Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет20/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

қолшатыр, оқырман, кӛрермен сөздерінің қалыптасуы дəлел бола алады. Қазақ 
тілінің орфографиялық сөздігіне енгізілген бейнежазба, гүлорам, гүлдесте, 
ғарыш айлақ, емдәм, жануартану, зайырлы, бағдаршам, баянат, зияткер, 
зейнеткер, ұлан, сарбаз, мәтін, сынып, зейнетақы, оңтайландыру, жан сақтау 
(мед.), әкімшілік, жеделхат, ғаламтор, жаһандану, ӛркениет, салымшы, 
әуежай, мұражай, тосынсый сияқты тілдік бірліктер – қалыптану 
үдерістерінің жүзеге асырылғандығының белгісі.
Қазіргі қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздерді қалыптандыру мəселесі – қазақ 
тілінің функционалдық қызметінің аясын кеңейтуге, қазақ тілінің өміршеңдігін 
сақтап қалуға, тілді жетілдіру мен дамытуға қатысты саяси жəне əлеуметтік-
мəдени мəселе. Бұл проблема қоғам мүшелерінің тікелей араласуымен жүзеге 
асырылуда. Жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануы – қазақ əдеби тілі 
мақсатты стильдерінің дамуы мен саралану динамикасына да əсер етеді.
Диспозитивті жəне императивті норма түрлеріне байланысты жаңа 
сөздердің қалыптануы жəне қалыптандырылуының анықтамасы Қазақстандағы 
қазіргі тілдік жағдаятқа қарай біздің тарапымыздан жаңа мазмұнмен 
толықтырылады. 


32 
Жаңа сөздердің қалыптануы / қалыптандырылуы – үдерістер сатылары 
жəне олардың нəтижелері; ресми талқыға түсу, ұсыныстар беру сатыларынан 
өткізу арқылы оларды тілге енгізу мен пайдаланудың заң түрінде бекітілуі, 
заңдастырылуы; осының негізінде жаңа сөздерді нормативті сөздіктер мен 
анықтамалықтардың, терминдер мен терминдік сөз тіркестерінің тізімінен 
тұратын əртүрлі типтегі лексикографиялық сөздіктерге енгізілуі; тіл 
динамикасына қарай диспозитивті жəне императивті нормалар сипаттарының 
сақталуы.
Тіл құрылысы, тілдік жоспарлау ұғымдарымен тығыз байланыстағы 
кодификациялану түсінігі, сонымен үш бағытты қамтиды: 1) тіл саясаты 
негізінде жаңа сөздерді заңдастыруға арналған заңнамалық құжаттардағы 
нұсқаулар мен міндеттер; 2) заңнамалық құжаттардағы міндеттер мен 
нұсқауларды жүзеге асыру жолындағы іс-шаралар; 3) осы арқылы жаңа 
сөздерді тіл қолданысына, əдеби тіл айналымына енгізуге бағытталған іс-
əрекеттер.
Жаңа сөздердің сатылардан өту үдерістерін төмендегі тілдік фактілер 
нақтылай алады.
– 1970 жылдардан бастап (алдыңғы кезеңдерде де) 1998 жылға дейін адрес 
термині – қазақ əдеби тіліндегі императивті норма;
– Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің 1976 жылғы басылымында адрес;
– 1998 жылы Мемтерминком бекіткен тізбеде екі нұсқада адрес / 
мекенжай (мұнда мекенжай сөзі бөлек жазылған);
– 2004 жылы Мемтерминком тарапынан екі нұсқада – адрес / мекенжай 
(бірге жазылған) түрінде бекітілген; 
– бұл сөзге қатысты пікір айтылған: «Адрес сөзіне балама ретінде 
«мекенжай» деген сөзді алғанымыз мəлім. Алайда бұл сөз қосымша «адресант», 
«адресат» секілді ұғымдарды қамтуына байланысты бұрынғы қалпында 
қалдырғанымыз жөн» [36, 371].
– Соңғы онжылдықта «мекенжай» сөзі жазба нұсқаларда жоғары 
жиілікпен қолданылады. 
Өткен ғасырдың 85-89-жылдар арасында жаңадан пайда болған ұғым үшін 
презентация сөзі қолданылған.
1992 жылғы жазба нұсқаларда – қазақыландыру мүддесі үшін 
этнографиялық мəндегі тұсаукесер рәсім тіркес түрінде алынған; кез келген 
ұғымды беретін сөзді ықшам нысанда, бір лексема таңбасымен беру үшін 2002 
жылғы қолданыстарда алдыңғы тіркес қысқартылып, тек тұсаукесер сөзі 
игерілген; презентация жəне тұсаукесер сөздерінің арасында ядролық-
семантикалық байланыс жоқ, біршамалас перифериялық мазмұн ұштасады, 
сондықтан 2014 жылдан бастап презентация сөзінің ұғымдық аппаратына 
сəйкес келетін таныстырылым сөзі қолданысқа түсті. Бұл сөз алдыңғы 
баламаларды (презентация / тұсау кесер рәсім / тұсаукесер) тіл қолданысынан 
мүлде ығыстырған (Жуырда Елордамыздағы «Қазмедиа орталығының» 
кинозалында «Құнанбай» кинофильмінің таныстырылымы ӛтті (АТ, 2015, 21 
мамыр).


33 
1991 жылдан бергі жазба нұсқалардың лексикографиялық еңбектердің 
материалдарына талдау жасау барысында осы кезеңде пайда болған ұғым-
түсініктердің жаңа атауларының əдеби тілге енуін төмендегі тілдік фактілер 
арқылы дəлелдей түсуге болады (Кесте 1): 
Кесте 1 – Жаңа сөздердің қалыптану vs. нормалану үдерісінің көрінісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет