Ажмолдаева клара байжигитовна



бет18/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

ҚОСЫМША А


Сауалнама

Құрметті, болашақ биолог мұғалімдер!


Сізге, білімалушылардың (7 – 9 сыныптар) биология пәнінен өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру іскерлігін дамыту мәселесі жөнінде ұсынылған сауалнамаға жауап беруіңізді сұраймыз.
Сіздің жауаптарыңыз аталмыш мәселені жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік береді!
Алдын ала алғыс білдіреміз!

1. Биологияны оқыту барысында, Сіз, білімалушыларға өлкелік компоненттерді пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастырасыз ба?


А) айтарлықтай жиі қолданамын
Б) сирек қолданамын
В) қолданбаймын
Г) басқа жауап: ______________________________________________

2. Білімалушылардың өлкелік жұмыстарын, Сіз, арнайы мақсат ретінде қоясыз ба?


А) міндетті түрде
Б) ия, бірақ әрқашан емес, оқытылатын тақырыпқа байланысты
В) жоқ, бұл мұндай жастағы білімалушылар (5-7 сынып) үшін қиын
Г) басқа жауап: __________________________________________________

3. Сіз, білімалушыларға өз өлкесінің табиғатымен таныстыру барысында қандай қиындықтармен кездестіңіз? (Бір немесе бірнеше жауаптарды белгілей және де өз нұсқаңызды ұсына аласыз)


А) өлкелік жұмысты ұйымдстыру үшін әдістемелік материалдар мен нұсқаулықтардың жеткіліксіздігі
Б) қажетті құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі
В) балалардың өлкелік жұмысты орындауға деген ынталары жоқ, қиын
Г) білімалушыларда өлкелік жұмысты жүргізудің әдіс-тәсілдері, құрал-жабдықтары жөнінде біртұтас жүйенің жоқтығы

4. Қазіргі таңдағы білім алушылардың өлкелік компонет туралы білімді жеткілікті түрде меңгермеуінің себебін немен түсіндірер едіңіз? (Бір немесе бірнеше жауаптарды белгілей және де өз нұсқаңызды ұсына аласыз)


А) арнайы әдістемелік жүйенің жоқтығы
Б) мұғалімнің өлкелік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмауынан
В) берілген әдістемелік тапсырмалардың 5-7 сынып білімалушылары үшін қиындығы
Г) нақты бір тақырыпты оқытуға берілген уақыттың шектелілігі
Д) құрал-жабдықтың жеткіліксіздігі
Е) білімалушылардың тиісті ынталарының жоқ болуы
5. Биологияны оқытудың қай формасы, Сіздің ойыңызша, білім алушылардың өлкелік жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы? (Бір немесе бірнеше жауаптарды белгілей және де өз нұсқаңызды ұсына аласыз)
А) сабақтар (негізінен, зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру барысында)
Б) сабақтан тыс жұмыстар
Г) өзіндік жұмыстар (мысалы, өлкетану материалдарымен)
Д) жобалар

6. Биологияны оқыту барысында Сіз 5-7 сыныптарда өлкелік өзіндік жұмыстарды ұйымдастырасыз:


А) айтарлықтай жиі
Б) сирек
В) ұйымдастырмаймын
Г) басқа жауап: _______________________________________

7. Сіз биологиядан орындалатын өзіндік жұмыстар 5-7 сынып білімалушыларының өлкелік іскерлігін дамытады деп есептейсіз бе? (Бір немесе бірнеше жауаптарды белгілей және де өз нұсқаңызды ұсына аласыз)


А) ия, егерде тек білімалушылар өлкелік жұмыстың бір бөлігін өз бетінше орындайтын болса
Б) ия, егер өзіндік жұмыс құрамына зерттеудің жекелеген элементтері енетін болса: ақпарат көздерін іздеу және өңдеу; қарапайым тәжірибелерге бақылау жүргізу және т.б.
В) жоқ, бұл жастағы (5-7 сынып) білім алушылар биологиядан өлкелік жұмыстарды жүргізуге қатыстырылмайды
Г) жоқ, бұл жастағы білім алушылар биологиядан өлкелік жұмыстарды ұйымдастыруға дайын емес

8. Сіз биологиядан білімалушылардың өлкетану жұмыстары олардың білімі мен іскерліктерін дамытады деген тұжырыммен келісесіз бе? (толық, кең түрде жауап беруіңізді сұраймыз)


А) ия, келісемін өйткені ______________________________________
Б) жоқ, келіспеймін өйткені _______________________________
В) басқа жауап: ____________________________________________________
9. Сіз жүргізетін өзіндік өлкетану жұмыстарының бір немесе бірнеше түрлерін белгілеуіңізді сұраймыз (және/немесе өз нұсқаңызды ұсыныңыз)
А) экскурсия
Б) экологиялық соқпақ (тропа)
В) Интернет жүйесімен жұмыс
Г) олимпиадалар мен конкурстарға дайындық
Д) сабақтан тыс жұмыс
Е) өлкетану материалдары негізіндегі зерттеушілік жобалар
Ж) жүргізбеймін

10. Биологиядан 5-7 сынып білімалушыларының өзіндік өлкетану жұмыс түрлерінің әлеуетін 5 балдық шкала (1 ден 5ке дейін өсу ретімен) бойынша бағалаңыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет