Алдашева камар сагингалиевна


 жылдардан бастап қоғам ӛміріне енген



Pdf көрінісі
бет21/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

1991 жылдардан бастап қоғам ӛміріне енген 
жаңа 
ҧғым-тҥсініктердің 
алғашқы 
атаулары және бҧрын шеттілдік баламасы 
қолданылған 
ҧғым-тҥсініктердің 
қазақыландырылған нҧсқалары 
Жаңадан 
пайда 
болған 
ҧғым-тҥсініктердің нормаға 
айнала бастаған нҧсқасы 
тілдескіш / тілдесулік / тілашар 
тілашар 
презентация / тұсаукесер рəсім / тұсаукесер / 
таныстырылым 
таныстырылым 
букет / гүлөрнек / гүлдесте / гүлшоқ 
гүлшоқ 
глобализация / ғаламдану / ғаламдастыру / 
жаһандану 
жаһандану
кептелме / тығын / кептелек / іркіліс / бөгеліс / 
кептеліс 
кептеліс 
«мышка» / жүгіртпе / жүгіртпек 
тінтуір 
қорғаушы / кежеуіл / оққағар 
оққағар (телохранитель) 
белок / нəруыз / ақуыз
ақуыз
нигилизм / көзсоқырлық 
көзқамандық 
рецензия / пікірбағам, пікірсарап / пікірхат / 
пікір 
пікір 
спонсор / демеурін / демеуші
демеуші 
семья / жанұя / əулет / үйелмен / отбасы 
отбасы (семья мағынасында), 
жанұя (стильдік реңкте), əулет 
(династия мағынасында)
профиль / бейін (көппрофильді) 
бейін (көпбейінді)
блокадалау / бұғаттау
бұғаттау (заблокировать) 
Сонымен белгілі бір ұғым атаулары үшін алынған жаңа сөздердің 
нормалану сатылары мыналарды бастан өткереді: а) жарыспа нұсқалардың 
бірінің семантикалық айқындылығы байқала бастайды (мысалы, гүлшоқ); 
ə) жəне оның қолданыс жиілігі артады; б) тілді пайдаланушылар бір ұғымды 
мойындай бастайды (мысалы, жаһандану); в) белгілі бір ұғымның атаулары 
стандартқа айнала бастайды, екіншісі стильдік реңктерге ие болады (отбасы – 
жанұя). Осындай нормалану сатыларынан өткен сөздердің бірқатары 
нормативті сөздікке енгізіледі.
Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстарға арналған арнайы ғылыми зерттеуде 
жаңа сөздердің нормалану үдерістері бір-бірімен өзара байланыстағы үш 
ұстанымға негізделетіні тұжырымдалған; бұл ұстанымдар мыналар:1) өзектілік 


34 
немесе қажеттілік ұстанымы; 2) сəйкестік ұстанымы; 3) эстетикалық ұстаным 
[37].
Зерттеуші былайша түйіндер жасаған: өзектілік / қажеттілік ұстанымы 
сыртқы лингвистикалық факторларға байланысты: қазақ тіліне мемлекеттік 
мəртебе берілген тұста жəне одан сəл алдыңғы кезеңдерде қазақ тілінің 
өміршеңдігін сақтап қалу мүддесінде басталған қарқынды шаралардың 
нəтижесінде, қоғам мүшелерінің белсенді араласуы мен қолдауы нəтижесінде 
идеологемалар – саяси-қоғамдық терминдердің орыс тілінде активті 
қолданылып келген баламалары дереу қазақыландырылды, олар тіл 
қолданысының барлық тармақтарында нормаланды. Бұл қатарда 1990 
жылдардың бас кезінде семантикалық айқын сыйымдылығымен, ұғымдық 
əлеуетімен қолданысқа қайта оралған жəне сөзжасам тəсілдері арқылы жаңадан 
түзілген егеменділік, жарғы, жарлық, ӛркениет, бағдарлама, ақпарат, құжат 
сияқты сөздерді атауға болады. 
Сəйкестік ұстанымы бойынша жаңа сөз өзі атайтын заттың, құбылыстың, 
ұғымның басты сипаттарына семантикалық құрылымы жағынан сəйкес келсе, 
сөзжасам тəсілдеріне жəне стильдік тармақтардың стильдік ерекшеліктеріне 
сəйкес келсе, нормалану дəрежесіне көтеріле алады. Мысалы, отбасы / жанұя / 
әулет сөздері бір ұғым үшін ұсынылған варианттар болғанымен, олардың 
стильдік айырым-мүмкіндіктері бар.
Эстетикалық ұстаным бойынша пайда болған жаңа сөз қабылдаушыда 
жағымсыз ассоциация тудырмауы керек. Бұл ретте автор аларман (покупатель), 
ішірткі (рецепт) типтес сөздердің нормалануына кедергі болатын жайттарды 
нақты көрсетіп, дəлелдеген [37, 10-13].
Жаңа сөздердің нормалану үдерісіне қатысты анықталатын жайттардың 
тағы бірі – жаңа сөздердің коммуникативтік-прагматикалық қызметі немесе 
жаңа сөздердің тіл қолданысына түсуінің деңгейі.
Бұл жайт коммуникативтік орта ұғымымен тығыз байланысты. 
Коммуникативтік орта əлеуметтік лингвистика саласында адамдардың 
аумақтық шоғырлануына қарай тұрақты жəне ұдайы жиілікпен қолданылатын 
тілдік қарым-қатынасты сипаттайтыны белгілі. Бұл аталымды тар мағынасында 
да қарастыруға болады. Қазақстандағы көптілділік жағдайына қарай əртүрлі 
тілдік ұжымда қазақ тілінің қолданылу деңгейі біркелкі емес. Бұл заңанамалық 
құжатта – Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында проблемалық ахуал ретінде аталып өтіледі. Шын мəнінде, 
еңбек қарым-қатынастарына қарай топтастырылатын əртүрлі ұжымдарда, 
əсіресе қоғам өмірінің аса маңызды салалары – білім беруде, ғылымда, 
бұқаралық коммуникацияда, əлеуметтік-саяси салаларда қазақ тілінің 
пайдаланылу дəрежесі мен қарқындылығы тең қалыпта емес.


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет