Ажмолдаева клара байжигитовна


Екінші бөлім бойынша тұжырым



бет16/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

Екінші бөлім бойынша тұжырым
Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінде, ЖОО-да биолог мұғалімдерді даярлаудың білім мазмұнына өлкелік компонентті ендіру жолдарын айқындау мақсатында ЖОО және жалпы білім беретін мекептердегі білім мазмұнына талдау жасалды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компонент туралы білім беру қоғамдық сананы табиғи ортамен тиімді қатынас жасауға бағыттай отырып, оның мәдени деңгейін көтереді. Өз кезегінде болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлау өлкелік компонентті пайдаланып білім берудің негізгі бір компоненті ретінде осы білімге негізделген тұлғаның теориялық және практикалық іс-әрекеті арқылы көрінетін, оның қоршаған ортаға құндылық тұрғысынан қатынас жасауға дайындығы мен қабілетін білдіреді [98, б.75].
Өлкелік сипаттағы сабақтарды құрудың екі негізгі тәсілі ұсынылды:
биологиялық өлкетанудың жеке мазмұндарын ашуға мүмкіндік беретін типтік бағдарламалардың мазмұнына сабақтар енгізу, соның нәтижесінде «Қазақстан биоресурстары» пәнінің бағдарлама мазмұны бірнеше тақырыптармен толықтырылды.

  • білім алушылардың өлкелік білімдерін жалпылауға арналған жалпы білімге арналған арнайы өлкелік материалдарға негізделген қолданбалы бағдарламалар құру.

Биолог мамандарды даярлауда Қызылорда облысы Арал маңы өсімдіктерін оқытудың әдістемесін жасау үшін, жалпы білім беретін мектептерде жоғары сыныптарда бағдарлы оқытудың әлеуетін анықтау үшін төмендегі құрылымдық блоктар таңдап алынды.
− кәсіби өзіндік анықталу;
−таңдаудың объективті және субъективті кеңістігі;
−кәсіби бағдар әдістері.
Осыған сәйкес, қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсеттік:
1. Пәндік қолданбалы курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы, биология) білімді тереңдету.
2. Пәнаралық қолданбалы курстар, олардың мақсаты білім алушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.
Жоғарыда аталғандарды зерделей келе, қолданбалы оқу курстары мазмұнын құру технологиясы берілді, ол:
-Аналитикалық кезең
- Түзу (конструктивті) кезеңі
-Бағалау кезеңі
-Сараптау кезеңдерді қамтиды.

  1. Болашақ мамандарға жүргізілген сауалнама нәтижесі, өлкетану комоненттерін оқу үрдісіне енгізу үшін оқу-әдістемелік кешендердің жетіспейтініе тілге тиек етті және жүйелі жұмыстың жүргізілмейтіні ткралы айтты, соған сәйкес, жоғары оқу орындарында биологияны оқытуда Арал маңы өсімдіктер жүйесінің өлкелік компонент ретіндегі мазмұны іріктеліп, нәтижесінде мектепке арналған «Биологиялық өлкетану», «Қазақстан өсімдіктерінің биоэкологиясы» тақырыбындағы қолданбалы курс авторлық бағдарламасы мен «Атлас актуальных растений семейства Лютиковых региона Приаралья» атты атлас жасалып, оқу үрдісіне енгізілді.

Зерттеу нәтижесі бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
-биологиялық курсының барлық бөлімдері бойынша өлкетану мазмұнын оқытатын таңдау курсының бағдарламаларын құрастыру;
- өлкетану компоненті бойынша жалпы білім беретін білім алушылары үшін оқу материалдарын дайындау;
- білім алушыларының өлкетану компоненті бойынша білім беру міндеттерін тиімді жүзеге асыру мақсатында мұғалімдерге арналған инновациялық әдістемелерді әзірлеу.
- білім алушыларды өлкелік білім алуға мақсатты түрде бағыттау, яғни, мектептің негізгі сатысынан бастап ЖОО пәндердің мазмұнына ендіру;
- болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда түрлі технологияларды пайдалану мен оқыту формаларын түрлендіруге көңіл бөлу;
- өлкетану компоненті бойынша білім беретін мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау үшін оқытуды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қажет.
Қорыта келгенде, зерттеуiмiздiң ғылыми болжамы тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыс барысында дәлелдендi және жүргiзiлген зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес нәтижелер алынды.
Әрине, біздің зерттеуімізде қойылған мәселе толық, жан-жақты қарастырылды деген кесімді жауап айта алмаймыз. Зерттеу жұмысы күрделі де ауқымды болғандықтан, алдағы уақытта да болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың әртүрлі қырларын ескере отырып, өлкелік білім беруді жетілдіру әлі де болса өзекті мәселелер қатарынан көрініс табады деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет