АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет26/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95

10(b)(іі)-параграф: Қаржы міндеттемелерін немесе қайсысын да бір мезгілде басқару және бағалау бекітілген тәуекелдіктерді басқару стратегиясына, немесе инвестициялық стратегияға сәйкес әділ құны негізінде жүзеге асырылады.

AG13. Кез келген субъект қаржы активтерінің, қаржы міндеттемелерінің, немесе қайсысының да болмасын тобы бір мезгілде, осындай топты пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағалау неғұрлым маңызды ақпарат беруді қамтамасыз ететіндей түрде басқара алады. Осы жағдайда назар субъектінің қаржы құралдарының сипатына емес, активтерді қалай басқаратынына және олардың тиімділігін қалай бағалайтынына аударылады.

AG14. Мысалы, кез келген жағдайда, субъект осы талапты пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде қаржы міндеттемелерін сыныптастыру үшін 10(b)(iі)-параграфта айқындалған қағидатқа сәйкес келу шартымен ғана пайдалана алады.

(а) Субъект - тәуекелдік ететін, екіжақты қоры бар, үлестік капиталды кәсіпорын, немесе қызметі әділ құндағы өзгерістерден және дивиденділер мен ұқсас төлемдерден, пайда көзінен түсетін жалпы есеп арқылы қаржы активтерімен инвестициялау бойынша пайда болып табылатын ұқсас субъект болып табылады. (7 ҚСҚЕХС және 8 ҚСҚЕХС) қолдану аясында болуы үшін, ықпалы жеткіліксіз, жалпы есеп негізінде меңгерілген басқа инвестицияларға субъект бір есептілік саясатын қолдана алады.

(b) Субъект бір немесе бірнеше тәуекелдікке қатысы бар қаржы активтері мен қаржы міндеттемелеріне ие және осы тәуекелдіктер актив және міндеттемені меңгерудің құжатталған саясатқа сәйкес әділ құнында меңгеріледі және бекітіледі. Кешенді енгізілген туынды құралдарды қамтитын «құрылымдық өнімдері» бар және туынды және туынды емес қаржы құралдарының араласуын қолдана отырып, әділ құн негізінде нәтиже тәуекелдіктерді меңгеретін субъект мысал бола алады. Бекітілген пайда мөлшерлемесіндегі қарыздарды құратын және туынды және туынды емес қаржы құралдарының араласуын қолдана отырып, бағалы қағаз кешеніндегі пайда мөлшерлемесінің тәуекелдігін меңгеретін субъект жоғарыдығыдай мысал бола алады.

(c) Субъект қаржы активтерінің портфелін иемденуші эмитент болып табылады, сол портфельді өзінің жалпы есебін жеткенінше, ұлғайту үшін меңгереді (мыс. пайда, дивиденділер, немесе әділ құндағы өзгерістер мен төлемдер) және сол негізде оның орын алуын бағалайды. Портфель арнайы міндеттемелерді, таза активтер/акцияларды, немесе екеуін де қаржыландыру үшін, иемденілуі мүмкін. Егер портфель арнайы міндеттемелерді қаржыландыруға иемделінетін болса, 10(b)(ii) - параграфында қамтылған талап эмитент міндеттемелерді әділ құн негізінде меңгеруі, не бағалауына қарамастан, активтерге қолданылуы мүмкін.10(b)(ii) - параграфында қамтылған талап эмитенттің мақсаты қатысушы келісімшарт иелеріне төленетін құндар қысқа мерзімде (мыс. бір жыл), немесе эмитент шегіне тән болғанда, орын алған кірістер сынды өзге факторларға тәуелді ұзақ мерзім негізіндегі жалпы есепті жеткенінше ұлғайту болған кезде қолданылуы мүмкін.

AG 15. Жоғарыда көрсетілгендей, осы талап субъектінің қарастырылып отырған қаржы құралдарын басқаратынына және оларды бағалау жолдарына негізделген. Тиісінше (бастапқы мойындау кезінде міндетті сыныптастыру шартымен), қаржы құралдарын пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастыратын субъекті осы жағдайға сүйене отырып, бірге басқарылатын және бағаланатын, сәйкес келетін барлық қаржы құралдарын тура осындай түрде сыныптастырылуы тиіс.

AG16. Субъекті қолданатын стратегияны құжатпен көрсету қысқа, бірақ 10(b)(іі) параграфта айқындалған талаптың орындалғанын растау үшін, жеткілікті болуы тиіс. Осындай құжаттама әрбір жеке есеп бірлігі үшін талап етілмейді, сондықтан оны бүкіл портфельге қатысты тұтас ұсынуға болады. Мысалы, егер департаменттердің бірінде қолданылатын, субъект негізгі басшы қызметкерлері бекіткен тиімділікті бағалау жүйесі тиімділіктің жиынтық кірістілігі негізінде бағаланатынын нақты көрсетсе, онда 10(b)(іі) параграфта айқындалған талаптың орындалғанын растау үшін, қандай да болмасын қосымша құжаттама талап етілмейді.



Тиімді пайыздық мөлшерлеме

AG17. Кейбір жағдайларда қаржы активтері келтірілген кредиттік шығындар көрсетілетін ірі жеңілдіктермен сатып алынады. Тиімді пайыздық мөлшерлемені есептеу кезінде субъект осындай ірі шығындарды болжанған ақша ағындарына енгізеді.

AG18. Субъект тиімді пайыз мөлшерлемесі әдісін қолдана отырып, әдетте, құралды қолданудың күтілген мерзімі бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеменің калькуляциясына енгізілген кез келген сыйақыларды, басқа да төленген, немесе алынған сомаларды, мәміле бойынша шығындарды, сыйлықақыларды, немесе жеңілдіктерді амортизациялайды. Дегенмен, егер әңгіме сыйақылар, басқа да төленген, немесе алынған сомалар, мәміле бойынша шығындар, сыйлықақылар, немесе жеңілдіктер жататын кезең туралы болып отырса, онда неғұрлым қысқа кезең пайдаланылады. Сыйақылар, басқа да төленген, немесе алынған сомалар, мәміле бойынша шығындар, сыйлықақылар, немесе жеңілдіктер жататын айнымалы құралды өтеу күні басталғанға дейін нарықтық мөлшерлемелер бойынша қайта қаралған кезде, тура осындай болады. Осы жағдайда амортизациялаудың тиісті кезеңі мөлшерлемені қайта қараудың келесі күніне дейінгі кезең болып табылады. Мысалы, егер өзгермелі мөлшерлемесі бар құрал бойынша сыйлықақы, немесе жеңілдік құрал бойынша соңғы пайыздық төлем сәтінен бастап есептелген пайызды, немесе нарықтық мөлшерлемелердегі өзгермелі пайыздық мөлшерлеме нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралған сәттен бастап болған өзгерістерді көрсетсе, ол өзгермелі мөлшерлеме нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралған келесі күнге дейін амортизациялануы тиіс. Себебі сыйақы немесе жеңілдік пайыздық мөлшерлемені қайта қараудың келесі күніне дейінгі кезеңге кіреді, себебі сыйақы немесе жеңілдік (яғни, пайыздық мөлшерлеме) жататын айнымалы тура осы күнгі нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралады. Бірақ, егер сыйлықақы, немесе жеңілдік несиелік спрэдтің құралда көрсетілген өзгермелі мөлшерлемеге, немесе нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралмайтын басқа айнымалылардың өзгеруі салдары болып табылса, ол құралды қолданудың күтілетін мерзімі бойы амортизацияланады.

AG 19. Нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің ауытқуларын көрсету мақсатында ақша ағындарын өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы активтеріне және қаржы міндеттемелеріне қатысты жүйелі қайта қарау пайыздық тиімді мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Егер өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы активі және қаржы міндеттемесі бастапқыда өтеу күніндегі дебиторлық, немесе несиелік берешектің негізгі сомасына тең сомада танылса, болашақ пайыздық төлемдерді қайта қарау, әдетте, активтің, немесе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құнына елеуі әсер етпейді.

AG20 . Егер субъект өзінің төлемдер мен түсімдерді есептік бағалауын қайта қараса, іс жүзіндегі және бағаланған ақша қозғалыстарын көрсету үшін, осы субъект қаржы активінің және қаржы міндеттемесінің (немесе қаржы құралдары тобының) қаржылық жағдай туралы есептік құнын түзетуге міндетті. Субъект қаржылық жағдай туралы есептік құнды болжанған ақша ағындарының дисконтталған құнын осы қаржы құралының бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемесі бойынша есептеу арқылы қайта есептейді, немесе қолданымды тұста қайта қаралған тиімді пайыздық мөлшерлеме 103 параграфқа сәйкес қайта есептеледі. Осындай түзету пайда немесе шығын бойынша кіріс немесе шығыс ретінде мойындалады. Егер қаржылық актив 55,57 немесе 58 параграфтарға сәйкес қайта сыныпталса және субъект өзінің болашақтағы ақшалай қаражат түсімін, олардың түсімділігінің нәтижесінде бағалауын арттырса, осындай арттырудың нәтижесі бағалаудың өзгеруі күніндегі активтің теңгерімдік құнына түзету жасауға қарағанда, бағалаудың өзгеру күнінен бастап, пайыздық мөлшерлеме тиімділігіне түзету жасау ретінде мойындалады.

Туынды құралдар

AG21. Туынды құралдардың үлгі мысалдары фьючерстік, форвардтық, опциондық келісімшарттар және своптар болып табылады. Әдетте туынды құралда келісімшартта көрсетілген шартты сома, яғни валюта сомасы, акциялар саны, салмақ, көлем бірліктерінің, немесе басқа бірліктердің саны болады. Дегенмен, инвестор, немесе туынды құралды жазып берген субъект шарт жасау кезінде туынды құралдың талаптарына сәйкес шартты соманы инвестициялауға, немесе алуға міндетті емес. Керісінше, келісімшартта белгіленген төлемді, немесе болашақта белгілі бір оқиғаның басталуы нәтижесінде өзгеруі мүмкін (бірақ базистің өзгеруіне пропорционалды емес) сомадағы төлемді жүзеге асыру көзделеді, сондай-ақ төлем сомасы соманың талаптарына қатысты болмайды. Мысалы, егер LIBOR-дың алты айлық мөлшерлемесі 100 базистік параграфқа ұлғайса, келісімшартта 1,000 ВБ22 мөлшеріндегі белгіленген төлем талап етілуі мүмкін. Осындай шарт, тіпті шартты сома көрсетілмегеніне қарамастан, туынды болып табылады.

AG22. Осы Стандарттағы туынды шарттың анықтамасы базистік бап арқылы жиынтық есеп жүргізілетін шарттарға қолданылады (мысалы, белгіленген мөлшерлемесі бар борыштық құралды сатып алу туралы форвардтық шарт). Субъектілер есеп айырысу қарама-қарсы талаптарды ақша қаражаттарымен, басқа қаржы құралымен есепке алу арқылы, не қаржы құралдарын айырбастау арқылы жүргізілетін қаржылық емес баптарды сатып алу, немесе сату шарттары болуы мүмкін (мысалы, тауарды болашақта белгілі бір күні белгіленген баға бойынша сатып алу, немесе сату туралы шарт). Осындай шарт, ол субъектінің сатып алуға, сатуға, немесе тұтынуға күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық емес баптарды жеткізу мақсатында жасалған және қолданылуы жалғастырылған жағдайларды қоспағанда, осы Стандартты қолдану аясында болады (4-6-параграфтарды қараңыз).

AG23. Туынды құралдың айқындайтын сипаттамаларының бірі - ол бойынша бастапқы таза инвестициялардың басқа түрдегі, осындай түрде нарықтық конъюнктураның өзгерісіне кері әсер ететінін күтуге болатын шарттар үшін талап етілгенге қарағанда аз болатыны болып табылады. Опциондық келісімшарт осы анықтамаға қанағаттандырылады, себебі опцион үшін төленетін сыйлықақы опцион байланыстырылған базистік қаржы құралын сатып алу үшін, қажетті инвестициялардың құнынан біршама аз болады. Әділ құнның бірдей мәні бар әртүрлі валюталарды бастапқы айырбастау талап етілетін валюталық своп осы анықтамаға сай келеді, себебі ол бойынша бастапқы таза инвестиция нөлге тең.

AG24. Қаржы активін сатып алуға, немесе сатуға арналған үлгі шарт мәміле күнінің және есеп айырысу күнінің арасындағы кезеңдегі белгіленген баға бойынша орындау міндеттемесінің туындауына әкеп соғады, бұл туынды құралдың анықтамасына сай келеді. Дегенмен, ол осы міндеттеменің жалғастырылмауынан туынды қаржы құралы ретінде танылмайды. Оның орнына Стандартта осындай үлгі шарттарды есепке алу тәртібі көзделеді (40 және AG68-AG71-параграфтарды қараңыз).

AG 25. Туынды құралдың анықтамасында шарт бойынша тараптар үшін нақты сипаты жоқ қаржылық емес айнымалылар туралы айтылған. Олардың қатарына нақты аймақтағы жер сілкінісінен шығындардың индексі, немесе нақты қаладағы температураның индексі кіреді. Шарт бойынша тараптар үшін нақты сипаты жоқ қаржылық емес айнымалыларға шарт бойынша тараптың активін бұзатын, немесе бүлдіретін өрттің басталуы, немесе басталмауы кіреді. Егер әділ құн осындай активтердің нарықтық құнының өзгерісін (қаржылық айнымалыны) ғана емес, сонымен бірге ол иеленген нақты қаржылық емес активтің жай-күйін көрсетсе, қаржылық емес активтің әділ құнындағы өзгерістің иеленуші үшін нақты сипаты болады. Мысалы, егер нақты автомобильдің жою құнының кепілдігі кепілді автомобильдің физикалық күйіндегі өзгерістер тәуекелдігіне ұшыратса, онда осы жою құнындағы өзгерістің осы автомобильді иеленуші үшін нақты сипаты болады.



Мәміле бойынша шығындар

AG26 Мәміле бойынша шығындарға агенттерге (оның ішінде сату жөніндегі агент болып жұмыс істейтін қызметшілерге), консультанттарға, брокерлерге және дилерлерге төленген сыйақы және комиссиялық алымдар; реттеуші органдардың және қор биржаларының алымдары, сондай-ақ қаражат аудару бойынша салықтар мен алымдар кіреді. Мәміле бойынша шығындарға борыштық құралдар бойынша сыйлықақылар, қаржыландыруға арналған шығындар, ішкі басқару шығыстары және активтерді басқару бойынша шығындар кірмейді.



Саудаға арналған қаржы міндеттемелері

AG27 . Жалпы жағдайдағы сауда активтік және жеке сатып алулар мен сатуларға саяды, бұл ретте саудаға арналған қаржы құралдары, әдетте, делдал бағасының немесе маржасының қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында пайдаланылады.

AG28. Саудаға арналған қаржы құралдарына мыналар жатады:

(а) Есепте хеджирлеу құралы ретінде көрсетілмеген туынды міндеттемелер;

(b) Сатушының «қысқа» сатулар кезінде бағалы қағаздар жеткізу жөніндегі міндеттемелері (бағалы қағаздарды оларды қарызға алған және ол сату кезінде иеленбеген сататын субъектінің);


  1. Қысқа мерзімдерде кері сатып алу ниетімен келтірілген қаржы міндеттемелері (мысалы, эмитент әділ құнындағы өзгерістерге қарай қысқа мерзімдерде кері сатып алатын бағасы белгіленетін борыштық бағалы қағаз); және

(d) Жиынтық негізде басқарылатын және жасалатын мәмлелер қысқа мерзімді тұжырымда пайда алуға бағытталған, біріктірілген қаржы құралдары портфелінің бір бөлігі болып табылатын қаржы міндеттемелері.

Міндеттеме сауда қызметін қаржыландыру үшін, пайдаланылатын фактісі өз бетінше оны саудаға арналған ретінде айналдырмайды.



Төленуі көзделген Инвестициялар

AG29. Егер төмендегі жағдай орын алса, субъект қаржы активіндегі инвестицияны төлемге қоюды дұрыс мақсат деп тұтпайды:

(a) субъект қаржы активін шегі белгіленбеген уақыт аралығында ұстауды мақсат етсе;

(b) Субъект қаржы активін нарықтық пайда мөлшерлемесі, немесе тәуекелдігіндегі өзгерістерге, төлемге қабілеттілік қажеттіліктеріне, альтернативті инвестиция нәтижесі мен жарамдылығындағы өзгерістер, қаржы көздеріндегі өзгерістер, және шетелдік валюта тәуекелдігіндегі талаптар мен өзгерістерге орай, сатуға дайын тұрса (егер субъектімен мардымды түрде бақыланған болуы мүмкін емес және туындаған жағдай қайталанбас нысанда болғанын қоспағанда) ; және

(c) Эмитенттің қаржы активін оның амортизациялық құнынан едәуір төмен мөлшерде бекітуге құқығы бар.

AG30. Өзгермелі пайда мөлшерлемесі бар қарыз құралы төлемге қойылған инвестицияның белгілерін қанағаттандыра алады. Қаржы құралдары төлемге қойылған инвестиция рөлін атқара алмайды себебі олардың шексіз әрекет ету күші болады (жай үлестер сынды), немесе иемденушінің қабылдауы мүмкін сомалар алдын ала анықталмаған ретте өзгеруі мүмкін (үлестік опциондарға, бұйрық және соған ұқсас құқықтарға сынды). Төлемге қойылған инвестицияның анықтамасына қатысты, бекітілген не айқындалған төлемдер және бекітілген төлемділік келісімшарттық жоспардың пайда және бастапқы төлемдер сынды иемденушіге төлем жасау күні мен сомаларын айқындап береді. Төлем жасамаудың айтарлық тәуекелдігі қаржы активінің төлемге қойылған инвестиция ретінде сыныптастырылуының алдын алмайды себебі оның келісімшарттық төлемдері бекітілген, немесе айқындалған және сыныптастыруға қатысты өзге де белгілер кездеседі. Егер шексіз қарыз құралының мерзімдері пайда төлемдеріне шексіз кезеңдерді қамтамасыз ететін болса, құрал төлемге қойылған ретінде сыныптастырыла алмайды, себебі мұнда ешқандай төлем жасау күні болмайды.

AG31. Төлемге қойылған инвестиция ретінде сыныптастыруға арналған белгі егер иемденушінің сату мақсаты болса және ол сатылғанға, не төлем жасалғанға дейін активті ұстап тұруға қабілетті болса және иемденуші оның теңгерімдік құнының едәуір мөлшерін қайтарса, эмитентпен сатып алынатын қаржы активіне сай болады. Эмитенттің сатып алу опционы, егер жүзеге асырылғанда, оңай түрде активтің төлемділігін жылдамдатады. Дегенмен, егер қаржы активі иемденушінің активтің теңгерімдік құнының едәуір мөлшерін қайтармауы негізінде сатылатын болса, қаржы активі төлемге қойылған инвестиция ретінде сыныптастырыла алмайды. Субъект кез келген төленген сыйақы мен капиталға айналған мәміле құндарын теңгерім құнының едәуір мөлшерін қайтаруды айқындау барысында ескереді.

AG32. Жылжымалы қаржы активі (мысалы: эмитенттен қаржы активін төлеместен бұрын оны қайта төлеу, не сатып алуын иемденушінің талап ету құқығы болады) төлемге қойылған инвестиция ретінде сыныптастырыла алмайды, себебі қаржы активінің жылжымалы ерекшелігі үшін арналған төлем қаржы активін төленгенге дейін ұстап тұру мақсатын көрсетуге лайық емес.

AG33. Көптеген қаржы активтері үшін әділ құн амортизациялық құнға қарағанда тиімдірек болып табылады. Төлемге қою сыныптастырылуы ерекше жағдай болады, бірақ тек субъектінің инвестицияны төлемге қоюға дұрыс мақсаты не қабілеті болғанда ғана. Субъектінің іс әректтері оның инвестицияны төлемге қоюға арналған мақсатына және қабілетіне қатысты күмән тудыратын болса, 10-параграфын тиісті мерзім ішінде ерекшелікті жүзеге асырудың алдын алады.

AG34. Банк үстінен басқару сынды тек қашықтықта мүмкін болатын қолайсыз жағдай, немесе эмитентке әсер ететін ұқсас жағдай, субъектінің инвестицияны төлемге қоюдағы дұрыс мақсаты мен қабілетін шешуде бағаланатын дүние емес.

AG35. Төлемнен бұрынғы сатулар 10-параграфтағы талаптарды қанағаттандыра алар еді және сонымен қатар, субъектінің басқа инвестицияныы төлемге қоюдағы дұрыс мақсаты мен қабілеті жөнінде сауал туындамас еді – егер олар төмендегілердің кез келгеніне қатысты болса:

(a) Эмитент несие төлеуге қабілеттілігінің ауқымды түрде нашарлауы. Мысалы, сыртқы мөлшерлеме агенттігімен жасалатын несие мөлшерлемесіндегі төмендеуге алып келетін сауда, бастапқы танылу кезіндегі несие мөлшерлемесіне қатысты белгіленген эмитенттің несиеге білетсіздігіндегі ауқымды түрде нашарлау туралы ақпаратты қамтамасыз ететін болса, басқа инвестицияларды төлеуге қою мәселесін көтеру қажет емес. Сондай ақ, егер субъект қауіптіліктерді бағалауда үшкі мөлшерлемені қолданатын болса, аталған ішкі мөлшерлемелердегі өзгерістер эмитенттердің несиелік сапасын тиімді, сенімді және мардымды түрде бағалау беретін мөлшерлеме мен ішкі мөлшерлеме айқындауға қол жеткізетін болса, субъект несиеге білетсіздігі ауқымды түрде нашарлаған эмитенттерді анықтай алады. Егер қаржы активтерінің құнсыздануы туралы ақпарат болса, (67 және 68-параграфтарын қараңыз), әдетте несиеге білетсіздіктегі нашарлау маңызды болып табылады.

(b) Төлемге қойылған инвестициядағы пайданың салық төлеуден босату мәртебесін төмендету, не алып тастау туралы салық заңнамасындағы өзгеріс (бірақ пайда кірісіне қолданылатын салық мөлшерлемесіндегі сілтемелерді тексеретін заңнамадағы өзгеріс емес).

(c) Аса маңызды субъект бірігуі немесе аса маңызды орналасу (субъектінің пайда мөлшерлемесіндегі тәуекелдік бағыты мен несиелік тәуекелдік саясатын қолдауда төлемге қойылған инвестицияларды сату, не өткізуді қажет ететін бөлік сынды (субъект бірігуі субъектінің бақылауында орын алатын оқиға, несиелік тәуекелдік саясаты, не пайда мөлшерлемесіндегі тәуекелдікті қолдауға арналған инвестиция қоржынындағы өзгерістер болжанғаннан гөрі туынды болуы мүмкін).

(d) Бекітуші, не реттеуші талаптардағы өзгеріс инвестицияның арнайы түрлерінің ең жоғарғы деңгейі, немесе рұқсат етілген инвестицияны құрау арқылы ауқымды түрде түзетеді, сондай-ақ, төлемге қойылған инвестицияны орналастыруды туғызады.

(e) Өндірістің реттеуші капитал талаптарының ауқымды түрде көтерілуі төлемге қойылған инвестицияларын сату арқылы субъектінің өз құрамын азайтуын туғызады.

(f) Реттеуші тәуекелдікке негізделген капиталдық мақсаттағы төлемге қойылған инвестициялардағы тәуекелдік массаларының ауқымды түрде көтерілуі.

AG36. Субъект төлемге қойылатын инвестицияларды ұстау қабілетін бекітілген төлемі бар қаржы активтерінде егер төмендегі жағдай орын алса, көрсетпейді:



  1. Төлем жасалғанға дейін инвестицияны қаржыландыруды жалғастыруға қабілетті қаржы ресурстарын субъект иемденбейді; немесе



  1. Ол қаржы активін төлемге қоюға кедергі ететін құқық не мәжбүрлеудің пәні болып табылады. (Дегенмен, эмитенттің сатып алу опционы субъектінің қаржы активін төлемге қою мақсатына кедергі жасамайды—AG31-параграфты қараңыз).

AG37. AG29–AG36-параграфтарда айқындалғандардан өзге жағдаяттар сол субъектінің инвестицияны төлемге қоюға дұрыс мақсаты, не қабілеті жоқ екендігін көрсетуі мүмкін.

AG38. Субъект өзінің инвестицияны төлемге қою мақсаты мен қабілетін тек сол қаржы активтері бастапқы танылған кезде ғана емес, сондай ақ, әрбір кеінгі есепке алу мерзімінің соңында бағалайды.



Берілетін Қарыздар мен дебиторлық Қарыздар

AG39. Бекітілген, не айқындалған төлемдері бар кез келген туынды емес қаржы активі (қарыз активтері, дебиторлық қарыздар, қарыз құралдарындағы инвестициялар және банктерде сақталған жинақтарды қоса алғанда) тұрақты түрде, берілетін қарыздар мен дебиторлық қарыз анықтамасына сай келеді. Дегенмен, белсенді нарықта бекітілген қаржы активі (бекітілген қарыз құралы сынды, AG103-параграфты қараңыз) берілетін қарыз ретінде сыныптастырылуыға сай келмейді. Берілетін қарыз, немесе дебиторлық қарыз анықтамасына сай келмейтін қаржы құралы (10 және AG29–AG38 параграфтарды қараңыз) сыныптастыруға арналған талаптарға сай келсе, төлемге қойылған инвестиция ретінде сыныптастыру бойынша айқындалады. берілетін қарыз, не дебиторлық қарыз ретінде сыныптастырыла алатын қаржы активінің бастапқы танылған кезінде, субъект оны пайда, не шығыны бойынша әділ құндағы қаржы активі, не сатылуға қойылған қаржы активі ретінде жариялай алады.



Енгізілген туынды құралдар (11-13-параграфтар)

AG40 . Егер негізгі шарттың мәлімделген, немесе алдын ала белгіленген өтеу мерзімі болмаса және субъектінің оның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалған активтерінің үлесіне құқығын білдірсе, онда оның экономикалық сипаттары және тәуекелдіктері үлестік құралдың экономикалық сипаттарына және тәуекелдіктеріне ұқсас, сондықтан енгізілген туынды құралдың сол субъектіге қатысты үлестік сипаттары болуы тиіс және осы жағдайда ол негізгі шартпен тығыз байланыс ретінде қарастырылады. Егер негізгі шарт үлестік құрал болып табылмаса және қаржы құралының анықтамасына сай келсе, онда оның экономикалық сипаты және тәуекелдігі үлестік құралдың экономикалық сипаттарына және тәуекелдіктеріне ұқсас.

AG41. Енгізілген опционсыз туынды құрал (мысалы, енгізілген форвард немесе айырбас) өзінің негізгі шартынан оның мәлімделген немесе түсіндірілген талаптары негізінде бастапқы мойындау кезінде оның әділ құны нөлге тең болуы үшін бөлінеді. Енгізілген опциондық туынды құрал (енгізілген сатуға арналған опцион, сатып алуға арналған опцион, кэп, флор, немесе свопцион сияқты) өзінің негізгі шартынан опционды орындаудың мәлімделген талаптары негізінде бөлінеді. Енгізілген туынды құрал бөлінгеннен кейін негізгі құралдың бастапқы қаржылық жағдай туралы есептік құны қалдық мөлшерді құрайды.

AG42. Жалпы алған жағдайда көптеген енгізілген туынды құралдар гибрид келісімшарт құрамында есепте бірыңғай құрама енгізілген туынды құрал ретінде көрсетіледі. Дегенмен, үлестік ретінде сыныптастырылып енгізілген туынды құралдар (28 ҚСҚЕХС қараңыз) активтер, немесе міндеттемелер ретінде сарапталғандардан бөлек есепке алынады. Сонымен қатар, егер гибрид келісімшарт өзінің құрамында бір, немесе одан көп енгізілген туынды құралдары болса және осы туынды құралдар әртүрлі тәуекелдіктерге жатқызылса және жеңіл бөлінетін және бір-біріне тәуелсіз болып табылса, олар есепте бір-бірінен бөлек көрсетіледі.

AG43. Енгізілген туынды құралдың экономикалық сипатының және тәуекелдіктерінің негізгі шартпен тығыз байланысы болмаған жағдайлар (12(а)-параграфтар) келесі мысалдарда көрсетілген. Осы мысалдарда 12(b) және (с)-параграфының талаптарын сақтау шартымен субъект енгізілген туынды құралды негізгі шарттан бөлек есепке алады.

(а) Құралға енгізілген, иеленушіге эмитенттен құралды белгілі бір ақша қаражатының сомасына сатып алуды немесе басқа активтерге айырбастауды талап етуге мүмкіндік жасайтын және акциялар немесе тауарлар бағаларының өзгеруіне немесе биржалық индекстің өзгеруіне қарай болатын сатуға арналған опционның негізгі борыштық құралмен тығыз байланысы жоқ.

(b) Үлестік құралға енгізілген, эмитентке осы үлестік құралды белгілі бір баға бойынша қайтадан сатып алуға мүмкіндік жасайтын сатып алуға арналған опционды иеленушінің көзқарасынан алғанда негізгі үлестік құралмен тығыз байланысы жоқ (эмитенттің көзқарасы бойынша, сатып алуға арналған опцион ол осындай сыныптастырудың 28 ҚСҚЕХС белгіленген талаптарына сәйкес келуі шартымен үлестік құралды білдірсе, онда ол осы Стандартты қолдану аясынан алынып тасталады).

(с) Борыштық құралдың өтеу мерзімін ұзарту көзделетін құқықтың немесе автоматты талаптың, ұзарту сәтінде бір мезгілде пайыздың нарықтық үлгі мөлшерлемесі ескеріле отырып түзету жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, борыштық құрал бойынша негізгі шартпен тығыз байланысы жоқ. Егер субъект борыштық құрал шығарса және осы борыштық құралды ұстаушы опционды оны үшінші субъектінің сатып алуы үшін жазып берсе, эмитент осы опционды эмитентке аталған опционды орындау нәтижесінде осы борыштық құралдың қайталама маркетингіне қатысу, немесе көмектесу туралы талап ұсынылуы шартымен осы құралдың өтеу мерзімін ұзарту құқығы ретінде қарайды.



  1. Үлестік құралдарға байланыстырылған, негізгі борыштық құралға немесе қолданылуымен пайыздардың немесе негізгі соманың өлшемдері үлестік құралдарының құнына байланыстырылған сақтандыру шартына енгізілген пайыздар немесе борыштың негізгі сомасын төлеудің негізгі құралмен тығыз байланысы жоқ, себебі негізгі шартқа тән тәуекелдіктер және енгізілген туынды құралға тән тәуекелдіктер арасында айырмашылық бар.

(е) Тауар индексіне байланыстырылған, қолданылуымен пайыздардың, немесе негізгі соманың өлшемдері тауардың (мысалы, алтынның) бағасына байланыстырылған сақтандыру шартына енгізілген пайыздар, немесе борыштың негізгі сомасын төлеудің негізгі құралмен тығыз байланысы жоқ, себебі негізгі шартқа тән тәуекелдіктер және енгізілген туынды құралға тән тәуекелдіктер арасында айырмашылық бар.

(f) Айырбасталатын борыштық құралға енгізілген үлестік бағалы қағаздарды конвертациялау құқығының құралды иеленушінің көзқарасынан алғанда негізгі борыштық құралмен тығыз байланысы жоқ (эмитенттің көзқарасы бойынша үлестік бағалы қағаздарға айырбастау құқығы оның 28 ҚСҚЕХС сай осындай сараптауға сәйкес келуі шартымен үлестік құрал болып табылады және осы Стандартты қолдану аясынан алынып тасталады).

(g) Негізгі борыштық құралға енгізілген сатып алуға, сатуға тартуға немесе алдын ала ақы төлеуге арналған опционның немесе негізгі сақтандыру шартының, әрбір орындау күніндегі опционның орындау бағасы жобамен борыштық құралдың амортизацияланған құнына, немесе негізгі сақтандыру шартының қаржылық жағдай туралы есептік құнына тең болуы жағдайын қоспағанда, 28 ҚСҚЕХС сәйкес осы негізгі құралмен тығыз байланысы жоқ:

(һ) Негізгі борыштық құралға енгізілген және бір тарапқа («Пайда алушыға») оның меншігінде бар, немесе жоқ нақты шығыс активінің несиелік тәуекелдігін басқа тарапқа («Гарантқа») өткізуге мүмкіндік беретін несиелік туынды құралдардың негізгі борыштық құралмен тығыз байланысы жоқ. Осындай несиелік туынды құрал гарантқа көрсетілген активке, бұл ретте оның тікелей иеленушісі болып табылмай, ілеспе несиелік тәуекелдікті қабылдауға мүмкіндік береді.

AG44. Гибридтік келісім-шарт мысалы ұстаушысының оны эмитентке ақшаға, немесе басқа қаржы активтеріне айырбастау арқылы кері сату құқығы бар және бағасы көтерілуі, немесе төмендеуі мүмкін қор және тауар индекстерінің өзгерістеріне қатысты өзгеретін қаржы құралы болып табылады («мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар» құрал). Алғашқы мойындаудан кейін эмитент пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттеме ретінде мерзімінен бұрын өтеу құқығымен құралды сыныптастыратын жағдайларды қоспағанда, енгізілген туынды құралын (яғни, негізгі соманың индекстелген төлемін) 12-параграфқа сәйкес бөлу қажет, себебі негізгі шарт AG40-параграфқа сәйкес борыштық құрал болып табылады, ал негізгі соманың индекстелген төлемі AG43(а) параграфқа сәйкес негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты болып табылмайды. Негізгі сома ұлғаятын және азайтылатын болғандықтан, енгізілген туынды құрал құны базистік айнымалыға қатысты индекстелетін опционсыз туынды құралды білдіреді.

AG45. Әңгіме мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар, кез келген уақытта ұйымның таза активтерінің (мысалы, ашық инвестициялық пай қорының немесе инвестициялық өнімдер нарығында тартылған кейбір пайлардың) құнының пропорционалдық үлесіне тең ақша қаражатының сомасына кері сатып алынуы мүмкін құрал туралы болып отырған кезде, енгізілген гибрид келісімшартты бөліп алу және әрбір компонентті есепке алу құрама құралды, егер құралдың ұстаушысы оны эмитентке кері сатуға өзінің құқығын жүзеге асырса, есепті күні төлеуге жататын өтеу сомасы бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

AG46. Төмендегі мысалдарда келтірілген енгізілген туынды құралдың экономикалық сипаттамалары және тәуекелдіктері негізгі шарттың экономикалық сипаттамаларымен және тәуекелдіктерімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы мысалдарда субъект енгізілген туынды құралдың есебін негізгі шарттан бөлек жүргізеді.

(а) Пайыздық кіріс әкелетін негізгі борыштық келісімшарт, немесе сақтандыру шарты бойынша төленетін, немесе алынатын пайыздардың сомасын өзгертуі мүмкін пайыздық мөлшерлемеге, немесе пайыздық индекске байланыстырылған енгізілген туынды құрал негізгі құрал мен құрама шарт, оның ұстаушысы өзінің танылған инвестицияларының барлық сомасын шын мәнінде өтей алмайтындай түрде, не енгізілген гибрид келісімшарт кемінде иеленушінің негізгі шарт бойынша пайдасының бастапқы нормаларын екі есе ұлғайтқан және пайда нормасының кемінде негізгі шарттың талаптарына тепе-тең талаптары бар шарттар үшін нарықтық норманы екі есе арттыруға алып келген кезде реттелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, тығыз байланысты.



  1. Егер шартты шығару кезінде кэп нарықтық пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде немесе асып тұрса, ал флор нарықтық пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде немесе одан төмен тұрса, бұл ретте флор немесе кэп негізгі шарт бойынша реттелмесе, борыштық келісімшарт, немесе сақтандыру шарты бойынша енгізілген пайыздық флордың, немесе кэптің негізгі шартпен тығыз байланысы бар. Осылайша, егер кэп те және флор да шартты қолдану басталғанда «ақшадан тыс» болса және реттеу мәні болса, активті (мысалы, тауарды) сатып алу, немесе сату туралы шарттың активтің сатып алу, немесе сату бағасына флор, немесе кэп белгіленетін талаптары негізгі шартпен тығыз байланысқан.



  1. Шетелдік валютаның кіріктірілген туынды құралы негізгі соманы өтеу есебіне төлемнің бағытталуын, немесе шетелдік валютада пайыздардың төленуін қамтамасыз етеді және негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты негізгі борыштық құралға (мысалы екі валюталы облигация) кіріктіріледі. Мұндай туынды негізгі құралдан ажыратылмайды, өйткені 4 ҚСҚЕХС монетарлық баптар бойынша пайдалар мен шығындар мөлшерлемесін пайда немесе шығын баптарында мойындауды талап етеді.



  1. Сақтандыру шартын білдіретін немесе қаржы құралы болып табылмайтын негізгі шарттағы (бағасы шетел валютасымен көрсетілген қаржылық емес бапты сатуға немесе сатып алуға арналған шарттағыдай) енгізілген валюталық туынды құрал оның реттеудің мәні болып табылуы, опционның сипаттамалары жоқ және ол бойынша мынадай валюталардың бірімен көрсетілген төлемдер талап етілуі шартымен негізгі шартпен тығыз байланысты болып табылады:

(і) Осы шарт бойынша кез келген маңызды тараптың функционалдық валютасымен;

(іі) Әдетте халықаралық сауда барысында сатып алу, немесе жеткізу кезінде тиісті тауардың, немесе қызмет көрсетудің бағасы көрсетілетін валютамен (мысалы, өңделмеген мұнай үшін АҚШ доллары); немесе

(ііі) Әдетте мәміле жасалатын экономикалық ортада қаржылық емес активтерді сатып алу, немесе сату туралы шарттарда қолданылатын валютамен (мысалы, әдетте сол жерде немесе сыртқы саудадағы іскерлік операцияларда қолданылатын тұрақты және өтімді валютамен).


  1. Тұрақты пайызы бар купон, немесе басты бөлікке арналған купон бойынша алдын ала төлемнің кіріктірілген опциясы негізгі келісімшартпен тығыз байланысты, мұндайда негізгі келісімшарт (i) басынан бастап-ақ қаржы құралының қолма-қол ақша қаражатының келісімді қозғалысын алу құқығынан туындаған және (ii) негізгі борыштық келісімшарттың түпнұсқасында бар ешқандай да шарттар мен мерзімдерді қамтымауы тиіс.



  1. Негізгі келісімшарттағы кіріктірілген туынды құрал негізгі келісімшартпен тығыз байланысты, мұндайда кіріктірілген туынды құрал (i) сатып алушының бағасының индексінің пайдасына жалдық төлем индексінің мысалы секілді инфляциямен байланысты индекс болуға (осы жағдайда жалдау қарыз қаражаттарының есебіне жүргізілмеген және индекс ұйымның өзінің экономикалық аясындағы инфляцияға қатысты болған), (ii) сәйкес сатылымдарға негізделген шартты жалдық төлемге немесе (ііі) құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге негізделген шартты жалдық төлемге негізделеді.

(g) Негізгі қаржы құралына, немесе негізгі сақтандыру шартына енгізілген пай опционының, егер пайлармен жасалған төлемдер осы инвестициялық қордың активтерінің әділ құнының мәнін көрсететін құнның ағымдағы мәндері бойынша бағаланса, негізгі құралмен, немесе шартпен тығыз байланысы болады. Пай опционы ішкі, немесе сыртқы инвестициялық қордың пайларымен төлеуді талап ететін шарттық талаптардың бірін білдіреді.

(h) Сақтандыру шартына енгізілген туынды құрал негізгі сақтандыру шартымен тығыз байланысты, егер осы енгізілген туынды құрал және негізгі шарт субъектінің осы енгізілген туынды құралды бөлек бағалауға (яғни негізгі шартты есепке алмай) мүмкіндігі болмайтындай өзара байланысты болса.



Енгізілген туынды құралдар бар құралдар

AG 47. Егер субъект бір, немесе бірнеше енгізілген туынды құралдар бар гибридтік (құрама) келісімшарттың қатысушысы болса, онда ол 12-параграфтың талаптарына сәйкес кез келген осындай туынды құралды бірегейлендіруі, оның негізгі шарттан бөліну қажеттілігін айқындауы және осындай бөлінуге жататын құралдарға қатысты оларды бастапқы мойындау кезінде және салдарынан әділ құны бойынша бағалауы тиіс. Осы талаптарды орындау неғұрлым күрделі болуы мүмкін немесе барлық құралды тұтастай алғанда пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағалау кезінде шынайылығы аз нәтижеге алып келуі мүмкін. Осы себеп бойынша Стандарт бүкіл құралды пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастырады.

AG 48. Осындай сыныптастыру, 12-параграфтың енгізілген туынды құралдарды негізгі шарттан бөлуді талап ететініне, немесе тиым салатынына қарамастан қолданылады. Дегенмен, 13-параграф, әңгіме 12(а) және (b) параграфтарда жазылған жағдайлар туралы болып отырған кезде гибридтік (құрама) келісімшартты пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастыру үшін, негіздер бермейді, себебі бұл рәсімдерді жеңілдетуге және сол сияқты нәтижелердің шынайылығын арттыруға да алып келмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет