Осы Стандарттың мақсатынан тыс енгізілген туынды құралды бөліп алған кезде, егер шарт қаржы құралын білдірсе, негізгі келісімшарт тиісті стандарттар негізінде есепке алынуы тиіс. Осы Стандартта енгізілген туынды құрал қаржы есептілігінде бөлек қаралуы тиістілігі туралы мәселе қарастырылмайды.
13. Егер келісімшарт 12-параграфтың ережелеріне қарамай, бір, немесе бірнеше енгізілген туынды құралдардан тұрса, субъект барлық гибридтік (құрамдастырылған) келісімшарттарды келесі жайттарды қоспағанда, пайда мен шығын арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттер ретінде сыныптастыра алады.
(а) Енгізілген туынды құралдар кері жағдайда келісімшартқа сәйкес, талап етілгендермен салыстыру бойынша ақша ағынының маңызды өзгерісін туындатпайды;
(b) Тіпті қарапайым талдау нәтижесінде немесе жалпы алғанда осындай гибридтік (құрама) құралды бастапқы қарастыру кезінде қандай да болмасын талдау болмағанда енгізілген туынды құралды (құралдарды), мысалы несие шартына енгізілген, ұстаушыға несиені оның амортизацияланған үлгі құны бойынша мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік беретін мерзімінен бұрын өтеу опционын бөлуге тиым салынғаны анық болған жағдайларды қоспағанда, пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі ретінде сыныптастыруға құқылы.
14. Егер, осы Стандарттың талаптарына сәйкес субъект енгізілген туынды құралды негізгі келісімшарттан бөліп алуы тиіс, бірақ осы құралды бөлек сатып алған күні де, келесі есептік күні де бағалауға қабілетсіз болса, немесе келесі қаржылық есеп беру кезеңінің соңында ол осындай гибридтік (құрама) келісімшартты пайда немесе зарар арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптастыруға міндетті. Сол тәрізді, егер субъект шығын немесе зарар санаты арқылы әділ құннан гибрид (құрама) келісімшарттың қайта сыныптастырылуында ажыратылуы тиіс ендірілген туындыны жеке бағалауға қабілетсіз болса, онда ол қайта сыныптастыруға тиым салынады.
15. Егер субъект енгізілген туынды құралдың әділ құнын оның мерзімі және талаптары негізінде сенімді түрде белгілей алмаса, онда енгізілген туынды құралдың әділ құны гибридтік (құрама) келісімшарттың әділ құны мен негізгі шарттың әділ құны арасындағы айырмаға тең, егер олар осы Стандартқа сәйкес айқындалған жағдайда. Егер субъект енгізілген туынды құралдың әділ құнын осындай әдіспен айқындай алмаса, онда 14-параграф қолданылады және осындай гибридтік (құрама) келісімшарт, немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатыны ретінде сыныптастырылады.
Мойындау және мойындауды тоқтату
Бастапқы мойындау
-
Субъект қаржы міндеттемесін өзінің қаржылық жағдай туралы есебінде тек ол шарт бойынша осы қаржы құралына қатысты тарабы болған жағдайда ғана мойындауға міндетті.
Қаржы активін мойындауды тоқтату
17. Шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау кезінде 18-25-параграфтарды және А қосымшасының AG49-AG67-параграфтарды шоғырландырылған деңгейде қолданылады. Осылайша, субъект бастапқыда барлық еншілес субъектілерді 6 ҚСҚЕХС және арнайы мақсаттағы субъектілердің шоғырлануын айқындайтын халықаралық, не ұлттық есептілік стандартының түсіндірмесіне сәйкес шоғырландырады, ал одан кейін 18-25-параграфтарды және А қосымшасының AG49-AG67-параграфтарды пайда болған топқа қолданады.
18. Бағаламас бұрын, 19-25-параграфтарды сәйкес мойындауды тоқтату қажеттілігін, егер қажет болса, субъект осы субъектілерді қаржы активі бөлігіне (немесе осындай қаржы активтерінің тобының бір бөлігі бойынша), не төменде көрсетілгендей қаржы активіне толық көлемде (немесе осындай қаржы активтерінің тобына оларды бүкіл жиынтығымен) қолданған дұрыс, не дұрыс емес екенін айқындауы тиіс:
(а) 19-25-параграфтар қарастырылып отырған мойындауды тоқтату бөлігі келесідей үш талаптың біріне сай келгенде ғана қаржы активі бөлігіне (немесе осындай қаржы активтерінің тобы бойынша) қолданылады:
(і) Осы бөлікке қаржы активі (немесе осындай қаржы активтерінің тобы) бойынша ақша қаражатының арнайы белгіленген ағындары ғана кіреді. Мысалы, контрагент субъект борыштық құралдың негізгі сомасы бойынша емес, пайыздық төлемдер бойынша ақша қаражаттарына құқық алатын пайыздық стрип шартына субъект кірсе, онда пайыздық төлемдер бойынша ақша ағындарына 19-25-параграфтар пайыздардан ақша ағындарына қолданылады.
(іі) Бұл бөлік қаржы активі (немесе ұқсас қаржы активтерінің тобы) бойынша ақша ағындарының толық пропорционалдық (pro rata) үлесін ғана құрайды. Мысалы, субъект контрагент субъект борыштық құрал бойынша ақша қаражатының барлық ағынының 90 пайыздық үлесіне құқық алатын келісім жасаса, онда осы ақша ағындарының 90 пайызына 19-25-параграфтар қолданылады. Егер контрагенттер бірнеше болса, онда олардың әрқайсысы құқық беретін субъектінің толық пропорционалдық үлесті иелену шартымен ақша ағындарының пропорционалдық үлесіне құқықты иеленуі талап етілмейді.
(ііі) Бұл бөлік қаржы активі (немесе ұқсас қаржы активтерінің тобы) бойынша арнайы белгіленген ақша ағындарының толық пропорционалдық (pro rata) үлесін ғана құрайды. Мысалы, субъект контрагент субъект қаржы активі бойынша пайыздық төлемдердің ақша ағынының 90 пайыздық үлесіне құқық алатын келісім жасаса, онда осы ақша ағындарының 90 пайызына 19-25-параграфтар қолданылады. Егер, контрагенттер бірнешеу болса, онда олардың әрқайсысынан құқық беретін субъектінің толық пропорционалдық үлесті иелену шартымен ақша ағындарының пропорционалдық үлесіне құқықты иеленуі талап етілмейді;
(b) Басқа барлық жағдайларда 19-25-параграфтар қаржы активтеріне (немесе осындай қаржы активтерінің тобына оларды бүкіл жиынтығымен) толық көлемде қолданылады. Мысалы субъект (і) қаржы активі (немесе ұқсас қаржы активтерінің тобы) бойынша алынатын ақша қаражатының бастапқы, немесе соңғы 90 пайызын алуға құқықты, немесе (іі) дебиторлық берешек тобы бойынша ақша ағындарының 90 пайызына құқықты өткізген, бірақ бұл ретте сатып алушыға дебиторлық берешектің негізгі сомасының 8 пайызға дейінгі кез келген кредиттік шығынды өтеуге кепілдік берген кезде, 19-25параграфтар осы қаржы активіне (немесе осындай қаржы активтерінің тобына) олардың бүкіл жиынтығымен қолданылады.
19-28-параграфтарда «қаржы активі» термині, не жоғарыдағы (а) тармағында айтылғандай, қаржы активі бөлігіне (немесе ұқсас қаржы активтерінің тобына), не қаржы активіне (немесе осындай қаржы активтерінің тобына) олардың бүкіл жиынтығымен жатқызылады.
19. Субъект қаражат активтерін тануды мына төмендегі жағдайларда ғана тоқтатады:
(а) Қаржы активі бойынша ақша қаражатын талап етудің шарттық құқықтарының мерзімі өткен (немесе бас тарту болған жағдайда); немесе
(b) Субъект 20 және 21-параграфтарда айқындалғандай, қаржы активін өткізген және осындай өткізу 22-параграфта белгіленген мойындауды тоқтату талаптарына сай келген жағдайда қаржы активін мойындауды тоқтатуға міндетті.
(қаржы активінің үлгі саудасы жөнінде ақпарат алу үшін, 40-параграфты қараңыз).
20. Субъект қаржылық активтерін осы жағдайда тапсырады
(а) Қаржы активі бойынша ақша қаражатын талап етудің шарттық құқықтарын өткізген; немесе
(b) Қаржы активі бойынша ақша қаражатын талап етудің шарттық құқықтарын өзінде сақтаған, бірақ бұл ретте осы ақша қаржатын бір, немесе бірнеше алушыға 21-параграфты белгіленген талаптарға сай келетін келісімдер шеңберінде төлеу үшін, шарттық міндеттеме алған кезде ғана ол қаржы активін берген болып саналады.
21. Субъект қаржы активі («бастапқы актив») бойынша ақша ағындарын алуға шарттық талап ету құқықтарын сақтаған, бірақ бұл ретте осы ақша ағындарын бір, немесе бірнеше субъектіге («түпкілікті алушыға») аударуға шарттық міндеттеме алса, онда бұл жағдайда субъект осы мәмілені қаржы активін өткізу ретінде, бірақ тек келесідей үш талапты сақтау шартымен ғана ескере алады:
(а) Субъект, егер алғашқы актив бойынша эквивалентті соманы алмаса, соңғы алушыға соманы төлеуге міндетті емес. субъектілерге қысқамерзімді алғытөлемді нарық мөлшерлемесі бойынша берілген пайыздарымен толық орнын толтыру құқығымен берілуі бұл шартарды бұзбайды;
(b) Өткізу шартының талаптары бойынша субъект бастапқы активті сатуға, немесе оны өзінің түпкілікті алушыларға ақша ағындарын төлеу жөніндегі міндеттемесін кепілдік қамтамасыз етуден басқа мақсаттарға салуға құқылы емес;
(с) Субъект ол түпкілікті алушылардың субъектісінен алатын кез келген ақша ағындарын аударумен елеулі шығындарға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, субъект ақша қаражатына немесе балама ақша қаражатына инвестицияларды қоспағанда (Ақша ағындарының есептері 2 ҚСҚЕХС айқындалғандай) алған күннен бастап түпкілікті алушыларға аудару талап етілетін күнге дейінгі қысқа есептік кезең ішінде осындай ақша ағындарын қайта инвестициялауға құқылы емес, бұл ретте осындай инвестициялардан пайыздық кіріс түпкілікті болып табылады.
22. Субъект қаржы активін өткізе отырып (20-параграфты қараңыз), осы қаржы активін иеленуге байланысты тәуекелдіктер мен пайдалар сақталатын дәрежені бағалауға міндетті. Бұл жағдайда:
(а) Егер субъект қаржы активін иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өткізсе, ол осы қаржы активін мойындауды тоқтатуға және өткізу кезінде туындаған, немесе сақталған кез келген құқықтарды және міндеттемелерді актив, немесе міндеттеме ретінде бөлек мойындауға міндетті;
(b) Егер субъектіде қаржы активтерін иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін сақтаса, ол осы қаржы активін одан әрі мойындауға міндетті;
(с) Егер субъект қаржы активтерін иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өткізбесе және сақтамаса, ол осы қаржы активтерін бақылауды сақтағанын, не сақтамағанын анықтауға міндетті. Бұл жағдайда:
(і) Егер субъект осындай бақылауды өзінде қалдырмаса, ол өткізілген қаржы активін мойындауды тоқтатуға және өткізу кезінде туындаған, немесе сақталған кез келген құқықтарды және міндеттемелерді актив, немесе міндеттеме ретінде бөлек мойындауға міндетті;
(іі) Егер субъект бақылауды өзінде қалдырса, ол өткізілген қаржы активін субъект оған қатысуын жалғастыратын дәрежеде одан әрі мойындауға міндетті (32-параграфты қараңыз).
23. Тәуекелдіктер мен пайдаларды өткізу (22-параграфты қараңыз) субъект өткізуге дейін болған және кейін тұрған тәуекелдікті өткізілген активтерге байланысты таза ақша ағындарының сомалары мен мерзімдерінің өзгерістерімен салыстыру арқылы бағаланады. Егер субъект осы қаржы активі бойынша болашақ таза ақша ағындарының дисконтталған құнының өзгерістерінің тәуекелдігіне ұшырауы өткізу салдарынан елеулі өзгерістерге ұшырамаса, субъект қаржы активтерін иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өткізген болып саналады (мысалы, субъект қаржы активін оны белгіленген бағасы, немесе сату бағасына қоса қарыз берушінің кірісі бойынша кері сатып алу шартымен сатқандықтан). Егер субъектінің осындай өзгерістердің тәуекелдігіне ұшырауының осы қаржы активіне қатысты болашақ таза ақша ағындарының дисконтталған құнының жалпы өзгермелілігіне қатысты маңызды сипаты болмаса, субъект қаржы активтерін иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өткізген болып саналады (мысалы, субъект қаржы активін оны әділ құны бойынша кері сатып алу құқығын өзінде қалдыра отырып сатқандықтан, немесе келісім, мысалы, 21-параграфтың талаптарына сай келетін қосалқы қатысу туралы келісім шеңберінде неғұрлым ірі қаржы активі бойынша ақша ағындарының толық пропорционалдық үлесін өткізгендіктен) алушыларға өткізуге жатады.
24. Көптеген жағдайларда субъект меншігіндегі қаржы активтеріне байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін ауыстыруы, немесе сақтауы айқын болатындықтан, қандай да болмасын есептерді жасауға қажеттілікті өзінен-өзі болмайды. Бірақ кейде субъектінің өткізуге дейін және кейін қаржы активі бойынша болашақ таза ақша ағындарының дисконтталған құнының өзгерістерінің тәуекелдігіне ұшырауын есептеу және салыстыру қажет болады. Осындай есептеулер мен салыстыру барысында тиісті ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлеме дисконтталу мөлшерлемесі ретінде пайдаланылады. Таза ақша ағындарындағы ықтимал өзгерістердің барлығы жеткілікті дәрежеде назарға алынады, бұл ретте тірек неғұрлым ықтимал салдарға жасалады.
25. Субъект өткізілген активтерді бақылауды өзінде қалдырғаны немесе өзінде қалдырмағаны туралы сұраққа жауап (22(с) параграфтарды қараңыз) алушы субъект оны сататыны, немесе сатпайтынына байланысты болады. Егер активті алушы субъект осындай активті онымен байланысты емес үшінші тарапқа толық көлемде сатса, сонымен қатар, мұны өткізу барысына қосымша шектеулер қоймай, біржақты тәртіппен жасаса, бұл активті өткізген субъект оны бақылауды сақтамағанын білдіреді. Басқа барлық жағдайларда субъект активтерді бақылауды өзінде қалдырған деп саналады.
Мойындауды тоқтатуға сай келетін активтерді өткізу (22(а) және (с)(і)-параграфтарын қараңыз)
26. Егер субъект қаржы активін өткізуді осы активті толық көлемде мойындауды тоқтатуға сай келетіндей түрде өткізсе және бұл ретте оған бөлек ақы төлеумен қызмет көрсету құқығын сақтаса, ол не активті, не осындай қызмет көрсету шарты бойынша туындаған міндеттемелерді мойындауға міндетті. Егер субъект болжаған ақы төлеу оның қызмет көрсету жөніндегі қызметін жеткілікті дәрежеде өтемейтіні күтілсе, онда активке қызмет көрсету жөніндегі осындай міндеттеме әділ құны бойынша танылады. Егер субъект болжаған ақы төлеу қызмет көрсету үшін, жеткілікті өтелетіннен көп болса, онда қызмет көрсету құқығына қатысты қызмет көрсету жөніндегі актив 29-параграфқа сәйкес неғұрлым ірі қаржы активінің қаржылық жағдай туралы есептік сомасын бөлу негізінде айқындалатын сомада танылады.
27. Егер өткізу нәтижесінде қаржы активін толық көлемде мойындауды тоқтату жүргізілсе, онда осындай өткізу субъект жаңа қаржы активінің, қаржы міндеттемелерінің, немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелердің пайда болуына алып келеді, субъект жаңа қаржы активін, қаржы міндеттемелерін, немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді әділ құны бойынша мойындауға міндетті.
28. Қаржы активін толық көлемде мойындауды тоқтатқаннан кейін:
(а) Қаржылық жағдай туралы есептік құн (мойындау күні өлшенген); және
(b) (і) (кез келген жаңа міндеттемелерден кем игерілген кез келген жақа активті қосқанда) (іі) тікелей таза активтер/акцияларда танылған жиынтық пайдалар, немесе шығындардың сомасы (64(b)-параграфын қараңыз);
пайда, немесе шығынның құрамында танылуы тиіс.
29. Егер өткізілген актив неғұрлым ірі активтің бөлігі болып табылса (мысалы, субъект ақша ағындарын борыштық құралдың бөлігі болып табылатын пайыздық төлемдер бойынша өткізген кезде (16(а) параграф қараңыз) және өткізілген бөлік толық көлемде мойындауды тоқтатуға сай келсе, неғұрлым ірі активтің алдыңғы қаржылық жағдай туралы есептік құны танылуы жалғасатын бөлік және танылуы тоқтатылған бөлік арасында осы бөліктердің өткізу күнгі әділ құнының салыстырмалы мәндеріне қатысты бөлінуі тиіс. Осы мақсатта қызмет көрсету жөніндегі активті танылуы жалғасатын бөлік ретінде есепке алған дұрыс. Төмендегілердің арасындағы айрықшылық:
(а) Танылуы тоқтатылған бөлікке бөлінген қаржылық жағдай туралы есептік құн; және
(b) (Кез келген жаңа міндеттемелерден кем игерілген кез келген жақа активті қосқанда) (іі) тікелей таза активтер/акцияларда танылған жиынтық пайдалар, немесе шығындардың сомасы (64(b)-параграфын қараңыз) пайдада, немесе шығында танылуы тиіс;
тікелей таза активтер/акцияларда танылған жиынтық пайдалар, немесе шығындардың сомасы бөліктердің салыстырмалы әділ құндарына негізделіп мойындауын тоқтатқан бөлік пен мойындауын жалғастырған бөлік арасында бекітіледі.
30. Субъект негіз құрайтын қаржы активінің алдыңғы қаржылық жағдай туралы есептік құнын бөліп беру кезінде, танылуы жалғасатын бөлік және танылуы тоқтатылған бөлік арасында танылуы жалғасатын бөліктің әділ құнын айқындауы тиіс. Субъектіде мойындауы жалғасатындарға ұқсас бөліктерді сатудың өткен тәжірибесі болған, немесе осындай бөліктерге қатысты басқа нарықтық мәмілелер жасалған кезде, осындай бөліктің неғұрлым әділ құнын шынайы бағалау жасалған мәмілелердің соңғы бағалары негізінде алуы тиіс. Бағаларды белгілеу, немесе нарықта негізінде бұрынғыша танылатын бөліктің әділ құнын, осындай бөліктің әділ құнын неғұрлым шынайы бағалауды айқындауға болатын жақында жүргізілген операциялардың болмауы бірыңғай тұтас ретіндегі негіз құрайтын қаржы активінің әділ құны және танылуы тоқтатылған бөлік үшін сатып алған тараптан алынған қарама-қарсы ұсыну арасындағы айырманы білдіреді.
Мойындауды тоқтатуға сай келмейтін активтерді өткізу (22(b)-параграфын қараңыз).
31. Егер активті өткізу өткізілген активтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін субъект өзінде қалдырғандықтан, активті мойындауды тоқтатуға әкеп соқпаса, ол қарама-қарсы ұсынуға қатысты қаржы міндеттемелер сияқты толық көлемде өткізілген активті одан әрі мойындауға міндетті. Келесі кезеңдерде субъект өткізілген актив бойынша кез келген кірісті және осы қаржы міндеттемелері бойынша кез келген шығыстарды мойындауға міндетті.
Өткізілген активтерге қатысудың жалғасуы (22(с)(іі) параграфын қараңыз)
32. Егер субъект өткізілген активтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өткізбесе және де сақтамаса, ол осы активті оған өзінің одан әрі қатысуына тепе-тең мойындауын жалғастырады. Субъектінің өткізілген активтерге қатысуының жалғасу дәрежесі - бұл ол осы актив құнының өзгеруі тәуекелдігіне ұшырайтын дәреже. Мысалы:
(а) Субъектінің қатысуды жалғастыруы өткізілген активті кепілдік қамтамасыз ету нысанын қабылдаса, онда ұйымның осындай қатысу дәрежесі мынадай екі өлшемнің азы ретінде айқындалады: (і) актив сомасының және (іі) субъектіден талап етілетін алынған қарама-қарсы ұсынудың ең жоғары сомасы («кепілдік беру сомасы»);
(b) Субъектінің қатысуды жалғастыруы өткізілген активке жазылған, немесе сатып алынған опцион нысанын (немесе қайсысын да болмасын) қабылдаса, онда субъектінің осындай қатысу дәрежесі өткізілген активті субъект кері сатып алатын сомамен айқындалады. Дегенмен, әділ құны бойынша бағаланған активке жазылған опцион болған жағдайда, субъектінің қатысуды жалғастыру дәрежесі мынадай екі өлшемнің азымен шектеледі: өткізілген активтің әділ құны және опционды орындау бағасы (AG63-параграфты қараңыз);
(с) Субъектінің қатысуды жалғастыруы ақша қаражатымен есеп айырысу, немесе өткізілген активке қатысты осындай талаптың нысанын қабылдаса, онда субъектінің осындай қатысу дәрежесі жоғарыда (b) тармағында әңгіме болған үмітсіз есеп айырысулармен опциондар нәтижесіндегідей түрде айқындалады.
33. Субъект активті өзінің оған қатысуын жалғастыруына тепе-тең дәрежеде мойындауын жалғастырған кезде, ол ілеспе міндеттемелерді де таниды. Сонымен қатар, осы Стандартта бағалауға қойылатын басқа талаптар да көзделген, өткізілген актив және ілеспе міндеттеме активті өткізген ұйымда қалатын құқықтар мен міндеттемелер негізінде бағаланады. Ілеспе міндеттемелер өткізілген активтің және тиісті міндеттеменің таза қаржылық жағдай туралы есептік құны:
(а) Егер өткізілген актив амортизациялық құны бойынша бағаланса, субъектіде сақталған құқықтар мен міндеттемелердің амортизацияланған құнын білдіретіндей; немесе
(b) Егер өткізілген актив әділ құны бойынша бағаланса, бөлек негізде бағалау кезінде субъектіде сақталған құқықтар мен міндеттемелердің әділ құнына тең болатындай бағаланады.
34. Субъект өткізілген активке байланысты туындаған кез келген кірісті өзінің оған қатысуына тең мөлшерде одан әрі мойындауға және ілеспе міндеттемелерге байланысты келтірілген кез келген шығыстарды мойындауға міндетті.
35. Одан әрі бағалау мақсатында өткізілген активтің және ілеспе міндеттеменің әділ құнының танылған өзгерістері 64-параграфқа сәйкес бір-біріне тепе-тең есепке алынады және өзара есепке алуға жатпайды.
36. Егер субъектінің қатысуды жалғастыруы қаржы активінің бөлігіне ғана қатысты болса (мысалы, субъект өткізілген активтің бөлігін сатып алуға мүмкіндігін өзінде қалдырса, немесе қалдық үлесті өзінде иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін сақтауға әкеп соқпайтындай қалдырған кезде, бұл ретте субъектінің активті бақылауы сақталады), ол осы қаржы активінің алдыңғы қаржылық жағдай туралы есептік құнын ол қатысуды жалғастыру шеңберінде мойындауын жалғастыратын бөлік және ол бұдан әрі танымайтын бөлік арасында осы бөліктердің өткізу күнгі әділ құнының салыстырмалы мәндеріне қатысты бөледі. Осы мақсаттар үшін 30-параграфта белгіленген талаптар қолданылады. Мыналар:
(а) Активтің мойындауы тоқтатылған бөлігіне бөлінген қаржылық жағдай туралы есептік құны (танылған күні өлшенген); және
(b) (і) басқа толық табыс арқылы танылған, (іі) алынған кез келген пайданың, немесе шығынның сомасы пайдада, немесе шығында танылуы тиіс. (64(b) -параграфын қараңыз));
басқа толық табыс арқылы танылған, алынған пайда, немесе шығын танылуы жалғасатын бөлік және мойындауы тоқтатылған бөлік арасында осы бөліктердің әділ құнының салыстырмалы мәндеріне қатысты бөлінеді.
37. Егер өткізілген актив амортизациялық құны бойынша бағаланса, онда осы Стандартта көзделген қаржы міндеттемесін пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ретіне сыныптастыру ілеспе міндеттемеге қолданылмайды.
Барлық өткізулер
38. Егер өткізілген активті мойындау жалғастырылса, онда ол оған ілеспе міндеттемеге қарсы есепке алынбайды. Осылайша субъект өткізілген активтерге байланысты туындаған қандай да болмасын кірісті ілеспе міндеттемеге байланысты келтірілген қандай да болмасын шығыстарға қарсы есепке алуға құқылы емес (28 ҚСҚЕХС 47-параграфын қараңыз).
39. Егер өткізетін тарап үмітсіз кепілді (мысалы, борыштық және үлестік құралдар түрінде) сатып алатын тарапқа ұсынса, кепілді өткізетін және сатып алатын тараптардың есепке алу тәртібі сатып алатын тараптың кепіл затын сатуға, немесе қайта салуға құқығы бар, не жоқ екеніне және өткізетін тарап өзінің міндеттемелерін бұзғаны, не бұзбағанына қатысты болады. Активті өткізетін субъект және алушы субъект осындай кепілді есепте мынадай түрде көрсетуі тиіс:
(а) Егер сатып алатын тараптың шартта көзделген кепіл затын сатуға, немесе қайта салуға құқығы болса, активті өткізген тарап осы активті басқа активтерден бөлек өз қаржылық жағдай туралы есебінде қайта сыныптастыруға тиіс (мысалы, үлестік құралға салынған қарыздық актив ретінде, немесе қайта сатып алынатын тауар бойынша мәмілелері бойынша дебиторлық берешек ретінде).
(b) Егер алушы субъект оған ұсынылған кепілдікті қамтамасыз етуді сатса, ол оны сатудан түскен түсімдерді мойындауы және өзінің міндеттемесіне қатысты міндеттеменің әділ құны бойынша бағаланатын кепілді қайтаруға міндетті.
(с) Егер активті өткізген тарап шарттың талаптарын орындамаса және кепілді сатып алу құқығынан айырылса, ол осы кепілді мойындауды тоқтатуға міндетті, ал активті алушы тарап осы кепілді әділ құны бойынша бастапқы бағаланатын өзінің активі ретінде мойындауға, немесе, егер ол кепілді сатса, өзінің міндеттемесін ол қайтарылғаннан кейін тоқтатуға міндетті.
(d) (с) тармағында жазылған жағдайды қоспағанда, өткізетін тарап кепілді өзінің активі ретінде есепке алуын жалғастыруға міндетті, ал сатып алушы тарап осы кепілді актив ретінде мойындауға құқылы емес.
40. Қаржы активін үлгі сатып алу, немесе сатуды мойындау және мойындауды тоқтату, мұны қолдануға болған кезде, мәміле күніндегі, немесе есеп айырысу күніндегі есепке алу әдісімен көрсетіледі (А қосымшасының AG68-AG71-параграфтарын қараңыз).
Қаржы міндеттемесін мойындауды тоқтату
41. Субъект қаржы міндеттемесін (немесе қаржы міндетемесінің бөлігін) ол өтелген кезде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалған, жойылған, немесе оны қолдану мерзімі аяқталған кезде қаржылық жағдай туралы есептен шығаруға міндетті.
42. Қарызшы және несие беруші арасында борыштық құралдарды айырбастау маңызды ерекше талаптармен бастапқы қаржы міндеттемесін өтеу және жаңа қаржы міндеттемесін мойындау ретінде есепке алынуы тиіс. Қолданылып жүрген қаржы міндеттемесі талаптарының елеулі өзгерісі дәл осылайша (осының борышкердің қаржылық қиындықтарына қатысты бар, не жоқ екеніне қарамастан) бастапқы қаржы міндеттемесін өтеу және жаңа қаржы міндеттемесін мойындау ретінде есепке алынуы тиіс.
43. Өтелген, немесе басқа тарапқа өткізілген қаржы міндеттемесінің (немесе қаржы міндеттемесі бөлігінің) қаржылық жағдай туралы есептік құны және кез келген өткізілген үмітсіз активтерді, немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғанда төленген қарама-қарсы ұсынулар арасындағы айырманы пайдалар мен шығындар шотына жатқызған дұрыс. Айырбассыз мәміле бөлігі ретінде үшінші тарап мойнына алатын, немесе қарыз берушімен міндеттемеден бас тартылғанда, 23 ҚСҚЕХСқолданылады.
44. Егер субъект қаржы міндеттемесінің бір бөлігін кері сатып алуды жүзеге асырса, субъект қаржы міндеттемесінің алдыңғы қаржылық жағдай туралы есептік құнын мойындау жалғастырылып отырған бөлік және мойындау тоқтатылған бөлік арасында осы бөліктердің кері сатып алу күнгі әділ құнының салыстырмалы мәндеріне қатысты бөлуге міндетті. Кез келген үмітсіз активтерді, немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғанда, (а) мойындау тоқтатылған бөлікке бөлінген қаржылық жағдай туралы есептік құн және (b) төленген қарама-қарсы ұсыну арасындағы айырманы, мойындау тоқтатылған бөлікке қатысты пайдалар мен шығындар шотына жатқызған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |