АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет21/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95

Мақсаты

  1. Осы Стандарттың мақсаты қаржы активтерін, қаржы міндеттемелерін және қаржылық емес баптарды сатып алу, немесе сату туралы кейбір келісімшарттарды мойындау және бағалау қағидаттарын белгілеуден тұрады. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ұсынуға арналған талаптар Қаржы құралдары: Ақпаратты ұсыну 28 ҚСҚЕХС жазылған. Қаржы құралдары туралы ақпаратты жариялауға арналған талаптар «Қаржылық құралдар: Ақпаратты ашып көрсету» 30 ҚСҚЕХС келтірілген.

Қолдану аясы

  1. Осы Стандартты барлық субъект, төмендегі жағдайларды қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түріне қолдануы тиіс:

(а) Еншілес субъектілерді, қауымдасқан серіктестіктердегі және бірлескен кәсіпорындардағы шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі 6 ҚСҚЕХС немесе Серіктестіктерге салынған инвестициялар 7 ҚСҚЕХС немесе Бірлескен Кәсіпорындардағы Қатысу 8 ҚСҚЕХС. Алайда, 6 ҚСҚЕХС, 7 ҚСҚЕХС немесе 8 ҚСҚЕХС, осы Стандартқа сәйкес есепке алынатындықтан, субъектілер осы Стандартты еншілес субъектілердегі, серіктестіктердегі, немесе бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үшін қабылдауға тиісті. Сонымен қатар, субъектілер осы Стандартқа сәйкес есепке алынатын қатысу үлестерін қолдануға міндетті. Субъектілер сондай-ақ, осы Стандартты еншілес субъектілерге, серіктестіктерге немесе бірлескен кәсіпорындарға қатысу үлесінен туынды құралдар 28 ҚСҚЕХС бойынша субъектінің үлестік құралының анықтамасына сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, қолдануға міндетті.

(b) Жалдау бойынша құқықтар мен міндеттемелерді «Жалгерлік» 13 ҚСҚЕХС қолданады. Дегенмен:

(і) Жалдау бойынша жалға беруші таныған қарызгерлік берешек осы Стандарттың мойындау туралы және құнсыздану туралы ережелерін қолданудың ықпалында болса (17-39, 67, 68, 72-параграфтары және А қосымшасының AG41-AG44 және AG117-AG126-параграфтарын қараңыз);

(іі) Жалдау бойынша жалға алушы таныған несиелік берешек осы Стандартты мойындауды тоқтатуға қатысты бөлігінде қолданудың ықпалында болса (39-42-параграфтарды және А қосымшасының AG72-AG80-параграфтарын қараңыз);

(ііі) Жалдау келісімшарттарына енгізілген туынды құралдар осы Стандарттың енгізілген туынды құралдары туралы ережелерін қолдануға сай келсе (11-15-параграфтарын және А қосымшасының AG40-AG46-параграфтарын қараңыз);

(с) 19 Қызметкерлерге сыйақы беру 25 ҚСҚЕХС қолданылатын Қызметкерлерге Сыйақы бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелерін;

(d) Субъект шығарған 28 ҚСҚЕХС үлестік құралдар анықтамасына сай (купондар мен опциондарды қосқанда) немесе 28 ҚСҚЕХС) 15 және 16-араграфтарына, немесе 17 және 18-параграфтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде сыныптастыру талап етілетін қаржылық құралдар. Алайда, осындай үлестік құралдардың иесі осы Стандартты сол құралдарға, егер олар жоғарыдағы (а) тармақшасындағы ерекшелікке сай болмаса, қолдануы тиіс.

(е) Келесіден туындайтын құқықтар мен міндеттер:

(і) Эмитенттің 10-параграфындағы қаржы кепілдіктері шартының анықтамасына сай келетін сақтандыру шарты бойынша, немесе

(іі) Дискрециялық қатысу ерекшелігін қамтығандықтан, сақтандыру келісімшарттарын реттейтін тиісті халықаралық немесе ұлттық есептілік стандартының қолдану аясына кіретін келісімшарт.



Туынды құрал өз алдына сақтандыру келісімшарты болмағандықтан, сақтандыру шартына енгізілген туынды құралға осы Стандарт қолданылады. (11-15-параграфтарды және А қосымшасының AG40-AG46-параграфтарын қараңыз). Сонымен қатар, егер қаржы кепілдіктері келісімшарттарының эмитенті бұрын екіұшты емес түрде осындай келісімшарттарды сақтандыру шарттары деп есептейтінін және сақтандыру келісімшарттары қолданылатын есепке алу рәсімдерін пайдаланғанын мәлімдесе, мойындау мен бағалауда ол осы Стандартты қолданады. Жоғарыда аталған (і) тармақшасына қарамастан, субъект қаржы тәуекелділігін өткізуді қамтитын өзге сақтандыру келісімшарттарына осы Стандартты қолданады.

(f) Субъектілер біріктірілген кезде сатып алушы субъект және сатушы арасында сатып алынатын субъектіні сатып алу немесе сату туралы белгілі бір болашақ күнге жасалған кез келген келісімшарттарды. Белгілі бір болашақ күнге жасалған келісімшарт термині әдетте операцияны аяқтау және кез келген талап етілген тұжырымдамаларға қол жеткізуге қажет кезеңнен асып түспеуі қажет.

(g) 4-параграфта жазылғандарды қоспағанда, несие туралы келісімдерді. Несие туралы келісімнің эмитенті 19 ҚСҚЕХС, Ережелері, Үлестік Міндеттемелер және Үлестік Активтерді осы Стандартты қолдану аясында болмайтын несие туралы келісімдерге де қолдануы тиіс. Дегенмен, несие туралы барлық келісім осы Стандарттың мойындауды тоқтатуға қатысты ережелерін қолданудың ықпалында болады (17-44 параграфтарды және А қосымшасының AG51-AG80 параграфтарын қараңыз);

(h) Осы Стандарт қолданатын осы Стандарттың 4-6 параграфының қолдану аясына енетін 4-6 параграфтарының қолдану аясына енетін келісімшарттарды қоспағанда, акцияларға негізделген операцияларға қатысты халықаралық, не ұлттық есептілік стандартына сәйкес қолданатын төлем операциясындағы қаражат құралдары, келісімшарттар және міндеттер

(i) Субъект 19 ҚСҚЕХС сәйкес бағалау міндеті ретінде немесе субъект 19 ҚСҚЕХС сәйкес тым ертерек кездегі бағалау қорларын тануы қатынасына байланысты міндеттерді реттеуге қажетті субъектіге орнын толтыратын шығындар, төлемдер алуға құқықтарын;

(j) 23 ҚСҚЕХС «Айырбастық емес операциялардан түскен кірістер (салықтар мен трансферттер)» қолданатын құндылықтардың жүрмеуі аясында мәмілелер кірісіне әсер етуден шығатын құқықтар мен міндеттердің алғашқы бағасы мен алғашқы мойындауы.

(k) 32 ҚСҚЕХС «Қызмет көрсетуге концессиялық келісім. Концедент» әрекеті танылатын қызмет көрсетуге концессиялық бойынша құқықтар мен міндеттер. Бірақ қаржылық міндеттері үлгісінің аясындағы концедентпен таныған қаржылық міндеттер мойындауды тоқтату туралы осы ережелерімен таратылады (41-44-параграфтарды және А Қосымшасын, AG72-AG80-параграфтарды қараңыз).


  1. Осы Стандарттың қолдану аясына төмендегідей қарыздар бойынша міндеттемелер кіреді:

(а) Субъект қаржы міндеттемесі ретінде сыныптастыратын, пайда немесе зарар арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қарыз туралы келісімдер. Өткен несие туралы келісімдерінен туындайтын активтерді сату тәжірибесі бар субъект осы Стандартты бірдей санатқа жатқызылатын қарыз туралы келісімдеріне қолдануға міндетті;

(b) Ақша қаражатын беру, немесе басқа қаржы құралын шығару нысанында қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы реттелуі мүмкін қарыз туралы келісімдер. Осы қарыз туралы келісімдер туынды құралдарды білдіреді. Несие туралы келісімді қарызға алынған қаржыларды бөліп-бөліп төленгендіктен ғана, қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы өтелген деп санауға болмайды (мысалы, құрылыстың аяқталу сатысына тепе-тең біртіндеп өтелетін, құрылысқа арналған ипотекалық несие);

(с) Нарықтық пайыздан төмен пайыз мөлшерлемесі бойынша несие беру туралы келісімдер. 49(d)-параграфта осындай қарыздар туралы келісімдерден туындайтын міндеттемелерді кейіннен бағалау туралы айтылады.

4. Осы Стандарт субъектінің көздеген сатып алу, сату, не қолдану талаптарына сәйкес, қаржылық емес бапты қабылдау мен жеткізу мақсатына ие келісімшарттарды қоспағанда, келісімшарттар қаржылық құрал болғандай, ақшалай немесе өзге қаржылық құрал, не қаржылық құралдарды айырбастау арқылы реттеле алатын қаржылық емес бапты сатып алу, не сату келісімшарттарына қолданылады. Субъектінің сатып алуларда, сатуларда, немесе тұтынуындағы күтілетін қажеттіліктеріне сәйкес қаржылық емес баптарды алу, немесе жеткізу мақсатында бекітілген және ұсталған келсімшарттар ерекшеліктер болып табылады.

5. Қаржы активтерін қарама-қарсы талаптарды ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы сатып алу, немесе сату туралы шарттар бойынша есеп айырысудың әртүрлі нұсқалары бар. Оларға мыналар жатады:

(а) шарттың талаптары тараптардың әрқайсысына есеп айырысуды ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы жүргізуге мүмкіндік жасаған кезде;

(b) шартта ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы, не қаржы құралдарын айырбастау арқылы есеп айырысу мүмкіндігіне тікелей нұсқау болмаған кезде, бірақ субъектінің осындай шарттар бойынша ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы, не қаржы құралдарын айырбастау арқылы (не қарсы әріптеспен өзара есепке алу туралы шарттар жасау, не ол орындалғанға немесе аяқталғанға дейін сату шарты арқылы) есеп айырысу тәжірибесі болған кезде;

(с) осындай шарттарға қолдануға болған кезде, субъектінің базистік активті қысқа мерзімді баға тұрақсыздығы, немесе дилер пайдасынан пайда алу мақсатында сатып алғаннан кейін-ақ сату тәжірибесі болады; және

(d) шарттың мәні болып табылатын қаржылық емес актив ақша қаражатына бірден айырбасталуы мүмкін болған кезде.
(b) немесе (с) тармақшаларын сай келетін келісімшарттың субъектінің қаржы активтерін сатып алу, сату, немесе пайдалану үшін, күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру үшін, осындай активті алу, немесе жеткізу мақсаты жоқ және, тиісінше, осы Стандартты қолдану аясында тұр. 4-параграф қолданылатын басқа шарттар олардың жасалғанын не жасалмағанын және оларды субъектінің қаржы активтерін сатып алу, сату, немесе пайдалану үшін күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру үшін, осындай активті алу, немесе жеткізу мақсатында қолданылатынын, не қолданылмайтын және, тиісінше, осы Стандартты қолдану аясында тұрғанын, не тұрмағанын анықтау үшін, бағаланады.
6. 5(а) немесе (d) тармақшаларына сәйкес қаржы активін сатып алу немесе сату үшін жазылған, есеп айырысу қарама-қарсы талаптарды ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы, не қаржы құралдарын айырбастау арқылы жүргізілуі мүмкін опцион осы Стандартты қолдану аясында болып табылады. Осындай шарт субъектінің қаржылық емес активті сатып алу, сату немесе тұтынуы үшін күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру үшін, осындай активті ал, немесе жеткізу мақсатында жасала алмайды.

7. Осы Стандарт Мемлекеттік Кәсіпорындардан басқа барлық қоғамдық секторларға қолданылады.

8 ҚСҚЕХС пен шығарылған ҚСҚЕХС Мемлекеттік Коммерциялық Кәсіпорындарына (МКК) қолданылатынын Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының алғы сөзінде түсіндіреді. МКК 1 ҚСҚЕХС, Қаржылық есептілікті ұсынуда анықталған.

Анықтамалар

9. 28 ҚСҚЕХС айқындалған терминдер осы стандартта 28 ҚСҚЕХС 9-параграфында көрсетілген мәндермен пайдаланылады. 28 ҚСҚЕХС мынадай терминдер айқындалған:



  • Қаржы құралы



  • Қаржы активі



  • Қаржы міндеттемесі



  • Үлестік құрал

және осы анықтамаларды қолдану жөніндегі ұсыныстар берілген.

10. Осы Стандарттакелесідей терминдер төмендегідей мағынада пайдаланылады:



Туынды құралдың анықтамасы

Туынды құрал - бұл осы Стандарттың қолдану аясына кіретін (2-6-параграфтарын қараңыз) және төменде келтірілген үш сипаттамасы бар қаржы құралы, немесе өзге келісімшарт:

(а) Оның құны нақты пайыздық мөлшерлеменің, қаржылық құрал бағасының, тауардың, валюта бағасының, бағалар, немесе мөлшерлемелер индексінің, несиелік рейтингтің немесе несиелік индекстің, келісім жасаушы бір жаққа қатысты емес айнымалы болып табылатын қаржылық емес айнымалы жағдайында қамтамасыз етілген басқа айнымалының (кейде «базистік» деп аталады) өзгеруі нәтижесінде өзгереді;

(b) Оны сатып алу үшін, бастапқы инвестициялар талап етілмейді, немесе осындай түрде нарықтық факторлардың өзгерістеріне қатысты болуы күтілетін басқа үлгі шарттармен салыстырғанда, аз талап етілуі мүмкін бастапқы таза инвестициялар қажет;және

(с) Ол бойынша есеп айырысу болашақта жүзеге асырылады.



Қаржы құралдарының төрт санатының анықтамасы

Пайда немесе зарар арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі дегеніміз төменде көрсетілген талаптардың кез келгеніне сай келетін қаржы активі, немесе қаржы міндеттемесі:

(а) Олар саудаға арналған сияқты сыныптастырылады. Қаржы активі, немесе қаржы міндеттемесі, саудаға арналған сияқты сыныптастырылады, егер ол:

(і) Негізінен, жақын арадағы мерзімде сату немесе қайта сатып алу мақсатында сатып алынса немесе қабылданса;

(іі) Бастапқы мойындау бойынша бірге басқарылатын және қысқа мерзімді негізде нақты пайда алудың жаңа іс жүзіндегі құрылымын растайтын дәлелдері бар белгіленген қаржы құралдары қоржынының бір бөлігі болып табылса; немесе

(ііі) Іс атқаратын құрал (қаржылық кепілдік келісімшарты болатын, немесе сыныптастырылған және нәтижелі хеджирлеу құралы болатын іс атқаратын құралды қоспағанда)

(b) Бастапқы мойындау кезінде субъект оны пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағалануы сынды сыныптастырады. Субъект осындай сыныптастыруды, егер бұған 13-параграфпен рұқсат етілген, не, егер, бұл келесі себептер бойынша ұсынылған ақпараттың маңыздылығын арттырған жағдайларда ғана:

(і) Керісінше жағдайда, активтерді немесе міндеттемелерді бағалау кезінде не пайдалар мен шығындарды олар бойынша әртүрлі негізде мойындау кезінде туындауы мүмкін бағалаудың немесе мойындаудың сәйкес келмеуін (кейде «есептік сәйкес келмеу» деп аталады) болдырмағандықтан, немесе елеулі түрде азайтатындықтан; немесе

(іі) Қаржы активтері, немесе қаржы міндеттемелері тобының, не қайсысының да болмасын тиімділігін басқару және бағалау бір мезгілде бекітілген тәуекелдіктерді басқару стратегиясына, немесе инвестициялық стратегияға сәйкес әділ құн бойынша жүзеге асырылатындықтан және топ туралы ақпарат осы негізде субъекті ішінде негізгі басқару қызметкерлеріне («Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» 20 ҚСҚЕХС айқындауына сәйкес), мысалы, осы негізде құрастырылған мұндай топ туралы ішкі ақпарат директорлар кеңесіне және субъектінің бас директорына беріледі.



30 ҚСҚЕХС 11-13 және AG4-параграфтарына сәйкес, субъект ол пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастырылған қаржы активтері және қаржы құралдары туралы ақпаратты, оның ішінде осы талаптар қалай орындалғаны туралы ақпаратты ашып көрсетуге тиіс. Жоғарыда келтірілген (іі) тармағының талаптарына сай келетін құралдарға қатысты осындай ашып көрсетуге пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастыру және бекітілген тәуекелдіктерді басқару стратегиясы немесе инвестициялық стратегиясы арасындағы сәйкес келудің толық сипаты кіруі тиіс.

Белсенді нарықта бағалары белгіленбейтін және әділ құны шынайы бағаланбайтын үлестік құралдарға инвестициялар (А қосымшасының 48(с) параграфын және AG113 және AG114-параграфтарын қараңыз) пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастырылмайды.

А қосымшасының қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін әділ құны бойынша шынайы бағалауға қойылатын талаптар белгіленетін 50, 51, 52 параграфтарының және AG101-AG115 параграфтарының сыныптастыруға сәйкес, немесе басқа негіздерде әділ құны белгіленетінін, не әділ құны ашып көрсетілуге тиісті барлық бірлікке бірдей қолданылатынын атап өткен дұрыс.

Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар - субъект орнын толтырғанға дейін ұстауды жоспарлайтын және жүзеге асыруы мүмкін бекітілген, немесе белгіленген төлемдермен және бекітілген өтеу уақыты іс атқармайтын қаражаттық активтердің төменгілерден айырмашылығы:

(а) Бастапқы танылғаннан кейін субъект пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепте көрсетуге жататын ретінде айқындалатындарды;


(b) Субъект сату үшін қолда бар ретінде айқындайтындарды; және
(с) Қарыз бен дебиторлық берешектік аясына қалып қойған активтер
Егер субъект ағымдағы қаржы жылының, немесе алдыңғы екі жыл ішінде маңызды сомаға (өтеу уақытына дейін ұсталған жалпы маңызды инвестиицялық сомаға қатысты) орнын толтыруға дейін ұсталып қалған инвестицияның орнын толтыруына дейін сатып жіберсе, немесе қайта сыныптастырса, онда субъект қандай да бір қаражаттық активтерді, төмендегілерді сату мен қайта сыныптастыруларды қоспағанда, өтеу уақытына дейін сыныптастыруына болмайды:

  1. Қаражат активтерінің (мысалы өтеу мерзіміне дейін үш ай бұрын) өтеу мерзіміне дейін орны болды, сондықтан да мүмкін болатын нарықтық пайыздық мөлшерлеме қаражат активінің әділ сомасына аса маңызды ықпал етеді;




  1. Қаражат активтерінің алғашқы негізгі сомасын субъектінің тұрақты, немесе алдын ала төлеу ақылары негізінде толық ауқымда сатып алғанынан кейін орны болады;



  1. Субъектіге қатысты емес себептер бойынша болған, төтенше сипаты болған және субъекті дәлелді түрде болжанбаған ерекше жағдайдың нәтижесінде орын алған сатуларды және қайта сыныптастыруларды қоспағанда, субъектқандай да болмасын қаржы активтерін сыныптастыруға құқылы емес.

Қарыз және дебиторлық берешек: төмендегі тізбекті қоспағандағы белсенді нарықта белгіленбеген туынды емес қаражат активтері:
(а) Субъект саудаға арналғандар ретінде сыныптастырылуы тиіс болған және тез арада немесе болшақ уақыттарда сатуды көздеп отырған активтер, субъектінің кіріс пен шығын арқылы әділ сомасы бойынша есепке алынғандар ретінде алғашқы сыныптастырылуындағы активтер;
(b) Сатуға арналғандар ретінде алғашқы танылып, субъекті сыныптастырылған активтер; немесе
(с) Иеленуші өзінің алғашқы инвестицияларының маңызды бөлігін несие төлеуге қабілеті төмендеуі жағдайларын қосып атамағандағы қалыпқа келтіре алмауы бойынша активтер.
Активтер пакетінде сатып алынған, несиелер, немесе дебиторлық берешек болып табылмайтын қатысу үлесі (мысалы, өзара қорға, немесе осындай қорға қатысу үлесі) несие, немесе дебиторлық берешек болып есептелмейді.

Сату үшін қолда бар қаржы активтерін сату үшін қолда бар және (а) несие және дебиторлық берешек ретінде де, (b) өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар ретінде де, (с) пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепте көрсетілетін қаржы активтері ретінде де сыныптастырылмаған ретінде айқындалған туынды емес қаржы активтерін білдіреді.

Қаржылық кепілдік келісімшартының анықтымасы

Қаржылық кепілдеме келісімшарты – эмитенттің акционерді қарыз құралының бастапқы немесе өзгертілген шарттарына сәйкес төленетін дебитордың төлемдері төленбеген жағдайда болатын шығынын өтеу үшін, арнайы төлем жасауын талап ететін келісімшарт.

Мойындауға және бағалауға жатқызылатын анықтамалар

Қаржы активінің, немесе қаржы міндеттемесінің амортизацияланған құны - бұл қаржы активі, немесе қаржы міндеттемесі бастапқы мойындау кезінде қосу, немесе азайту жинақталған амортизация негізгі сома шегеріле отырып, пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін қолданумен есептелетін құн, бастапқы құн және өтеу сәтіндегі құн арасындағы айырма, азайту құнсындануға, немесе үмітсіз берешекті ішінара есептен шығару (тікелей, немесе резервтік шотты пайдаланумен жүзеге асырылатын).

Пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісі - қаржы активінің, немесе қаржы міндеттемесінің (не қаржы активтері, немесе қаржы міндеттемелері тобының) амортизацияланған құнын есептеу және тиісті кезең ішіндегі пайыздар төлеуге арналған пайыздық кірістер және шығыстарды есептеу әдісін білдіреді. Тиімді пайыздық мөлшерлеме болашақ төлемдердің, немесе түсімдердің күтілетін сомасын осы қаржы құралы бойынша өтеу мерзімі басталғанға дейін, не бұл дұрыс болған кезде неғұрлым қысқа кезең ішінде қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің таза қаржылық жағдай туралы есептік құнына дейін дәл дисконттауды қамтамасыз ететін мөлшерлемені білдіреді. Пайыздың тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде субъект ақша қаражатының ағындарын қаржы құралының (мысалы, алдын ала ақының, сатып алу опционының және осындай опционның) барлық шарттық талаптарын ескере отырып айқындау міндетті, бірақ болашақ кредиттік шығындарды назарға алуға құқылы емес. Есепке барлық сыйақылар және тараптар төлеген, немесе алған, тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігі болып табылатын басқа да сомалар (9 ҚСҚЕХС, Айырбасталатын Мәмілелерден туындайтын Кірістерді қараңыз) сондай-ақ, мәміле бойынша шығындар және барлық басқа сыйақылар, немесе жеңілдіктер қабылданады. Ақша қаражатының ағындары және ұқсас қаржы құралдарының тобының есептік мерзімі шынайы бағалануы мүмкін екені болжанады. Дегенмен, ақша қаражатының ағындарын немесе қаржы құралын (немесе қаржы құралдары тобының) қолданудың күтілетін мерзімін бағалауға мүмкін болмайтын сирек кездесетін жағдайларда субъект шартта көзделген ақша ағындарын қаржы құралының (немесе қаржы құралдары тобының) бүкіл шарттық мерзімі ішінде пайдалануға міндетті.

Мойындауды тоқтату бұрын танылған қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін субъектінің қаржылық жағдай туралы есебінен есептен шығаруды білдіреді.

Әділ құн - жақсы хабардар болған, мәмілені жасауға ниетті және бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға, немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.

Қаржы активтерін сатып алу немесе сату жөніндегі үлгі мәміле талаптары осы активті заңнамада, немесе осы нақты нарықта қабылданған ережелерде белгіленген мерзімде жеткізуді талап ететін шарт бойынша қаржы активін сатып алуды, немесе сатуды білдіреді.

Операциялар бойынша шығындар қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін сатып алуға, шығаруға, немесе шығынға жазуға тікелей байланысты қосымша шығындарды білдіреді (А қосымшасының AG26-параграфын қараңыз). Қосымша шығындар субъект қаржы құралын сатып алмаса, шығармаса, немесе өткізбесе, туындамайтын шығындар.

Хеджирлеуді есепке алуға байланысты анықтамалар

Нақты келісім - міндетті күші бар, болашақта белгілі бір күні (белгілі бір күндері) көрсетілген баға бойынша ресурстардың көрсетілген санымен айырбастау шарты.

Болжанатын мәміле - бұл жасалмаған, бірақ күтілетін болашақ мәміле.

Хеджирлеу құралы - бұл белгілі бір туынды қаржы құралы немесе (тек валюта айырбастау мөлшерлемелері өзгерістерінің тәуекелдігін хеджирлеуге қатысты) белгілі бір туынды емес қаржы активі немесе туынды емес қаржы міндеттемесі, ақша қаражатының әділ құны, немесе ағындары, белгілі бір хеджирленетін баптың ақша қаражатының әділ құнын, немесе ағындарын өтейтіні күтілетін құрал (81-86 және А қосымшасының AG127-AG130-параграфтарында хеджирлеу құралының анықтамасы толық қарастырылады).

Хеджирленетін бап - бұл актив, міндеттеме, нақты келісім, жоғары ықтималды болжанатын мәміле, немесе шетелдік қызметке таза инвестиция, оларға байланысты (а) субъект әділ құн, немесе болашақ ақша ағындары өзгерістерінің тәуекелдігіне ұшырайды және (b) хеджирленетін ретінде айқындалады (хеджирленетін баптың анықтамасы 87-94 және А қосымшасының AG131-AG141-параграфтарында неғұрлым толық қарастырылады).

Хеджирлеу тиімділігі – бұл хеджирленетін баптың әділ құнының немесе ақша ағындарының хеджирленетін тәуекелдікке жататын өзгерісі хеджирлеу құралының әділ құнының, немесе ақша ағындарының өзгерістерімен өтелетін дәреже (А қосымшасының AG145-AG156-параграфтарын қараңыз).

Өзге ҚЕХС анықталған терминдер осы Стандартта сол мағынада қолданылады және Анықталған Терминдер Сөздігінде бөлек көрсетілген.

Енгізілген Туынды Құралдар

11. Енгізілген туынды құрал – бұл гибридтік (күрделі) келісімшарттың құрамы, оның құрамына күрделі құралдың кейбір ақша ағындарының ерекше туынды құралға ұқсас түрде өзгеру нәтижесі бар, туынды емес негізгі келісімшарт кіреді. Енгізілген туынды құралы көрсетілген пайыз мөлшерлемесіне, бағалы қағаз мөлшерлемесіне, тауар бағасына, валюта мөлшерлемесіне, бағалар индексіне, немесе мөлшерлемелеріне, несиелік рейтингке, немесе несиелік индекске, немесе басқа айнымалыға сәйкес кейбір шартта көзделген барлық ақша ағындарының өзгеруіне әкеп соғады. Қаржы құралына бекітілген, бірақ шарт бойынша осы құралға қарамастан өткізілетін, немесе өзге контрагенті болатын туынды қаржы құралы туынды құрал емес, бөлек қаржы құралы болып табылады.

12. Осы Стандартқа сәйкес енгізілген туынды қаржы құралын негізгі шарттан бөліп көрсеткен және туынды құрал ретінде ескерген дұрыс, бірақ:

(а) Енгізілген туынды құралдың экономикалық сипаттамасы және тәуекелдігі негізгі шарттың экономикалық сипаттарымен және тәуекелдіктерімен тығыз байланысты болмауы (А қосымшасының AG43 және AG46-параграфтарын қараңыз);

(b) Енгізілген туынды құралдағыдай, ұқсас талаптары бар тәуелсіз құралдың туынды құралдың анықтамасына сәйкес келуі;

(с) Гибридтік (құрама) келісімшартты бағалаудың әділ құн бойынша жүргізілмеуі, ал әділ құнның өзгерісі пайдаға, немесе шығынға жатпауы (яғни, қаржы активіне, немесе қаржы құралына енгізілген және пайда, немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын туынды құрал бөлінбейді) шартымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет