Актуальные проблемы международных отношений



бет7/19
Дата20.06.2016
өлшемі14.41 Mb.
#148959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Звягельская И.Д. Конфликтная политика США на Ближнем и Среднем Востоке. – М.: Наука, 1990.

  2. Шарипов У.З. Персидский залив: нефть - политика и войны. - М.: Наука, 2000.

  3. Кожахметов К.К. Движение солидарности и борьба арабских народов за свободу и независимость (сер.50-х-начало 80-х гг.). - Алматы: Оралман, 1999.

  4. Маликов Б. Совет Сотрудничества Арабских Государств Залива. Эр-Рияд: Дар-Аль-Кимам, 1994.

  5. Мелкумян Е.С. «ССАГПЗ в глобальных и региональных процессах», Москва, «ИИИиБВ», 1999.

6. النفط و الغاز في الخليج العربي نحو ضمان الأمن الاقتصادي. مركز الإمارات للدراسات والبحوث الاستراتيجية ، سنة 2007 م ، أبو ظبي.

7. نفط الخليج بعد الحرب على العراق ، استراتيجيات و السياسات ، مركز الإمارات للدراسات والبحوث الاستراتيجية ، سنة 2006 م ، أبو ظبي.
Аннотация: В данной статье рассматриваются проблемы влияния нефтяного фактора на внешнюю политику стран Персидского залива. Особое внимание уделяется взаимоотношениям ведущих нефтедобывающих стран исследуемого региона.

Ключевые слова: Персидский залив, нефть, Ближний Восток, внешняя политика, фактор.
Abstract: Thee article covers the problem of influence of the oil factor on the foreign policy of the countries of the Persian Gulf. Particular attention is paid to the relationship of the leading oil producing countries in the region under study.

Keywords: the Persian Gulf, oil, the Middle East, foreign policy, factor.





Молдабай Талғат

Л.Н. Гумилев Атындағы ЕҰУ Түркітану кафедрасының аға оқытушысы

Астана. Қазақстан



«ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЙҒЫР АЛФАВИТІМЕН ЖАЗЫЛҒАН «ЛАТАФАТ-НАМА»-ҒА ТҮСІНІКТЕМЕ
Түйін: Мақалада Хожандидің ұйғыр әліпбиімен жазылған «Латафат-нама» атты еңбегі туралы қысқаша мәлемет берілген. Автор «Латафат-нама»-ның тарихи дерек ретінде филологиялық суфизмге байланысы мен медициналық құндылығын ашып көрсетуге тырысқан.

Кілт сөздер: Латафатнама, Қожанди, суфизм, дінтану, қолжазба.
Кітаптың атауы: Латафат-нама.

Авторы: Қожанды.

Қолжазба тағдыры: 1982 жылы Улан-Батор қаласында болып өткен Моңғолтанушы әлем ғалымдардың симпозиумында Ауғанстаннан келген ғалым проф.Хамами деген ғалым осы қолжазба туралы алғашқы ақпаратты белгілі түркітанушы ғалым ағамыз Қ.Сартқожаұлына берген. Кейін 1983 жылы Ауғанстанда болған орыс солдаттарының бірі арқылы Қ.Сартқожаұлының қолына осы қолжазбаның фотосы түседі.

Көшіріп жазған: Абубекир-а-Бағлани

Кітаптың мазмұны: Суфизм және медицина

Хожандидің «Латафат-нама»-сының Британ музейіндегі №7914 номерімен тіркелген журналының 142-157 варакалары арасында сақталған араб алфавитімен 914/1509 жылы Гератта көшірілген нұсқасы бұл шығарманың жалғыз нұсқасы ретінде қарастырылып келген еді [1].

Молдабайұлы Талғат бұл ғылыми ізденісінде «Латафат-нама»-ның Ауғанстанның астанасындағы Қабул музейінің кітапханасындағы Ұйғыр жазуымен 893/1488 жылы көшірілген кейіннен танымал түркітанушы ғалым ағамыз Қ.Сартқожаұлының еңбегі арқасында фотосуреті арқылы Отырар кітапханасына өткізілген екінші бір нұсқасын танытуда.

Хожандидің «Латафат-нама» атты шығармасының Хорезмидің «Махаббат-нама» атты шығармасына ұқсатып жазылғандығын және Хожандидің өмірі жайлы: «Хожанди қазіргі Тәжікстандағы Ленинабад қаласының тұрғыны екендігінен басқа ешқандай ақпарат жоқ.»-дейді [2]. Біз Али Шер Науаидің «Межалисүн-нефаис» атты шығармасында «Латифат-нама»-ның Сейд Ахмет Мырзаға тиесілі екендігі жөніндегі пікірін Али Шер Науаидің өзінен бұрыңғы ақындар жайлы «білместігі» ретінде бағалап, Сейд Ахмет Мырзаның шығармасының тақырыбы «Латафат-нама» емес «Ташсук-нама» екендігін баяндап, бұған дейінгі қабылданып келген ақтандаққа түзету енгіземіз.

Молдабайұлы Т. Ұйғыр алфавитімен жазылған кітаптің тіркеу бетінің транскрипциясы мен аудармасын ұсынып оның маңыздылығына тоқталады:



«tamam boldı latafat-nama. bıçın yıl. zu’lka’da ayı-nıng on ikisinde. parçşamba küni. ta’rih sekiz yüz toksan içte.» («Латафат-нама» сегізжүз тоқсан үшінші мешін жылы, зұлқия айының он екісі, бейсенбі күні аяқталды (10-шілде 1488 жыл)).

Қабул музейінде табылған бұл көшірме Британ музейіндегі араб әліпбиімен жазылған нұсқадан 21 жыл бұрын көшірілгендігі және мәтіннің мазмұнын ашу үшін осы Ұйғыр әліпбиімен жазылған нұсқаның негіз бола алатындығын атап өтуімізге болады [3].

Темір дәуірінде Ұйғыр әріптерімен жазылған шығармалардан «Сиражүл-күлүб», «Рахатүл-күлүб», «Меселе китабы», «Мұхаббет-наме» ... т.с.с. кітаптардың Әмір Желаледдин есіміндегі бір адамға тиесілі екендігі белгілі. Түркі тіліндегі шығармаларды Ұйғыр әліпбиімен қотару жұмысының жоғарыда аты аталған Әмір Желаледдиннің бастамасымен қолға алынғандығына және Әмір Желаледдин жеке тұлғасына тоқталамыз. Бартольдтың Әмір Желаледдиннің Желаледдин Фируз Шах екендігіне сенгендігін, Клаусонның Бартольдтан бейхабар Әмір Желаледдиннің белгісіз тұлғалар қатарына қосқандығын, түркі ғалымдары Ф.Көпүрүлү мен З.В.Тоғанның Бартольдтың бұл пікіріне ешқандай ғылыми ізденіс жасамастан келіскендігін баяндай отырып, Йезд қаласының Темір билігі тұсындағы тарихын зерттеу арқылы Бартольдтың пікірінің ағат екендігін атап өтеміз.

Шахрұх дәуірінің және Йезд қаласының тарихы негізінде жоғарыдағы баяндалған Әмір Желаледдин жайындағы дерекке Йезд қаласының Шахрұх дәуіріндегі уәлиі Желаледдин Мир Чакмак екендігін және Желаледдин Фируз Шахтың Әмір Желаледдинмен ешқандай байланысы жоқ екендігін дәлелдейміз.

Біз еңбегімізде кейбір ғалымдардың «Темір дәуірінде Ұйғыр тілінде жазып, оқыған» бір топтың болғандығы жөніндегі ұсынысын жоққа шығарамыз.

Темір дәуірінде Самарқант пен Геррат қалаларында өмір сүргендердің көбінің иран текті екендігін және Йезд қаласының тұрғындарының да көбінің иран текті (Тәжік) болуы себепті Ұйғыр тілінде жазып, оқитын бір топтың болуының мүмкін еместігіне тоқталамыз. Сондықтан да Ұйғыр әліпбиін қолдану тек ғана сол кезеңдегі көшіріп жазушы ғалымдардың өткенге құрметі ретінде қарастыру керек.

Отырар кітапханасындағы Хужандидің Латафат-намасы 56 беттен 313 жолдан тұрады.

Бұл шығарма да Хорезмидің «Махаббат-нама»-сы сияқты автор өзі туралы баяндайды.

Атордың аты немесе оның лақабы шығармада бірнеше жерде кезігеді және не оның өзінің не тегінің Хужандинің тумасы екені ешкімге белгісіз (Хужанди: Қазіргі Тәжікстандағы Ленинабад қаласы). Әли Шир Невай «Межалисүн-нефайыс»-дағы ескерілмеген фактор оның түркі тегінен шыққаны жайлы ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты оның кім екендігі дәлелденбейді. Дегенмен ол «Латафат-нама»-ның авторы Сейд Ахмет Мырза екендігін көрсеткен. Шындығында шығарма Сейд Ахмет Мырзаның шығармашылық жұмысы екендігі дәлелдеуді қажет етеді, бірақ оның атауы «Ташсук-нама». «Латафат-нама» сияқты ол жанрлық жағынан «Дах-нама»-ға ұқсас жәнеде «Махаббат-нама»-ның әсерімен жазылған. Бұл шығарма 839/1436-да жазылған және ол Шахрухқа арналған.

Амир-зада, Махмуд Тархан сияқты есімдер «Латафат-нама»-да біраз жаңылысуларға алып келеді. Шығарма шамамен 14-ғасырдың аяғы мен 15-ғасырдың басында жазылған. «Латафат-нама»-ның жалғыз көшірмесі Британ музейінде ғана бар және ол араб әрпімен 914/1509-да Гератта көшіріліп алынған. Екінші көшірмесі Ұйғыр алфавитімен жазылған (Қабыл музейіндегі нұсқа. Көшірмесі Отырар кітапханасында сақтаулы).

Бұл қолжазба өте көне және сирек қолжазбалар қатарына жатады. Бұл жаңалықтың негізгі маңыздылығы қолжазбаның көшірілген уақытында жатыр. Темір дәуірінде Ұйғыр алфавитімен әр-түрілі діни және әдеби текстілердің көшірілу хронологиялық реті төмендегідей:

835/1431 ж. Сиражүл-күлүб, Мәселе кітабы, Махаббат-нама сияқты жазбалар коллекциясы.

838/1435 ж. Маншур көшірген «Бахтяр-нама».

840/1436 ж. «Мираж-нама» және «Тасқиратүл-Айлия» қолжазбасы. Мұны Гератта Малик Бахзи көшірген.

843/1439 ж. Гератта Гара Сайл көшірген «Құтатғы Білік».

848/1444 ж. Самарқандта Зайнүл-Абибин көшірген «Атабатүл-Хакайқ».

Мұнда осы көшірушіге тиесілі екі түрлі галлаграммалық нұсқа бар. Сондай-ақ парсы алфавитіндегі «Күллиат-и Аттар»-дың Британ музейінде Түрік және Ұйғыр алфавитіндегі нұсқалары бар. Бұл қолжазба Шахрух Дилманға арналып 862 ж. (б.з. 1458 ж.) жазылған.

Егер біз бұл Ұйғыр жазуымен жазылған қолжазбалардың жазылу уақытына қарасақ ол 835-848/1431-1444 жылдардағы кезеңге сәйкес келеді. Ұйғыр жазбалары Темір дәуірі кезеңіне сәйкес келеді және әйгілі династияның ерекшеліктерін қамтиды.

Көріп отырғандарыңыздай Түркі жазбаларын Ұйғыр алфавитіне көшіріп жазу 835/1431 жылдан басталған және де ең алғашқы көшіру Әмір Жалаладдиннің бастауымен болған.

Бартольд Әмір Жалаладдинді Шахрухтың билігі кезінде де өмір сүрген Жалаладдин Фирөзшахпен теңестіреді (Бір адам деп ойлайды). Түркі ғалымдары Көпүрүлү мен Тоған Бартольдтың бұл пікірін ешқандай қарсылықсыз, зерттеп-зерделеп жатпастан қабылдады. Алайда Темір басқаруы кезеңіндегі Йазд қаласының тарихын зерттегенімізде Бартольдтің бұл пікірінің қате екендігін анықтадық. Шындығында Жалаладдин Фирозшах пен Йазд қаласының арасында ешқандай байланыс жоқ. Екінші жағынан қала Шахрухтың билігі кезінде Жалаладдин Мир Чақмақ атты басқарушының діншіл бағыттағы жұмыстарының ықпалында болатын. Әмірге қатысты кейбір деректемелерде сұлтан Баязидке қарсы Темір жорығына қатысқан әмірлердің арасынан біз Чақмақ атын кездестіреміз. 817/1414 жылы оны Әмір Сұлтан Баязит Барласпен бірге Шахрух Абаргүх қаласын жаулап алу үшін аттандырады. Шахрухтың Азербайжан мен Иракка қарсы екінші жорығына Әмір Чақмақ Йазд қаласынан келіп кейіннен Шахрухқа Рай қаласында (14-рамазан 832/1429 ж.) қосылады және осы жорықтан кейін ол 833/1430 жылы Сұлтаннан Йаздға қайтуға рұқсат алады. Діни бағыттағы іс-әрекеттерімен Әмір Шақмақ пен оның әйелі Фатима хатун Йазд билігіне 824, 830, 834 және 845 жылдары әсер етіп отырған және де Шахрухтың өліміне (850/1447 ж.) дейін қаладан ешқайда кетпеген. Осыған қарап біз оның осы қаланы ұзақ уақыт басқарған билеуші болған деген болжам жасай аламыз. Жоғарыдағы жағдайларға байланысты Мір Жалаладдиннің Әмір Жалаладдиннен басқа адам екеніне толық көзіміз жетеді.


Пайдаланған әдебиет


  1. Brit. Mus. Add. 7914, f. 144 v.

  2. Tourkhan Gandjei. The “Latafat-nama” of Khujandi, “Annali dell’Istituto Universitario Orientale di Napoli”, Volume 30, Fascicolo 3, oli 1970, p.345-366.).

  3. Brit. Mus. Add. 7914, folios 273-289; cf. Rieu, op. cit., 289 sq.


Аннотация: В данной статье указаны краткие данные о произведении Хожанди под наименованием: «Латафат-нама». Автор указывает на филологическую, историческую ценность этого раннего суффистского и медицинского произведения

Ключевые слова: Латафатнама, Хожанди, суфизм, религиоведение, рукопись.

Abstract: This article gives brief information about the work of Khujandi called: "Latafat-nama." The author emphasizes the philological and historical value of this early Sufi medical work.

Keywords: Latafat-nama, Khujandi, Sufism, religious studies, manuscript.






Жиембаева Г.Т.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Халықаралық қатынастар факультетінің

Түркітану кафедрасының аға оқытушысы

Астана / Қазақстан



ТҮРІК ТАНЗИМАТ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨКІЛІ ШИНАСИ

ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ САРЫНЫ
Түйін: Аталған мақалада түрік Танзимат әдебиетінің өкілі Шинасидің түрік әдебиетіне қосқан үлесі, шығармаларындағы жаңашылдық сарыны қарастырылады.

Кілт сөздер: Танзимат әдебиеті, батыс әдебиеті, жаңашылдық, поэзия, проза.
Түрік саяси өміріне, түрік әдебиетіне жаңашылдықтың лебін әкелген ең маңызды ғасыр - XIX ғасыр деп санауға болады. Саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен рухани жаңғыруларға толы XIX ғасыр Османлы мемлекеті үшін барлық салаларда өзгеру, жаңару, даму ғасыры болды. Осы кезеңдегі Танзимат әдебиеті ескі әдебиетке қарсылық ретінде туындаған, болашаққа бағытталып, батыстан әсер алған әдебиет болатын. Танзимат әдебиеті кезеңінде түрік зиялы қауымының отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімдері оянды. Жалпы алғанда, Танзимат әдебиетін - халыққа бару, халықты ояту, қараңғылықтан шығару қозғалысы деп санасақ та болады. Танзимат сөзі «tanzim» «реформа, тәртіпке келтіру» сөзінің көпше түрі. Түрік әдебиетіне көптеген әдеби жанрлар осы Танзимат әдебиеті кезеңінде кірді. Адам құқығы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, үйлену, махаббат және отбасы байланыстары сияқты мәселелер әңгіме, роман, пьеса тақырыптарына арқау болды. Сонымен қатар, осы кезеңде исламшылдық, османшылдық идеясымен бірге түрікшілдік идеясы да бой көтере бастады. Танзимат реформасы Османлылардың саяси, қоғамдық, діни, экономикалық, отбасылық, эстетикалық бейнесінің өзгеріске ұшырауына себепкер болды [1, 619].

Сол кезеңдегі Танзимат әдебиетінің алдыңғы қатарлы өкілдері Шинаси, Н.Кемал, Зия Паша бастаған қаламгерлер шығармашылықтарының басты арналарын жаңашылдық мәселелеріне қарай бұрды. Олар өз шығармашылықтары арқылы осы үрдіске белсене атсалысып, қомақты үлестерін қосты. Танзимат кезеңінде жаңа типтегі, жаңа рухтағы, жаңа ғылым-білімді меңгерген озық ойлы ұлт зиялыларының қалыптасқандығын байқауға болады. Осынау барлық салада өрбіп-өрістеген жаңашылдықтың басы-қасында, жетекші тобында Шинаси жүрді. Сол кезеңдегі Османлы мемлекетінің басындағы қиындықтар ұлт зиялыларының қолына қалам алғызып, халықты оятуларына себеп болды. Олар дамыған Еуропа елдерінің ғылымы мен озық мәдениетін енгізіп, сол арқылы қоғамды жаңашылдыққа бұруға тырысты. Белгілі ғалым, профессор Т.Жұртбайдың «Мағжан да, Жүсіпбек те, Мұхтар да елдің өткендегі тарихы мен тағдыр тәлкегін суреттей отырып, ұлттық сананы оятпақ болды» [2, 265] дегеніндей Шинаси бастаған Танзимат ағартушылары да ұлтты оятуды мақсат тұтқан ағартушылық іс-әрекеттерін көркем туындылары арқылы, көсемсөздері арқылы білдіріп өз идеяларын ұлттық сананы оятуға жұмсады. Сонымен қатар, Танзимат кезеңіндегі зиялы қауым өкілдері өнерге, шығармашылыққа қарағанда идеологияға жақын болды. Олар француз әдебиетінің Монтескье, Руссо, Вольтер сияқты төңкерісшіл ойшылдарын оқып, солар сияқты күрескерлік танытып, қоғамдағы зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы шықты.

Негізгі аты Ибраһим аталған Шинаси Стамбұлдың Топхане ауданындағы Бұғазкесенде 1824 жылы туған. Әкесі 1828-1829 османлы-орыс соғысында зеңбірекші жүзбасы болған Мехмед аға сол соғыста шәйіт болады. Шинаси шешесі Есма ханымның арқасында өмір бойы әкесінің жоқтығын сезбей өседі. Оның Парижден анасына жазған бір хатында «Барлығы сенің арқаңда болды, мың жыл өмір сүрсем де қарызымды өтей алмаймын. Сенен басқа ешкімім жоқ», - деп ағынан жарылған сөздерінен осыны анық аңғарғандай боламыз.

Танзиматтың алғашқы 1840-1850 жылдары Мұстафа Решат Пашаның Танзимат реформасы арқылы жастарды Еуропа елдеріне білім алуға аттандырып жатқан кезеңі еді. Бұл француз тілін және батыс мәдениетін жаңадан үйреніп жүрген Шинасиге де қатты әсер етеді. Мұсылмандықты қабылдаған француз әскері, кейінгі аты Решат деп аталатын ұстазынан француз тілін үйренеді. Осы ұстазы оның Сұлтан Әбділмәжитке өтініш жазуына түрткі болады. 1849 жылы Еуропаға оқуына рұқсат беріліп, батысқа жіберілген алғашқы студент ретінде жол тартады. Мұстафа Решит Паша да оның қаржы оқуына түсуіне бағыт-бағдар береді. Бірақ, ол Парижде 5 жыл тек қана қаржы оқуымен ғана шектеліп қалмай батыс әдебиеті мен ілім-білімін үйренуге ден қоя бастайды. Анасына жазған бір хатында «... дін, мемлекет, отан, ұлт жолында жаным пида» дегеніндей Парижде барын салып оқып, ілім-білім алып, ой-өрісін кеңейтіп 5 жыл білім нәрімен сусындағаннан кейін Стамбұлға қайта оралады.

Шинаси батыс мәдениеті және идеологиясымен танысқаннан кейін Диван әдебиетіндегі өлең жазу дәстүрінен алшақтай бастайды. «Тахмид», «Мінәжат», «Илахи», «Техлил» сияқты өлеңдерінен Тәңріні мадақтаумен қатар оған жалбарынуды да байқауға болады. Бұл өлеңдері түр және мазмұны жағынан да шығыстық сарындағы Диван дәстүрінен өзгеше, Францияда жақын танып-білген позитивистік тұрғыда жазылған десек те болады. Ақыл-ой мен жаратылыс құндылықтарын алға қойған ақын адами құндылықтарға адами тұрғыдан қарау керектігіне де баса назар аударады. Жалғыз бәйіттен тұратын «Тахмид» өлеңінде:

Değil mi Tanrı’nın ihsanı akl ü kalb ü lisan

(Ақыл, жүрек, тіл Тәңрінің жақсылығы емес пе?!)

Bu lutfu etmelidir fikr ü şükr ü zikr insan, -

(Адам ой-пікірі, шүкіршілігі, зікірімен көмектесуі керек.),-

деуі арқылы Тәңрінің адамзат баласын жаратудағы күшін және оған берген құндылықтарын меңзейді. Ал, «Мінәжат» өлеңінде:



Vahdet-i zatına aklımca şahadet lazım

(Адамдық бірлігіңе менің ақылыммен куәгерлік лазым)

Can u gönlümce münacat ü ibadet lazım, -

(Жаным мен көңіліме мінәжат пен ғибадат лазым) [3, 32], -

бәйіті арқылы сонсыз иман тақырыбы болған Аллаһты да ақыл арқылы сипаттауға тырысады. Өзінің Еуропада білім алуына түрткі болған Решит Пашаны да ақылдылығына байланысты мадақтайды:



Sen gibi akil olan kan dökerek gün mü sürer?.

(Сен сияқты ақылды адам күнін қан төгумен жалғастыра ма?)

«Мінәжат» мазмұны жағынан екіге бөлінеді. Бірінші бәйіттен оныншы бәйітке дейін ақын Тәңрі мен жаратылыс арасындағы байланысты, оныншы бәйіттен жиырмасыншы бәйітке дейін күнәларынан, өкініштерінен, Тәңірінің шексіз кереметінен сөз қозғайды [3, 34-36].

Шинаси «Нефи» назирасында «Хақ жолын іздеу - ақылға міндет», -дей келе Батыс өркениетін ақыл-оймен әділеттілік кезеңін ашушы ретінде бағалап аталған өркениетті жақтайды. Оның өркениетті «жаңа бір дін тәрізді» деп бағалағандығын байқауға болады. Бұл діннің кітабы «Заң» дей келе осы жаңа кезеңде ақыл мен білім үстемдік құрып иелік жасайды, зұлымдық пен құлдық жойылады деп сенеді. Алғаш Еуропаға жол ашылуына мұрындық болған, өркениеттің есігін ашқан Решит Пашаны «Өркениет расулы» деп атаса, Решит Паша кезеңін «Пайғамбар кезеңі», жаратылысқа да «керемет» сияқты діни атаулар береді. Осы аталған сөз тіркестері түрік әдебиетінде жаңашыл көзқараста алғаш қолданған еді.

Bir ıtıknamedir insana senin kanunun

(Сенің заның адамға жолдау тәріздес)

Bildirir haddini sultana senin kanunun

(Сенің заңың сұлтанға әлін білдіреді) [4, 49]

Решит Пашаға арналған осы касидесінде «зұлымдық пен құлдықтың қолында құл едік Решид Пашаның заңы сұлтанға әлін білдіріп бізді азат етті»,- дейді. Ағартушылық идеясының алғашқы өкілі саналатын Шинаси «Еуропаның кереметі оның ақыл-ойы мен заңында», - деп баға береді.

Жалпы алғанда, Шинасидің төрт касидесі бар. Біріншісі, Еуропаға бармай тұрып жазған ескі өлең стиліндегі касидесі. Ал, соңғы 3 касидесі түрі, мазмұны жағынан да алғашқысынан өзгеше, қоспасыз сөйлеуімен, ескі өлеңнің қияли әлемінен арылған формасымен ерекшеленетін касидеде ақылдың ісі, келешек, тағдыр, білім нұры, әділет, үкімет, заң, ақылгөй пікір, ұлт, халық қалаулысы, адамның ақыл-ойы, мәдениет расулы, академия, мемлекет басшысы, мәдениет, бақыт кезеңі, жан, ар-намыс, құлдықтан босау, ар-ұждан соты, философиялық ақыл сияқты жаңа терминдер мен ұғымдар енгізілген. Ол Решид Пашаны мадақтаумен бірге Танзиматтың қоғамға әкелген құндылықтарына да тоқталып, классикалық касиденің құрылымын өзгертуге үлкен үслес қосады. Ең бастысы, Шинаси сол кезеңде жаңа саналатын батыстық ұғымдарды өлеңінде қолданған алғашқы ақын болды. Өлеңдері 1862 жылы басылып шығарылған «Мүнтехабаты Ешарым» (Таңдамалы өлеңдерімнен) деген жинақта жариялаған.

Танзимат әдебиетінің алдыңғы қатарлы қайраткерлерінің бірі Шинасидің батыс әдебиетінің жаңа құндылықтарын танудағы сіңірген еңбегі орасан зор. Түрік әдебиетінің өзгеруіне, жаңа әдеби жанрлардың енуіне оның алғашқы жылдары жазған еңбектері үлкен рөл атқарды. Басқа да Танзиматшылар тәріздес «Өнер - қоғам үшін» көзқарасын жақтаған Шинаси әдебиет арқылы ұлтты көтеруге, қиыншылықтардан шығар жол табуға, жаңа идеялармен сусындаған ұрпақ жетілдіруге тырысты. Қоғамға өз ойын, өз идеясын жеткізу үшін қолынан келгенінше қарапайым тілмен жазуға тырысты. Өлең, аударма, мысал, драматургия, көсемсөз, сын түрлерінде шығармалар жазған Шинаси жазу тілінің қарапайым, жалпы халықтың түсінетін тілінде жазуылуын жақтады.

Шинасидің поэзия мен прозаға енгізген жаңашылдығы тілге үлкен маңыз, үлкен мән беруімен басталды десек те болады. Өлеңдерін түрлі теңеулерден арылтып, қарапайым тілде жазуға тырысты. Танзиматтың поэзия жанрындағы ең мықты өлең жолдарын жазған Шинаси барынша қарапайым жазылған және көптеген жаңа ұғымдар берілген бәйіттерінен жарасымды ішкі үйлесілімдікті байқауға болады. Батыс әдебиетінен Етхем Пертев Пашамен бірге алғашқы өлең аудармаларын жасаған ақын Лафонтен, Ламартини, Жильберт, Фенелоннан аударғандарын 1858 жылы басылып шыққан «Тержүме-и манзуме» (Аударма өлеңдер) атты кішігірім кітабында топтастырады.

Француз классиктерінен, оның ішінде Лафонтеннен көп әсер алған Шинаси «Қасқыр мен қозы» мысалын аударған және өзі де осыған ұқсас «Есек пен түлкі», «Қарақұстың баласы мен қарға», «Ара мен маса» мысалдарын жазып қалдырған. «Есек пен түлкі» мысалын қарапайым, көпшіліктің аузындағы тілмен жазады:



Gelsem olmaz mı huzura a benim arslanım

Ta yakından bakayım hüsnünüze hayranım

Daim olsun beyimin saye-i lütf u keremi

Gül biter bastığı yerlerde mübarek kademi

(Бір ымырағы келсек болмай ма менің арыстаным

Тура жақыныңыздан қарайын жүзіңізге қайранмын

Мырзамның жақсылығы мен жомарттығы шексіз болсын

Гүл бітсін басқан жеріне құтты қадамы)

Ол аударма өлеңдерімен батыс әлемінің идеологиясынан мысалдар беру арқылы, әсіресе, француз өлеңінің танылуына еңбегі сіңді десек те болады. Газет арқылы жаңа проза жанрының пайда болуына үлес қосып, идеологиялық және тәрбиелік мақсаты басым проза жанрын дамытты. Шинаси алға қойған ой-пікірлері, шығармалары арқылы түрік әдебиетінің батыстануы және жаңаруы кезеңіне өз қолтаңбасын қалдырған қайраткер екендігігі шүбәсіз.

Алғашқы түрік журналисі, ақын Шинасидің бірін-бірі көрмей үйленуді сынайтын 1859 жылы жазылған бір перделік «Ақынның үйленуі» пьесасы алғаш рет «Тержүман-ы ахвал» газетінде жарияланады. Осы «Ақынның үйленуі» сол кезеңде жазылған алғашқы пьеса еді. Түрік әдебиеті тарихын зерттеуші ғалым Танпынар «ХІХ ғасыр түрік әдебиеті тарихы» еңбегінде «осы кішігірім пьесадан тіпті қазіргі кездерде де үлкен сабақ алуға болады», - деп атап өтеді [5, 205]. Аталған пьесаның жазылуына Парижде болған жылдарында жиі баратын француз театрындағы Мольердің комедияларының әсерінің үлкен болғандығы аңғарылады. Шинасидің драматургиядағы еңбегі Мольердің шығармаларындай болмаса да ол өз кезеңі үшін құнды саналған, өзіндік орны бар шығарма жазып қалдырды. «Ақынның үйленуі» пьесасы жазылған кезде елде әйелдермен еркектер арасында үлкен теңсіздік бар еді. Әйелдер беттерін тұмшалап жауып, ер адамдардан қашатын-ды. Үйленетін ер адам үйленбей тұрып жұбайын көре алмайтын, жарын анасы немесе көруші әйелдер таңдайтын. Танзимат кезеңінде батыстан келген бостандық идеясымен бірге адамдардың өз тағдырын таңдауға кедергі болатын бұл салтқа қарсы сыни көзқарастар да басталды, «әке, ана және қоғамды» сынайтын көптеген шығармалар жазылды.

Шинасидің «Ақынның үйленуі» соңы жақсылықпен аяқталатын комедия. Басты кейіпкер кедей ақын Мүштак өзі жақсы көретін әрі жас, әрі әдемі Кумрумен үйленіп бір отбасы құрғысы келеді. Бірақ, олардың арасына кірген әйелдер және аудан имамы оған Кумруның орнына үйде отырып қалған кәрі, әрі сұрықсыз апайы Сакинемен некесін қиюға тырысады. Мұны аңғарған Мүштак Сакиненің жүзін де көргісі келмейді. Аудан имамы Ебуллаклака Сакинені Мүштакқа үйленуге көндіруге тырысып қысым жасайды. Осы кезде Мүштактың досы Хикмет көмекке келеді. Ол имамға ақша беріп, досын қиыншылықтан құтқарады.

Шинаси аталған кішігірім пьесасында тек қана басқа біреудің таңдауы арқылы үйленуді сынаумен ғана шектелмейді, сол кезеңнің басты типтері имамды, күзетшіні, көруші әйелдің де мінез-құлқын ашып көрсетуге тырысады. Осы пьесадағы кейіпкерлердің аттары да адамгершіліктерімен мінез-құлықтарына байланысты берілген. Мүштактың аты араб тілінде «сағынған» мағынасына келеді. Яғни, ол атына заты сай бір тип. Барлық тілегі сүйіктісі Кумрумен табысу. Мүштактың досы Хикметтің аты «ақыл, ой, даналық» мағынасына келеді. Ол өзінің ақыл-парасатымен досын қиын жағдайдан құтқарады. Аудан имамына тіпті айтылуы да адамның күлкісін келтіретін Ебулаклака есімі берілген. Лаклака «бос, мағынасыз, пайдасыз сөз», еб «әке» мағынасына келеді. Олай болса, Ебуллаклака «бос сөз сөйлеушінің әкесі» деген мағынаны береді. Сакине араб тілінде «қимылдамайтын, әрекетсіз» деген мағынаға келеді. Пьесада ескі үйлену салтымен бірге имамның рөлі, ақша көргендегі адамдардың жолдан таюы да сынға алынған. 1870 жылдан кейін көптеген жазушылар «Ақынның үйленінің» әсерімен отбасылық тақырыптағы комедиялар жаза бастайды.

Шинаси мінез-құлқы, идеялары, іс-әрекеттері, жағынан батыстық деуге лайық қайраткерлерден бірі. Ол Агах әпендімен бірге «Тержүман-ы Ахвал» (1861), «Тасфир-и Ефкар» (1862) газеттерін жариялап басты деген шығармаларын осы жылдары жазған болатын [6, 44]. Алайда, 1865 жылы «Тасвир-и Евкар» газетін Н.Кемалға қалдырып Парижге жол тартады. 1867 жылы Парижде жиналған «Жас түріктер» ұйымына да қатыспай саясаттан бойын аулақ ұстай бастайды. Осы жылдары уақытын босқа жұмсасамай түрік тілі сөздігін де дайындайды.

1869 жылы қайтадан Стамбұлға оралып саясатты толығымен тастап баспасөз істерімен айналыса бастаған Шинасидің түрік зиялысы ретінде халқына, еліне деген жауапкершілік сезімі өте жоғары еді. Ол өзінің өлеңдері мен жазбаларында шығыстың кері қалуына себеп болған мәселелерді сынауға тырысты. Түрік зиялысы «Азияның қарт ақылы мен Еуропаның жаңа идеяларын» біріктіріп екі мәдениетке, яғни, «батыс пен шығыстың мәдениетіне ие болуы керек» деп түйіндейді.

Шинасидің газеттері басқарушыларға халықтың хал-жағдайын баяндап, өз идеяларын газет арқылы жеткізуді міндеттеді. «Тасвир-и Ефкардың» сыртқы көрінісі, мазмұны да көңіл аударарлықтай болды. Шинасидің газеттегі мақалаларының бір бөлігі ой-пікірге, бір бөлігі әдебиетке, бір бөлігі сыртқы саясатқа арналды.

«Рим мәселесі» мақаласында шіркеу мен мемлекет арасындағы айырмашылыққа тоқтала келе іс-шараларды мемлекеттің атқаруын қалайды. Ой бостандығының жақтаушысы Шинаси христиандықты насихаттайтын кітап пен суреттерге тыйым салуды жақтайды. Танзимат реформасы жарияланғаннан кейін жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен миссионерлік ұйымдардың, христиандық уағыздардың көбейіп кетуіне байланысты өз уәжін білдіреді. Шинаси «Карадаг», «Черкестердің тәуелсіздік мәселесі» көсемсөздерінен Османлы мемлекетінің көршілері мен үлкен елдердегі саяси өзгерістерден жақсы хабардар болғандығы аңғарылады. Османлының өндіріс көрмесінің ашылуына байланысты жазған мақаласында фабрикадан шыққан заттардың арзандығына, ағылшыннан келген ауылшаруашылығы заттарының көп іске жарайтындығына тоқталған Шинаси елдің негізгі дамуының көзі жер екендігіне тоқталады.

Байқап отырсақ, Шинаси идеяларының басым көпшілігі әлеуметтік болуымен қатар біразы философиялық сарында болып келеді. Өзінің идеяларын тарататын ең басты құралды газет деп санайтын Шинаси «Тасвир-и Ефкардың» кіріспесінде «Халық өзін қызықтыратын мәселелер жайындағы ойларын газет арқылы білдіреді. Мемлекет өзі басқарып отырған ел арқылы өмір сүруін жалғастырады және тек қана халықтың игілігіне қызмет жасау арқылы күшейіп, қуат алып отырады», - дейді. Түркияның сол кездегі рухани әлемін, сыртқы саясатын да жақсы білген ол қаншалықты батысқа тәуелді болғанымен ең алдымен ұлттық білім берудің дұрыс жолға қойылуын, халықтың білім алуын қалады. Танзимат кезеңіндегі Шинаси бастаған ұлт зиялыларының ел болашағы туралы саналы күресі, ағартушылық жолда атқарған еңбектері, дамуға, ілгерілеуге деген талпыныс, жаңа үлгідегі көркем әдебиет пен өзге де жаңалықтардың енгізілуі елге айтарлықтай үлкен өзгерістер мен бетбұрыстар әкелгендігі еш шүбәсіз десек те болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет