Түркі халық жазба мәдениеті: V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ. Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы. Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны — 85 шамалы. Олардың ішінде кіші гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады.. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді. Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі — 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.ьОрхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» — дей [2] ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз. Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді. Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін — өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк — әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған..
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |