Оралдық мия. Бұршақтар тұқымдасы.
Glycyrrhiza uralensis Fish Fabaceal (Jeguminosal)
Сипаттама. Мия туысына жататын, өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінің биіктігі 60 см-ге дейін жететін, бірнеше сабақтан тұратын, көпжылдық өсімдік. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қауырсынға ұқсас. Бұтағының ең ұшында жалғыз жапырағы болады. Жапырақтарының екі жағында да түкті бездері бар. Гүлдері көкшіл түсті, жапырақтарының қуысында шоғырланып тұрады. Жемісі орао сияқты иіліп, бұтақталған қауыз. Жылтыр мияның гүлдері орал мияның гүлдеріне қарағанда қызылдау, майдалау. Шілде тамыз айларында гүлдейді.
Таралуы. Далалы аймақтарда, өзен жағасында, арам шөп ретінде егістік арасында өседі. Көкшетауда, Күңгей, Жоңғар Алатауларында, Алтайда, Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда, Каспий маңында кездеседі. Жалпы Орта Азияда, Қытай, Монголияда, Батыс және Шыгыс Сібірде таралган.
Дайындалауы. Дәрілік мақсатта тамырын (Radicis Jlycyrrkizal) пайдаланады.
Химиялық құрам. Өсімдіктің құрамында калий және кальций тұздарының глициризин қышқылы болып табылатын глициризин (4,9 - 22,2) флавоноидтар оның ішінде ликвиритигенин және оның гликозидтері, халқондар бар.
Бұлардан басқа, шикізаттың құрамында көмірсулар 2,83 - 16,6 %, глюкоза, сахароза, пентоза 11,32-13,21 %, крахмал 15,53-24,52 %, пектиндер 2,92-4 %, органиқалық қышқылдар 1,26-4,6 %, стероидтар, алкалоидтар, азотты қосылыстар 0,1 %, кумариндер, илік заттар 7-9,46 %, флавоноидтар 1,95-4 %, гетероциклді, оттекті қосылыстар, липидтер 2,97-5,5 % кездеседі.
Қолданылуы. Мия тамырының препараттары тыныс алу жолдарының ауруларында, қақырық түсіретін, жұмсартатын дәрі ретінде және асқазан, ішек жолдарының ауруларында қолданады.
Дәрі-дәрмектер. Ликуразид, глицерам, қою және құрғақ экстрактар.
Сақталу мерзімі 10 жыл.
Биік оплонакс, эхинопанакс Аралия тұқымдасы
Eleutherococus senticosus Araliaceal
(Rupr. etMakino) Maxim
Сипаттама. Ополанакс туысына жататын, биіктігі 1 м-ге дейін жететін, жатаған, ұзын тамыршалары бар бұта. Сирек бұтақталған не бұтақталмаран көтеріңкі бұтақшалары бар. Жас бұтақтардың өркендері жиі орналасқан, тез сынғыш, ине тәрізді, тікенекшелермен жабылған. Екі жатаған бұтақтарында тікенектері болмайды. Жапырақ тәқтасының диаметрі 15-35 см, 5-7 салалы болады. Түйнектері ірі, ара тісті болып келеді. Жапырақ сағақтарының ұзындығы 6-15 см, тығыз орналасқан, түкшелермен қапталған. Гүлдері реңсіз, ұсақ, майда шатыршаларға шоғырланған. Олар түкті селдір шашаққа шоғырын кұрайды. Жемісі етженді сарғылт-қызыл сұйекті жидек. Маусым-шілдеде гүлдейді, тамыз-қыркүйек айларында жеміс береді.
Таралуы. Киыр Шығыс аймақтарының Приморскта улы ормаңдарыңың жоғарғы еңдіктерінде таралған.
Дайындалуы. Дәрілік мақсат үшін тамырын /Rhizoma Eleutherococci/ жемісі піскен кезде, қырқүйек- қазан айларында жинап алады. Тамыры мен тамырсабағын қазып алып, ұзындығы 35 см-дей етіп кесіп бөлшектейді. Жұқалап жайып жақсы желдетілген бөлмелерде немесе шатырда кептіреді.
Сыртқы белгілер. Тамыр сабағының ұзындығы 35 см-дей, ағаш сияқты, қалыңдығы 2 см, цилиндр тәрізді. Сыртынан қарағанда әжімделген, сұрғылт түсті, ішкі жағы әжімделген қызыл дақтары бар. Тамырлары аздаған қалындығы 1 мм, цилиндр тәріздес. Иісі өзіне тән, дәмі ащылау, аздап күйдіргіш болып келеді.
Химиялық құрам. Жапырағында, сабағы мен тамырында 2,7 - 5% эфир майы, оның ішінде спирттер, альдегидтер 10 %, фенолдар 3 %, еркін қышқылдар 4 % кездеседі. Үштерпенді сапониндер, эхинопаксозидтер, флавоноидтар, гликозидтер, кумариндер бар.
Қолданылуы. Бұл өсімдіктің тамыры мен тамырсабағынан жасалған дәрілер қан қысымын төмендететін, денег қуат беретің қасиеттері толық анықталған. Әсіресе, ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету кабілетің едәуір арттыратыны белгілі. Биік оплопанкстың дәрілік қасиеттері гинсенг тамырының емдік қасиетіне өте жақын болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |