АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Бағалау Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін бастапқы бағалау



бет23/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95

Бағалау

Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін бастапқы бағалау

  1. Қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін бастапқы бағалау кезінде субъект оны әділ құны бойынша және де, егер қаржы активі, немесе қаржы міндеттемесі пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланбайтын жағдайда қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін сатып алуға, немесе шығаруға тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындарды бағалауға міндетті.



  1. Субъект құны немесе амортизацияланған құн бойынша кейінгі бағаланған активке есептілік жасау күнін қолданғанда, актив сауда күні негізінде әділ құнында танылады. (А қосымшасының AG68–AG71-параграфтарын қараңыз).


Қаржы активтерін кейінгі бағалау


  1. Алғаш танылғаннан кейін Қаржы активін бағалау мақсатында, осы Стандарт 10-параграфта көрсетілген қаржы құралдарын келесі төрт санат бойынша анықтайды:

(а) Пайда, не шығын бойынша қаржы активінің әділ құны;

(b) Төленуі көзделген инвестициялар;

(c) Қарыздар мен алымдар;

(d) Сатылуға қойылған қаржы активтері.

Аталған санаттар осы Стандартқа сәйкес бағалауға және пайда мен шығындардың танылуына қолданылады. Субъект қаржы есептері бойынша ақпарат беру барысында бұл санаттар үшін басқа анықтаушыларды, немесе өзге сыныптастыруларды қолдана алады. Субъект 30 ҚСҚЕХС талап етілген ақпаратты жазба есепте жариялауы тиіс.

48. Бастапқы танылғаннан кейін, субъект төмендегі қаржы активтерін қоспағанда, сатылуы, не өзге жағдайда орын алуы мүмкін мәміле бағасында төмендеусіз, әділ құнында активтер болып табылатын туынды қаржы құралдарын, қаржы активтерін бағалауы қажет: қаржы активтерін бағалауы тиіс:



  1. 10 параграфта көрсетілген тиімді пайда әдісін қолдану арқылы амортизацияланған құнда бағаланған қарыздар мен алымдар; және



  1. 10 параграфта көрсетілген, тиімді пайда әдісін қолдану арқылы амортизацияланған құнда бағаланғантөленуі көзделген инвестициялар;




  1. Белсенді нарықтағы нарық құнына сілтеме жасамаған, әділ құны сенімді түрде бағалана алмайтын субъект құралдары және осындай субъект құралдарының жеткізілуімен реттелетін, не олармен тығыз байланысты туынды құралдар құны бойынша бағалануы керек (А қосымшасының AG113 және AG114-параграфтарын қараңыз).

Хеджирленген баптар ретінде аталған қаржы активтері 99–113 параграфтарына сәйкес, хеджирлік есеп талаптары бойынша бағалаудың пәні болып табылады. Пайда және шығыны бойынша әділ құнында бағаланғандарды қоспағанда, барлық қаржы құралдары 67–79-параграфтарына және А қосымшасының AG117-AG126 – параграфтарына сәйкес, құнсызданудың қайталануына пән болып табылады.

Қаржы міндеттемелерін кейінгі бағалау

49. Бастапқы танығаннан кейін субъект, мыналарды қоспағанда, барлық қаржы міндеттемелерін амортизациялық құны бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолданумен бағалауға тиіс:

    1. Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы міндеттемелерін. Міндеттемелер болып табылатын туынды міндеттемелерін қоса алғанда, осындай міндеттемелер бағасы белгіленбейтін үлестік құралдармен байланысты және ол бойынша есеп айырысу осындай құралды жеткізу арқылы жүргізілетін, әділ құны сенімді түрде айқындалатын және сондықтан өзіндік құны бойынша бағаланатын туынды қаржы міндеттемесін қоспағанда, әділ құны бойынша бағалануы тиіс;



    1. Қаржы активін өткізу мойындауды тоқтатуға сай келмегенде, немесе активке қатысудың жалғасуына негізделген тәсіл қолданылған кезде туындайтын қаржы міндеттемелерін. Осындай қаржы міндеттемелерін бағалауға 31 және 33-параграфтар қолданылады;



    1. 10 параграфта айқындалғандай қаржы кепілдіктерінің шарттарын. Бастапқы танығаннан кейін осындай шарттың эмитенті (49(а) немесе (b) параграфтарды қолдануға болатын жағдайларды қоспағанда) оларды мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша бағалауы тиіс:

(і) 19 ҚСҚЕХС сәйкес айқындалған сомалардың; және

(іі) Егер қажет болса, 9 ҚСҚЕХСсәйкес танылған жинақталған амортизацияның сомасын шегере отырып, бастапқы танылған соманың (45-параграфты қараңыз);

(d) Нарықтықтан төмен пайыз мөлшерлемесі бойынша несие беру туралы келісімдерді. Бастапқы танығаннан кейін осындай шарттың эмитенті (49 (а) параграфтарды қолдануға болатын жағдайларды қоспағанда) оларды мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша бағалауы тиіс:

(і) 19 ҚСҚЕХС сәйкес айқындалған сомалардың; және

(іі) Егер қажет болса, 9 ҚСҚЕХС сәйкес танылып жинақталған амортизацияның сомасын шегере отырып, бастапқы танылған соманың (45-параграфты қараңыз);

Хеджирленетін баптар ретінде айқындалатын қаржы міндеттемелері 99-113-параграфта жазылған хеджирлеудің есепке алу тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес бағаланады.

Әділ құнды бағалау кезінде назарға алынатын пікір


  1. Осы стандартты, 28 ҚСҚЕХС, 30 ҚСҚЕХС қолдану мақсаты үшін қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің әділ құнын айқындау кезінде субъект А қосымшасының AG101-AG115-параграфтарын қолдануға міндетті.

51. Әділ құнды айқындау үшін ең оңтайлы негіз актив нарығындағы баға белгілеу болып табылады. Қаржы құралы үшін актив нарығы болмағанда, субъект әділ құнды бағалау әдістемелерінің бірін қолдану арқылы айқындайды. Бағалау әдістемесі мәміленің бағасы оны бір-біріне тәуелсіз, әдеттегі іскерлік пікірлерімен іс-әрекет жасайтын тараптар жасаған кезде, қандай болғанын айқындау үшін пайдаланылады. Осындай әдістемелерде жақсы хабардар болған, мәмілені жасауға ниетті және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында жасалған соңғы нарықтық мәмілелер туралы ақпаратты (бар болса), біршама дәрежеде ұқсас басқа құралдың ағымдағы әділ құнына сілтемелерді, дисконтталған ақша ағындарын талдау және опциондардың бағаларын айқындау үлгілеріне қолдану көзделеді. Құралдың бағасын айқындау үшін, нарықтың қатысушылары кеңінен қолданатын және нақты нарықтық мәмілелердің контексіндегі бағалардың есептік мәндерін қолдану кезінде өзінің сенімділігін дәлелдеген бағалау әдістемесі болған кезде, субъект тек осы әдістемені пайдаланады. Таңдалған бағалау әдістемесі ең жоғары дәрежеде бастапқы нарықтық деректерді және ең төмен дәрежеде нақты субъект тән бастапқы деректерді пайдаланады. Осындай бағалау әдістемесіне нарықтың қатысушылары баға белгілеу кезінде назарға алатын барлық факторлары кіреді және қаржы құралдары бойынша қабылданған баға құру әдістемелерімен келісіледі. Субъект кезең-кезеңімен бағалау әдістемелерін тексереді және кез келген рұқсат етілген ағымдағы нарықтық мәмілелерде пайдаланылатын сол құралдың өзінің көмегімен (яғни өзгеріссіз, немесе қайта үйлестірусіз), не қолда бар кез келген рұқсат етілген нарықтық деректер негізінде оның сенімділігі сынақтан өткізіледі.

52. Талап ету құқығы бар қаржы міндеттемелерінің (мысалы, талап ету бойынша депозиттің) әділ құны талап ету бойынша төленетін және осы сомаға талап ұсынылған кездегі ең бірінші күннен бастап дисконтталатын сомадан аз болмауы тиіс.



Қайта сыныптастыру

  1. Субъект

(а) Өндірістік құралды әзірге айналымда жүрген уақытында, немесе иелену уақытында шығын, немесе пайда арқылы «әділ құнымен есептелген» топтардан ауыстыра отырып, қайта сыныптастыруға тиіс емес;

(b) Егер бастапқы танылған кезде субъект арқылы пайда не шығын санаты бойынша әділ құнында аталған болса, онда қаражат құралын оның пайда мен шығын арқылы «әділ құнымен есептелгендер» санатынан қайта сыныптастыруға тиіс емес

(с) Егер қаржы құралы таяу мерзімде сату, не қайта сатып алу мақсатында ұсталмайтын болса (қаржы құралы таяу мерзімде сату не қайта сатып алу мақсатында ұсынылғандығына қарамастан), бастапқы танылған кезде субъект арқылы пайда, не шығын санаты бойынша әділ құнында егер 55 және 57-параграфтарындағы талаптар кездесілген жағдайда қайта сыныптастыра алады.

Субъект кез-келген қаражат құралын «өзгерістері пайдалар, немесе шығындар құрамында көрінетін әділ құн бойынша бағаланғандар» санатына қайта сыныптастырмайды.

54. Жағдаяттардағы келесі өзгерістер 53-параграфтың мақсаттарына қайта сыныптастыру болып табылмайды:



  1. Бұрын ақша ағынын, немесе таза инвестицияны хеджирлеуде сыныптастырылған және тиімді құрал болған өндірістік құрал енді көрсетілген сапада сыныптастырылмайтын болады;



  1. Өндірістік құрал ақша ағыны, немесе таза инвестицияны хеджирлеуде сыныпастырылған және тиімді құрал болып қалыптасады;



  1. 53-параграф қолданысы аясына түскен қаражаттық активі пайдалар мен шығындар құрамында көрінетін. Тек сирек жағдайларда, 53(c)-параграфы қолданылатын қаржы активі (57-параграфтарында айқындалған қаржы активінің түрін қоспағанда) пайда, не шығын санаты бойынша қайта сыныптастырыла алады.

56. Егер 55-параграфқа сәйкес, субъект қаржы активін пайда, не шығын құрамында көрінетін өзгерістерде әділ құн бойынша бағалатын активтер санатынан қаражаттық активті қайта сыныптастырса, мұндай қаражаттық актив қайта сыныптастырылатын күнгі әділ құны бойынша қайта сыныптастырылуы тиіс. Пайда, не шығын санаты бойынша танылған кез келген кіріс, не шығыстан бас тартылмауы тиіс. Қайта сыныптастыру күнгі қаржы активінің әділ құны қабылдануына орай, жағдайға байланысты оның жаңа құны, немесе амортизацияланған құны болып табылады.

57. Қарыздар мен алымдар анықтамасына сай келетін, 53 (с) параграфының қолданылу аясына түскен қаржылық актив (егер бастапқы танылған кезде қаржы активі саудаға арналған ретінде сыныптастырылған болса), субъект болжанатын болашақ, немесе төлем жасалғанға дейін қаржы активін ұстап тұруға ынтасы бар және қабілетті болса, өзгерісі пайда, немесе шығындар құрамынан көрінетін әділ құн бойынша бағаланған активтер санатынан қайта сыныптастырылған болар еді.



    1. Қарыздар мен алымдар анықтамасын қанағаттандыратын, сатуға бар болуы ретінде сыныптастырылған қаражаттық актив (егер бастапқы танылған кезде қаржы активі саудаға арналған ретінде сыныптастырылмаған болса), субъект болжанатын болашақ, немесе төлем жасалғанға дейін қаржы активін ұстап тұруға ынтасы бар және қабілетті болса, қарыз бен алымдық берешектік санатынан сатуға бар болуындағы активтер санатынан қайта сыныптастырылған болар еді.

59. Егер субъект 57-параграфқа сәйкес пайда, немесе шығындар құрамында көрінетін өзгерістің әділ құн бойынша бағаланатын активтері санатынан немесе 58-параграфқа сәйкес сатуға бар болуындағы активтер санатындағы қаржылық актив қайта сыныптастырса, онда оған қайта сыныптастыру мерзіміне оның әділ құны бойынша қаржылық активтерді қайта сыныптастыруына тура келеді. 57-параграфқа сәйкес қайта сыныптастырылған қаржылық активке келетін болсақ, ертеректе кірістер мен шығыстар құрамында танылған кез келген пайда мен шығын реверстелуге жатпайды. Қаражаттық активтің әділ құны қайта сыныптастыру мерзіміне келетін қаражаттық активтің әділ құны, жағдай бойынша, оның жаңа өзіндік құны болады, немесе амортизацияланады. 58 тармаққа сәйкес сатылымда бар болған қайта сыныптастырылған активтер санатындағы қаражаттық активке келетін болсақ, ертеректе 64(b) параграфына сәйкес таза актив/капитал құрамында танылған мұндай активтегі кез келген пайда мен шығын 63-параграфқа сәйкес есепке алынады.

60. Егер субъектінің ынтасы, немесе мүмкіндігі нәтижесінде инвестиция өтеуге дейін ұсталғандардың анықталымын ары қарай қанағаттандырмаса, оларды «сатылымға арналғандар» санатына қайта сыныптастыру қажет және оны әділ құнымен қайта бағалау керек. Осылай бола тұра олардың теңгерімдік құны мен әділ құнының арасындағы айырмашылық 64(b)-параграфқа сәйкес есепке алынуы керек.

61. Өтеуге дейін аз мөлшердегі сомадан артық емес деңгейде ұсталған, Инвестицияның сатылымы, немесе қайта сыныптастырылуы жағдайындағы барлық уақыттарада 10-параграфтың қандай да бір шартына жауап бере алмаса, өтеуге дейін ұсталып қалған барлық қалған инвестициялар «сатылымда бар болатындар» санатына қайта сыныптастырылуы қажет. Мұндай қайта сыныптасырылу да олардың теңгерімдік құны мен әділ құнының арасындағы айырмашылық 64(b)-параграфға сәйкес есепке алынуы қажет.

62. Егер бұрынғы уақыттарда сенімді бағаның мүмкін болмауындағы қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттің сенімді бағасы мүмкін болса және мұндай актив немесе міндеттер сенімді өлшемнің болуында әділ құн бойынша өлшеу керек болса, онда актив немесе міндеттер әділ құн бойынша қайта бағалануы керек, сонымен, теңгерімдік құн мен әділ құн арасындағы айырмашылық 64-параграфқа сәйкес есепке алынуы керек (48(с) және 49 параграфтарын қараңыз).

63. Егер ынта, немесе мүмкіндіктегі өзгерістің нәтижесінде, немесе сирек жағдайларда әділ құнның сенімді түрде бағалануы қолжетімділікке ие болмауында (48(c) және 49-параграфтарын қараңыз) немесе 10-параграфта көзделген“өткен екі қаржы жылы” өтіп кеткен болса, қаржы активі, не қаржы міндеттемесін осы қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттің теңгерімдік құны болып табылатын әділ құнынан гөрі, өз құны не амортизацияланған құнында міндетті түрде есепке алу талап етіледі, осы сәттен бастап, осы қаржылық актив, немесе өзіндік құнның жаңа ауқымы, немесе қаржылық міндеттің сәйкесінше амортизациялық құны болып қалыптасады. 64 (b) параграфқа сәйкес тікелей капиталда танылған осындай активтен алынған алдыңғы кіріс, немесе шығыс келесі жолдармен есепке алынуы керек.

(a) Қаржы активі жағдайында белгіленген төлемдігімен, тиімді пайда әдісін қолдану арқылы төленбелі инвестицияның күші аяқталанға дейін кіріс немесе шығыс пайда мен шығыны бойынша амортизациялануы тиіс. Жаңа амортизацияланған құн мен төлемдік сомасы арасындағы кез келген айырма қаржы активінің күші аяқталғанға дейін, сыйақы мен шегерім амортизациясы сынды тиімді пайда әдісі арқылы амортизациялануы тиіс. Егер қаржы активі кейін құнсызданса, тікелей активтер/акцияларда танылған кез келген кіріс, не шығыс пайда, не шығыны бойынша 76-параграфқа сәйкес танылады.

(b) Белгіленген төлемдігі болмайтын қаржы активінің жағдайында, пайд, не шығында танылатын кіріс, не шығыс таза активтер акцияларда қаржы активі сатылған, не таратылғанға дейін қалуы тиіс. Осы сәтте мұндай кіріс пен шығыс пайда мен шығын құрамында танылуы керек. Егер қаржы активі кейін құнсызданса, кез келген бұрынғы кіріс, не шығыс пайда, не шығыны бойынша 76-параграфқа сәйкес танылады.

Пайда мен зарар

64. Хеджирлеу қатынасының бөлігі болып табылмайтын қаржы міндеттемелерінің шығын немесе зарар арқылы әділ құннан өлшенген әділ құнының өзгеруінен болған пайда, немесе шығын (99-113-параграфтарды қараңыз) төмендегідей ретте танылуы керек:

(а) Қаржы активі не қаржы міндеттемесі бойынша пайда, немесе шығын арқылы әділ құнда сыныптастырылған кіріс, не шығыс пайда мен шығында танылуы қажет.

(b) Сатылуға қойылған кіріс, не шығыс таза активтер/акциялардағы өзгерістер есебі арқылы тікелей таза активтер/акцияларда танылуы тиіс. 1 ҚСҚЕХС қараңыз), құнсыздық шығыстарды қоспағанда 76–79-параграфтарын қараңыз) және шетелдік айырбастау арқылы кірістер мен шығыстар (A Қосымшасының AG116-параграфын қараңыз), қаржы активі мойындауын тоқтатқанға дейін бұрын таза актив/акцияда танылған уақыттық жинақ кіріс, не шығыс, пайда, не шығыны арқылы танылады. Дегенмен, тиімді пайда әдісін қолдану арқылы (10-параграфты қараңыз) есептелген пайда шығын, не пайдасы бойынша танылады (9 ҚСҚЕХС қараңыз). Сатылуға қойылатын қаржы активіндегі дивиденділер, не оған ұқсас төлемдер субъектінің төлем алу құқығы бекітілген кезде пайда, не шығыны бойынша танылады. (9 ҚСҚЕХС қараңыз).

65. Амортизациялық құны бойынша бағаланған (48-49-параграфтарды қараңыз) қаржы міндеттемелері бойынша пайдалар, немесе шығындар пайдалар мен шығындар туралы есепте қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін мойындауды тоқтатылған, не ол құнсызданған жағдайда, оның ішінде амортизациялау процесінде танылады. Дегенмен, хеджирленетін баптар ретінде айқындалған қаржы міндеттемелеріне қатысты (87-94-параграфтарды және А қосымшасының AG131-AG141-параграфтарды қараңыз) пайдаларда, немесе шығындарда есепке алу 99-113 параграфтарға сәйкес жүзеге асырылады.

66. Егер субъект қаржы активін есеп айырысу күні таныса (40-параграфты және А қосымшасының AG68-AG71 параграфтарын қараңыз), онда мәміле жасалған күннің және есеп айырысу күнінің арасындағы кезеңде алынған активтің әділ құнының кез келген өзгерісі өзіндік құн немесе амортизацияланған құн бойынша өлшенген активтерге қатысты танылмайды (активтердің құнсыздануынан шығындарды қоспағанда). Дегенмен, әділ құны бойынша бағаланатын активтерге қатысты әділ құнның өзгерісі пайдаға, немесе шығынға, не 64-параграфында көрсетілгендей, капиталға жатқызылуы тиіс.



Қаржылық активтер бойынша құнсыздану мен үмітсіз берешек

67. Әрбір есепті күн жағдайы бойынша субъект амортизациялы құнда өлшенген қаржы активінің немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының объективті белгілерінің болуын бағалауға міндетті. Осындай белгілер болған кезде субъект құнсызданудан болатын кез келген құнсыздық шығынның мөлшерін (амортизациялық құндағы қаржы активтері үшін) 72-параграфына сәйкес, (өз құны бойынша қаржы активтері үшін), 75-параграфқа сәйкес, (сатылуға қойылатын қаржы активтері үшін) 76-параграфқа сәйкес айқындауға міндетті.

68. Егер активтің бастапқы мойындаудан кейін орын алған бір, немесе бірнеше оқиғалардың («Шығын оқиғасы») нәтижесінде құнсызданудың жан-жақты белгілері болған жағдайда, қаржы активі, немесе қаржы активтерінің тобы құнсызданады және құнсызданудан болған шығындар, не осы шығын оқиғасына (оқиғаларына) қатысты қаржы активі, немесе қаржы активтерінің тобы бойынша болжанатын болашақ ағындарға шынайы бағалауға сай келетіндей әсер еткен жағдайда ғана туындайды. Құнсыздануды тудырған жалғыз дискреттік оқиғаны үнемі атау мүмкін емес. Негізінен, құнсызданудың белгісі бірнеше оқиғаның құрама әсер етуі болып табылады. Болашақ оқиғаның нәтижесінде күтілетін шығындар осындай оқиғалардың басталу ықтималдарына қарамастан танылмайды. Активті иеленушіге белгілі, мынадай шығын оқиғалары туралы ақпарат қаржы активінің, немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының объективтік белгілеріне жатады:

(а) Эмитент, немесе борышкер бастан кешіп отырған едәуір қаржы қиындықтары;

(b) Шартты бұзу, мысалы, пайыздарды, немесе борыштың негізгі сомасын төлеуден бас тарту, немесе жалтару;

(с) Кредиторларға қарызшының қаржылық қиындықтарына байланысты экономикалық, немесе заңды себептер бойынша жеңілдікті жағдайлар ұсыну, бұған несие беруші басқа қандай да болмасын жағдайларда төлем қабылдамас еді;

(d) Қарызшының банкрот болуы, немесе қаржылық қайта ұйымдасу ықтималдылығы;

(е) Осы қаржы активі үшін қаржылық қиындықтар себебі бойынша актив нарығының жоғалуы; немесе

(f) Осы активтерді бастапқы мойындау сәтінен бастап қаржы активтері тобы бойынша ақша қаржыларының болжанған болашақ ағындарының айқындалған азаюын растайтын ақпараттың болуы, сондай-ақ азаю деген жекелеген қаржы активтерімен осы топтың құрамында, мыналарды қоса алғанда, әлі теңестірілмейді:

(і) Топтағы қарызшылардың төлем мәртебесіндегі қолайсыз өзгерістер (мысалы, мерзімі өткен төлемдер немесе өздерінің кредит лимитіне жеткен және ең төменгі айлық төлемдерді жүргізетін несие карталарын иеленушілер санының ұлғаюы); немесе

(іі) Топ құрамындағы активтер бойынша міндеттемелердің орындалмауымен арақатысты ұлттық, немесе жергілікті экономикалық жағдайлар (мысалы, қарызшының географиялық аймағындағы жұмыссыздықтың өсуі, тиісті аудандағы ипотекалардың жай-күйіне қатысты жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі, мұнай өндірушілердің қарыздық активтерін алуға қатысты мұнай бағасының төмендеуі, немесе топ құрамындағы қарызшылар үшін салдары бар салалық конъюнктураның қолайсыз өзгерістері).

69. Субъектінің қаржы құралдарының нарықта еркін айналуының тоқтауына байланысты актив нарығының жоғалуы активтің құнсыздануын растамайды. Субъектінің несие төлеу қабілеттілігі рейтингінің әлсіреуі өзінше құнсыздануды растамайды, алайда ол басқа қол жеткізілетін ақпаратты есепке алғанда құнсыздану белгісі ретінде болады. Қаржы активінің әділ құнының оның өзіндік құнынан, немесе амортизациялық құнынан төмен азаюы құнсыздану белгісі болып табылуы міндетті емес (мысалы, борыштық құралға инвестициялардың әділ құнының төмендеуі, ол пайыздың тәуекелдіксіз мөлшерлемесінің ұлғаю салдары болып табылады).

70. 68-параграфта айтылатын оқиғалардың түрлеріне қосымша ретінде үлестік құралға инвестициялардың құнсыздануының объективті белгілеріне эмитент қызметін жүргізетін техникалық, нарықтық, экономикалық, немесе заңды ортада орын алған қолайсыз салдары бар елеулі өзгерістер туралы ақпарат кіреді және үлестік құралға инвестициялардың құны өтелмеуі мүмкін. Үлестік құралға инвестициялардың әділ құнының өзіндік құннан төмен едәуір және ұзақ азаюы құнсызданудың объективті белгісі болып табылады (мысалы, тәуекелсіз пайыз мөлшерін көтеру нәтижесінде үлестік құралдардың әділ құнның төмендеуі).

71. Кейбір жағдайларда қаржы активінің құнсыздануынан шығынның мөлшерін бағалау үшін, талап етілетін деректердің шектеулі сипаты болуы, немесе одан әрі ағымдағы жағдайларға сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, бұл жағдай қарызшы қаржылық қиындықтарға душар болған және осыған ұқсас қарызшыларда бұрын өткен тәжірибеден жеткіліксіз деректер болған кезде орын алуы мүмкін. Осындай уақыттарда, субъект ағымдағы жағдайларды көрсету үшін, өз пайымдауына сүйене отырып, құнсызданудан туындаған шығын сомасын бағалауда өз тәжірибесіне сүйенеді. Осыған ұқсас жағдайларда субъект ағымдағы жағдайларды болдырмау мақсатында бақыланып отырған қаражаттық активтер туралы ақпараттарды анықтау үшін, өзінің тәжірибесіне негіздеген өз пайымдауларын қолданады (AG122-параграфты қараңыз). Дәлелді бағалауларды пайдалану қаржы есептілігін дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және олардың сенімділігін жоғалтпайды.



Амортизацияланған құн бойынша есепке алынатын қаржы активтері

72. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын несиелердің және дебиторлық берешектің, немесе өтеуге дейін ұсталатын инвестициялардың құнсыздануынан шығынның объективті белгілері болған кезде шығынның мөлшері активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны және болжанған болашақ ақша қаражаты ағындарының (әлі келтірілмеген болашақ несие шығындарын қоспағанда) осы қаржы активі үшін негізгі пайыз мөлшерлемесі (яғни, бастапқы мойындау кезінде есептелген пайыз мөлшерлемесі бойынша) бойынша есептелген дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде айқындалады. Активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны тікелей, немесе бағалау резервінің шоты арқылы азаюы тиіс. Шығынның мөлшері табыс, немес шығын арқылы танылуы тиіс.

73. Субъект, ең алдымен, жекелей маңызды болып табылатын қаржылық активтерге арналған, сонымен қатар, жекелей маңызды болып табылмайтын қаржылық активтерін жекелей, немесе қосып алғандағы жеке құнсызданудың жан-жақты куәлігінің болуын бағалайды. (68-параграфты қараңыз). Егер субъект бұл актив маңызды, немесе маңызсыз болып табылатынына еш байланыссыз жеке бағаланған қаржылық активінің жан-жақты куәлігі болмауын бекіткен жағдайда ол осы активті несиелік тәуеелдің ұқсас сипаттамасына жатқызады және оларды құнсызданумен бірге бағалайды. Құнсызданудан туындаған шығындатанылған, немесе тануды жалғастырып келе жатқан құнсыздануға бағаланған жеке активтер құнсыданудың бірге бағалануындағы активтер тобындағы құрамға енбейді.

74. Егер келесі кезеңде активтің құнсыздануынан шығынның мөлшері азайса және бұл азаю құнсыздану танылғаннан кейін орын алған оқиғаға объективті арақатысты болуы мүмкін болса (мысалы, дебиторлық несиелік рейтингінің артуы), онда құнсызданудан бұрын танылған шығынды, не тікелей, не бағалау резерві арқылы реверстеген дұрыс. Осындай реверстеу нәтижесінде осы қаржы активінің қаржылық жағдай туралы есептік құны, егер оны реверстеу күніне құнсыздану танылмаса, амортизациялық құнды құрайтын мөлшерден аспауы тиіс. Реверстеудің мөлшері пайдада, немесе шығын құрамында танылуы тиіс.



Құны бойынша өлшенген қаржы активтері

75. Егер әділ құны бойынша есепке алынбайтын, туынды құрал болып табылатын актив бойынша белгіленбеген үлестік құрал бойынша объективті куәлік бар болса, себебі оның әділ сомасы сенімді өлшене алуы мүмкін емес, немесе белгіленбейтін үлестік құралмен байланысты және туынды құрал болып табылатын актив бойынша және есеп сол үлестік құралдың жеткізілу жолымен жүргізілуі керек, құнсызданудан шығын туындайды, құнсызданудан туындаған шығын сомасы ұқсас қаражат активі үшін ағымдағы нарықтық қалып кірісі бойынша қаржылық активтің теңгерімдік құны мен болашақ ақша ағындарының болашақ дисконтталған құны арасындағы құнсызданудан туындаған шығын сомасы айырмашылығымен өлшенеді. (48(c) параграфтарын және A қосымшасының AG113 және AG114 параграфтарын қараңыз). Осындай құнсыздану шығындарынан бас тартылмауы тиіс.



Сатылуға қойылған қаржы активтері

76 Егер сатылуға қойылған қаржы активінің әділ құнындағы төмендеу тікелей таза активтер/акцияларда танылған болса және актив құнсыздануы туралы нақты айқындама бар болатын болса, (68-параграфын қараңыз), онда таза активтер/акцияларда тікелей танылған жинақтық шығын таза активтер/акциялардан алынып, қаржы активінің мойындауды тоқтатқанына қарамастан, пайда, немесе шығын бойынша танылуы керек.

77 Таза активтер/акциялардан алынған және 76-параграфқа сәйкес кірістер мен шығыстар құрамында танылған жинақтық шығын сомасы активті (негізгі сома мен амортизациядан алынған төлемдерден шегеруді еске алғанда) және ертеректе пайда немесе шығындар қатарында танылған осы қаржылық активтің құнсыздануынан шығынды шегере отырып, ағымдағы әділдік құнды алуға кететін шығындар арасындағы айырмашылықты танытады.

78 Сатылымдар үшін бар болып табылатындар ретінде сыныптастырылған үлестік құрал инвестициясы бойынша кірістер мен шығындар құрамында танылып, құнсызданудан туындаған шығындар әрі қарай кіріс, немесе шығындар арқылы реверстелмеуі тиіс.

79 Егер сатылымға бар сияқты сыныптастырылған үлестік құралдың әділ құны келесі кезеңде кеңейтілсе және бұл кеңейтілім кірістер, немесе шығындар құрамында құнсызданудан туындаған шығынды танудан кейін болатын жағдайға объективті түрде байланыстырса, онда құнсызданудан туындаған шығынды реверстеуге болады, ал реверстелген соманы пайда немесе шығындар қатарында мойындауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет