2.3 Қазақ тіліндегі жаңа сӛздерді меңгертудің педагогикалық
алғышарттары
Жалпы орта білім беру жүйесі – ұрпақтың базалық білім алуының негізгі
көзі, сондықтан аталған салада тілді жүйе ретінде ғана оқытып, тілдік
қатысымның барлық түрлеріне дағдыландырып қана қоймай, сонымен қатар
мектеп оқушысын ұлттық мəдени-тілдік кеңістікте өзін жетілген жеке тұлға
ретінде таныта алатындай дəрежеде қалыптастыру қажеттігі айрықша маңызға
ие болып отыр.
Өмір сүру салтының түбегейлі өзгеуіне ықпал ететін, жоғары
жылдамдықпен дамып жатқан жаңа технологияның жəне жаһанданудың бүгінгі
кезеңінде қоғамның негізгі капиталы – адамның жасампаз əрекетке
қабілеттілігі. Осымен байланысты өзгермелі əлеуметтік жəне экономикалық
жағдайда өмір сүруге дайын бəсекеге қабілетті тұлғаны ғана емес, сондай-ақ
сол өзгерістерге белсенді түрде ықпал ете алатын тұлғаны қалыптастыру
қазақстандық қоғамдағы өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Мұндай
жағдайда креативтілік, белсенділік, əлеуметтік жауапкершілік, дамыған зиятқа
ие болу, жоғары деңгейдегі кəсіби сауаттылық, танымдық əрекеттің тұрақты
уəждемесі басты талап ретінде алға шығарылады.
111
Қоғам дамуының жылдам қарқынымен, постиндустриалды ақпараттық
қоғамға өтумен, халықаралық өзара ықпалдастықтың кеңеюімен, сондай-ақ
халықаралық ынтымақтастық нəтижесінде шешімі табылатын жаһандық
мəселелердің пайда болуы жəне көбейюімен байланысты дамыған елдердегі
білім жүйесінде білім берудің философиясы мен əдіснамасын жаңғырту үрдісі
байқалады. Білім мазмұнын құрудың əдістерінде, білім беру модельдерінің
жетілдірілген үлгілерін əзірлеуде, білім беруді басқарудың тиімді əдістерін
іздестіруде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Сондықтан да қазіргі кездегі
əлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі оқытудың дəстүрлі
стилінен арылып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өз бетінше
ойлауын қамтамасыз ететін білім берудің дамытушы, құрылымдық үлгісіне өту
болып табылады.
Кез келген пəнді оқытудың педагогикалық алғышарттары білім мазмұны,
оның құрылымы жəне оны оқытудың тəсілдері қандай деген үш сұраққа жауап
беретіндей болуы шарт. Жаңа сөздерді меңгертудің педагогикалық
алғышарттары осы мəселелер төңірегінде қарастырылады.
Нобель сыйлығының иегері Теодор Шульц өзінің көптеген еңбектерінде
тұрғындардың сапасы мен білімі адамзат əл-ауқатының болашағын анықтайтын
негізгі көрсеткіш болып табылатындығын дəлелдейді. Оның пайымдауынша,
білімді адамдардың көп болуы ұлттың өмір сүруінің, оның экономикалық жəне
əлеуметтік дамуының басты шарты жəне əскери күшінің қайнар көзі болып
саналады [170]. Сондықтан да білім экономикалық гүлденуге апаратын жол,
ғылыми жəне технологиялық прогрестің кілті, əлеуметтік теңдіктің, саяси
əлеуметтенудің жəне мəдениеттің өмір сүру қабілетінің негізі ретінде
қарастырылады.
Тұлғаны дамыту мен оның базалық мəдениетін қалыптастырудың негізгі
құралы – білім мазмұны. Қазіргі таңда білім мазмұны ұғымы білім, білік,
дағдының, шығармашылық іс-əрекет тəжірибесінің жəне эмоциялық-ерікті
қатынас тəжірибесінің педагогикалық бейімделген жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Бұл жүйені игеру қоғамның материалдық жəне рухани мəдениетін сақтауға
жəне дамытуға даярланған, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды
қамтамасыз етеді. Білім мазмұны «нені үйрету керек? деген сұрақтың нақты
дидактикалық жауабы болып табылады. Бұл сұрақтың жауабы бүгінгі білім
мазмұнының тұлғаға бағдарланған сипатымен байланысты. Білім мазмұнын
тұлғаға бағдарлау тұлғаның білімдік, рухани, мəдени жəне өмірлік
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында білім мазмұнын таңдау еркіндігін
жəне мəдени-білімдік кеңістікте өзін-өзі дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар тұлғаға бағдарланған білім мазмұны «толық» адамды
дамытуға бағытталған, атап айтқанда: оның табиғи ерекшеліктерін
(денсаулығын, ойлау, сезу, əрекет ету мүмкіндіктері); əлеуметтік сапаларын
(азамат болуы, отбасылы болуы, еңбеккер болуы) жəне мəдени субъектілік
қасиеттерін (бостандығы, адамгершілігі, руханилығы, шығармашылығы)
дамытуды көздейді. Бұл ретте білім алушының табиғи, əлеуметтік жəне мəдени
112
сапаларын дамыту жалпыадамзаттық жəне ұлттық құндылыққа ие білім
мазмұнының аясында жүзеге асырылады.
Жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған білім мазмұны жоғарыда аталған
тұлғаға тəн ерекшеліктерді дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Бұл ретте
табиғи ерекшеліктері ретінде жоғары мектеп оқушысының психологиялық
үдерістерге тəн белгілері басшылыққа алынып, олардың танымдық жəне ойлау
мүмкіндіктерін дамытудағы жаңа сөздер туралы білімнің қызметі нақтыланады.
Сонымен қатар əлеуметтік сапалары бойынша жоғары мектеп оқушысының өз
ана тіліне қатысты жауапкершілігін сезіндіру білім мазмұнының бір мақсатын
құрайды. Мəдени субъект ретінде жаңа сөздер туралы білімді меңгере отырып,
оқушы өз ұлтының тілі мен рухы, бостандығы ұғымдарының мəнін
байланыстырады жəне бұған шығармашылықпен қарай бастайды.
Білім мазмұны тарихи сипатқа ие, себебі ол қоғамның белгілі бір даму
сатысындағы білім берудің мақсаты мен міндеттері негізінде анықталады.
Демек білім мазмұны өмірдің талаптарына сəйкес өндіріс пен ғылыми білімнің
даму деңгейінің ықпалынан өзгеріп отырады.
Тілдегі жаңа сөз құбылысы жəне оларды меңгерту, осы мақсаттағы білім
мазмұнының құрылымы дəл қазіргі кезде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,
дамыту сияқты өзекті мəселелермен тығыз байланыста қарастырылуы керек.
Алдыңғы тарауларда айтылғандай, қазіргі қазақстандық тілдік кеңістік қазақ
тілінің өміршеңдігі мен тіл құрылысының ұзақ мерзімді келешегін қамтамасыз
етуде төл тілдің лексикалық қорын жасау міндетін алға қойып отыр. Осымен
байланысты жалпы орта білім беру жүйесінде жаңа сөздерді меңгертуге
бағытталған білім мазмұнының тарихи сипаты мемлекет көлемінде жүргізіліп
отырған тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асырудың өзектілігімен
байланысты.
Қазіргі білім берудің мақсаты жай ғана ақпарат алу емес, заманауи
ақпараттардың шегі жоқ жəне ол əртүрлі, сондықтан да оқушының өмірі үшін
не пайдалы дегенді анықтау өте қиын. Сонымен қатар ақпараттар тез ескіріп
жатады, бүгін жаңа болған дерек ертең жоққа шығарылады немесе жаңа
ғылыми теориялармен толығуы мүмкін. Осы себепті білім мазмұнын жаңғырту,
жетілдіру əрқашан керек іс. Тіл жүйесіне жаңа ұғымдар, атаулар тез енгенімен,
олардың нормалануы мен қалыптану үдерістерінің қарқындылығы біркелкі
емес екендігін ескерсек, жаңа сөздерге қатысты білім мазмұны мұғалім мен
оқушының үнемі ізденісін, зерттеушілік қабілетін талап етеді.
Сурет 8 – Пəн бойынша білім мазмұнын іріктеудің тəсілдері
Ғылыми-
фундаменталды
Əдіснамалық
Концептуалды
Əрекеттік-
прагматикалық
113
Əдістеме ғылымында білім мазмұнын іріктеудің мынадай тəсілдері
аталады: ғылыми-фундаменталды, əдіснамалық, концептуалды жəне əрекеттік-
прагматикалық (Сурет 8).
Ғылыми-фундаменталды тəсіл бойынша оқытудың мазмұны «үлкен»
ғылым логикасы бойынша құрылады. Бұндағы дидактикалық мақсат –
бірыңғай, ғылыми негізделген əлем бейнесін қалыптастыру. Жаңа сөздерді
меңгертуге бағытталған оқу бағдарламасындағы білім мазмұны аталған тəсіл
бойынша неология мен неография салаларымен қатар, жаңа сөздерді зерттеудің
түрлі ғылыми аспектілерін де қамтиды. Жаңа сөздердің нормалануы мен
қалыптануына қатысты əлемдік жəне отандық тіл біліміндегі іргелі зерттеулер
мен ғылыми тұжырымдар білім мазмұнының ғылыми-фундаменталды сипатын
құрайды.
Əдіснамалық тəсіл ғылыми таным əдістерін таныстыруға негізделген.
Жаңа сөздерге қатысты білім мазмұнын іріктеудің бұл тəсілі жаңа тілдік
бірліктерге қатысты материалдарды меңгеру жəне талдаумен байланысты
зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Ақпарат диахрондық
аспектіде ұсынылып, жаңа сөзге байланысты ғылыми мəселелерді шешудің
тəсілдері мен тұжырымдарының тарихи эволюциясына оқушылардың назарын
аудартады. Нормаланған жəне қалыптанған жаңа тілдік бірліктер мен əлі толық
нормаға түсіп қалыптанбаған жаңа сөздер арасындағы байланыс, ықпал етуші
факторлар мен шарттар талдауға ұсынылады.
Концептуалды тəсіл бойынша жаңа сөздерге қатысты білім мазмұнын
қамтитын материалдар топтастырылып беріледі. Бұл білім мазмұнының
құрылымындағы жүйелелік сипатты қамтамасыз етеді. Жаңа сөздерге қатысты
ақпараттар а) олардың философиялық мəні; ə) заңнамалық негіздері; б) ғылыми
негіздері; в) жаңа сөздерді қалыптандыру мен нормаландырудың қайнар
көздері; г) жаңа сөздердің тілдік сипаты сияқты тараулар бойынша
жинақталған.
Əрекеттік-прагматикалық тəсілдің мақсаты – оқушының мəдени-
дүниетанымдық деңгейін қалыптастыра отырып, қолданбалы білім мен білік
жиынтығын ұсынады. Бұл тəсіл көбінесе таңдау пəндерінің білім мазмұнын
құруда кеңінен пайдаланылады. Жаңа сөздермен байланысты білім мазмұнын
құрылымдаудың бұл тəсілі тілдегі жаңа лексикалық бірліктердің тіл
жүйесіндегі орны мен қызметі, оның өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз ететін
маңызды фактор ретіндегі рөлі туралы лингвистикалық дүниетанымды
қалыптастыра отырып, оның қолданбалы сипатын алға шығарады. Жаңа
сөздердің мəнін тереңнен түсінгенде ғана оқушының бұған қатысты білімі
білік-дағдымен ұштасады.
Білім мазмұнының аталған ерекшеліктері мен маңыздылығы жаңа сөздерді
меңгертуге бағытталған оқу жоспарын құруда басшылыққа алынды жəне
педагогикалық аспектідегі жаңа сөздерді меңгертудің өзіндік сипатын көрсетті.
Жаңа сөздерге қатысты білім мазмұнын жоғары деңгейде меңгеру
оқушылардың өз бетінше көп жұмыс істеуін жəне мұғалім тарапынан қарқынды
əдістерді іздеуді талап етеді.
114
Зерттеуде жаңа сөздер мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі, тілді
шығармашылықпен қолдана алатындай, оның рухани-адамгершілік дамуына
əсер ете алатындай дəрежедегі дидактикалық тілдік бірлік ретінде
қарастырылады [171]. Осыған байланысты бірқатар проблемалар бой көтереді.
Соның біріншісі – оқытудың ұстанымдары.
Жалпы орта білім беретін мектеп – əр баланың жан-жақты дамуының
негізін қалайтын, бастапқы кəсіби даярлығын қалыптастыратын, үздіксіз білім
алу қабілетін ашатын жүйе. Осы жүйедегі білім мазмұнының құрылымы ең
алдымен жалпы əдіснамалық ұстанымдар бойынша анықталады. Оқыту
ұстанымдарын білу оқу үдерісін оның заңдылықтарына сəйкес ұйымдастыруға,
мақсатты дұрыс анықтауға жəне оқу материалының мазмұнын айқындауға,
оқытудың мақсатына бара-бар формасы мен əдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар олар мұғалім мен оқушыға оқыту үдерісінің кезеңдерін
сақтауға, өзара əрекет пен ынтымақтастықты жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сурет 9 – Жаңа сөздерді меңгерту үдерісінде басшылыққа алынатын
жалпы əдіснамалық ұстанымдар
Жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа
Достарыңызбен бөлісу: |