Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет56/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

нормаландырудағы рӛлі» немесе «Қазіргі ақпараттық технологиялар: 
жаңа сӛздерді қалыптандырудағы онлайн сӛздіктердің қызметі» сияқты 
тақырыптарды берудегі мақсат – жаңа сөздер мен қоғамдық факторлардың 
байланысын, жаңа сөздердің қалыптану жəне нормалану үдерістерінің табиғи 
сипатын түсіндіру. Сонымен қатар жаңа сөз құбылысын, олардың пайда болу 
көздері мен себептерін түсіндіруде нақты мысалдар қоғамдық өмірдің түрлі 
салаларымен байланыстырылады. Осы бағытта жаңа сөздердің əлеуметтік 
қолданыстық маңызына қарай жіктелуі қарастырылып, «Ғылыми-техникалық 
салалардағы жаңа сӛздер» мен «Қоғамдық-әлеуметтік салалардағы жаңа 
сӛздердің сипаты» деген сабақ тақырыбы ұсынылды. Сондай-ақ жаңа сөздерді 
меңгертудегі білім мазмұнының өмірмен байланысы практикада көрініс 
табады. Практика – танымдық іс-əрекеттің қайнар көзі, таным жəне басқа да іс-
əрекеттердің нəтижесіне тəн ең дұрыс объективті шынайы меже. Бұл əсіресе 
жаңа сөздерді оқушылардың тілдік санасында жəне сөйлеу тілінде 
тұрақтандыруда, жаңа сипатқа ие тілдік бірліктердің нормалануы мен 
қалыптану үдерісінде маңызды, себебі үйренген жаңа сөздердің дұрысын 
саралай отырып, күнделікті қолданыста белсенді пайдалану дегеннің өзі 
практикалық 
іс-əрекетпен 
байланысты. 
Жаңа 
сөздерді 
оқытуда 
пайдаланылатын интербелсенді əдістер де олардың белсенді қолданысын 
қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан жаңа сөздердің нормалануы мен қалыптану 
сипатын меңгерту үдерісінде білім мазмұнының өмірмен байланысы ұстанымы 
үлкен мəнге ие.
Жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған білім мазмұнын ұйымдастыруда 
басшылыққа алынған маңызды ұстаным – пәнаралық байланыс. Пəнаралық 
байланыс қазіргі білім беру үдерісіндегі белсенді үрдіс ретінде қалыптасқан 
интеграциялық талаптарға жауап береді. Көппəндік жағдайда меңгертілетін 
нысан туралы тұтас, жүйелі білімді қалыптастыруға байланысты мəселені 
шешу пəнаралық байланысқа сүйенгенде мүмкін болады. Пəнаралық 
байланысты жүзеге асыру оқушыларға бір құбылысты түрлі көзқарас 
тұрғысынан көруге, ол туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді. Əсіресе 
пəнаралық байланыстардың өзара тоғысуы дүниетанымдық тұрғыдан өтіліп 
отырған нысанның барлық қасиеттерін жəне байланыстарын жан-жақты 
қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа сөздердің əр саладағы сипатын анықтауда 
маңызды болып табылады. Жоғары мектеп оқушы қай ғылым саласы болмасын 
оның терминдік аппараты болатынын түсінеді жəне бұл сипаттың жаңа 
сөздермен өзара тығыз байланысын ашу үшін сол ғылым салалары мен қазақ 
тілін байланыстыра алады. 
Пəнаралық байланыс бірқатар пəндер бойынша оқу материалдарын 
іріктеуге жəне олардың құрылымына ықпал ете отырып, оқушылардың жүйелі 
білім алуын, оқытуды ұйымдастырудың кешенді формасын қолдануды 


117 
бағдарлайды. Айталық жоғары мектеп сатысындағы оқушылар үшін басқа 
пəндер бойынша жаңа аталымдардың сипаты қызығушылық тудырады. Олар 
төменгі сыныптарда пəндер бойынша үйренген жаңа сөздерді есіне түсіре 
отырып, жаңа сөздердің нормалануы мен қалыптануындағы, жалпы əдеби 
тілдегі орнын анықтауға ұмтылады. Пəнаралық байланыс ұстанымы бойынша 
ұсынылған таңдау пəнінің білім мазмұнында интеграциялық талаптың 
орындалуына назар аударылды, сондықтан тапсырмалар мен жаттығулар 
кешенінде ғылыми-техникалық аталымдардың шеңберінде оқушылардың 
өздері өткен немесе өтіп жатқан жаратылыстану бойынша оқулықтардағы жаңа 
қазақша сөздер барынша қамтылды. «Мектеп оқулықтарындағы жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет