(с) Болжанатын мәмілені жасау одан әрі күтілмейді және сол кезде кез келген хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайда, немесе шығын хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (106(а)-параграфты қараңыз) пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады. Жасау мүмкіндігі енді жоғары болып табылмайтын (98(с)-параграфты қараңыз), болжанатын мәміле жасалуы мүмкін.
(d) Субъект хеджирлеу құралын белгілеуді жояды. Болжанатын мәмілені хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы, немесе шығынды хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (106(а)- параграфты қараңыз) болжанатын мәмілені нақты жасауға шейін, немесе оны жасау бұдан әрі күтілмейтін сәтке дейін капиталда одан әрі бөлек көрсеткен дұрыс. Мәміле жасалғаннан кейін 108, 109 немесе 111-параграф қолданылады. Егер мәмілені жасау одан әрі күтілмесе, алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы, немесе шығынды пайдалар мен шығындар туралы есепте көрсеткен дұрыс.
Таза инвестицияны хеджирлеу
113. Шетелдік операцияға таза инвестицияны хеджирлеуді, оның ішінде есепте таза инвестицияның бөлігі ретінде көрсетілетін ақша бабын хеджирлеуді 4 ҚСҚЕХС қараңыз) ақша ағындарын хеджирлеуге ұқсас есепке алған дұрыс:
(а) Тиімділігі белгіленген (98-параграфты қараңыз) хеджирлеу құралы бойынша пайданың, немесе шығынның бөлігін басқа толық табыс арқылы танылған дұрыс; (1 ҚСҚЕХС қараңыз); және
(b) Тиімсіз бөлігі пайдада немесе зарардың құрамында танылуы тиіс.
Басқа толық табыс арқылы танылған, хеджирлеу құралы бойынша, оның тиімді бөлігіне қатысты пайданы, немесе шығынды шетелдік операция шығынға жазылғаннан кейін немесе жабылу кезеңінде үлестен пайдалар, мен шығындар шотына 4 ҚСҚЕХС 56-57 параграфтарына сәйкес қайта сыныптастыру түзетулері ретінде қайта сыныптастырылады.
Өтпелі кезең
-
Осы Стандарт 115-123-параграфтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өткенді шола отырып қолданады. Алдыңғы кезеңдерде көрсетілгендердің ішіндегі ең ертерегі үшін үлестірілмеген түсімдердің алғашқы сальдосы және басқа салыстырмалы сомалар егер осы стандарт ақпараттты қайта санау іс жүзінде мүмкін болмаған ауатыты қоспағанда, үнемі қолданатындай болып түзетілуі керек. Егер қайта санау іс жүзінде мүмкін болмаса, онда субъект ақпарат қайта саналғанға дейін осы фактіні және оның дәрежесін ашып көрсетуі керек.
-
Осы Стандарт бірінші рет қолданылған кезде, субъектіге бұрын сатылуға қойылған сынды танылғанды қосқанда, қаржы активін басқаша атауға рұқсат етіледі. Кез келген осы сынды қаржы активі үшін субъект жинақтық кіріс, не шығысты пайда, не шығынға өткізуге тиісті болғанда, кейінгі мойындауды тоқтатқанға, не құнсызданғанға дейін таза активтер/акциялардың бөлек құрамасындағы әділ құндағы барлық жинақтық өзгерістерді мойындауы тиіс. Алдында танылған қаржы активтері үшін, субъект сондай ақ:
(a) Салыстырмалы қаржы есебіндегі жариялауды қолдана отырып, қаржы активін қайта бекіту; және
(b) Алдынғы қаржы есептеріндегі олардың теңгерімдік құны мен сыныптастырылуы мен жариялауы күніндегі қаржы активтерінің әділ құнын жариялау.
-
Егер осы Стандарт бірінші рет қолданылған кезде, субъектіге түсім, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ертеректе танылуы мүмкін болғандарды қосып алғанда, қаржылық активтер, немесе қаржылық міндеттерді сыныптастыруға рұқсат етіледі, егер мұндай қаржылық активтер, немесе қаржылық міндеттер сатылымға бар болғандағы 10, 13, 14, 15, 51, AG7–AG16, AG47, және AG48-параграфтарында орнатылған сыныптастыру талаптарын қанағаттандырады. Егер субъект қаржылық активтер мен қаржылық міндеттерді ертеректе мойындаса, онда келесі жағдайлар орындалады:
(a) 111-параграфқа қарамастан, осы тармақшаға сәйкес, кез келген қаржы активтері, не қаржы міндеттемелері пайда, не шығыны бойынша әділ құнда жарияланады, бұрын хеджирлік есептілік қатынастарында әділ құны бойынша хеджирленген бап ретінде жарияланғандар, сол қатынастардан жариялануын тоқтата отырып, пайда не шығыны бойынша әділ құнда жарияланады.
(b) (a) тармақшасына сәйкес, бұрынғы қаржы есептеріндегі теңгерімдік құны мен сыныптастырылуынаң жариялану күнінде, жарияланған қаржы активтері, немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын ашып көрсетуі тиіс.
(c) Пайда, немесе шығыны бойынша бұрын әділ құнда жарияланған кез келген қаржы активтері, не қаржы міндеттемелері өзгертілген параграфтарға сай келмесе, жариялануын тоқтатуы керек. Қаржы активтері, не қаржы міндеттемелері жариялануын тоқтатқаннан кейін, амортизациялық құнында бағаланады, жариялануын тоқтату күні оның бастапқы танылған күні болып саналады.
(d) (с) параграфына сәйкес, жариялануын тоқтату күні және жаңа сыныптастырылуы негізінде жариялануын тоқтатқанкез келген қаржы активтері, не қаржы міндеттемелерінің әділ құны жариялануы тиіс.
117. Субъект өзінің салыстырмалы қаржы есептерін 116-параграфында қамтылған жаңа жариялауларды қолдана отырып қайта бекітуі қажет, қаржы активтері, қаржы міндеттемелері, немесе қаржы активтері, немесе қаржы міндеттемелерінің тобы, немесе екеуі де пайда және шығыны бойынша жарияланады, аталмыш баптар, немесе топтар салыстырма кезеңінің басында 10(b)(i), 10(b)(ii), немесе 13-параграфындағы белгілерге жолығуы мүмкін, немесе талап етілсе, салыстырма кезеңінің соңында, бастапқы мойындау күні 10(b)(i), 10(b)(ii), немесе 13-параграфына сәйкес белгілерге жолығуы мүмкін.
118 119-парагафында рұқсат етілгенді қоспағанда, 17–39 параграфтарындағыны жариялауды тоқтату талаптарын және болашақта A қосымшасының AG51–AG67-параграфтарын қолдануы тиіс. Егер субъект қаржы активтерін есептіліктің басқа негізінде, осы Стандарттың қабылдануына дейін орын алған мәміленің нәтижесінде және сол активтер осы Стандартқа сәйкес жариялануын тоқтатпайтын болса, ол аталмыш активтерді танымауы тиіс.
119 118-параграфқа қарамастан жариялауды тоқтату талаптарын 17–39 және A қосымшасының AG51–AG67 параграфтарына сәйкес, субъектінің таңдау жасаған күнінен бастап өткен шақ бойынша егер осы Стандартты қаржы активтері, немесе қаржы міндеттемелеріне қолдауға қажетті өткен мәмілелердің негізінде орын алған ақпарат, сол мәмілелердің бастапқы бағалау уақытында жиналған.
120. 114-параграфқа қарамастан, субъект AG108-параграфының соңғы сөйлеміндегі және AG109-параграфқа сәйкес талаптарды төмендегілердің әрбірінде қолдануы мүмкін:
(a) Болашақта осы Стандарттың қабылданғанынан кейін күшіне енген мәмілелерге; немесе
(b) Субъектінің таңдау жасаған күнінен кейінгі өткен шаққа осы Стандартты қаржы активтеріне, не міндеттемелеріне қабылдауға қажетті ақпарат өткен мәмілелердің нәтижесі бойынша бастапқы бағалау кезінде алынған.
121. Субъект қаржы емес активтер мен қаржы емес міндеттемелердің теңгерімдік құнын осы Стандарт бірінші қолданылған қаржы жылының басталуынан бұрынғы теңгерімдік құнға қосылған ақша ағындарына қатысты кірістер мен шығыстарды алып тастау үшін, бекітпеуі тиіс. Осы Стандарт бірінші қолданылған қаржы жылының басталуында осы Стандартқа сәйкес нақты міндеттеменің хеджирленуіне арналған таза активтер/акцияларда тікелей танылған кез келген құн ақша ағыны хеджирлеуі ретінде қолданылуы жалғасатын шетелдік валюта тәуекелділігінің хеджирленуін қоспағанда, әділ құндағы хеджирлеу таза активтер/акцияларда қайта сыныптастырылуы тиіс.
122. Егер субъект хеджирленген бап ретінде сыртқы болжамды мәмілені жариялаған болса:
(a) Мәміле жасасатын субъектінің операциялық валютасында білдіріледі;
(b) Шоғырландырылған пайда, не шығын (мысалы. экономикалық субъектінің көрсететін валютасынан басқа валютада аталған) негізінде нәтиже беретін тәуекелділік қаупіне итермелейді; және
(c) Субъект кірген операциялық валютада аталмаған жағдайда, хеджирлік бағалау ретінде саналады;
және 89-параграф және AG133 және AG134-параграфтарының соңғы сөйлемдерінің бірінші қабылдану күнінен бұрынғы кезең (дер)ге қатысты шоғырланған қаржы есептеріне хеджирлік бағалауды қолдануы мүмкін.
123. Субъект 89-параграф және AG133 параграфының соңғы сөйлемінің қабылдану күнінен бұрынғы кезеңдерге қатысты салыстырма ақпаратқа AG134-параграфын қолдануы қажет.
Күшіне ену күні
124. Субъект осы Стандартты 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе одан кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржы есептеріне қолдануы тиіс. Ертерек қолдану мақұлданады. Егер субъект осы Стандартты 2013 жылғы 1 қаңтардан бұрын басталатын кезеңге қолданатын болса, ол осы дәйекті жариялауы тиіс.
125. Егер субъект 28 ҚСҚЕХС және 30 ҚСҚЕХС қолданбайтын болса, осы Стандартты 2013 ж. 1 қаңтардан бұрын қолданбауы тиіс.
125(А) 2-параграфта 2011 жылы шығарылған 32 ҚСҚЕХС «Қызмет көрсетудің концессиялық келісімдері. Концедент» сәйкес өзгерістер енгізілді. Субъект осы өзгерістерді 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын, немесе осы мерзімнен кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есеп беруге қолдануы керек. Мерзімге дейінгі қолданыс құпталады. Субъектінің осы өзгерістерді 2014 жылғы 1 қаңтарына дейінгі уақыттарға басталатын кезеңдерде қолдануы жағдайында ол осы деректі ашуы керек және 32 ҚСҚЕХС, 5 ҚСҚЕХС 6 және 42А-параграфтарының өзгерістерін, 13 ҚСҚЕХС 25-27 параграфтарындағы өзгерістерді және 17 ҚСҚЕХС 107С -параграфтарындағы өзгерістерді және 31 ҚСҚЕХС 6 және 132А-параграфтарындағы өзгерістерді бір уақыттарда қолдануы керек.
126. Егер субъект есептеуді осы Стандарттың күшіне ену мерзіміне дейін қаржылық есеп беру мақсатында ҚСҚЕХС мәліметтері, анықтамаларымен сәйкес санау әдісін қолданады, осы стандарт субъектінің жылдық қаржылық есеп беру кезеңінде стандартты қабылдау, немесе одан кейінгі уақыттарда қабылдауында қолданылады.
А қосымшасы
Қолдану бойынша нұсқау
Бұл Қосымша 29 ҚЕХС ажырамас бөлігі болып табылады.
Қолдану аясы (2-8-параграфтар)
AG1. 9 ҚСҚЕХС сәйкес есептелінген сату көлемі мен қызмет көрсету кірістеріне негізделген пайда жоспарлары мен жалдау келісімшарттарын айналымнан алу арқылы есептеу мен есепке алу бойынша тиісті халықаралық, не ұлттық есептілік стандартына сәйкес, қызметкерлердің пайда жоспарларына қатысты талаптарды осы Стандарт өзгертпейді.
Бақылаудағы инвестициялар, қауымдастырылған субъектілер және біріккен кәсіпорын
AG2. Субъект кейде инвестициялау объектілері болып табылатын субъектілермен ұзақ мерзімді жұмыс байланыстарын орнату немесе ұстап тұру мақсатында басқа субъектінің үлестік бағалы қағаздарына «стратегиялық инвестицияларды» жүзеге асырады. Субъект-инвестор үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін осындай инвестицияға қолдануға болатынын, не болмайтынын айқындау үшін 7 ҚСҚЕХС қолданады. Осылайша, инвестор субъект пропорционалдық шоғырландыру, немесе үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі осындай инвестициялар үшін қолдануға болатынын, не болмайтынын айқындау үшін, 8 ҚСҚЕХС қолданады.
Сақтандыру келісімшарттары
AG3. Осы Стандарт 2(е) параграфпен алынып тасталған сақтандыру шарттарына сәйкес туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру параграфтарының қаржы активтеріне және міндеттемелеріне қолданылады, себебі олар сақтандыру келісімшарттарынан пайда болады. Кез келген параграф осы Стандартты келесі мақсатта қолданылады:
-
28 ҚСҚЕХС сәйкес эмитент сақтандыру келісімшарттары ретінде санауды таңдауын қоспағанда, қаржы кепілдеме шарттары; және
-
Сақтандыру келісімшарттарында қамтылған туынды құралдар.
Субъект осы Стандартты қаржы тәуекелдігін өткізуді көздейтін өзге сақтандыру келісімшарттарына қолдана алады, бірақ талап етілмейді.
AG4. Қаржы кепілдігі шарттарының қаржы кепілдігі, аккредитивтердің кейбір түрлері, төлем жасай алмау жағдайындағы туынды шарт, немесе сақтандыру шарты сияқты заңды нысандары болуы мүмкін. Оларды есепте көрсету тәртібі олардың заңды нысандарына қатысу болмайды. Төменде есепке алу рәсімінің мысалдары келтірілген (2(е)-параграфты қараңыз):
(а) Егер өткізілген тәуекелдік едәуір болса, эмитент осы Стандартты қаржы кепілдіктері шартының, 28 ҚСҚЕХС сақтандыру шартының анықтамасына сай келетініне қарамастан, қолдануы тиіс. Сонымен қатар, егер қаржы кепілдіктерінің эмитенті бұрын барынша ашық түрде осындай шарттарды сақтандыру шарттары деп санайтынын және сақтандыру шарттарына қолданылатын есепке алу рәсімдерін пайдаланғанын мәлімдесе, ол осы Стандартты осындай қаржы кепілдіктеріне қолдану үшін таңдауға құқылы. Осы Стандарт қолданылатын болса, эмитент 45-параграфтың талаптарына сәйкес қаржы кепілдіктері шартын әділ құны бойынша бастапқы мойындауды жүргізуі тиіс. Егер қаржы кепілдіктерінің шарты байланысты емес тараппен тәуелсіз мәміле шеңберінде жасалған болса, оның әділ құны шарт жасау кезінде, кері дәлелдеу болған жағдайды қоспағанда алынған сыйлықақыларға тең болады. Соның салдарынан, қаржы кепілдіктері шарты пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде оны жасау кезінде немесе 31-39 және AG62-AG67 параграфтар қолданылған (қаржы активін өткізу мойындауды тоқтату талаптарына сай келмеген, не қатысудың жалғасу қағидаттары қолданылған) жағдайларды қоспағанда, эмитент оны мыналардың ішіндегі неғұрлым үлкен мәні бойынша бағалауы тиіс:
(і) 19 ҚСҚЕХС сәйкес айқындалған соманың; және
(іі) Қажет жағдайда 9 ҚСҚЕХС сәйкес танылған амортизацияның сомасын шегере отырып, бастапқы танылған соманың (49(с)-параграфты қараңыз);
(b) Кейбір несиелік кепілдіктер иеленуші тәуекелдікке ұшырауы және кепілдік мәні болып табылатын актив бойынша мерзімінде төлем жасауға қабілетсіз болуы салдарынан шығын шегуі үшін талап ретінде төлемді талап етпейді. Осындай кепілдіктің мысалы нақты несиелік рейтингтің, немесе несиелік индекстің өзгерістеріне қатысты төлем талап ететін кепілдік болып табылады. Осындай кепілдіктер осы Стандартта айқындалған қаржы кепілдіктері шарты да және сол сияқты айқындалғандай сақтандыру шарттары да болып табылмайды. Осындай кепілдіктер туынды құралдарын білдіреді, сондықтан эмитент оларға осы Стандарттың ережелерін қолдануы тиіс.
(с) Егер қаржы кепілдіктері шарты тауарлар сатуға байланысты жасалса, онда кепілдіктерден және тауарлар сатудан кірістерді мойындау сәтін айқындау кезінде эмитент 9 ҚСҚЕХС қолдануы тиіс.
AG5. Кейбір келісімшарттар климаттық, геологиялық не басқа да физикалық ауыспалыларға негізделген төлемдерді талап етеді. (климаттық ауыспалыларға негізделген төлемдер кейде «Ауа райы туындыларына» жатқызылады). Егер де келісімшарттардың қолдану аясына кірмесе, олар осы Стандарттың қолдану аясына жатқызылады.
Құндылықтар айырбастары жүрмеудің аясындағы кіріс мәмілелеріне әсер етуден шыққан құқықтар мен міндеттер
AG 6. Құқықтар мен міндеттер (активтер мен міндеттемелер) айырбасталмайтын кіріс мәмілелерінен туындауы мүмкін, мысалы, субъект белгілі іс әрекетті жүзеге асыру үшін, көпжақты агенттіктен ақша ағындарын алуы мүмкін. Аталған іс әрекеттердің жүзеге асырылуы талаптардың пәні болса, актив пен міндеттеме бір уақытта танылады. Актив қаржы активі болып табылса, ол 23 ҚСҚЕХС сәйкес бағаланады және бастапқыда 23 ҚСҚЕХС және осы Стандартқа сәйкес бағаланады. Осы Стандарттың қолдану аясынан тыс активті қолдануға бекітілген талаптардың нәтижесі ретінде бастапқы танылған міндеттеме 23 ҚСҚЕХС реттеледі. Бастапқы танылғаннан кейін, егер жағдаяттар осы міндеттеменің танылуын 23 ҚСҚЕХС сәйкес әрі қарай тиімді емес деп көрсетсе, субъект қаржы міндеттемесінің осы Стандартқа сәйкес танылу тиістілігін айқындауы керек. Айырбасталмайтын кіріс мәмілелерінен туындайтын өзге міндеттемелер 28 ҚСҚЕХС сәйкес қаржы міндеттемесі анықтамасына сай келетін болса, осы Стандартқа сәйкес танылады және бағаланады.
Анықтамалар (9 және 10-параграфтар)
Әділ құнды пайда, немесе шығын арқылы есептеу ретінде баптарды сыныптастыру
AG7. Осы Стандарттың 10-параграфы эмитентке пайда, немесе шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаражаттық активтерді, қаражаттық міндеттерді, немесе қаржылық құралдар тобын (қаржылық активтер тобын, қаржылық міндеттер тобын және қаржылық активтер мен қаржылық міндеттер тобын) сыныптастыруға аса орынды ақпаратты қамтамасыз ететін жағдайда мүмкіндік береді.
AG8. Субъектінің пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретіндегі қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін сыныптастыру туралы төлемі есеп саясатын таңдау сияқты (есеп саясатын таңдаудан айырмашылығы, осындай төлем міндетті негізде барлық осындай операцияларға қолданбауы тиіс). Субъектіде осындай таңдау болса, онда 3 ҚСҚЕХС Есеп саясаты, бухгалтерлік eсеп бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер 17(b) параграфына сәйкес, таңдалған саясат субъектінің қаржы жағдайы, қаржы нәтижелері және ақша ағындары тұрғысынан алғанда қаржы есептілігі жасалған операциялардың және мәмілелердің, сондай-ақ басқа оқиғалардың және жағдайлардың салдары туралы сенімді және неғұрлым маңызды ақпарат болғаны дұрыс ережені қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы, пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде қаржылық жауапкершілікті сыныптастыру жағдайында, 10-параграфта неғұрлым маңызды ақпарат ұсыну туралы талап қанағаттандырылатын екі жағдай айқындалған. Тиісінше, 10-параграфқа сәйкес осындай сыныптастыруды таңдау үшін, субъект оның осы екі жағдайдың біріне (немесе екеуіне де) сай келетінін дәлелдеуі қажет.
10(b)(і) параграф: Сыныптастыру нәтижесінде бағалаудың немесе мойындаудың, керісінше жағдайда орын алуы мүмкін сәйкес келмеуі алынып тасталады, немесе маңызды түрде азаяды.
AG 9. 29 ҚСҚЕХС талаптары бойынша, қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін бағалау және оның құнындағы танылған өзгерістерді сыныптастыру оның өз сыныптастыруы және оның белгіленген хеджирлеу қатынасының өз құрамында болуы арқылы жүргізіледі. Осы талаптар бағалаудың немесе мойындаудың сәйкес келмеуіне (кейде «есептік сәйкес келмеу» деп айтады) себеп болады, мысалы, пайда, немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағалауды сыныптастыру болмаған кезде, қаржы активі әділ құнда өлшенген санатқа жатқызылады, ал субъект оған ілесетін ретінде есептейін міндеттеме амортизациялық құны бойынша бағаланады (бұл ретте әділ құндағы өзгерістер танылмайды). Егер актив немесе міндеттеме пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастырылған болса, осындай жағдайда субъект оның қаржы есептілігінде ұсынылған ақпараттың неғұрлым маңызды болғаны туралы қорытынды жасай алады.
AG 10. Төменде осындай талап қашан орындалатыны көрсетілген мысалдар келтірілген. Кез келген жағдайда, субъект осы талапты 10(b)(і)-параграфта айқындалған қағидатты сақтау шартымен ғана пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастыру үшін қолдана алады:
(а) Субъект ақша ағындары келісімшарттық нысанда сатылуға қойылатын болып сыныптастырылатын активтерде көрсетілуге негізделген міндеттемелерге ие. Мысалы, эмитенттің активтік қорындағы бекітілген, орындалған, не орындалмаған инвестиция есептеріне негізделген өз алдына пайда төлеу ерекшелігін қамтитын міндеттемелер эмитентте болуы мүмкін. Егер аталмыш міндеттемелердің бағалануы ағымдық нарық құнында көрініс тапса, активтерді пайда, не шығыны бойынша әділ құнда сыныптастыру дегеніміз қаржы активтерінің пайда, не шығыны бойынша танылған әділ құнындағы өзгерістер осы міндеттемелердегі құндағы өзгерістер сынды бір кезеңде танылады.
(b) Субъектінің сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелері бар, оларды бағалауға ағымдағы ақпарат және ол осы міндеттемелермен байланысты деп санайтын және, керісінше, жағдайда амортизациялық құны бойынша бағаланатын қаржы активтері кіреді.
(с) Субъектінің бірдей тәуекелдікке, мысалы, әділ құндағы өзара өтемақы үрдісін анықтайтын қарсы өзгерістерге алып келетін пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелдігіне ұшыраған қаржы активтері, қаржы міндеттемелері, немесе бір мезгілде екеуі де бар. Сонымен қатар, осы құралдардың кейбіреулері ғана пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланады (яғни, туынды құралдар болып табылады, немесе сатуға арналған ретінде сыныптастырылады). Хеджирлеуді есепке алу талаптарының орындалмау жағдайы да орын алуы мүмкін, мысалы, 98-параграфтың тиімділікке қойылатын талаптарының орындалмауынан.
(d) Субъектінің бірдей тәуекелдікке, мысалы, әділ құндағы өзара өтемақы үрдісін анықтайтын қарсы өзгерістерге алып келетін пайыз мөлшерлемесінің тәуелкеліне ұшыраған қаржы активтері, қаржы міндеттемелері немесе бір мезгілде екеуі де бар, бұл ретте субъект хеджирлеуді есепке алу талаптарын орындамайды, себебі осы құралдардың ешқайсысы да туынды болып табылмайды. Сонымен бірге, хеджирлеуді есепке алу болмағанда пайдалар мен шығындарды мойындау кезінде елеулі сәйкессіздіктер орын алады. Мысалы:
-
Субъект бекітілген мөлшерлемелі қарыздық міндеттер көмегі арқылы және өзара орнын толтыру үрдісіне ие болған мұндай активтер мен міндеттердің әділ құнының өзгерісінде сатылымда бар болатындарды сыныптастырудың кері жағдайларында бекітілген мөлшерлі активтер портфелін қаржыландырды. Пайда, немесе шығын арқылы әділ құнның қарыздық міндеттері және есепке алу және активтер кері жағдайда таза актив/капиталдар құрамында өзгерістері көрінетін әділ құн бойынша активтер, ал қарыздық міндеттер – амортизациялық құны бойынша бағалауының нәтижесінде туындаған сәйкессіздікті түзетеді.
-
Субъект қарыздардың арнайы тобын әділ құндағы өзгерістер бойынша бір бірінің орнын толтыратын саудалық облигациялар шығару арқылы қаржыландырды. Оның үстіне, егер субъект облигацияларды жүйелі түрде бірақ сирек ретте сататын, не сатып алатын болса, қарыздар мен облигацияларды пайда, не шығыны бойынша әділ құнда есепке алу кіріс, не шығыстардың танылуын өлшеудегі облигация қайта сатылған уақыттағы кіріс, не шығысты мойындау және оларды амортизациялық құнда бағалаудан туындайтын сәйкессіздікті жояды.
AG11. Алдыңғы параграфта жазылғандарға ұқсас жағдайларда қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін оларды пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ғана бағаланатын ретінде бастапқы мойындау кезінде сыныптастыру бағалаудың сәйкессіздігін болдырмау, немесе тиісті түрде бағалаудың, немесе мойындаудың сәйкессіздігін азайтуы және неғұрлым маңызды ақпарат ұсынуды қамтамасыз етуі мүмкін. Нақты пікірлер бойынша, субъект бағалаудың, немесе мойындаудың сәйкессіздігіне әкеп соғатын активтермен және міндеттемелермен мәмілелерге бір мезгілде қатыспағаны жөн. Осы мағынадан алғанда тиімді кешігуге рұқсат етілген, бірақ әрбір мәміленің бастапқы мойындау кезінде пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастырылуы және осы сәтте қалған барлық мәмілелер жасалуы тиіс болуы шартымен.
AG12. Сәйкессіздік туғызатын кейбір пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша көрсетілетін ретінде қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін ғана сыныптастыру болмайды, себебі бұл осындай сәйкессіздікті болдырмауға немесе елеулі түрде азайтуға мүмкіндік бермейді және, тиісінше, неғұрлым маңызды ақпарат беруді қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, субъект тек осындай қаржы активтерін, немесе ұқсас қаржы активтерінің кейбіреуін ғана сыныптастыруға құқылы, егер осындай сыныптасыту осы сәйкессіздікті елеулі азайтуды (басқа рұқсат етілген сыныптастыруларға қарағанда неғұрлым маңызды азайтуды) қамтамасыз етсе. Мысалы, субъектіде жалпы сомасы 100 а.б. болатын ұқсас қаржы міндеттемелерінің кейбір саны және құны 50 а.б. болатын ұқсас қаржы активтерінің кейбір саны бар, бірақ басқа негізде бағаланған. Субъект, егер бастапқы мойындау кезінде осы барлық активті және осы міндеттемелердің кейбіреуін (мысалы, жалпы сомасы 45 а.б. болатын міндеттемелерді) ғана пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша сыныптастыратын болса, бағалаудың сәйкессіздігін елеулі түрде азайта алады. Дегенмен, пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша сыныптастыру тұтастай алғанда барлық қаржы құралына ғана қолданылатындықтан, субъект осы мысалда бір, немесе бірнеше міндеттемені олардың барлық жиынтығында сыныптастыруы тиіс. Субъект міндеттеменің компонентін (мысалы, құндағы пайыздық бағдар мөлшерлемесінің өзгерісі сияқты бір тәуекелдікке ғана жататын өзгерістер) де және оның пропорционалдық (мысалы, пайыздық) бөлігін де сыныптастыруға құқылы емес.
Достарыңызбен бөлісу: |