Хеджирлеу
80. Егер хеджирлеу құралы және хеджирленетін бап арасында 95-98-параграфтарда және А қосымшасының AG142-AG144 – параграфтарында айтылғандай хеджирлеу қатынасы айқындалса, онда хеджирлеу құралы және хеджирленетін бойынша пайданы, немесе шығынды есепке алу 99-113-параграфтарында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырған дұрыс.
Хеджирлеу құралдары
Белгілі бір талаптарға жауап беретін хеджирлеу құралдары
81. Осы Стандарт туынды құралды 98-параграф ережелерін сақтау шартында хеджерлеу құралы ретінде кейбір жіберілген опциондарды қоспағанда, танылуы мүмкін болатын жағдайларға шек қоймайды (А қосымшасының AG127 параграфын қараңыз). Дегенмен, туынды құрал болып табыла алмайтын қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттер тек валюталық тәуекелді хеджерлеуге арналған хеджерлеу құралы ретінде айқындалуы мүмкін.
82. Хеджирлеуді есепке алу мақсатымен, есеп беретін субъектіге қатысты сыртқы тарап (есеп ұсынылатын топқа, сегментке, немесе бөлек субъектіге қатысты сыртқы) қатысатын құралдар ғана хеджирлеу құралы ретінде айқындалуы мүмкін. Сондай-ақ, жекелеген субъектілер шоғырландырылған топ шеңберіндегі немесе бір субъекті шеңберіндегі бөлімше субъектілер тобы шеңберінде басқа субъектілермен, немесе бір субъекті шеңберіндегі басқа бөлімшелермен мәмілелер жасауы мүмкін, осындай мәмілелерден пайдалар және шығындар есептілікті шоғырландыру барысында алынып тасталады. Сондықтан хеджирлеу жөніндегі осындай мәмілелер шоғырландырылған қаржы есептілігі шеңберінде хеджирлеуді есепке алу талаптарына сай келмейді. Алайда, олар олардың есеп ұсынылатын жекелеген субъектіге, немесе сегментке қатысты сыртқы болып табылатын болса, топ құрамындағы, немесе сегменттік есептіліктегі жеке алынған субъектілердің жеке, немесе жеке алынған қаржы есептілігі шеңберінде осындай талаптарға сай келуі мүмкін.
Хеджирлеу құралдарын анықтау
83. Әдетте, тұтастай алғанда, барлық хеджирлеу құралының әділ құнын әрқашан біржақты айқындауға болады, бұл ретте әділ құнының өзгерісін туғызатын факторлар өзара байланысты болып табылады. Осылайша, алғанда субъект хеджирлеу қатынасы кезінде тұтастай алғанда барлық хеджирлеу құралын пайдаланады. Мынадай:
(а) Опционның ішкі және уақытша құндары бөлінген және хеджирлеу құралы ретінде опционның уақытша құнының өзгерісін есепке алмастан оның ішкі құнының өзгерісі ғана айқындалған; және
(b) Форвард келісімшартының мөлшерлемесі пайыздық эмитентке және «Спот»
(с) Бағасына бөлінген жағдайларда ерекшелікке жол беріледі.
Осы ерекшеліктер опционның ішкі құны және форвард шарты бойынша сыйлықақы әдетте бір-біріне бөлек есептелгендіктен болуы мүмкін. Хеджирлеуді есепке алу талаптарына опционның ішкі және сол сияқты уақытша құндары бағаланатын хеджирлеудің динамикалық стратегиясы сәйкес келуі мүмкін.
84. Хеджирлеу қатынасы кезінде хеджирлеу құралының белгілі бір бөлігі мысалы оның номиналдық 50% хеджерлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін. Дегенмен, хеджирлеу қатынасы хеджирлеу құралы айналымда болған уақыттардағы кезеңдегі бөліктер үшін анықтала алмайтын болады.
85. Хеджирлеудің бірдей құралы тәуекелдіктің бір, немесе одан көп түрін хеджирлеу үшін (а) хеджирленетін тәуекелдікті жеткілікті түрде нақты айқындау; (b) хеджирлеудің тиімділік дәрежесі көрнекті түрде көрсетілуі; және (с) хеджирлеу құралын нақты пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ әртүрлі тәуекелдік бойынша ұстанымдарды дәл айқындау шартымен пайдаланылады.
86. Екі немесе одан көп туынды қаржы құралын, немесе олардың бөліктерін (немесе - валюта тәуекелдігі хеджделген, немесе олардың бөліктерін, немесе туынды және туынды емес қаржы құралдарының, немесе олардың бөліктері үйлескен жағдайда - екі немесе одан көп туынды емес қаржы құралын) үйлесуде қарауға және бір құралға байланысты туындаған тәуекелдік (тәуекелдіктер) басқа құралдарға байланысты туындаған тәуекелдіктерді өтейтін жағдайларды қоса алғанда, бірлесіп хеджирлеу құралы ретінде айқындауға болады. Сонымен қатар, пайыздық «мойындаулар», немесе жазылып берілген және сатып алынған опционды үйлестіретін өзге туынды құралдар хеджирлеу құралы ретіне сыныптастырмайды, егер олар шын мәнінде жазылып берілген таза опциондарды білдірсе (яғни, олар бойынша таза сыйлықақы алынады). Осылайша, екі немесе одан көп құралдар (немесе олардың бөліктері), егер олардың ешқайсысы да жазылып берілген, немесе жазылып берілген таза опционды білдірмейтін болса, хеджирлеу құралы ретінде айқындалуы мүмкін.
Хеджирленетін баптар
Белгілі бір талаптарға жауап беретін баптар
87. Қаржылық жағдай туралы есепте танылған актив, немесе міндеттеме, танылмаған, оған қатысты мәміленің оны жасаудың жоғары ықтималдылығы болатын нақты келісім, немесе шетелдік операцияға таза инвестициялар хеджирленетін бап ретінде болады. Осындай хеджирленетін бап (а) бөлек актив, міндеттеме, нақты келісім, жоғары ықтималды болжанған мәміле, немесе шетелдік қызметке таза инвестиция, не (b) активтердің, міндеттемелердің, нақты келісімдердің, тәуекелдіктің ұқсас сипаттамалары бар жоғары ықтималды болжанған мәмілелердің, немесе шетелдік қызметке таза инвестициялардың тобы не (с) пайыздық мөлшерлеме тәуекелдігін ғана портфельдік хеджирлеу кезінде - қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің осы хеджирлеу тәуекелдігіне ұшыраған бөлігі болып табылады.
88. Қарыз бен алымдардан өзгеше ретте, инвестицияның төленбелі болып аталуы инвестицияны төленгенге дейін, мұндай инвестицияға тиісті пайда мөлшерлемесіндегі әділ құн мен ақша ағындарындағы өзгеріске қатыссыз ұстап тұру талап етілетіндіктен, пайда мөлшерлемесінің тәуекелдігіне, немесе қайта төлеу тәуекелділігіне қатысты төленбелі инвестиция хеджирленетін бап бола алмайды. Дегенмен, төленбелі инвестиция шетел валютасын айырбастау мөлшерлемесіндегі өзгеріс пен кредиттік тәуекелділікке қатысты хеджирленген бап болып табылады.
-
Хеджирлеуді есепке алу мақсатында, хеджирленетін бап ретінде активтер, міндеттемелер, нақты келісімдер, немесе есеп беретін субъектіге қатысты сыртқы тарап қатысатын жоғары ықтималды болжанған мәмілелер ғана тағайындалуы мүмкін. Осыдан, хеджирлеуді есепке алу субъектілер, немесе сегменттер арасында бірдей топ құрамындағы субъектілер, немесе сегменттер арасындағы мәмілелерге қатысты тұтастай алғанда топтың шоғырландырылған қаржы есептілігінде емес, осы субъектілердің немесе сегменттердің жеке, немесе бөлек қаржы есептілігінде ғана жүзеге асырған дұрыс болады. Ерекшелік ретіне топ ішіндегі ақша бабы бойынша валюта тәуекелдігі (мысалы, екі еншілес субъекті арасындағы кредиторлық/дебиторлық берешек), егер нәтижесінде Шетелдік Айырбастау Мөлшерлемесіндегі Өзгерісінің Әсері 4 ҚСҚЕХС сәйкес, шоғырландырылған есептілік кезінде толық алынып тасталмайтын мөлшерлемелік пайдалар, немесе шығындар тәуекелдігі туындаса, шоғырландырылған қаржы есептілігінде хеджирленетін бап ретінде сыныптастырылуы мүмкін. 4 ҚСҚЕХС сәйкес шоғырландырылған есептілік кезінде топ ішіндегі ақша баптары бойынша мөлшерлемелік пайдалар және шығындар топ ішіндегі ақша баптары топ құрамындағы, түрлі функционалдық валютасы бар екі субъекті арасындағы мәміленің мәні болып табылған жағдайда толық алынып тасталмайды. Сонымен қатар, жоғары ықтималды болжанған топ ішіндегі мәміленің валюта тәуекелдігі осы мәміленің осы мәмілеге кіретін субъектінің функционалдық валютасы болып табылмайтын валютамен көрсетілуі және валюта тәуекелдігі шоғырландырылған пайдаға немесе шығынға әсер етуі шартымен шоғырландырылған қаржы есептілігінде хеджирленетін бап ретінде сыныптастырылуы мүмкін.
Қаржы баптарының хеджирленетін баптар ретінде анықталуы
90. Қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін хеджирлеу кезінде оған қатысты ақша қаражатының ағындары, немесе оның әділ құны бойынша ғана (мысалы, шартта көзделген бір, немесе одан көп ақша ағындары, немесе осы ағындардың бөліктері, немесе әділ құнның пайыздық мөлшерлемесі) ілесетін тәуекелдіктер хеджирлеу тиімділігінің анықтауға жатқызылуы шартымен хеджирленетін бап ретінде сыныптастырылады. Мысалы, активке, немесе міндеттемеге пайыздық кіріс әкелетін кіріске ілесетін пайыздық тәуекелдіктің бірегейлендірілетін және бөлек анықталатын бөлігі (мысалы, хеджирленетін қаржы құралының жалпы ашық пайыздық позициясының бөлігі болып табылатын тәуекелдіксіз пайыздық мөлшерлеме, немесе пайыздық бағдар мөлшерлеме).
91. Қаржы активтерінің, немесе қаржы міндеттемелерінің портфеліне ілесетін пайыз мөлшерлемесі тәуекелдігінің әділ құнын хеджирлеу кезінде (және осындай хеджирлеу кезінде ғана) портфельдің хеджирленетін бөлігі активтердің (немесе міндеттемелердің) тізімі түрінде емес, ақша сомасының (мысалы, доллармен, еуромен, фунттармен, немесе рандтармен көрсетілген сомалар) терминдерінде айқындалуы мүмкін. Тәуекелдіктерді басқару мақсатында портфельге активтер және міндеттемелер кіруі мүмкін болса да, тиісті сома, не активтің сомасын, не міндеттемелердің сомасын құрайды. Активтер және міндеттемелер кіретін таза сомасын анықтауға жол берілмейді. Субъект осы анықталған сомаға байланысты пайыздық мөлшерлеме тәуекелдігінің бөлігін хеджирлей алады. Мысалы, алдын ала төленген активтер бар портфель хеджделген жағдайда, субъект әділ құнның бағаларды қайта қараудың шарттық күндері емес, күтілетін күні негізінде хеджирленетін пайыздық мөлшерлемені өзгертуге жатқызуға болатын осындай өзгерісін хеджирлей алады. Хеджиреленген бөлік күтілген бағаның бекітілу күндеріне негізделген жағдайда, хеджиреленген пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің күтілген бағаның бекітілу күндеріне әсері хеджиреленген баптың әділ құнының өзгерісін анықтау кезінде енгізілуі тиіс. Нәтижесінде, алдын-ала төленетін баптарды құрайтын портфель алдын-ала төленбейтін туындылармен бірге хеджиреленсе, хеджиреленген портфельдегі баптар алдын ала төленуі күтілетін күндер өзгертілген, немесе алдын ала төлену күндері күтілгеннен өзгеше болған жағдайда тиімсіздігі жоғарылайды.
Хеджирленетін ретіндегі қаржылық емес баптарды анықтау
92. Егер актив, немесе қаржылық емес міндеттеме хеджирленетін бап болып табылса, ол міндетті түрде (а) валюта тәуекелдігіне қолданылатындай немесе (b) ақша қаражаты ағындарының тиісті бөлігін, немесе валюталықты қоспағанда, нақты тәуекелдікке тікелей қатысты әділ құнның өзгерістерін бөліп көрсетудің және бағалаудың күрделілігіне байланысты тұтастай алғанда барлық тәуекелдіктерге қолданылатындай түрде анықталуы тиіс.
Хеджирленетін ретіндегі қаржы баптар тобын анықтау
93. Ұқсас активтер, немесе ұқсас міндеттемелер, егер жекелеген активтер, немесе жекелеген міндеттемелер осы топта хеджирленетін тәуекелдік олар үшін жалпы болған жағдайда ғана топ түрінде біріктіріледі және хеджирленеді. Сонымен қатар, топтың әрбір жекелеген элементінің хеджирленетін тәуекелдігіне қатысты әділ құнының бөлігіндегі өзгеріс бүкіл топтың хеджирленетін тәуекелдігіне қатысты әділ құнның бөлігіндегі жалпы өзгерістерге нақты пропорционалды болуы тиіс.
94. Субъект хеджирлеудің тиімділік дәрежесін хеджирлеу құралының (немесе ұқсас хеджирлеу құралдары топтарының) және хеджирленетін баптың (немесе ұқсас хеджирленетін баптар тобының) әділ құнының немесе ақша ағындарының әділ құнының өзгерісін салыстыру арқылы айқындайтындықтан, хеджирлеу құралын нақты хеджирленетін баппен емес жалпы сальдоланған (мысалы, бірдей өтеу мерзімі бар, белгіленген мөлшерлемесі бар барлық активтің және белгіленген мөлшерлемесі бар міндеттемелердің сальдосы) позициясымен салыстыру хеджирлеуді есепке алу талаптарына сай келмейді.
Хеджирлеуді есепке алу
95. Хеджирлеуді пайдада, немесе шығында есепке алу кезінде хеджирлеу құралының және тиісті хеджирленетін баптың әділ құнындағы өзгерістердің өзара есепке алынатын өзгерістері танылады.
96. Хеджирлеу қатынастарының үш түрі бар:
(а) Әділ құнды хеджирлеу: активтің, немесе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есебінде танылған әділ құнның, не танылмаған нақты келісімнің, немесе осындай активтің, немесе нақты келісімнің нақты тәуекелдікке қатысты және пайдаға, немесе шығынға әсер ететін белгілі бір үлесінің ықтимал өзгерістерін хеджирлеу;
(b) Aқша ағындарын хеджирлеу; ақша ағындарының ықтимал өзгерістерінен (і) қаржылық жағдай туралы есепте танылған активке, немесе міндеттемеге байланысты нақты тәуекелдікке (айнымалы пайыздық мөлшерлемесі бар борыштық міндеттеме бойынша барлық, немесе жекелеген болашақ төлемдерді хеджирлеу), немесе жоғары ықтималды болжанған мәмілеге қатысты және (іі) пайдаға, немесе шығынға әсер ететін хеджирлеу;
(с) 4 ҚСҚЕХС сәйкес шетелдік субъектіге таза инвестицияларды хеджирлеу.
97. Нақты келісімнің валюта тәуекелдігін хеджирлеу есепте әділ құнды хеджирлеу ретінде, не ақша ағындарын хеджирлеу ретінде көрсетілуі мүмкін.
98. Хеджирлеу қатынасы 99-113-параграфтарға сәйкес, төмендегідей барлық талаптар орындалған кезде ғана хеджирлеуді есепке алу талаптарына сай келе алады:
(а) Хеджирлеу қатынастарының ең басынан бастап субъектінің тәуекелдікті басқару және хеджирлеу стратегиясы аясындағы міндеттері ресми құжаттамаларда жазылады. Осы құжаттамада хеджирлеу құралы, оған байланысты хеджирленетін бап, немесе бизнестік операциясы, хеджирленетін тәуекелдіктің сипаты айқындалады, сондай-ақ субъект әділ құнның, немесе хеджирленетін баптың ақша ағындарының өзгерістерінің тәуекелдіктерін өтеу тұрғысынан алғанда хеджирлеу құралының тиімділігін қандай түрде бағалайтыны белгіленеді;
(b) Хеджирлеудің жоғары тиімді болатыны (А қосымшасының AG145-AG156 – параграфтарды қараңыз) және бастапқыда осы нақты хеджирлеу қатынасы үшін тұжырымдалған тәуекелдіктерді басқару стратегиясына сәйкес әділ құнның, немесе ақша ағындарының өзгерістерінің тәуекелдігін хеджирлеуге байланысты өтемақыны қамтамасыз ететіні түсініледі;
-
Ақша ағындарын хеджирлеуге арналған хеджирлену нысаны болып табылатын болжамдағы бизнестік операциялардың туындау ықтималдылығы жоғары және бұл жағдайда пайдаға немесе зарарға әсерін міндетті түрде тигізетін ақша ағындарының өзгерістеріне әкеліп соғатын қауіпті көрсету тиіс.
-
Хеджирлеудің тиімділігі сенімді түрде бағалануы мүмкін, яғни, хеджирленетін баптың хеджирленетін тәуекелдікке байланысты әділ құны немесе ақша ағындары және хеджирлеу құралының әділ құны шынайы түрде айқындалуы мүмкін (48 және 49-параграфтарды, сондай-ақ А қосымшасының AG113 және AG114-параграфтарын қараңыз, онда әділ құнды айқындау тәсілдеріне қатысты ұсыныстар бар);
-
Хеджирлеуді бағалау тұрақты негізде жүргізіледі, нәтижесінде оларға арналған Қаржы есептілігінің барлық кезеңдер бойы оның жоғары тиімділігі белгіленді.
Әділ құнды хеджирлеу
99. Егер есепті кезең ішінде әділ құнды хеджирлеу 88-параграф талаптарына сай келсе, оны есепке алу тек қана мынадай тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады:
(а) 4 ҚСҚЕХС Халықаралық стандартына сәйкес (туынды емес хеджирлеу құралына қатысты) айқындалатын хеджирлеу құралын әділ құны (туынды хеджирлеу құралына қатысты), немесе оның қаржылық жағдай туралы есептік құнының валюталық құрамы бойынша қайта бағалаудан пайданы, немесе шығынды пайдаға, немесе шығынға жатқызған дұрыс; және
(b) Хеджирленетін баптың қаржылық жағдай туралы есептік құны хеджирленетін бап бойынша хеджирленетін тәуекелдігіне жатқызылған пайдаларды, немесе шығынды есепке ала отырып, түзетілуі тиіс, ал осы пайдалар, немесе шығындар пайдалар мен шығындар шотында көрсетілуі тиіс. Бұл хеджирленетін бапты бағалау нақты шығындар бойынша жүргізілген жағдайларға жатады.
100. Қаржы активі, немесе қаржы міндеттемелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігі хеджделген жағдайда (және тек осындай хеджирлеу кезінде ғана) 99(b)-параграфының талабы хеджирленетін бапқа жататын пайдалар, немесе шығындарды көрсету арқылы сақталуы мүмкін:
(а) Активтер құрамында жеке бөлініп көрсетілген желілік бап ретінде - осы хеджирленетін бап актив болып табылатын мөлшерлемелерді қайта қарау кезеңдері бойынша; немесе
(b) Міндеттемелер құрамында жеке бөлініп көрсетілген желілік бап ретінде - осы хеджирленетін бап міндеттеме болып табылатын мөлшерлемелерді қайта қарау кезеңдері бойынша.
Осы бөліп көрсетілген, жоғарыдағы (а) және (b) тармақшаларында жазылған желілік баптар бірден қаржы активтері, немесе қаржы міндеттемелерінен кейін ұсынылуы тиіс. Осы желілік баптардың құрамына енгізілген сомалар олар жатқызылған активтерді, немесе міндеттемелерді мойындау тоқтатылғаннан кейін қаржылық жағдай туралы есептен есептен шығарылуы тиіс.
101. Егер хеджирлеу объектісі тек хеджирленетін баппен байланысты нақты тәуекелдіктер болып табылса, онда хеджирленетін баптың әділ құнының хеджирленетін тәуекелдікке байланысты емес танылған өзгерістері осы стандарттың 64-параграфында айқындалғандай, көрсетілуі тиіс.
102. Субъект перспективалық негізде хеджирлеу кезінде жүргізілуі 99-параграфта көзделген есепке алуды, егер;
(а) Хеджирлеу құралының айналыс мерзімі аяқталса, не құрал сатылса, немесе орындалса (осы мақсаттар үшін хеджирлеу құралын басқа хеджирлеу құралымен ауыстыру, немесе ұзарту құралды қолдану мерзімі аяқталған, немесе тоқтатылған ретінде қарастырылмайды, егер осындай ауыстыру, немесе ұзарту субъектінің құжаттандырылған хеджирлеу стратегиясының бөлігі болып табылса);
(b) Хеджирлеу бұдан әрі 98-параграфта жазылған хеджирлеу кезінде есепке алудың талаптарына сай келмесе; немесе
(с) Субъект хеджирлеу құралын белгілеуді жойса, тоқтатуға міндетті.
103. 99(b) параграфтың салдарынан туындаған және амортизациялық құны бойынша (немесе қаржылық жағдай туралы есептің бөлек желілік бабына қатысты 100-параграфта жазылған пайыздық мөлшерлеме портфельдік хеджделген жағдайда) бағаланатын хеджирленетін қаржы құралының қаржылық жағдай туралы есептік құнына қатысты жүргізілетін кез келген түзету пайда, немесе шығын шотына амортизациялануы тиіс. Амортизацияны түзету сәтінен бастап, бірақ әділ құнның хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылған өзгерістерін ескере отырып, хеджирленетін бапты түзету тоқтатылған кездегі сәттен кешіктірмей бастауға болады. Түзету амортизациялау басталған күнгі қайта саналған тиімді пайыздық мөлшерлемеге негізделеді. Дегенмен, қаржы активтері, немесе қаржы міндеттемелері портфелінің пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігі хеджделген жағдайда (және тек осындай жағдайда ғана) амортизацияны қайта саналған тиімді пайыздық мөлшерлемені қолданумен жүргізу дұрыс емес, түзету амортизацияны біркелкі есептеу әдісін қолданумен амортизациялануы тиіс. Түзету тиісті қаржы құралын қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе пайыздың мөлшерлемесі портфельдік хеджделген жағдайда мөлшерлемені тиісті қайта қарау мерзімі аяқталғанға дейін толық амортизациялануы тиіс.
104. Танылмаған нақты келісім хеджирленетін бап ретінде айқындалған кезде, осы нақты келісімнің әділ құнының хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылатын келесі жиынтық өзгерістері актив, немесе міндеттеме ретінде танылады, ал тиісті пайда, немесе шығын пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады (99(b)-параграфты қараңыз). Хеджирлеу құралының әділ құнының өзгерістері де пайдалар мен шығындар шотына жатқызылады.
105. Субъект активті сатып алу, немесе міндеттеме қабылдау туралы, әділ құнды хеджирлеу кезінде хеджирленетін бап болып табылатын нақты келісімге кірген кезде, осындай активтің немесе міндеттеменің ұйымның осы келісімнің талаптарын орындау нәтижесі болып табылатын бастапқы қаржылық жағдай туралы есептік құны осындай нақты келісімінің әділ құнының қаржылық жағдай туралы есепте танылған хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылған жиынтық өзгерістері ескеріле отырып түзетіледі.
Ақша ағындарын хеджирлеу
106. Егер ақша ағындарын хеджирлеу 98-параграфтың талаптарына сай келсе, оны есепке алу тек мынадай түрде ғана жүзеге асырылады:
(а) Тиімділігі белгіленген хеджирлеу құралы бойынша пайданың, немесе шығынның бөлігі (98-параграфты қараңыз) басқа толық табыс арқылы танылуы тиіс; және
(b) Хеджирлеу құралы бойынша пайданың, немесе шығынның тиімсіз бөлігі пайдалар мен шығындар шотында көрсетіледі.
107. Атап айтқанда, ақша ағындарын хеджирлеу мынадай түрде ескеріледі:
(а) Меншікті капиталдың хеджирленетін баппен байланысты бөлініп көрсетілген бөлігі мынадай көрсеткіштердің ескеріле отырып түзетіледі (абсолюттік түрде):
(і) Хеджирлеу құралы бойынша хеджирлеу басталғаннан бері жиынтық пайдалар, немесе шығындар; және
(іі) Хеджирленетін бап бойынша хеджирлеу басталғаннан бері күтілетін ақша ағындарының әділ (дисконтталған) құнының жиынтық өзгерісі;
(b) Хеджирлеу құралы, немесе оның арнайы белгіленген компоненті (тиімді хеджирлеуді қамтамасыз етпейтін) бойынша пайданың, немесе шығынның қалған бөлігі пайдалар мен шығындар шотына жатқызылады; және
(с) Егер нақты хеджирлеу қатынасы бойынша субъектінің тәуекелдігін басқарудың құжаттандырылған стратегиясы хеджирлеудің тиімділігін бағалаудан пайданың немесе шығынның белгілі бір бөлігін немесе хеджирлеу құралы бойынша тиісті ақша ағындарын алып тастаса (83, 84 және 98(а) параграфтарын қараңыз), онда пайданың, немесе шығынның осы алып тасталған бөлігі 64-параграфқа сәйкес танылады.
108. Егер хеджирлеу мәні болып табылатын болжанатын мәміле қаржы активі, немесе қаржы міндеттемесін мойындауға әкеп соқса, онда 106-параграфқа сәйкес басқа толық табыс арқылы танылған тиісті пайдаларды, немесе шығындарды сатып алынған актив, немесе қабылданған міндеттеме пайда, немесе шығынға әсер ететін кезеңнің немесе кезеңдердің (мысалы, пайдалар төлеуге арналған пайыздық кіріс, немесе шығыс танылатын кезеңдер) пайдалар немесе шығындар шотына ауыстыру қажет. Дегенмен, егер субъект басқа толық табыс арқылы танылған шығынның бір немесе одан көп кезеңдер ішінде толық немесе ішінара өтелмейтінін болжаса, ол пайдалар мен шығындар шотына күтіліп отырғандай өтелмейтін соманы ауыстыруға міндетті.
109. Егер болжанатын мәмілені хеджирлеу қаржылық емес активті, немесе қаржылық емес міндеттемені мойындауға әкеп соқса, немесе қаржылық емес активпен, немесе қаржылық емес міндеттемемен болжанған мәміле әділ құнды хеджирлеуді есепке алу талаптарына сай келетін нақты келісімнің нысанын алса, субъект өзі үшін төменде келтірілген (а) немесе (b) нұсқаларының бірін қабылдауға міндетті:
(а) Субъект 106-параграфқа сәйкес, басқа толық табыс арқылы танылған тиісті пайда мен шығынды сатып алынған актив, немесе қабылдаған міндеттеме пайдаға, немесе шығынға әсер ететін сол кезеңнің, немесе кезеңдердің (мысалы, амортизациялық аударымдар, немесе шығындар өткізуге танылған кездегі кезеңде) пайдалар мен шығындар шотына ауыстырады. Дегенмен, егер субъект басқа толық табыс арқылы танылған шығынның бір, немесе одан көп кезеңдер ішінде, немесе ішінара өтелмейтінін болжаса, ол пайдалар мен шығындар шотына күтіліп отырғандай, өтелмейтін соманы ауыстыруға міндетті.
(b) Субъект 106-параграфқа сәйкес, басқа толық табыс арқылы танылған тиісті пайдалар мен шығындарды есептен шығарады және оларды активтің, немесе міндеттеменің бастапқы құнына, немесе басқа қаржылық жағдай туралы есептік құнына кіргізеді.
110. Субъект не (а) нұсқасын не (b) нұсқасын (109-параграфты қараңыз) өзінің есеп саясаты ретінде қабылдауға және оны 109-параграф қолданылатын барлық хеджирлеу қатынастарына жүйелі түрде қолдануға міндетті.
111. 108 және 109-параграфты қолдануға сай келмейтін, басқа толық табыс арқылы танылған ақша ағындарын хеджирлеу кезінде сомалар хеджирленетін болжамды мәміле пайдаға, немесе шығынға әсер ететін сол кезеңде, немесе кезеңдерде (мысалы, күтілетін сату нақты болған кезде) пайдаларда, немесе шығындарда танылуы тиіс).
112. Егер мынадай жағдайлардың бірі туындаса, субъект 106-111-параграфтарға сәйкес перспективалық негізде хеджирлеу кезінде есепке алуды тоқтатуға міндетті:
(а) Хеджирлеу құралының айналыс мерзімі аяқталған, не құрал сатылған немесе орындалған (бұл ретте хеджирлеу құралын басқа хеджирлеу құралымен ауыстыру, немесе ұзарту, егер осындай ауыстыру, немесе ұзарту субъектінің құжаттандырылған хеджирлеу стратегиясының бөлігі болып табылса, құралдың мерзімінің аяқталуы немесе тоқтату болып табылмайды). Бұл жағдайда хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы, немесе шығынды хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (106(а) параграфты қараңыз) болжанатын мәмілені нақты жасауды қоса алғанда, капиталда одан әрі бөлек көрсеткен дұрыс. Мәміле жасалғаннан кейін 108, 109 немесе 111-параграф қолданылады.
(b) Хеджирлеу 98-параграф жазылған хеджирлеу кезінде, есепке алу талаптарына сай келмейді. Бұл жағдайда хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы, немесе шығынды хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (106(а)-параграфты қараңыз), болжанатын мәмілені нақты жасауға шейін капиталда одан әрі бөлек көрсеткен дұрыс. Мәміле жасалғаннан кейін 108, 109 немесе 111-параграф қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |