Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет19/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Тілдік норма – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қоғам мүшелерінің 
тіл қолданысында орныққан тіл дамуының тарихи жəне табиғи 
заңдылықтарының көрінісі, қоғам дамуының нақты бір кезеңінде тіл 
практикасы үшін қоғам қабылдаған жəне мойындаған, əлеуметтік бағалаудан 
өткен фактілердің көрінісі. Тілдік норма – қоғамның нақты бір даму кезеңінде 
тіл құралдарын қолдану жəне іріктеу қағидаларының, тіл құрылымына сəйкес 
келетін, дəстүрлі сипат алған, коммуникативтік актіде пайдаланылатын, 
барынша тұрақты тілдік бірліктер жиынтығы.
Тілдік норма – біршама тұрақты құбылыс, сондай-ақ норманың өзгермелі 
сипаты да бар. Сондықтан да тілдік норма қоғам дамуының əр кезеңіне қарай 
анықталуы 
керек. 
Мəселені 
жаңа 
сөздердің 
табиғатына 
қарай 
верификациялайтын болсақ (верификация – фактілермен нақты істің 
ақиқаттығын таразылау; ғылыми қағидалардың шынайылығын тексеру; 
олардың нақтылығын тəжірибе арқылы айқындау; болжамның шынайылығын 
эмпирикалық тұрғыдан бекіту дегенді білдіретін ұғым), өткен ғасырдың 20-
сыншы жылдарындағы оқу-ағарту əдебиетіндегі жаңа қолданыстардың сол 
кезеңде ғана тілдік норма ретінде қызмет атқарғанын байқаймыз. Қ. Жұбанов 
еңбектерінде тұрпатшыл, сӛз тұрпаты жүйесі, дыбыс құлашының алыстығы, 
дыбыс құлашының жақындығы, теңдес қосар, сӛздес қосар, тіркеулі қосар, 
қосалқы сӛз, оқымдық, тексеріну салындысы сияқты сөздерді кездестіреміз. 
Академик Р. Сыздық ХХ ғасырдың 10-20-сыншы жылдар арасында қазақ 
тілінің сөздік қазынасы жаңа қолданыстармен айтарлықтай толыққанын, бұған 
А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының (Қ. Кемеңгерұлы, М. Дулатов, 
М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов, А. Тынысбаев, К. Жəленов) жазба 
еңбектері үлес қосқандығын атайды; көпшілікке танымал бастауыш, 
баяндауыш, шылау, үстеу дегендерден басқа түбіршік тіл, қышқылтуым, 
сутуым, ұлпа, тӛбе ағасы, қышқыл кӛмір тəріздестердің ұсынылғанын 
көрсетеді. Сонымен қатар терминологияның тарихында ғылыми құндылығын 
жоймаған еңбек – қазақ зиялылары түзіп, 1926 жылы жарыққа шығарған 
əскерлік іс атауларының [30] тізбесінде осы саланың терминқорын толықтыра 
алатын шапқын (атака), шолғын (дозор) кӛздемек (визировать), далағай (плац), 
далаңқай (площадка) сияқты бірқатар сөздер тіркелген.
Тарихи бір кезеңде пайда болған осындай жаңалықтар сол кезеңдегі тілді 
қолданушы жұртшылықтың аялық білімімен, оларға тез арада ұлт тілінің 
мүмкіндіктерімен білім беруге бағытталған іс-шаралармен байланысты болғаны 
белгілі. Көрсетілген лексемалардың бірқатарының қазіргі дейін нормалық 
сипатта болуы Прага лингвистикалық мектебінің өкілдері көрсететініндей, 


29 
диахронды жəне синхронды дамудың арасындағы байланыстың болатындығын 
дəлелдейді, сонымен қатар бұл фактілер сыртқы факторлардың əсерінен 
норманың ауысуы, өзгеруі құбылыстарының да белгілерін таныта алады.
Тілдік норма жəне норма категорияларына қатысты нормалану (кей 
еңбектерден нормаландыру (нормирование) деген атауды да кездестіреміз) 
ұғымы да туындайды. Бірақ Прага мектебінің өкілдері де, орыс тілші-
ғалымдары да нормализация ұғымы нені білдіретініне тоқталмаған. Академик 
Р. Сыздықтың пікірінше, «нормалану – тілдің өзі ұсынған тəртіпті (яғни 
норманы) тілдің өзінің қалыптастыруы» деп анықтаған [29, 7].
Бұл үдеріс сонымен қатар тілдік жоспарлауға жəне тілді корпустық 
жоспарлауға қатысты іс-шаралардың жəне атқарылған / атқарылып келе жатқан 
іс-шаралардың жалпы көрінісін де таныта алады.
Жаңа сөздердің нормалану үдерісі тілдік фактілердің қолданысқа, оның 
ішінде ауызша əдеби тіл мен күнделікті ауызша тіл қолданысына қай кезде, 
қандай дəрежеде түсуіне де байланысты. Бұл ретте «дұрыс / дұрыс емес, 
орынды / орынсыз» ұстанымы бойынша интуициямен қабылдау, сондай-ақ 
сөздіктерге тіркелгендіктен норма деп тану соншалықты дəйекті болып 
шықпайды.
Демек, нормалану – əдеби тілде пайда болған жаңа тілдік құралдың 
(ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті тіл ерекшеліктері, кəсіби лексика 
элементтерінің əдеби тілге қарай өтуі, жаңа сөздердің пайда болуы, сөз 
семантикасындағы өзгерістер, синтаксистік құрылымдағы өзгерістер) жазба 
тілде, ресми-іскери тілде, мақсатты стильдерде мақсатты-стильдік жағынан 
жіктеле отырып, жоғары жиілікпен жұмсалуы нəтижесінде əдеби тілде 
қалыптасуы, осы қалыптасудың лексикографиялық сөздіктерге тіркелуі арқылы 
ресімделуі мен дəлелденуі жүзеге асырылатын үдерістер.
Тілдік əдеби норма жаңа сөздерді екі бағытта реттейді:

диспозитивті норма; бұл арқылы жаңа сөздердің бірнеше 
варианттарының бірі таңдалып, қайсысының мақсатты стильдерге сəйкес 
келетіндігіне қарай коммуникативтік ортаға іріктеп пайдалану үдерістері 
жүреді; 

императивті норма, бұл – қатаң норма түрі; тілдік жүйеге жасалған 
зерттеулер арқылы барынша анықталған, қолданылу жиілігі арқылы норма 
екендігі дəлелденген тілдік бірліктер бекітіледі.
Норма жəне нормалану үдерістеріне байланысты узус ұғымы да аталады. 
Узус – тілді пайдаланушылар мойындап қабылдаған тілдік бірліктер. Бұл 
термин арқылы сонымен қатар əдеби тілдің нормасынан тыс, тілдің лексикалық 
жəне грамматикалық құрылымының табиғи заңдылықтарынан біршама 
ауытқыған, алайда тілді пайдаланушылардың коммуникативтік актісінде 
жоғары жиілікпен қолданылатын, нормативті сөздіктерге енгізілген тілдік 
бірліктер де аталады. 
Норма жəне нормалану үдерістері қалыптану (кодификация) ұғымының 
мазмұнын анықтауды қажет етеді.


30 
Жалпы норма жəне нормалану үдерістерінде екі конструктивті белгі 
ажыратылады; оның бірі – жаңа сөздердің қолданылу деңгейі (бұған əсер ететін 
факторлар туралы жоғарыда баяндалды) жəне жаңа сөздердің қалыптануы 
(кодификациясы). 
Жаңа сөздердің қолданылу деңгейі мəселесін аз-кем толықтыра түссек, 
норма дегеннің өзі ақиқаттылық, яғни тыңдайтын / оқитын адам дұрыс жəне 
орынды (немесе қате) деп бағалаған тілдік бірліктер болып шығады, алайда бұл 
дағды адамдардың зияткерлік қабілетіне, білім дəрежесіне, ой-өріс деңгейіне, 
коммуникативтік ортасына, жас мөлшеріне қарай əр адамда əр басқа болады. 
Сондықтан жаппай қолданысқа түсіп, көпшілікке танымал болып, қоғам 
мүшелерінің басым дені қолдаған жəне мойындаған тілдік бірліктерді заң 
күшіне енгізу, тіркеу қажет болады. Бұл ғылымда «кодификация» термині 
арқылы анықталады.
Кодификация – заң ғылымының термині, ол «құқықтық нақты бір саланың 
құқықтық нормаларының бұрын реттелмеген түрлерін айтарлықтай дəрежеде 
қайта өңдеу, өзгерту жəне жаңғырту арқылы жүзеге асырылатын, үйлесімді 
жəне өзара байланысқа келтіретін жүйелеу тəсілі. Кодификацияланатын актілер 
қатарына заңдар, кодекстер, жарғылар, заңнамалық негіздер, ережелер жəне т.б. 
енеді» деген мағынамен анықталады [31].
Əлемдік лингвистикаға ортақ термин болып табылатын «кодификация» 
сөзі үшін қалыптану / қалыптандыру деген терминдерді қазақ тілтанымында 
академик Р.Сыздық қолданып, ұсынды. Ол былай деп көрсетеді: 
«...кодификация терминін бірде «заңдастыру», тағы бірде «қалыпқа түсіру», 
«қалыптандыру», тіпті одан да ықшамдап «қалыптану» деп жүрміз. ... қалың 
жұртшылыққа түсінікті болу үшін ыңғайына қарай қазақшалап отырудың да 
жөні бар. Қайткенде де қазақша термин ұсыну қажет болса «қалыптандыру» 
сөзі мағына жағынан дəлірек келер еді» [29, 7].
Зерттеуші 
Н. Уəлиевтің 
пайымдауынша, 
«тілдік 
норманы 
кодификациялаудың негізі тілдің қазіргі күйін саралау, норманы тілдің тарихи 
даму заңдылығы тұрғысынан қараумен байланысты [32, 106].
Орыс тіл білімінде К.С. Горбачевич, Л.К. Граудина, В.А. Ицкович, 
Л.П. Катлинская бұл ұғымды «тілдік норманың тіркелу үдерісі, яғни тілдік 
құралдарды пайдаланудың анықталған белгілі бір ережелерін сөздіктер мен 
анықтамаларға енгізу» деген анықтамамен қорытындылайды [33; 34; 35].
В.А. Ицкович былай деп жазады: «кодификация – тілде орныққан 
норманың əлеуметтік тұрғыдан түсіндірілуі, сөйтіп, тиісті оқулықтарда көрініс 
табуы» [35, 13]. 
Əдеби тілдің нормалары, сөз мəдениеті мəселелеріне арналған басқа 
зерттеулерде нақты түсініктемелер ұшыраспайды.
Əлеуметтік лингвистика саласы бойынша «қалыптанған тіл – əдеби тіл, 
стандарт тіл ұғымдарымен бірдей; қағидалары мен нормасы əртүрлі сөздіктерде 
(түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық жəне т.б.), грамматикада, 
анықтамалықтарда, тіл мəдениеті бойынша еңбектерде бекітілген тіл» деген 
түсініктемемен берілген [15, 144]. 


31 
Осы анықтаманың бірнеше маңызды жақтары бар; жаңа сөздердің 
қалыптануына жəне қалыптандырылуына қатысты «бұрын реттелмеген», 
«үйлесімді жəне өзара байланысқа келтіретін жүйелеу тəсілі» деген 
тұжырымдары аса маңызды.
Тіл ғылымы саласындағы қалыптану ұғымын, əрине, ең алдымен, жаңа 
сөздердің сөздіктерге енгізілуі деген анықтамамен шектеу қолайлырақ жəне 
оңтайлы. Бірақ бұл ретте қазіргі əдеби тілдің лексикалық құрамын сөздіктерге 
тіркеуде бірізділік сақталмаған; оның бірнеше себептері байқалады: біріншіден, 
жекелеген салалар бойынша жеке адамдардың авторлығымен түзілген сөздіктер 
бар; жеке тұлға мүмкіндіктерімен, оның зияткерлік қабілетімен, жаңа сөздерді 
енгізуге сан алуан көзқарастарды ескеруіне байланысты жасалғандықтан, 
оларда субъективті факторлар байқалады. Екіншіден, лексикография саласы тіл 
практикасынан біршама кешеңдеу қалатындығы ғылымда дəлелденген, 
сондықтан лексикографиялық еңбектердің ең соңғы басылымдарының өзі жаңа 
атауларды тіркеп, қамтып үлгермейді.
Академик Р. Сыздық қалыптанудың жаңа сөздерді тілдің өзінің 
қалыптастыруы деп түсіндіреді. Шындығында да, қайсыбір тұрмыстық, 
əлеуметтік-мəдени, сондай-ақ оқу-ағарту атауларын тілдің өзі орнықтырып, 
нормаға айналдырады; бұл үдеріс былайша сипатталады: а) жаңа сөз жеке адам 
тарапынан ұсынылуы мүмкін немесе ол мерзімді басылымдарда, масс-медиа 
тілінде алғаш рет пайда болады; ə) бастапқыда тосын көрінгенімен, өзге тілдегі 
вариантымен жарыспалы түрде ауызекі сөйлеу тілінде, ауызша əдеби тілде 
қолданыла бастайды; б) қолданылу жиілігі арта түседі; в) жазба нұсқаларға, 
оның ішінде көркем əдебиет тіліне енгізіледі; г) бірқатар варианттар стильдік 
реңктерге ие болады; д) нормативті сөздіктерде көрініс табады. Бұған 1960 
жылдары белгілі аудармашы І. Жарылғапов ұсынған аялдама, балмұздақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет