АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет18/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   95

20X2 жылдың 1 ақпанында

20Х2 жылдың 1 ақпанында келісімшарт жасау барысында бір акцияның бағасы CU100 құрайтын. 20Х2 жылдың 1 ақпанындағы опционды келісімшарттың бастапқы әділ бағасы CU5,000 құрады, оны «А» субъектісі «В» субъектісіне ақшалай қаражат негізінде осы мерзімде төлеген болатын. Бұл мерзімде опционның нақты бағасы жоқ еді, ол тек уақытша бағаға ғана ие еді, өйткені, жүзеге асырудың CU98 көлеміндегі құны бір акция үшін CU100 көлеміндегі нарық бағасынан төмен еді. Осылайша, «А» субъектісі үшін опционды жүзеге асыру экономикалық жағынан пайдасыз болар еді. Басқаша сөзбен, сатушының опционы ақшасыз қалды.



Дт




Сатушы опционының активы

CU5,000







Кт

Ақшалай қаражаттар




CU5,000

Сатушы опционын алу.

20X2 жылдың 31 желтоқсанында

20X2 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бір акция үшін нарық бағасы CU95 дейін төмендеп кетті. Сатушы опционының әділ бағасы CU4,000 төмендеді, оның CU3,000 негізгі бағасы ([CU98˗CU95]×1,000), ал CU1,000 опционның уақытша қалдық бағасы.



Дт




Шығындар

CU1,000







Кт

Сатушы опционының активі




CU1,000

Сатушы опционының әділ бағасының төмендеуі.

20X3 жылдың 31 қаңтарында

20X3 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша бір акция үшін нарықтық баға сол күйінше қалды CU95. Сатушы опционының әділ бағасы CU3,000 дейін төмендеді, ол толық өзінің нақты бағасынан тұрады ([CU98˗CU95]×1,000), өйткені ешқандай да уақытша құн қалмаған болатын.



Дт




Шығындар

CU1,000







Кт

Сатушы опционының активі




CU1,000

Опционның әділ бағасының төмендеуі.

Дәл осы мерзімде «А» субъектісі сатушы опционын орындайды және келісімшарт таза ақшалай қаражатпен жабылады. «В» субъектісінің «В» субъектісінің пайдасына CU98,000 жеткізу жөнінде міндеттемесі бар, ал «А» субъектісінде «В» субъектісінің пайдасына CU95,000 (CU95 x 1,000) жеткізу жөнінде міндеттемесі бар. Осылайша, «В» субъектісі «В» субъектісіне CU3,000 көлемін құрайтын таза соманы төлеуі керек.

Дт




Ақшалай қаражаттар

CU3,000







Кт

Сатушы опционының активі




CU3,000

Опционды келісім-шартты өтеуді есепке алу бойынша жазбаларды енгізу.

(b) Акцияға акция («Акциямен таза салмақты есептеу»)

IE24. Таза ақшалай қаражаттың орнына, өтеу таза акция арқылы орындалуын есепке алмағанда, (a) тармағында қарастырылған шарттар сияқты шарттардың болуын болжап көрейік. «А» субъектісінің журналды жазбалары тура (a) тармағындағыдай, төмендегілерді есепке алмағанда:



20X3 жылдың 31 қаңтарында

«А» субъектісі сатушы опционын орындайды және келісімшарт таза акциялармен жабылады. Шындығында, «В» субъектісінде «А» субъектісінің пайдасына CU98,000 соманы құрайтын «А» субъектісінің акцияларын жеткізу жөнінде міндеттемелері бар, ал «А» субъектісінің «В» субъектісінің пайдасына CU95,000 (CU95×1,000) соманы құрайтын өзінің акцияларын жеткізу бойынша міндеттемесі бар. Осылайша, «В» субъектісі «А» субъектісінің акцияларын «А» субъектісінің пайдасына таза сомасы CU3,000 болатын акцияларды жеткізуі керек, яғни 31.6 акцияны (CU3,000/CU95).



Дт




Таза активтер/капитал

CU3,000







Кт

Сатушы опционының активі




CU3,000

Опционды келісім шартты өтеу.

(c) Ақшаға ақша («физикалық жеткізу жолымен гросс есептеу»)

IE25. Егер «А» субъектісі опционды орындаса, ақшалай қаражаттың белгіленген соммасын алу және «А» субъектісінің акцияларының белгіленген санын жеткізу жолдары арқылы жүзеге асырылатын өтеуді қоспағанда, (a) тармағында қарастырылған деректемелер сияқты деректемелердің болуын болжап көрейік. Жоғарыдағы (a) және (b) тармақтарындағы баға бір акция үшін жүзеге асыру бағасы CU98 деңгейінде тіркелген. Соған сәйкес, «В» субъектісінде, егер «А» субъектісі опционды орындаса, «А» субъектісінің өтелмеген акцияларының 1,000 данасының орнына «А» субъектісінің пайдасына CU98,000 (CU98×1,000) сомасын құрайтын ақшалай қаражатты төлеу жөнінде міндеттемесі бар. «А» субъектісі журналда келесі жазбаларды жасайды.



20X2 жылдың 1 ақпанында

Дт




Таза активтер/капитал

CU5,000







Кт

Ақшалай қаражаттар




CU5,000

Белгіленген баға бойынша бір жылдан кейін «А» субъектісінің өзіндік акцияларын жіберу құқының орнына ақшалай қаражатты алу. Төленген сыйлық ақы таза активтер/капитал ретінде тікелей танылауы керек. Опционды жүзеге асыру белгіленген баға орнына акциялардың белгіленген санын шығаруға алып келеді.

20X2 жылдың 31 желтоқсанында

Ешқандай ақшалай қаражаттың төленбеуі мен алынбауы және ақшалай қаражаттың белгіленген сомасының орнына «А» субъектісінің өзіндік акцияларының белгіленген санын жіберу бойынша келісімшарттың арқасында «А» субъектісінің үлескерлік құрал анықтамасына сай келгендіктен, 31 желтоқсандағы жағдайға байлансыты ешқандай жазбалар енгізілмеуі тиіс.

20X3 жылдың 31 қаңтарында

«А» субъектісі сатушының опционын орындайды және келісімшарт толығымен жабылады. «В» субъектісінде 1,000 дана акциялардың орнына «А» субъектісінің пайдасына сомасы CU98,000 ақшалай қаражатты жіберу бойынша міндеттемесі бар.



Дт




Ақшалай қаражаттар

CU98,000







Кт

Таза активтер/капитал




CU98,000

Опциондық келісімшартты өтеуді есептеу бойынша жазбаларды ендіру.



  1. Өтеудің түрлері

IE26. Өтеу түрлерінің болуы (мысалы, таза ақшалай қаражатпен, таза акциялармен немесе акцияларды ақшалай қаражатқа алмастыру жолдары арқылы) қаржы міндеттемесі ретінде сатушының опционын қабылдауға алып келеді. Ол үлескерлік құрал анықтамасына сай келмейді, өйткені ол ақшалай қаражаттың белгіленген сомасы, немесе басқа да қаржы активтерін алудың орнына «В» субъектісінің өзінің акцияларының белгіленген санын шығару жолынан басқа да жолдармен өтеле алады. «А» субъектісі жоғарыда көрсетілген (a) және (b) тармақтарындағы туынды құралды мойындауы керек. Өтеу мерзіміндегі бухгалтерлік жазбалар келісімшарттың толық жабылуына тәуелді.

6 Мысал: Акцияға шығарылған сатушының опционы

IE27. Берілген мысалда, (a) таза ақшалай қаражатпен, (b) таза акциялармен немесе (c) акцияның орнына ақшалай қаражатты жіберу жолымен өтелетін субъектінің өзіндік акциясына шығарылған сатушының опционы үшін журналда жазбалар көрсетілген. Онда, сонымен қатар, өтеу түрлерін қолданудың нәтижелері де қарастырылған (төмендегі (d) тармағын қараңыз).



Шарттар:


Келісім-шарт мерзімі

20Х2 жыл 1 ақпан

Опционды орындау мерзімі

20Х3 жыл 31 қаңтар




(Еуропалық шарттар, яғни опцион тек оның аяқталу мерзімінде ғана өтелуі мүмкін)

Қолданушының қолдану құқы

Есеп беруші субъект («В» субъектісі)

20X2 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша бір акция үшін нарық бағасы

CU100

20X2 жылдың 31 желтоқсанындағы бір акция үшін нарық бағасы

CU95


20X3 жылдың 31 қаңтарындағы бір акция үшін нарық бағасы

CU95


20X3 жылдың 31 қаңтарындағы өтелетін қолданыс үшін белгіленген бағасы

CU98


20Х2 жылдың 1 ақпанында орындалудың ағымдағы бағасының құны

CU95


Опциондық келісім-шарт бойынша акциялардың саны

1,000

20X2 жылдың 1 ақпанындағы опционның әділ құны

CU5,000

20X2 жылдың 31 желтоқсандағы опционның әділ құны

CU4,000

20X2 жылдың 31 қаңтарындағы опционның әділ құны

CU3,000

(a) Ақшаға ақша («ақшалай қаражатты таза салмақпен есепету»)



IE28. Сатушының өзіндік акциясына опционды алудың орнына сатушының өзіндік акциясына шығарған опционына «А» субъектісі ие екендігін есепке алмағанда, жоғарыдағы (а) тармағының 5 мысалындағы деректемелер сияқты деректемелер бар екендігін болжап көрейік. Соған сай, 20Х2 жылдың 1 ақпанында «А» субъектісі «В» субъектісімен келісім шартқа отырады, егер «В» субъектісі өзінің құқын орындаған жағдайда, 20Х3 жылдың 31 қаңтарындағы CU98,000 (яғни бір акция үшін CU98) көлеміндегі ақшалай соманың орнына 20Х3 жылдың 31 қаңтарындағы «А» субъектісінің өтелмеген акцияларының 1,000 данасының әділ құнын төлеу бойынша «А» субъектісіне міндеттеме артылады, ал «В» субъектісіне алу құқы ұсынылады. Келісімшарт таза ақшалай қаражатпен жабылуы тиіс. Егер «В» субъектісі өзінің құқын пайдаланбаса, онда ешқандай да ақшалай қаражат түрінде төлем жүзеге асырылмайды. «А» субъектісі журналда келесі жазбаларды жасайды.

20X2 жылдың 1 ақпанында

Дт




Ақшалай қаражаттар

CU5,000







Кт

Сатушы опционының міндеттемесі




CU5,000

Шығарылған сатушы опционын мойындау.

20X2 жылдың 31 желтоқсанында

Дт




Сатушы опционының міндеттемесі

CU1,000







Кт

Кіріс




CU1,000

Сатушы опционының әділ бағасының төмендеуі.

20X3 жылдың 31 қаңтарында

Дт




Сатушы опционының міндеттемесі

CU1,000







Кт

Кіріс




CU1,000

Сатушы опционының әділ бағасының төмендеуі.

Дәл сол күні «В» субъектісі сатушының опционын жүзеге асырады және келісімшарт таза ақшалай қаражат түрінде жабылады. «А» субъектісінің «В» субъектісінің пайдасына CU98,000 жіберу жөнінде міндеттемесі бар, ал «В» субъектісінің «А» субъектісінің пайдасына CU95,000 (CU95×1,000) жіберу бойынша міндеттемесі бар. Осылайша, «А» субъектісі «В» субъектісіне таза сомасы CU3,000 құрайтын соманы төлеуі тиіс.

Дт




Сатушы опционының міндеттемесі

CU3,000







Кт

Кіріс




CU3,000

Опционды келісім-шартты өтеу.

(b) Акцияға акция («Акциямен таза салмақты есептеу»)

IE29. Өтеу таза ақшалай қаражатпен емес, таза акциямен жүзеге асырылатынын есепке алмағанда, (a) тармағындағы деректемелер сияқты деректемелердің бар екендігін болжап көрейік. «А» субъектісі үшін журналды жазбалар (a) тармағында қарастырылған жазбалар сияқты болады, бірақ төменде көрсетілгендерді есепке алмағанда:



20X3 жылдың 31 қаңтарында

«В» субъектісі опционды жүзеге асырады және келісімшарт таза акциялармен жабылады. Шынына келсек, «А» субъектісінде «В» субъектісінің пайдасына CU98,000 сомманы құрайтын «А» субъектісінің акцияларын жіберу жөніндегі міндеттемесі бар, ал «В» субъектісінің «В» субъектісінің пайдасына CU95,000 (CU95×1,000) соманы құрайтын «А» субъектісінің акцияларын жіберуге міндеттемесі бар. Осылайша, «А» субъектісі «В» субъектісінің пайдасына «А» субъектісінің акцияларны таза сомасы CU3,000 көлемін құрайтын акцияларға қоюы керек, яғни 31.6 акциялар (3,000/95).



Дт




Сатушы опционының міндеттемесі

CU3,000







Кт

Таза активтер/капитал




CU3,000

Опционды келісім-шартты өтеу. «А» субъектісінің өзіндік акцияларын шығару таза активтермен/капиталдармен мәміле ретінде ескеріледі.

(c) Акциялар үшін ақшалай қаражат («Физикалық жіберу жолымен гросс есептеу»)

IE30. Өтеу, егер «В» субъектісі опционды орындаған жағдайда, ақшалай қаражаттың белгіленген сомасын төлеу мен белгіленген акциялардың санын алу жолымен жүзеге асырылатындығын есепке алмағанда, (а) тармағындағы деректемелер сияқты деректемелердің болын болжап көрейік. Жоғарыдағы (a) және (b) тармақтарына сәйкес бір акция үшін орындау бағасы CU98 көлеміндегі баға ретінде тіркелген. Соған сай, егер «В» субъектісі өзінің опционын орындаса, «А» субъектісінің «В» субъектісінің пайдасына «А» субъектісінің өтелмеген акцияларының 1,000 данасының орнына ақшалай қаражат сомасы CU98,000 (CU98×1,000) құрайтын соманы төлеу бойынша міндеттемесі бар. «А» субъектісі журналда келесі жазбаларды жасайды.



20X2 жылдың 1 ақпанында

Дт




Ақшалай қаражаттар

CU5,000







Кт

Таза активтер/капитал




CU5,000

Таза активтер/капитал құрамындағы опционның CU5,000 көлеміндегі сыйлық ақыны алу.



Дт




Таза активтер/капитал

CU95,000







Кт

Міндеттеме




CU95,000

Бір жылдан кейін CU98,000 төлеу бойынша міндеттеменің ағымдағы құнын есепке алу, яғни міндеттеме ретінде CU95,000.

20X2 жылдың 31 желтоқсанында

Дт




Пайыз бойынша шығындар

CU2,750







Кт

Міндеттеме




CU2,750

Пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісіне сай акцияны өтеу сомасына міндеттеме бойынша пайызды санау.

20X3 жылдың 31 қаңтарында

Дт




Пайыз бойынша шығындар

CU250







Кт

Міндеттеме




CU250

Пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісіне сай акцияны өтеу сомасына міндеттеме бойынша пайызды санау.

Дәл сол күні «В» субъектісі сатушының опционын жүзеге асырады және келісім шарт толығымен жабылады. «А» субъектісінің соммасы CU95,000 (CU95×1,000) тұратын акциялардың орнына «В» субъектісінің пайдасына ақшалай қаражат сомасы CU98,000 құрайтын төлем бойынша міндеттемесі бар.

Дт




Міндеттеме

CU98,000







Кт

Ақшалай қаражаттар




CU98,000

Опционды келісім-шартты өтеуді есепке алу бойынша жазбаларды енгізу.

(d) Өтеу түрлері

IE31. Өтеу түрлерінің болуы (мысалы, таза ақшалай қаражатпен, таза , немесе акцияға ақшалай қаражатты алмастыру жолымен) қаржы міндеттемесі ретінде шығарылған сатушының опционын қабылдауға алып келеді. Егер осы түрлердің біреуі акцияларға ақшалай қаражатты ауыстырудан тұрса (жоғарыдағы (с) тармағы), онда «А» субъектісі жоғарыдағы (с) тармағында көрсетілгендей, міндеттеме ретінде ақшалай қаражатты төлеу жөнінде талаптарды мойындауы керек. Басқаша жағдайларда, субъект сатушының опционын туынды міндеттеме ретінде ескеруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет