО-да білім алушыларды пәндік және әдістемелік дайындығы практикасында қалыптастыру. Жүргізіліген диагностиканың сенімділік талаптарын сақтау мақсатында білім алушылар бақылау тобы деп алынды.
Білім алушылардың өлкелік білімдерін қалыптастыру бойынша құрастырылған әдістеменінің тиімділігін анықтауда білім алушылардың оқу жетістіктерінің өлшемдері келесідей айқындалды: мотивациялық, когнитивтік; іс-әрекеттік.
Биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық-үрдістік моделінде берілген компоненттер бойынша білім алушылардың білім деңгейлері айқындалды. Бірінші мақсаттық компонентте биология пәндері таңдау болып табылатын топтарда білім алушылардың өлкелік принциптерге көзқарасын қалыптастыру, кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетке дайындау болып табылды. Ол диссертациялық жұмыстың екінші тараушасында сауалнама нәтижесінде алынды.
Екінші көрсеткіш – мазмұндық компоненті - пәндік білім, мамандық үшін қажетті дағды туралы білік деңгейін, тиісті біліктіліктер мен дағдыларды пайдалану мүмкіндігін анықтауға бағытталды. Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда «Қазақстанның биресурстары» элективті курсының мазмұнына қосылған өлкелік компоненттерді игертуде, тапсырмаларды орындау нәтижесінде қалыптасқан білімді меңгеру коэффиценті пайдаландық. Білім деңгейлерін анықтау өлшемі (параметр) ретінде біз В.П.Беспалько ұсынған [108].
Кесте 25 – Өлкелік компенттер бойынша білімді меңгеру деңгейі
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің көрсеткіштері
|
Білімді меңгеру деңгейінің өлшемдері
|
Талдау деңгейі
(а=3)
|
Меңгерген білім мен біліктердің нәтижелігі, табиғи қоршаған ортадағы өз іс-әрекетттеріне жауапкершілікпен қарап, алған білімдерін талдау
|
Түсіну деңгейі
(конструктивті деңгей)
( а=2)
|
Өлкелік білімнің беріктігі, ондағы практикалық іс-әрекеттерінің өзара байланыстылығы мен бірін-бірі толықтыруы, қалыптастырылатын біліктердің табиғи құндылық екендігін сезіну
|
Білім деңгей
(а=1)
|
Игерілген өлкелік білім көлемі мен жүйесі
|
Сонымен қатар, оқу үрдісінде қолданылатын технологиялардың ішінен оқытудың дәріс-семинар жүйесінде модульдік оқыту технологиясын (В.М.Монахов, М.А Чошанов, Қазақстанда М.М.Жәнпейісова және т.б.) қолдану тиімді деп таптық [109-111].
Достарыңызбен бөлісу: |