Алдашева камар сагингалиевна


- сөзжасам жəне семантикалық тəсіл арқылы жасалған жаңа сөздер мен  терминдердің де үлесі жоғары;  -



Pdf көрінісі
бет39/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- сөзжасам жəне семантикалық тəсіл арқылы жасалған жаңа сөздер мен 
терминдердің де үлесі жоғары; 
- сөз біріктіру, сөз қосарлау жəне сөз тіркестіру, сондай-ақ семантикалық 
тəсіл арқылы жасалған терминдер мен жаңа сөздер негізінен семантикалық 
құрылымы жағынан айқын деп есептеуге болады; мысалы, тұсбағар, 
топсеруен, ӛсімдікжай сияқты сөздердің мағынасы түсінікті деп есептеуге 
болады; сонымен қатар аталған салалар бойынша мектеп оқулықтарында 
мағынасы жағынан анықтауды, түсіндіруді қажет ететін сөздер де бар, мысалы, 
домаланғы, үлескі, іріктеме;
- жаңа сөздер мен қазақ тілінің өз ресурстары арқылы жасалған 
терминдердің қолданысында бірізділік жоқ; мысалы, варианттар бар (нәруыз / 
ақуыз; тамшуыр / тамызғы; тәмсақ / қолтырауын; кеппешӛп, кеппеӛсімдік); 
кейбір сөздердің орысша баламалары да қатар қолданылған (клетка – жасуша, 
лупа – ұлғайтқыш әйнек, микорорганизм – микроағза – ұсақағза; организм – 
ағза; витамин – дәрумен, процесс – үдеріс). 
Жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу құралдары 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мəртебесін арттыруда, қазақ тілінің 
коммуникативтік аясын кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Олардағы мəтіндер 
мен тапсырмалардың мазмұны оқушының есінде ұзаққа сақталады. Алынған 


72 
мəлімет білімді бекітумен қатар оқушының ұлттық мəдениеттен туындайтын 
ұғымдарды қабылдауға деген танымдық қабілетін арттырады жəне жүйелейді.
Оқушыға ұсынылатын мектеп оқулықтарының мазмұнындағы жаңа сөздер 
– ұлттық мəдениеттің белгісі. Олар адам когнициясында ұғымдық-образды 
ассоциация жəне рухани құндылық белгілері ретінде концептуалдануы керек. 
Концептуалдану дегеніміз – адамның ойсанасына келіп түсетін барлық 
ақпаратты пайымдап, танып, меңгеріп алатын танымдық қызмет жəне осының 
нəтижесінде концептілер жасалатындығын білдірсе, категорияландыру ұғымы 
адам ойлауының танымдық формалары арқылы когнитивті тəжірибелерді 
жинақтау, қорыту, осы тəжірибені жинақтап пайдалану дегенді айқындайды.
Орта мектепке арналған биология пəні бойынша оқулықта ұсынылған 
көптегенжаңа сөздер мен жаңа терминдердің қатарында гүл сөзі арқылы 
жасалған жаңа аталымдар бар. Қазақ ұғымында гүл – хош иісті өсімдіктің 
жалпы атауы; оның сыртқы нысаны, атқаратын қызметі, эмоцияға 
қатыстылығы, табиғат көрінісімен байланысы нəтижесінде: а) əдемілік, ажар, 
көрік (гүл ӛссе – жердің кӛркі; ӛз ортасының гүлі); ə) тазалық, пəктік (он екіде 
бір гүлі ашылмаған); б) табиғат көрінісінің бір белгісі (гүл жару, гүл жазира, 
гүл шашу, гүл-бәйшешек, гүлге орану, гүл бақшадай жайнаған); в) игілік 
(гүлденген ел) тəрізді бірнеше концептілік жүйе түзіледі. Сондықтан гүл сөзінің 
өз семантикасында айқындық пен нақтылық болғандықтан, биология 
оқулығындағы гүлсағақ, гүлсидам, гүлшоғыр, гүлтостағанша, гүлдесте, 
гүлшоқ, гүлшанақ, гүлшетен, гүлсерік, гүл шірнесі, шырайгүл, бақытгүл, 
нарғызгүл, гүлкекіре, еңлікгүл, секпілгүл, баршынгүл, шатыршагүл сияқты жаңа 
биологиялық терминдер қалыптануға жəне нормалануға барынша бейім 
болады.
Төл тілдің өз ресурстарымен жасалған қазіргі қазақ тіліндегі жаңа 
сөздердің, ғылыми-техникалық терминдердің семантикалық-грамматикалық 
құрылымында когнитивті жəне кумулятивтік функция сақталған. Оның бірнеше 
себебі бар: тəуелсіз мемлекет талабы мен тіл саясатына сəйкес туындаған жаңа 
аталымдардың қай-қайсысы да – қоғамның қазақ тілді мүшелерінің ұлттық 
пайымдауына, ұлттық-мəдени когнициясына негізделіп барып жасалған жаңа 
сөздер, қандай да бір жаңа сөз болсын, оның ішкі құрылымы мен сыртқы 
пішінінде қазақ тілді жеке тұлғаның ұлттық лингвомəдени ортаға қатыстылығы 
көрініп тұрады. Сонымен қатар əсіресе қазақ төл сөздерінің семантикалық 
дамуы, өзгеруі арқылы жасалған жаңа сөздер ұлт мəдениетінің белгілерін 
тасымалдаушы қызметін атқарады (кӛзқаман, кәдесый, жәдігер, сауқат типтес 
сөздердің этимологиясы мен семантикасы ұлттық рухани құндылықтарды 
жеткізе алады).
Қорыта келгенде, орта білім беру жүйесінде жалпы білім беру үшін 
жасалған оқулықтардан (жаратылыстану, физикалық география, биология 
пəндері бойынша) жинақталған тілдік фактілер Қазақстандағы тіл саясатының, 
оның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі коммуникативтік аясын 
кеңейту мақсатындағы іс-шаралардың дұрыс жəне қажетті бағытта жүргізіліп 


73 
отырғандығын көрсетеді. Сонымен қатар мынадай мəселелерге назар аударуға 
тура келеді:
- қазақ тілтанымында неология мен неография мəселелері бойынша жеке 
ғылым саласы ретінде қалыптаса қоймаған, қазақ лингвистикасындағы 
зерттеулерге қарағанда, осы сала басқа ғылыми тармақтардың құрамдас бөлігі 
түрінде ішінара талданады;
- мектеп оқулықтарынан жинақталған тілдік фактілер қазақ тіліндегі жаңа 
сөздер мен жаңа терминдердің əлі де нормалану, кодификациялану сипатында 
екендігін көрсетеді, бұған дəлел ретінде білім беру жүйесінде жұмсалған 
(жұмсалатын) қазақ тілі жаңа терминдерінің, жаңа сөздердің қатарында вариант 
қолданыстардың, олардың кейбірінің орыс тіліндегі баламасы арқылы 
түсіндірілетіндігін, емле жағынан да əртүрлі екендігін атауға болады [116]. 
Қазақ тілі жəне əдебиеті пəндері бойынша білім беруде жаңа сөздердің 
табиғатына, олардың жасалу жолдарына ұдайы мəн беріп отыру актуалды 
болып табылады. Аталған пəндер бойынша күнделікті білім беру 
практикасында жəне олардың лингводидактикалық базаларындағы əдіс-
тəсілдерде жаңа сөздерді оқушының санасына ендіру, оларды күнделікті сөйлеу 
практикасында белсенді қолданудың қоғамдағы тілдік тұлға үшін маңызды 
екендігін мойындату, осылар арқылы ұлттық рухани құндылықтарды түсінетін 
жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет