Ажмолдаева клара байжигитовна


Өлкетанудың негізгі әдісі



бет4/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР








ЖОО

  • Жоғары оқу орны

Қ.Т.А.

  • қорғалатын табиғи аумақтар

БҰҰ

  • Бірыңғай ұлттық ұйым

ҚР

  • Қазақстан Республикасы

ҚК

  • қолданбалы курс

ТТ

  • тәжірибелік топ

БТ

  • бақылау топ



КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі.
Білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамалары қоғамның мәдени дамуының негізгі ресурсы болып табылатын жеке тұлғаның жеке өсуі үшін ішкі кеңістік құратын субъект ретінде адамның қалыптасуы туралы мәселені көтереді.
Кәсіби педагогикалық даярлықтың сапалы өзгеруі жеке мағыналар мен құндылықтар диалогын орнатуға дайын, өзіне тән ішкі өзіндік құндылығы, даралығы және тұтастығы бар маман - субъект тұлғасының қалыптасуы үшін жағдай жасауды көздейді .
Бүкіләлемдік экологиялық ахуалдың ушыға түсуі, ғаламдық климаттың жылынуы, экологиялық апаттар мен дағдарыстар Жер шарынынң тұрғындарын бұрын соңды болмаған деңгейде алаңдатып отыр. Осы мәселелерге алаңдаушылық білдірген Президент Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау бойынша қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет» [1].
Қазіргі заманғы мұғалімдердің алдында маңызды міндет - мұғалімнің өзі экологиялық білім беру мен тәрбие мәселелерінде құзыреттілік танытып, жұмыс жасауда негізгі құзыреттілікке ие болып, әр түрлі ақпараттық құралдар мен инновациялық технологиялар арқылы білім алушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру. Өкінішке орай, қоршаған ортаға деген қажеттілік басым, экологиялық құзіреттілік деңгейі төмен, нәтижесінде қазіргі экологиялық мәселелерді қабылдаудың төмендігі; қоршаған ортаны өзгерту және жақсарту бойынша саласында ғана емес, сонымен қатар педагогика, психология, білім алушы тұлғасын дамыту және қалыптастыру, оқу іс-әрекетінің коммуникациясын сауатты ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру жүйесінің практикасына оқыудың инновациялық технологияларын енгізу үшін арнайы білім мен дағдыларды меңгерген жаңа үлгідегі биология мұғалімдерін кәсіби даярлау міндеті бұрынғыдан да өзекті.
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармасында кәсіби даярлау мазмұнының сапасын жақсарту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіби білім беру жүйесін әлемдік озық тенденцияларын модернизациялау, болашақ педагогтердің практикалық даярлығын арттыру міндеттелген [2]. Қазіргі уақытта, еліміздің озық отыз елдің құрамына кіру стратегиясының жүзеге асырылуы, әлемнің білім беру кеңістігіне енуіне және нарықтық талаптарға байланысты кәсіби іс-әрекетте өзінің құзыреті жоғары, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-тұлғалық қасиеттері дамыған құзыреттілігі қалыптасқан педагогтер даярлау міндеттері алға қойылған.
Жоғарыда аталған мәселені шешудің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы [3], Қазақстан Республикасының Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары [4], Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Педагогтің кәсіби стандарты» [5], ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы [6], Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық Кодексі [7] және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттар мен Президенттің жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау ретінде ұсынатын стратегиялық бағдарламалары құрайды.
Адамның өмірлік және кәсіби жағдайларды басқаруға қабілетті, объективті түрде туындайтын мәселелерді шешетін субъект ретінде қалыптасуы оның өз өмір сүру тәсілі үшін жауапкершілігімен тікелей байланысты болуы керек.
Қазіргі таңда өзгеріске ұшырап отырған мәдени, технологиялық ортаға жауап ретінде жалпы білім беретін мектептің белсенді жаңаруы білім беру практикасына білім берудегі көптеген регламенттеуші құжаттар, қолжетімді ақпараттармен ғана жұмыс істейтін емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытатын, өзінің жеке әлеуетін іске асыратын, еркін таңдау жасай алатын "жаңа" тұрпатты мұғалімге деген өткір қажеттілікті тудырып отыр.
Педагогикалық ЖОО-да биолог студенттерді әдістемелік даярлау жүйесі ("Педагогикалық білім беру" бағыты бойынша білім алатын бакалаврлар мен магистранттар) кәсіптік даярлаудың тұтас жүйесінің ішкі жүйесі ретінде қарастырылады және биология мұғалімдерін оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына бағынатын өзара байланысты құрылымдық және функционалдық компоненттерді қамтиды .
Мұғалімнің кәсіби стандарты қазіргі мұғалімді ҚР мемлекеттік білім беру стандарттары мен негізгі жалпы білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес және ең бастысы - зерттелетін ғылымның әлемдік мәдениеттегі орнын ескере отырып, пәнді оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыттайды. Биологияны оқытудағы білім беру іс - әрекетінің табиғат пен мәдениеттің құндылықтарымен байланысы, студенттердің биологиялық заңдылықтарды білуіне және оларға жеке мағына беруге жағдай жасау-бұл биология мұғалімінің іс-әрекеті, ол өзінің субъективті ұстанымының белсенділігін оқушының субъективті қасиеттерін дамыту жағдайында көрсете білу керек.
Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесін жаңғырту мәселелеріне отандық ғалымдар: Ж.Шілдебаев [8], С.К.Иманкулова [9], К.Жүнісова [10], Қ.Аймағамбетова [11], С.Ибадуллаева [12], Қ.Жұмағұлова [13], Р.Ш.Ізбасаровалар [14] өз үлесін қосса, педагогикалық үрдістерді жетілдірудегі өлкетану мүмкіндіктері ресейлік ғалымдардың ішінде Е.В.Савинова [15], В.В. Степаненков [16], Н.Д. Андреева [17], В.В.Пасечник [18], Д.Д. Байдалиев [19], сияқты ғалым-әдіскерлер тарапынан ерекше көңіл бөлінді.
Ал, П.В.Станкевич [20], С.В.Суматохин [21], А.М Текесбаева [22], Н.Н. Дауылбаева [23], М.Б.Аманбаева [24], А.Д.Майматаева [25], және т.б. ғалымдардың зерттеулері экологияландыру, интеграция, ақпараттандыру, стандарттау тенденциялары бойынша әдістемелік дайындықты жаңғырту мақсатында жүргізілді.
Ал, нақты біздің зерттеу нысанымызға жақын зерттеу жұмыстарын жұргізген әдіскер-ғалымдар: Ә.С.Бейсенова [26], К.Д.Каймулдинова [27], И.Ю Азизова [28], А.Т.Ермекбаева [29]. Еліміздің ұлттық және әкімшілік-аумақтық дамуына білім алудағы әлеуметтік тапсырысты есепке алуға негізделген. Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеуде жергілікті мүмкіндіктерді пайдалану болып табылады.
Осыған орай, ЖОО білім алушыларына мүмкіндігінше өлкелік компонентті биология пәні мазмұнына ендіру арқылы қойылатын бірнеше:
-биосферадағы болатын құбылыстар мен процестерді және туған өлкесіндегі табиғат қауымдастығын терең түсінуге жағдай жасау;
-білім алушыларды туған өлкесіндегі биологиялық алуан түрлілікпен таныстыру және биоэкологиялық ойлауларын дамытуға ықпал ету;
-білім алушыларда табиғи үрдістердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктерін дамытуға ықпал ету;
-білім алушыларды зерттеу тәсілінің әмбебап ұстанымдарымен, алынған мәліметтерді талдау әдістерін үйрету, заманауи зерттеу әдістерімен таныстыру;
- өз туған өлкесінің ерекше қорғалатын табиғи нысандары мен туған өлкенің биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері туралы пікір қалыптастыру;
-білім алушыларда экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, табиғат сұлулығын сезінуге үйрету, қоршаған орта туралы білімдерін тұрақты түрде толықтыруға ынталандыруғ, жергілікті жердегі қоршаған орта мәселелерін шешу бойынша практикалық іс-шараларға тарту, сияқты талаптарды жүзеге асыруға болады.
Білім алушы оқу үрдісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осы тұрғыдан алғанда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім берудің басым бағыттарын, яғни оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы үлгісін оқу үрдісінде қалыптастыру, оның оқыту әдістерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуын анықтап беріп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте жаратылыстану пәндері бойынша экологиялық білім беруді жетілдіруге негіз болады.
Бүгінгі таңда бірінші орында тұрған ғаламдық мәселелердің бірі экологиялық дағдарыстардың алдын алу адамдардың мақсатты бағытта ойластырған іс-әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Осыған орай экологиялық дағдарыстан шығудың жолдары іздестірілуде, оны елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау», «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы Заңдардан, сондай-ақ «Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық әрекет жоспары» сияқты экологиялық мәселелерге арналған мемлекеттік құжаттардан көруге болады.
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау» туралы Заңының XII бөлімі (63-64 баптар) экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне арналған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы «Экологиялық білім мен тәрбие беру қоғамымыздың мәдениетін қалыптастыратын білім негізі» делінген [30]. Осындай мемлекет тарапынан қабылданған құжаттардың барлығында жалпыға бірдей үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру міндеті баса айтылған.
Экологиялық дағдарыс бұл қоғамның техникалық немесе әлеуметтік дамуындағы бірлі-жарым жіберілген кейбір қателіктердің нәтижесі емес, ол адамдардың бір-бірімен қатынасының және қоғам мен табиғаттың өзара қатынас жүйесін қамтитын мәдени дағдарыстың көрінісі. Одан шығу үшін адамдардың жаңа құндылық-нормалық қатынастарды меңгеруі, олардың экологиялық дүниетанымын кеңейту, жалпы қоғамның «экономикалық тиімділік» ұранын «экологиялық тиімділікпен» алмастыруы қажет. Бұл жаңа тенденцияларға және білім мазмұнының танымдық, құндылық және іс-әрекеттік бағыттағы өзгерістеріне қолдау көрсететін үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім берудің жаңа жүйесінің дамытылуы тиіс деген пікірдеміз.
Біз, осы тұрғыдан алғанда, биологияны оқытуда өлкелік компонент ретінде Қызылорда облысы Арал маңы өсімдіктерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеп, нәтижесін оқу үрдісіне ендіруді көздедік.
Қызылорда облысы Арал маңы өсімдіктерінің өлкелік биологиясы мен экологиясын зерттей отырып білім алушылар туған өлкесіне деген патриоттық сезімдерін, жауапкершіліктерін, табиғатты қорғауға деген көз қарастарын білдіреді.
Жоғарыда талданған зерттеу жұмыстары біздің тақырыбымыздың келесі:
-биологияны оқытудың әдістемесін зерттеуге бағытталған бірыңғай, педагогикалық университеттегі әдістемелік оқыту жүйесі мен қазіргі мектептің биология мұғалімі жүзеге асыруы керек вариативті оқыту әдістемесі арасындағы;
-әдістемелік дайындық жүйесіндегі биологиялық мазмұнды ұсынудың дәстүрлі тәсілі мен жалпы орта биологиялық білім беру жүйесінің мазмұндық қажеттіліктері арасындағы қарама-қайшылық, бұл мазмұнның жалпы білім беретін даму әлеуетін қолдана отырып, ЖОО өлкелік оқу материалын құрастыруды көздейді;
-ЖОО-дағы қолданыстағы әдістемелік дайындық пен білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың даму перспективаларына сүйене отырып, оқу үрдісін құруға бағдар арасындағы;
-биология мұғалімдерін даярлаудың қолданыстағы моделі шеңберінде кәсіптік білім алу қажеттілігі мен қазіргі мектептің мамандарға қоятын талаптары арасындағы;
-биологияны оқыту теориясы мен практикасында білім алушылардың өздігінен білім алуға ұмтылысын қалыптастырудағы объективті қажеттілік пен оның оқыту практикасында жеткіліксіз дамуы арасындағы;
- биологиялық білім беруге арналған сағат санының азаюына байланысты туған өлкенің тірі табиғаты туралы материалдың жетік берілмеуі мен оны биологияны зерделеу кезінде жеткіліксіз пайдалану арасындағы;
- биология мұғалімдерінің биологияны зерттеуде өзіндік өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстардың қажеттілігі мен олардың оқу практикасында болмауы арасындағы қарама-қайшылықтарын анықтауға негіз болды.
Бұл қарама-қайшылықтар биологияны зерттеуде тәуелсіз өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми негізделген әдістемесін құрудың объективті қажеттілігінен тұратын зерттеудің тақырыбын «Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудын әдістемелік негіздері» -деп алуымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет