Ажмолдаева клара байжигитовна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет6/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Жоғары оқу орындарында биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компонентті пайдаланудың теориялық және практикалық мәселелер зерттелді;

  2. Жоғары оқу орындарында биологияны оқытуда Арал маңы өсімдіктер жүйесінің өлкелік компонент ретіндегі мазмұны іріктеліп, нәтижесінде мектепке арналған «Биологиялық өлкетану», «Қазақстан өсімдіктерінің биоэкологиясы» тақырыбындағы қолданбалы курс авторлық бағдарламаааа ааааасы мен «Атлас актуальных растений семейства Лютиковых региона Приаралья» атты атлас жасалып, оқу үрдісіне енгізілді;

  3. Жоғары оқу орындарында биолог мамандарды даярлауда өлкелік компонентті пайдаланудың әдістемесі жасалды.
    4. Биолог мамандарды даярлау үдерісіне өлкелік компонентті енгізу бойынша педагогикалық тәжірибе жүргізіліп, нәтижелері оқу үрдісінде ендірілді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы зерттеу мәселелерi бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдiстемелiк және биологиялық еңбектер; жоғары оқу орнында биологияны оқытудың кәсіби бағытталуының әдіснамалық негіздері мен тәсілдері қарастырылған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: болашақ биолог мұғалімдерді даярлау мақсатында «Қазақстан өсімдіктерінің биоэкологиясы» авторлық бағдарламаны ЖОО-да және жалпы білім беретін мектеп тәжірибелерінде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Қоршаған ортаны қорғау, оны тиімді пайдалану, қайта жаңғыртуды қамтитын іс-әрекет жүйесін, олардың бір-бірімен өзара байланысын сипаттайтын адамның қоршаған табиғи ортамен үйлесімді қатынас жасауға дайындығы ретіндегі өлкелік материалдарды пайдалану болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің негізін құрайды.
- Биологиялық пәндерін оқыту үрдісінде болашақ мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық-үрдістік моделі тұлғалық-ic-әрекеттік әдіс-тәсілдерге негізделген біліктерді және олардың маұсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, өлшемдік компоненттерін, оларды қалыптастыру деңгейлерін және олардың қалыптасу өлшемдерін анықтауды қамтиды.
- Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудын әдістемесінің тиімділігі жалпы биоэкологиялық білім мен біліктерді өзектілендіру, пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру, интербелсенді оқыту формаларын қолдану, өлкетану материалы мен болашақ мұғлімдердің жеке тәжірибелерін пайдалану, кәсібіи біліктерді өмірде және қоршаған табиғи ортадағы білім алушылардың іс-әрекеттерінде қолдану сияқты шарттармен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет