АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Субъектінің меншік иесі ретінде емес әрекет етуші құрал иесімен жасалған операциялар (15 және 17-параграфтар)



бет13/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95

Субъектінің меншік иесі ретінде емес әрекет етуші құрал иесімен жасалған операциялар (15 және 17-параграфтар)

AG35. Мерзімінен бұрын өшіруге немесе тек таратылуы барысында субъектінің таза активінің шамалас үлесін басқа тарапқа жеткізу бойынша субъектіге міндеттеме жүктейтін қаржылық құралдың иесі субъект меншік иесі ретінде болмай, әрекет ете отырып келісім жасай алады. Мысалы, құрал иесі субъектінің жұмыскері де бола алады. Бағалау барысында құралдың 15-параграфқа, немесе 17-параграфқа сай үлестік болып табылуынан тек ақша қаражаттарының қозғалысы мен субъектінің иесі ретінде әрекет еткен құрал иесіне қатысты келісімшарттық шарттары ғана қарастырылуы керек.

AG36. Серіктестердің шектелген, немесе шектелмеген жауапкершілігі бар шектелген жауапкершілікпен серіктестік мысалы болып табылады. Шектелмеген жауапкершілікпен кейбір серіктестер субъектіге кепілдік бере алады және мұндай кепілдік үшін сыйақы ала алады. Мұндай жағдайларда кепілдік және сай келетін ақша қаражаттарының қозғалысы субъектінің меншік иесі ретінде емес, кепіл ретінде әрекет еткен құралдар иесіне жатады. Осыған орай, мұндай кепілдік пен сай келетін ақша қаражатының жиынтығы шектеусіз жауапкершілікпен серіктестерді шектелмеген жауапкершілікпен серіктестерге қатынасы бойынша кемелдендірілгендер сияқты қарастыруға әкелмейді және шектеусіз жауапкершілікпен серіктестік құралдарының келісімшарт шарттарының ұқсастығы ескерілмейді.

AG37. Басқа мысал пайда мен шығын құрал иелері арасында таратылатын шартпен ағымдағы және алдағы жылдар ішінде көрсетілген қызмет, немесе жүзеге асырылған қызметтерден шығатын пайдалар мен шығындарда қатысуға келісім болады. Мұндай келісімдер құралдар иелерімен жеке меншік иесі рөлінде емес операция болып табылады және 15 немесе 17-параграфтарда берілген белгілерді бағалауда қарастырылмауы керек. Дегенмен, пайдалар мен шығындар құрал иелерінің арасында осы сыныптың басқа құралдарымен салыстырғанда, нақты бағасымен таратылатын пайдалар, немесе шығындарға қатысуға келісім құрал иелерімен меншік иесі рөлінде әрекет ететін операцияларды көрсетеді және 15 немесе 17-параграфтарда берілген белгілерді бағалау барысында қарастырылады.

AG38. Құрал иелері арасында (меншік иесі болмауының рөліндегі) ақша қаражаттарының қозғалысы мен келісімшарт мәмілелері және келісім ережелері және субъект-эмитентпен де осындай құқсас келісім бойынша тараптар арасында құрал иесі болып табылмайды және субъект- эмитентпен жасалуы керек.
Құрал иесі үшін тіркелген кіріс қалдығын шын мәнінде шектейтін және бекітетін ақша қаражаттарының жалпы қозғалысымен басқа қаржылық құралдың, немесе келісім шарттың болмауы (16 және18-параграфтар)

AG39. Мұндай кері жағдайда 15 немесе 17-параграфтарда көрсетілген белгілерге сай болатын, субъектіде басқа құрал немесе жалпы ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы пайдалар, немесе шығындарға, мойындалған таза активтегі өзгеріске, немесе субъектінің таза активінің мойындалған, немесе мойындалмаған әділ бағасының өзгерісіне тәуелді болатын шеңберде және пайда қалдығына оны шектеу және тіркелген мәнмен бекітетін жолымен әсер ететін келісім шарт болмайтын дәйек қаржылық құралды үлес құралы ретінде сыныптастырудың шарты болып табылады:



  1. Ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы, негізінен, субъектінің ерекшеленген активіне тәуелді болатын шеңбердегі құралдар;




  1. Ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы, негізінен, пайданың пайыздық мазмұнына тәуелді болатын шеңбердегі құралдар;




  1. Субъектілерге көрсетілген қызметтері үшін жеке жұмысшыларға сыйақы беру мақсатымен жасалған келісімшарттар;




  1. Көрсетілген қызметтер, немесе тауарлар үшін пайдадан аз мөлшердегі пайыздарды төлеуді талап ететін келісімшарттар.


Туынды қаржылық құралдар

AG40. Қаржылық құралдар өзіне бастапқы құралдарды (мысалы, дебиторлардың есеп шоттары, кредиторлардың есеп шоттары және үлестік құралдар) енгізеді және туынды қаржылық құралдар (мысалы, опциондар, фьючерс пен форвард келісім шарттары, пайыздық свопы мен валюталық своптар). Туынды қаржылық құралдар қаржылық құралдар анықтамасына сай келеді және соған орай, осы Стандарттың қолдану аясына кіреді.

AG41. Туынды қаржылық құралдар құрал бойынша бір немесе бірнеше қаржылық тәуекелдерді тараптар арасында өтуге әкелетін бастапқы қаржылық құралға лайықты, олардың негізінде жатқан құқықтар мен міндеттер тудырады. Келісімшарт жасау барысында туынды қаржылық құрал бір тарапқа келесі тараппен қаржылық активтермен және қаржылық міндеттемелермен әлеуеттік тиімді шарттарда айырбас жасауға немесе келісім шарт міндеттемелерін келесі тараппен қаржылық активтермен және қаржылық міндеттемелермен әлеуеттік тиімді емес шарттарда айырбас жасау міндетін жүктейтін құқық келісімін ұсынады. Дегенмен де, олар, негізінен, келісімшарттың1 әрекетінің басында негізінде жатқан бастапқы құралға өтуге әкелмейді, сол сияқты, келісім шарт әрекеті мерзімі ішінде мұндай өтулерге әкелмейді. Кейбір құралдар айырбасты жүзеге асыру бойынша құқық сияқты міндеттерді де өзінде мазмұндайды. Осыған байланысты айырбас шарты қаржылық нарықта бағалар өзгерісі мөлшері бойынша келісімшарт жасау барысында анықталады, бұл шарттар, не тиімді болады, не тиімсіз болады.

AG42. Сатушы, немесе сатып алушының қаржылық активке, немесе қаржылық міндеттемеге айырбастаған опционы (яғни, субъектінің жеке үлес құралы болып табылмайтын қаржылық құралдарды) оның иесіне келісім шарттың негізінде жатқан қаржылық құралдың әділ бағасының өзгеруімен байланысты әлеуетті келешек экономикалық тиімділік алуға құқық береді. Және, керісінше, оның негізінде жатқан опционды сатушы өзіне қаржылық құралдың әділ бағасының өзгерісімен орайластырылған келешектегі әлеуеттік экономикалық тиімділіктен бас тартуға міндеттеме алады. Иесінің келісімшарттық құқығы мен сатушының келісімшарттық міндеттері қаржылық актив пен қаржылық міндеттеме анықтамаларына сай келеді. Опциондық келісімшартының негізінде жатқан қаржылық құрал басқа субъектілердегі акцияларды қосқанда кез келген пайыз есептелетін қаржылық актив бола алады. Опцион сатушыға қаржылық актив беру орынына негізінде жатқан опцион орындалғанда субъектінің қаржылық активі болатын үлес құралын шығаруға талап мазмұндай алады. Опцион иесінің қаржылық активті әлеуетті тиімді шартта айырбастау құқығы мен опционды сатушының қаржылық активтерді әлеуетті тиімді шартта айырбастау міндеттері негізінде жатқан опционды орындау барысында айырбасқа жататын қаржылық активтен ажыратылады. Иесінің құқығы мен міндеттерінің сипаты опционның орындалу мүмкіндігіне тәуелді.

AG43. Туынды қаржылық құралдың басқа, мысалы, 6 айдан кейін өшірілуімен форвард келісімі болып табылады, мұның барысында бір тарап (сатып алушы) тіркелген пайыздық мөлшерлемемен нақты бағасы CU1,000,000 мөлшерінде болатын үкіметтік қарыздық міндеттемеге айырбасқа CU1,000,000 мөлшерде ақша қаражатын қоюға уәде береді, ал келесі тарап (сатушы) тіркелген пайыздық мөлшерлемемен нақты бағасы CU1,000,000 мөлшерінде болатын үкіметтік қарыздық міндеттемені CU1,000,000 мөлшерінде болатын ақша қаражатына айырбасқа қоюға уәде береді. Алты ай ішінде екі тараптың да қаржылық құрал бойынша келісімшарттық құқық пен келісімшарттық міндеттемелері болады. Егер үкіметтік қарыздық міндеттемелер бағасы CU1,000,000, мөлшерінен көтерілсе, онда мұндай шарттар сатып алушы үшін де, сатушы үшін де тиімсіз болады. Егер нарық бағасы CU1,000,000 мөлшерінен төмендесе нәтижесі, керісінше, болады. Сатып алушының сатушының қолында бар опционы мен келісімшарттық міндеттері (қаржылық міндеттеме) бойынша құқығына ұқсас келісімшарттық құқығы бар (қаржылық актив); сатушының келісім шарттық құқығы (қаржылық актив) сатып алушының шығарған опционы (қаржылық міндеттеме) бойынша құқығына ұқсас құқығы бар. Келісім шарттық құқық пен міндеттемелерді, жеке және қаржылық құралдардан үздік, олардың негізінде жатқан (айырбасқа жататын облигациялар мен ақша қаражаттары) көрсетілген опциондарға ұқсас қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер құрайды. Форвард келісімі бойынша, екі тараптың да белгілі бір уақытта белгілі бір әрекет шығару міндеттемелері бар, опцион иесі опционды өткізуді шешкен жағдайда опцион бойынша келісімді орындау сияқты жүзеге асады.

AG44. Туынды құралдардың көптеген басқа типтері өздеріне келешектегі пайыздық және валюталық своптарды, көп, коллар мен флор келісімдерін, ақшалай жәрдем қаражаттарын беру, вексель мен аккредитивтер шығару бағдарламаларын айырбастауды жүзеге асыру бойынша құқық пен міндеттемелерді енгізеді. Пайыздық своп келісімшарты форвард келісімінің бір нұсқасы сияқты қарастырылады, оның барысында тараптар ақша жиынтықтарымен келешекте айырбас тізбегін жүзеге асыруға келіседі, онда бір жиынтық жүзуші пайыздық мөлшерлеме негізінде аударылады, ал қалған жиынтық тіркелген пайыздық мөлшерлеме негізінде аударылады Фьючерстік келісімдер форвард келісімінің, негізінен, басқа нұсқасы болып табылады, мұндай келісімшарттар стандартталғандығымен және биржада саудаланатындығымен ажыратылады.

Қаржылық емес бөлімдерді сатып алуға және сатуға келісімшарттар (4–6-параграфтар)

AG45. Қаражаттық емес бөлімдерді сатып алуға, немесе сатуға бір тараптың қаржылық емес активі, немесе қызметті алуға келісімшарттық құқығы және екінші тараптың сай келетін міндеттері қолданыста бар екіден бірінің қаражаттық активті алуға, жеткізуге, немесе айырбастауға құқықтары мен міндеттемелерін бекітпейтіндіктен, қаржылық құралдың анықтамасына сай. Мысалы, есептеуді тек қана қаржылық емес бөлімдерді алу, немесе жеткізу жолымен қарастыратын келісімшарттар (мысалы, опциондық, мұнайды жеткізуге, немесе сатып алуға фьючерстік, немесе форвардтық келісімшарттар) қаржылық құралдар болып табылмайды. Көптеген тауарлық келісімшарттар осындай типке жатады. Кейбір осындай келісімшарттар қалпы бойынша стандартталған және ұйымдастырылған нарықта, кейбір туынды қаржылық құралдар сияқты шамамен осындай жолмен саудаланады. Мысалы, фьючерстік тауарлы келісім шарт биржаның листингіне енгізілгендіктен, еркін сатып алынады және ақша қаражаттарына сатыла алады және қолдан- қолға бірнеше рет ауыса алады. Дегенмен де, келісімшартты сатып алушы тарап та, сатушы тарап та іс жүзінде осындай келісімшарттың негізінде жатқан тауарды саудалайды. Ақша қаражаттарына тауарлы келісімшарттарды сату немесе сатып алу қабілеті алынуы немесе сатылуы мүмкіндігімен жеңілдік және тауарды алуға немесе жеткізуге міндеттеме бойынша қолма қол есептесуге келісімдер жүргізу мүмкіндігі келісімшарттың берік сипатын қаржылық құрал болатындай деңгейде өзгертпейді Дегенмен, нетто-есеп немесе қаржылық құралдармен айырбас жолымен есептесу, немесе ақша қаражаттарына еркін ауыстырыла алатын қаржылық емес бөлімдер бойынша қаржылық емес бөлімдерді сатып алуға, немесе сатуға келісімшарттар қандай да қаржылық құрал болып табылмасын осы Стандарттың қолдану аясына кіреді (4-параграфты қараңыз).

AG46. Материалдық активтерді алу, немесе жеткізуді қарастыратын келісім- шарт сәйкес төлем материалдық активті беру мерзімінен кейінгі уақытқа шегерілген жағдайдан басқа бір тараптан қаржылық активтің, екінші тараптан қаржылық міндеттеменің болуына әкелмейді. Төлемі шегерілген мерзіммен тауарды алу, немесе сату осындай жағдайлардың бірі.

AG47. Кейбір келісімшарттар тауарларға жақын, бірақ тауарды жеке алу, немесе жеткізу арқылы өшіру қарастырылмайды. Оларда тіркелген жиынтықты төлеу жолымен емес, келісімшартта көрсетілген формулаға сай есептелген жиынтықпен қолма-қол есептесу арқылы өшіру қарастырылады Мысалы, қарыздық міндеттеменің негізгі жиынтығы мұнайға нарық бағасын қолдану жолымен мұнайдың тіркелген мөлшеріне пайдалануға жарамды мұндай қарыздық міндеттеменің әрекет ету мерзімінің шығу уақытына есептелуі мүмкін. Негізгі жиынтық тауар бағасы қатынасында көрсеткіштеледі, бірақ тек ақша қаражаттарымен өшіріледі. Мұндай келісімшарт өзімен қаржылық құралды көрсетеді.

AG48. Қаржылық құрал анықтамасына сол сияқты қаржылық актив пен қаржылық міндеттемеге толықтыруға қаржылық емес актив пен қаржылық емес міндеттеме тудыратын келісім шарттар да түседі. Мұндай қаржылық құралдар көбіне бір тарапқа қаржылық активті қаржылық емес активке айырбасқа опцион ұсынады. Мысалы, мұнай бағасына жақын қарыздық міндеттеме оның иесіне әрекет ету мерзімінің шығу уақытына тіркелген жүйелі түрде пайыздық төлемдерінің және тіркелген ақша қаражаттарының жиынтығының ағындарын алуға қарыздық міндеттеменің негізгі жиынтығын тіркелген мұнай мөлшеріне айырбасқа опционмен құқық ұсына алады. Бұл опционды орындаудың мақсатқа сәйкестілігі уақыттан-уақытқа мұнайдың әділ бағасының ақша қаражатын мұнайдың нарық бағасына қатынасына тәуелді өзгеріп отырады Қарыздық міндеттеме иесінің опционды өткізу қатынасында ниетінің болуы оған кіретін активтердің мазмұнына әсер етпейді. Иесінің қаржылық активі мен эмитенттің қаржылық міндеттемесі осыдан туындайтын қарыздық міндеттемені активтер мен міндеттемелердің басқа типтерінен тәуелділіктен тыс қаржылық құрал етеді.

Ақпарат ұсыну

Міндеттемелер мен таза активтер/капитал (13—32-параграфтар)

Ақша қаражаттарын, немесе басқа қаржылық активтерді беру келісім шартының болмауы (21-24-параграфтар)

AG49. Орайластырылған акциялар әр түрлі құқықпен шығарыла алады. Орайластырылған акцияның қаржылық міндеттеме, немесе үлес құралы екендігін анықтау барысында эмитент онда қаржылық міндеттеменің нақты белгілерінің қаншалықты бар екенін білу үшін, акцияға тіркелген белгілі бір құқықтарды бағалайды. Мысалы, белгілі мерзімге кері өшіруді алдын ала қарастырған орайластырылған акция иесінің таңдауы бойынша эмитентте акция иесісің пайдасына қаржылық активтерді беру бойынша міндеттеме бар болғандықтан қаржылық міндеттемені мазмұндайды. Эмитенттің әлеуеттік қабілетсіздігі орайластырылған акцияларды келісімшартта көрсетілген мерзімде қаражаттың болмауы себебінен, заң бойынша шектеулерден, пайда мен қордың жеткіліксіздігінен өшіру бұл міндеттемені болдырмай қоймайды. Эмитенттің ақша қаражаттарымен өшіру опционы оның субъект акционерлерінің пайдасына қаржылық активтерді беру бойынша ағымдағы міндеттемесі болмағандықтан, қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай келмейді. Осы жағдайда акцияны өшіру тек қана эмитенттің білгенінше, жүзеге асырылады. Дегенмен, акцияның эмитенті өзінің опционын орындайды, ережеге сай, субъектінің акцияны өшіру ниеті туралы акционерлерінің немқұрайлы хабарлауы жолымен міндеттеме туындауы мүмкін.

AG50. Орайластырылған акция өшірілмеген болып табылса, онда сай келетін сыныптастыру оларға тіркелген басқа құқықтар негізінде анықталуы керек. Сыныптастыру келісімшарттық келісімдердің мазмұны және қаржылық міндеттеме анықтамасына және үлестік құрал бағасына негізделген. Орайластырылған акция иелерінің пайдасына кумулятивті, немесе кумулятивті емес төлем эмитенттің білуінше, жүзеге асырылады, онда мұндай акциялар үлес құралдары болып саналады. Келесі жағдайлар орайластырылған акциялардың сыныптастыруына үлес құралы немесе қаржылық міндеттеме ретінде әсерін тигізбейді. Мысалы,


  1. Өткенді таратуды жүргізу тарихы;




  1. Келешекте таратуды жүзеге асыру ниетінің барлығы;




  1. Егер тарату жүзеге асырылмаса, эмитенттің жай акцияларының бағасына жайсыз әсер ету, (жай акциялар бойынша үлесақыларды төлеу шектеулерге байланысты, орайластырылған акциялар бойынша үлесақыларды төлемеу жағдайлары);




  1. Эмитенттің күрделі қорының мөлшері;




  1. Кезең ішінде пайдалар, немесе шығындар қатынасында эмитентті күту;




  1. Кезең ішіндегі өзінің пайдасы мен шығындарының мөлшеріне эмитенттің әсер етуге қабілеттілігі мен қабілетсіздігі.


Субъектінің жеке үлестік құралдарымен есептесуі (25-29-параграфтар)

AG51. AG25 параграфында көрсетілгендей, қоғамдық сектордың субъектісі үшін акциялар мен бірыңғайланған капиталдың басқа түрлерінен құралған үлестік құралдарды шығару жай тәжірибе болып табылмайды және мұндай құралдар қолда барда оларды пайдалану мен игеру заң бойынша шектелген. Осының нәтижесінде қоғамдық сектор субъектісінің капитал құрылымы жеке сектор субъектісінің капитал құралымынан айырмасы болады және қоғамдық сектор субъектісі жұмыс істейтін заң шығару ортасының әсерінен субъектінің өзінің ұлес құралындағы өшірілген келісімдері қоғамдық секторда жеке сектордағы жүретіндей жиілікпен жүрмейді. Дегенмен де, мұндай келісімдер орын алғанда, әр түрлі типтегі субъектінің жеке үлес құралы бойынша келісімшарттарды қалай сыныптастыру керек екендігіне келесі мысалдар үлгі бола алады:



  1. Субъектінің тіркелген жеке акцияларының мөлшерін алу, немесе жеткізу жолымен, келешек қарсы орынын толтырусыз, немесе субъектінің тіркелген жеке акцияларының мөлшерін тіркелген ақша қаражаттарына, немесе басқа қаржылық активке айырбастау жолымен өшірілген келісімшарттар үлес құралдары болып саналады (27-параграфта көрсетілген жағдайлардан басқасы). Осыған сай, мұндай келісімшарт бойынша алынған немесе төленген кез келген орынын толтыру таза актив/капиталдан тікелей қосылады немесе шығарылып тасталады. Келесі тарапқа субъект акциясының тіркелген мөлшерін тіркелген ақша қаражаттарына сатып алуға құқық беретін акцияға шығарылған опцион мысалдың бірі бола алады. Дегенмен де, егер келісімшарт субъектінің тіркелген мерзімде жеке акциясын ақша қаражаттарына, немесе басқа қаржылық активке сатып алуын талап етсе, немесе талап бойынша, онда субъект солайша ағымдағы өшіру құны мөлшерінде қаржылық міндеттемені мойындауы керек (15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген барлық белгілері бар және шарттарға сай құралдардан басқа). Форвард келісімі бойынша субъектінің жеке акциясының тіркелген мөлшерін тіркелген ақша қаражаттарына кері сатып алуға субъектінің міндеттемесі мысалдардың біреуі болып қызмет ете алады.




  1. Субъектінің өзінің акцияларын ақша қаражаттарына сатып алу міндеттемесі өшіру жиынтығының ағымдағы құны мөлшерінде егер субъект кері сатып алуға міндетті акция мөлшері тіркелмеген болса да, немесе міндеттеме келесі тараппен өшіруге құқықты орындау қатынасында шартты болғанда да, қаржылық міндеттеменің түзілуіне әкеледі. (15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген жағдайлардан басқа). Шартты міндеттеменің бір мысалы шығарылған субъектіден егер келесі тарап опционды орындаса, өзінің акциясын ақша қаражаттарына сатып алуды жүзеге асыруды талап ететін опцион болып табылады.



  1. Ақша қаржаттарымен, немесе басқа қаражат активінде өшірілген келісімшарт алынатын, немесе жеткізілетін ақша қаражаттарының, немесе басқа қаражат активінің жиынтығы субъектінің жеке үлестік құралдарының нарық бағасындағы өзгерістерге тәуелді болса да, қаражат активі, немесе қаржылық міндеттеме болып табылады (15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген жағдайлардан басқа). Нетто-есеп ақша қаражаттарымен жүргізілетін акцияға опцион мысалдардың бірі болып табылады.

Субъектінің жеке акцияларының тіркелмеген мөлшерімен келісімшарт құны тіркелген жиынтыққа, немесе негізінде жатқан ауыспалы өзгерістерге негізделген жиынтыққа тең құнмен өшірілетін келісімшарт қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Орындалуы барысында субъектінің жеке құралдарында нетто-есеп опциондық келісімшарт құнына тең субъектімен осындай құралдардың сондай мөлшерін жеткізу жолымен жүргізілетін мұнай сатып алуға шығарылған опцион мысалдардың бірі болып табылады. Мұндай негізінде жатқан, ауыспалы баға мұнайға емес, субъектінің жеке акциясына құн болса да келісімшарт қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Себебі, ол бойынша есептесу субъектінің жеке акциясының тіркелген мөлшерімен жүргізілетін, бірақ бұл акциямен куәлендірілген, яғни, өшіру құны тіркелген жиынтыққа немесе негізінде жатқан өзгермелі өзгерістерге негізделген жиынтыққа тең болып, өзгеретін келісімшарт осылайша, қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады.

Шартты өшіру бойынша бағалау қорлары (30-параграф)

AG52. 30-параграфтың ережелері талап етеді, егер ережелердің бөлігі бойынша ақша қаражаттарымен немесе басқа қаражат активтерімен өшірілу қажет етілетін жағдайда (немесе өшіру қаржылық міндеттеме үшін лайықты басқа жолмен), алдамшы болып табылады, мұндай ереже қаржылық құралдың сыныптастыруына әсер етпейді. Осылайша, ақша қаражаттарымен, немесе субъектінің жеке акциясының тіркелмеген мөлшерімен өшіруді талап ететін келісімшарт тек ерекше жиі және әдеттен тыс туындау мүмкіндігі аз оқиға туындағанда үлес құралы болып табылады. Осыған ұқсас, субъектінің жеке акциясының тіркелген мөлшерінде өшіру келісімшарт шарттары бойынша субъектінің бақылау шегінен тыс тиым салынған болуы мүмкін. Дегенмен, егер мұндай жағдайлардың туындауының шын мүмкіндігі болмаса, онда мұндай келісімшартты үлес құралы сияқты сыныптастыру орынды болып табылады.



Шоғырландырылған қаржылық есептілікті бейнелеу

AG53. Шоғырландырылған қаржылық есепте субъект акциялардың бақылаусыз пакеттері туралы ақпараттарды яғни, субъектінің таза активтегі/капиталдағы үлесін және 1 ҚСҚЕХС және 6 ҚСҚЕХС сай бақылаудағы субъектілердегі пайдаларды көрсетеді. Шоғырландырылған қаржылық есепте қаржылық құралды сыныптастыру барысында (немесе оның құраушы бөліктерін) субъект толығымен экономикалық бірліктің құрал бойынша ақша қаражаттары мен басқа қаражаттық активтерді беру бойынша, немесе оны міндеттеме түрінде сыныптастыру әкелетін түрінде өшіру бойынша міндеттемесі барлығын анықтау үшін, барлық шарттар мен ережелерді, қатысушылар және құрал иелері арасында келісілген экономикалық бірліктерді назарына алады. Бақылаудағы субъект қаржылық құрал шығарғанда немесе экономикалық бірлік ішіндегі субъект тікелей иелермен қосымша шарттарды келіскенде, экономикалық бірліктің құралды тарату, немесе кері сатып алынуы әрекет еркіндігі болмайды. Дегенмен, бақылаудағы субъект өзінің қаржылық есебінде мұндай қосымша шарттарды назарға алмай құралды дұрыс сыныптастыра алады, шоғырланған қаржылық есептілікте толығымен экономикалық бірлікте жасалған келісімшарттар мен операцияларды бейнелеуді қамтамасыз ету үшін, топ мүшелері мен құрал иелері арасындағы басқа келісімдердің әсеріне назар аударылады. Міндеттеме мен есеп туралы ереже қандай деңгейде болса, сонымен құрал шоғырландырылған қаржылық есептілікте қаржылық міндеттеме сияқты сыныптастырылады.

AG54. Құралдардың кейбір субъектіге келісімшарттық міндеттеме жүктейтін типтері 15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтармен үлестік құралдар сияқты сыныпталады. Осы параграфтарға сай сыныптаоу қарсы жағдайда, осы стандартта құралдардың жіктелуі қатынасында тәртіптердің ерекшеліктерді көрсетеді. Бұл ерекшілік шоғырландырылған қаржылық есептілікте бақылаусыз пакеттерді жіктеуге таратылмайды. Осыған орай, 15 және 16 немесе 17 және 18-параграфтармен үлестік құрал сияқты сыныпталған жеке қаржылық есептіліктің бақылаусыз пакеттерді көрсететін құралдары шоғырландырылған қаржылық есептілікте экономикалық бірліктер міндеттеме сияқты сыныпталады.

Аралас қаржылық құралдар (33—37-параграфтар)

AG55. 33-параграф тек туынды емес аралас қаржылық құралдардың эмитенттеріне қолданылады. 33-параграфта субъект көзқарасы тұрғысынан аралас қаржылық құралдармен байланысты мәселелер қарастырылмайды. 29 ҚСҚЕХС өзіне қарыздықтағы сияқты үлестік құралға тиесілі белгілерді енгізетін аралас қаржылық құралдың иесінің көзқарасы тұрғысынан туынды қаржылық құралдарды бөлумен байланысты мәселелер қарастырылады.

AG56. Аралас қаржылық құралдар қоғамдық сектор субъектілерінің капиталдары құрылымының ерекшеліктерімен байланысты қоғамдық секторда кең таралмаған құралдар типі болып табылады. Төменде келтірілген талдаулар аралас қаржылық құрал өзінің бөлімдері бойынша сараптаманы қалай сипаттауды көрсетеді. Аралас қаржылық құралдың кең тараған түрі айырбастау мүмкіндігі кіргізілген қарыздық құрал болып табылады, мысалы, эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын мүмкіндігімен және басқа туынды белгілер енгізілмеген қарыздық міндеттеме. 33-параграфта осындай қаржылық құралдың эмитентіне қаржылық жағдайы туралы есепте міндеттеменің құраушы бөліктері және таза актив/капиталды құраушы бөліктер туралы ақпараттар ұсыну бойынша төмендегідей талаптар қарастырылған:


  1. Жоспарлы пайыздарды және негізгі жиынтықты төлеуді жүзеге асыру бойынша эмитенттің міндеттемесі құрал айырбасталмағанша, қолданылатын қаржылық міндеттеме болып табылады. Құраушы бөліктерінің әділ бағасын бастапқы мойындау барысында міндеттеме келісімшарт шарттары бойынша анықталатын және ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемеде дисконтталған, құралдарға пайдалануға жарамды және негізінен, ұқсас ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз етуші, ұқсас шарттармен, бірақ, айырбасқа опционсыз ұқсас несиелік статусымен келешектегі ақша қаражаттары ағынының ағымдағы құнына теңеледі.



  1. Үлестік құрал эмитенттің таза активтегі/капиталдағы міндеттемесіне енгізілген опцион болып табылады. Мұндай опционның әділ құны опционның уақытша құнынан және оның, егер ондай бар болса, ішкі құнынан құралады. Бұл опционның бастапқы мойындауда, тіпті оны орындау бағасы өте тиімсіз болса да, өзінің құны бар.

AG57. Өшіру уақыты түсіру барысында айырбасталатын құралды айырбастау барысында субъект міндеттеменің құраушы бөліктерін мойындауды тоқтатады және оны таза актив/капитал құрамында мойындайды. Таза актив/капиталдың алғашқы құраушы бөлігі таза актив/капитал ретінде қалады. Құралды өшіру уақытына айырбас пайдалар мен шығындарды әкелмейді.

AG58. Субъект оның өшіру мерзімінен бұрын өшіру арқылы, немесе кері сатып алу арқылы айырбасталатын құралдың күшін жойғанда, бастапқы айырбас құқығы өзгермейді, онда субъект төленген төлемақыны, немесе құралды құраушы бөліктерін кері сатып алуға, өшіру келісімі бойынша кез келген шығынды мұндай келісім мерзіміне таратады. Мұндай төленген төлемақыны және келісім бойынша жеке құраушы бөліктерге шыққан шығындарды тарату барысында қолданылған әдіс субъектіге 33-37-параграфтарға сай айырбасталатын құралды эмиссиялау уақытында түскен жеке компоненттердің бастапқы таратылуына көмек көрсетуге қолданылған әдіспен келісілуі керек.

AG59. Орынын толтыруды тарату жүргізіле салысымен кез келген алынған пайда, немесе шығын сай келетін құраушы бөліктерге қолдануға жарамды есепшілік тәртіпке сай былайша қарастырылуы керек:



  1. Міндеттеменің құраушы бөліктеріне қатысты пайдалар мен шығын жиынтығы пайдалар мен шығын құрамында мойындалады.




  1. Таза актив/ капиталға қатысты орынын толтыру жиынтығы таза актив/ капитал құрамында мойындалады.

AG60. Субъект айырбасталған құрал шарттарына мерзімінен бұрын айырбасты ынталандыру үшін, мысалы, айырбастың неғұрлым тиімді коэффициентін ұсына отырып, немесе басқа қосымша өтемақы төлей отырып, айырбасты білгілі мерзімнен ертерек жүзеге асыру жағдайында өзгерістер енгізе алады. Шарттардың өзгеруі мерзіміне анықталған құрал иесімен оны өзгерген шарттарда айырбастау кезінде алған орынын толтырудың әділ құны және бастапқы шарттарда оны айырбастау барысында алуы мүмкін орнын толтырудың әділ құны арасындағы айырмашылық пайдалар мен шығындар құрамындағы шығын ретінде мойындалуы керек.



Акционерлерден сатып алынған жеке акциялар (38 және 39-параграфтар)

AG61. Субъектінің жеке үлестік құралдары олардың сатылып алынған себебіне тәуелсіз қаржылық активтер ретінде мойындалмайды. 38-параграфта көрсетілген талаптар бойынша өзінің жеке үлестік құралдарын кері алатын субъект мұндай үлестік құралдарды таза актив/капитал құрамынан шығарып тастауы керек. Дегенмен, субъект өзінің жеке үлестік құралдарын басқа субъект атынан игерген кезде, мысалы, қаржылық мекеме жеке үлес құралдарын өз клиенті атынан игерсе, мұндай жағдайда агенттік қатынас болады және нәтиже сияқты, мұндай игеру субъект қаржылық жағдайы туралы есебіне қосылмайды.



Пайыздар, үлесақылар, немесе ұқсас таратулар, шығындар мен пайдалар (40-46 параграфтар)

AG62. Келесі мысалда 40-параграфтың ережелерінің аралас қаржылық құралға қолданылуы көрсетілген. Айталық, кумулятивті емес орайластырылған акция міндетті түрде бес жылдан кейін ақша қаражаттарына кері сатып алынуы керек, бірақ, оның барысында мұндай сатып алу мерзіміне дейін үлесақылар субъектінің қалауы бойынша төлемге жатады. Мұндай құрал өшіру жиынтығының ағымдағы құны болып табылатын аралас қаржылық құрал болып табылады. Бұл құраушы бөліктер бойынша дисконттың амортизациясы пайдалар, немесе шығындар құрамында мойындалады және пайыздық шығын ретінде сыныптастырылады. Барлық төленген үлесақылыр таза актив/капиталды құраушы бөліктерге жатады және осығын сай пайдалар мен шығындарды тарату сияқты мойындалады. Ұқсас есеп тәртібі егер өшіру міндетті емес болғанда, бірақ иесінің қалауынша жүргізілуіне болатындай жағдайда қолданылар еді, немесе егер акция міндетті тәртіпте жай акциялардың тіркелмеген мөлшеріне айырбасталған болғанда, олардың жиынтығы тіркелген жиынтыққа тең болатындай есептелгенде, немесе негізінде жатқан ауыспалы өзгерістерге негізделген жиынтыққа (мысалы, биржалық тауарды белгілеу). Дегенмен, егер төленбеген үлесақыларды өшіру жиынтығына қосылса, онда барлық құрал міндеттеме болып табылады. Бұл жағдайда барлық үлесақылар, немесе ұқсас таратуға арналған қаражаттар пайыздық шығындар сияқты сыныптастырылады.



Қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелердің өзара есептесуі (47—55 параграфтар)

AG63. Қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелердің өзара есептесуін жүзеге асыру үшін, субъектіде мойындалған жиынтыққа өзара есептесуге ағымдағы заңмен бекітілген құқық міндетті түрде болуы керек. Субъектіде өзара есептесу туралы шешуші келісімдегі сияқты өзара есептесуді жүзеге асыруға, немесе регреске құқықсыз қарыздың басқа түрлерінде шартты құқық болуы мүмкін, бірақ мұндай құқық тек кейбір келешек оқиғалардың туындауынан жүзеге асады, әдетте мұндай жағдай келесі тараппен өзінің міндеттемесін орындамау түрінде болады. Осылайша, мұндай келісімдер өзара есептесу бойынша шарттарға жатпайды.

AG64 Бұл Стандарт алынған және басқа құралдың сипатын шығару үшін, иелікте болатын жеке қаржылық құралдардың топтары болып табылатын және «синтетикалық қаржылық құрал» деп аталатын құралдарға арнайы есеп тәртібін қарастырмайды. Мысалы, жүзуші пайыздық мөлшерлемемен, төлем алуды тұспалдайтын пайыздық своппен біріккен, жүзуші пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген, ұзақ мерзімді қарыздық міндеттеме және тіркелген пайыздық мөлшерлемемен есептелген төлемдерді жүзеге асыру тіркелген пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімдік қарыздық міндеттемені синтез жасайды. Бірге «синтетикалық қаржылық құралдар» түзетін жеке қаржылық құралдарының әрқайсысы өзінің уақытымен және шарттарымен келісімшарттық құқық пен міндеттемелер көрсетеді. Осының барысында олардың әрқайсысы жеке беріле алады, немесе өшіріле алады. Әрбір қаржылық құрал басқа қаржылық құралдар ұшырауы мүмкін басқа тәуекелдерден айырмашылығы бар тәуекелге ұшырайды. Осыған сай «синтетикалық қаржылық құралда» бір қаржылық құрал актив, ал басқасы міндеттеме болып табылса, онда олар бір бірімен есепке алына алмайды және өзара есептесуді жүзеге асыру бойынша 47-параграфта көрсетілген белгілерге сай келетін жағдайды қоспағанда, субъектінің қаржылық жағдайы туралы есепте нетто-негізде бола алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет