Актив нарығы: Белгіленетін баға
AG103. Егер баға белгілеулер туралы ақпаратты жедел және жүйелі түрде биржадан, делдалдан, брокерден, салалық топтан, баға қызметінен немесе реттеуші органнан алуға болса, қаржы құралы актив нарығында бағасы белгіленетін болып саналады және осы бағалар нарықтың тәуелсіз қатысушылары жасайтын нақты және жүйелі нарықтық мәмілені көрсетеді. Әділ құн мәміле жасауға даяр және бір-біріне тәуелсіз сатып алушы және сатушы уағдаласатын баға негізінде айқындалады. Актив нарығында айналыстағы қаржы құралының әділ құнын айқындау мақсаты субъектінің тікелей рұқсаты бар қолайлы актив нарығының өзінде есепті күні осы құралмен мәміле жасалатын бағаны алудан тұрады (яғни, құралды өзгертпестен немесе қайта үйлестірусіз). Дегенмен, субъект осы бағаны неғұрлым қолайлы нарықта контрагенттің несие тәуекелдігіндегі осы нарықта айналыстағы құрал және бағаланатын құрал арасындағы кез келген айырманы ескерумен түзетеді. Актив нарығының жарияланған баға белгілеулерінің болуы және осындай баға белгілеулер бола берсе, олардың өзі ғана қаржы активін, немесе қаржы міндеттемесін бағалау үшін қолданылады.
AG104. Қолда бар актив, немесе шығарылған міндеттеме үшін тиісті нарықтық баға белгілеу болып, әдетте, сұраныстың ағымдағы бағасы, ал сатып алынатын, немесе қолда бар міндеттеме үшін ұсыныстың ағымдағы бағасы саналады. Субъектінің өзара есепке алынатын нарықтық тәуекелдіктері бар активтері және міндеттемелері бар болса, ол орташа нарықтық бағаларды тәуекелдіктің өзара есепке алынатын позициялар бойынша әділ құнды айқындау және таза ашық позиция бойынша сұраныстың, немесе ұсыныстың бағасын қолдану үшін база ретінде қолданады. Сұраныс және ұсыныс туралы ақпарат болмаған жағдайда, ағымдағы әділ құнды айқындау үшін, ең соңғы мәміленің бағасы оны жүргізу сәтінен бастап есепті күнге дейін экономикалық жағдайлардың маңызды өзгерістерінің болмауы шартымен болады. Егер мәміле жасалған сәттен бастап жағдай өзгерсе (мысалы, корпорациялық облигацияның соңғы баға белгілеуінен кейін тәуекелдіксіз пайыздық мөлшерлеме өзгерсе), онда жағдайдың осындай өзгерісі әділ құнда ағымдағы бағаларға немесе, қажет болған кезде, осындай қаржы құралдары бойынша мөлшерлемелерге сілтеме жасау арқылы көрсетіледі. Осылайша алғанда, егер субъект мәміленің соңғы бағасы әділ құн болып табылмайтынын көрсетсе (мысалы, ол субъект мәжбүрлеп тарату немесе еріксіз сату кезінде байланыстырылған мәміледе алуы немесе төлеуі мүмкін болатын соманы көрсеткен), онда осындай баға түзетуге жатады. Қаржы құралдары портфелінің әділ құны құралдың бірліктері және оның нарықтық баға белгілеуі үшін, туынды болып табылады. Егер, тұтастай алғанда, қаржы құралының нарықтық баға белгілеуі болмаса, бірақ сонымен қатар оның негізгі құрамдас элементтерінің нарығы болса, онда әділ құн оның құрамдас элементтерінің тиісті нарықтық бағалары негізінде құрылады.
AG105. Егер актив нарығында мөлшерлеме (баға емес) белгіленсе, онда субъект нарықтық мөлшерлемені әділ құнды бағалау әдістемесінің бастапқы өлшемдерінің бірі ретінде қолданады. Егер нарықтық мөлшерлемеге кредиттік тәуекелдік немесе нарықтың қатысушылары құралды бағалау кезінде есепке алатын басқа факторлар кірмесе, субъект осы факторларға түзету жасайды.
Актив нарығының болмауы: Бағалау техникасы
AG106. Қаржы құралына арналған актив нарығы болмаған кезде субъект әділ құнды бағалау әдістемелерінің бірін қолдану арқылы айқындайды. Осындай әдістемелерге жақсы хабардар, осындай мәмілелерді жасауға ниеті бар бір-біріне тәуелсіз тараптар арасындағы соңғы нарықтық мәмілелер туралы ақпарат (ол бар болса), біршама дәрежеде ұқсас басқа құралдың ағымдағы әділ құнына сілтемелер, дисконтталған ақша ағындарын талдау және опциондардың бағаларын айқындау үлгілері кіреді. Нарықтың қатысушылары құралдың бағаларын айқындау үшін кеңінен қолданатын, нақты мәмілелердің контексінде алынған бағалардың есептік мәндерінің сенімділігін дәлелдеген бағалау әдістемелері болған кезде субъект осы әдістемені пайдаланады.
AG107. Бағалау әдістемесі мәміленің бағасы әдеттегі іскерлік пікірлері бар тәуелсіз тараптар арасында бағалау күні қандай болғанын айқындау үшін пайдаланылады. Әділ құн бастапқы нарықтық деректер барынша есепке алынатын және тек субъектіге ғана қатысты деректер ең төмен дәрежеде болатын бағалау әдістемені қолдану нәтижесі бойынша айқындалады. Егер (а) ол құралдың бағасына нарықтың күтілетін әсер етуін жеткілікті түрде шынайы көрсетсе және (b) бағалау негізіне салынған бастапқы деректер нарықтық күтулерді және осы қаржы құралына тән тәуекелдіктің және кірістіліктің арақатысын жеткілікті түрде шынайы көрсетсе, бағалау әдістемесін қолдану әділ құнның нақты мәнін алуға әкеп соғады.
AG108. Осылайша, бағалау әдістемесіне (а) бағаны белгілеу кезеңінде нарықтың қатысушылары назарына алатын барлық факторлар кіреді және (b) қаржы құралдары бойынша қабылданған баға құру әдістемелермен келісіледі. Субъект жүйелі түрде бағалау әдістемесін тексереді және оның сенімділігін сол құралдың өзімен жасалатын кез келген рұқсат етілетін ағымдағы нарықтық мәмілелерде пайдаланылатын бағалардың көмегімен (яғни, өзгеріссіз немесе қайта үйлестірусіз), не қолда бар рұқсат етілген кез келген нарықтық деректер негізінде сынақтан өткізіледі. Субъект нарықтық деректерді осы құрал қалыптастырылған, немесе сатып алынған нарықтың өзінен алады. Қаржы құралының әділ құнын (яғни, төленген немесе алынған қарама-қарсы ұсынудың әділ құнын), оны бастапқы мойындау кезінде айқындау үшін, ең оңтайлы негіз осы құралдың әділ құны сол құралдың өзімен жасалатын кез келген рұқсат етілетін ағымдағы нарықтық мәмілелермен салыстыру арқылы (яғни, өзгеріссіз немесе қайта үйлестірусіз), не айнымалылар ретінде тек жұмыс істеп тұрған нарықтардан деректер пайдаланатын бағалау әдістемесінің көмегімен айқындалған жағдайларды қоспағанда, мәміленің бағасы болып табылады.
AG109. Пайдалар мен шығындарды кейінгі мойындау секілді қаржылық активті, немесе қаржылық міндеттемені кейінгі бағалау осы Стандарттың немесе 29 ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс. AG108-параграфты қолдану қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені бастапқы мойындау кезінде пайданы, немесе шығынды мойындауға әкеле алмайды. Бұл жағдайда бастапқы мойындаудан кейін пайда, немесе шығын баға белгілеу кезінде нарыққа қатысушылар назарға алатын бір факторлардың (уақытта қоса алғанда) өзгеруімен байланысты туындайтын болса ғана танылуын талап етеді.
AG110. Қаржы активін бастапқы сатып алу, немесе ұсыну, не қаржы міндеттемесін қабылдау осы қаржы құралының әділ құнын бағалау үшін негіз жасайтын нарықтық мәмілені білдіреді. Атап айтқанда, егер қаржы құралы борыштық құрал (мысалы, несие) болып табылса, оның әділ құны оны сатып алу, немесе ұсыну күні бар болатын нарықтық талаптарды, сондай-ақ ағымдағы нарықтық конъюнктураға, немесе осы сәтте субъект немесе нарықтың басқа қатысушылары осындай борыштық құралдар (яғни, өтеу мерзімі, ақша ағындарының конфигурациясы, валютасы, кредиттік тәуекелдіктері, кепілмен қамтамасыз етуі және пайыздық базасы ұқсас) үшін белгіленген пайыздық мөлшерлемелерді негізге алу арқылы айқындалады. Дебитордың несиелік тәуекелдігі бұрынғыша қалған және борыштық құралды ұсынғаннан кейін тиісті кредиттік спрэд пайда болған жағдайда, пайыздық ағымдағы нарықтық мөлшерлемені бағалау бастапқы борыштық құрал иеленетін неғұрлым жоғары кредит қабілеттілігін көрсететін пайыздық бағдар-мөлшерлемені пайдалану, сондай-ақ несиелік спрэдтің өзгермейтінін және құралды ұсынған күннен бастап пайыздық бағдар-мөлшерлеменің өзгерісіне түзетуді сақтау арқылы алыну мүмкін. Егер ең соңғы нарықтық мәміленің уақытынан бастап талап өзгерсе, онда бағаланатын қаржы құралының әділ құнының тиісті өзгерісі ағымдағы бағалар немесе, егер қажет болса, бағаланатын құралдың кез келген айырмашылығына түзету арқылы осындай қаржы құралына арналған мөлшерлемелер негізге алынып айқындалады.
AG111. Әрбір есепті күні әртүрлі ақпарат болуы мүмкін. Мысалы, субъект несие ұсынған немесе актив саудасының мәні болып табылмайтын борыштық құралды сатып алған күні онда бір мезгілде нарықтық баға болып табылатын мәміле бағасы туралы ақпарат болады. Дегенмен, келесі бағалау күні мәміле туралы жаңа ақпарат болмауы да мүмкін және субъект нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің жалпы деңгейін айқындай алатынына қарамастан, ол несиелік және басқа тәуекелдіктің қандай деңгейін нарықтың қатысушылары осы күні осы құралдың бағасын белгілеу кезінде назарға алатынын білмеуі мүмкін. Субъектіде соңғы мәмілелер бойынша оған тиісті несиелік спрэдтің мөлшерін базалық пайыздық мөлшерлемеге айқындау және осы мөлшерді дисконтталған құнды есептеу кезінде дисконттың мөлшерлемесін айқындау үшін, пайдалану мүмкіндігін беретін ақпарат болмауы мүмкін. Кері дәлелдеу болмағанда, несие ұсыну күнгі спрэдтің қандай да болмасын өзгерістерге ұшырамауын болжаған дұрыс болар еді. Сонымен қатар, субъектіге көрсетілген факторлар өзгерістерінің белгілерін анықтау үшін, қажетті күштері қолданған дұрыс. Өзгерістердің белгілері болған кезде субъектіге қаржы құралының әділ құнын айқындау кезінде осындай өзгерістердің салдарын назарға алған дұрыс.
AG112. Дисконтталған ақша ағынын талдау кезінде субъект, құралдың несиеге қабілеттілігін қоса алғанда, осындай талаптар бар қаржы құралдары үшін басымды нарықтық пайыздық мөлшерлемеге тең дисконттау коэффициенті, шартта белгіленген пайыздық мөлшерлемені қолданудың қалған кезеңін, негізгі соманы өтеуге дейін қалған мерзімді және төлемдер жүргізілетін валютаны пайдаланады. Жарияланған пайыздық мөлшерлеме болмаған кезде қысқа мерзімді дебиторлық берешек, әдетте, дисконттау алынған нәтижеге елеулі әсер етпейтін жағдайды қоспағанда, шот-фактурада көрсетілген бастапқы сома бойынша бағаланады.
Актив нарығының болмауы: Айналмайтын үлестік құралдардың туындылары
AG113. Актив нарығында туынды құралдарды қоса алғанда, инвестициялардың әділ құны (48(с) және 49 параграфтарын қараңыз), шынайы бағалануы мүмкін, егер (а) ішінде әділ құн бар құндық бағалау шектері, осы құрал үшін шамалы немесе (b) құндық шектер шеңберіндегі қандай да болмасын әділ құнның ықтималдылығы негізді түрде есептелуі және әділ құнды есептеуде пайдаланылуы мүмкін.
AG114. Нақты нарықтық бағасы жоқ үлесттік құралдардың орынды әділ құнымен бағалауы қатарындағы өзгергіштер мен соларға байланысты туынды құралдардың осындай нақты емес үлестік құралды тарату арқылы орындалуы тиіс көптеген жағдайлар (48(с) және 49 параграфтарды қараңыз), маңызды болып табылмайтын секілді. Әдетте субъектіде сыртқы тараптан сатып алынған қаржы активінің әділ құнын есептеуге мүмкіндік болады. Дегенмен, егер ішінде әділ құн болатын құндық бағалау шектері және әртүрлі бағалауды алу мүмкіндігі анықтауға келмесе, субъект құралды әділ құны бойынша бағалай алмайды.
Бағалау әдістемесіне арналған бастапқы деректер
AG115. Жеке алынған қаржы құралының әділ құнын бағалауға мүмкіндік беретін әдіс нарықтық талаптарды және осындай құралдың әділ құнына әсер етуі мүмкін басқа факторларды сипаттайтын рұқсат етілген деректерге негізделуі тиіс. Қаржы құралының әділ құны төменде көрсетілген бір, немесе бірнеше факторға (мүмкін, басқа кейбіреулеріне) қатысты болады.
(а) Ақшаның уақытша құны (базалық немесе тәуекелдіксіз мөлшерлеме бойынша пайыздар). Базалық пайыздық мөлшерлемелер, әдетте, мемлекеттік облигациялардың қазіргі бағалары негізінде шығарылуы мүмкін және қаржылық жарияланымдарда жиі келтіріледі. Осы мөлшерлемелер әдетте әртүрлі уақытша көкжиектерге арналған пайыздық мөлшерлемелердің кірістілік қисығы бойынша болжанған ақша ағындарының күтілетін күндеріне қатысты өзгереді. Практикалық пікірлер бойынша субъект бағдар-мөлшерлеме ретінде кеңінен қабылданған және тікелей рұқсат етілген жалпы сипаттағы өлшемдік, немесе своптық мөлшерлемені қолданады (себебі, өлшемдік сияқты мөлшерлемелер тәуекелдіксіз пайыздық мөлшерлемелер болып табылмайды, нақты қаржы құралы бойынша несиелік тәуекелдікті түзетудің мөлшері оның осы бағдар-мөлшерлеме бойынша несиелік тәуекелдікпен арақатыстағы несиелік тәуекелдікте айқындалады). Бірқатар елде шығарылатын мемлекеттік облигациялар едәуір несиелік тәуекелдік көтеруі мүмкін, сондықтан ол бойынша белгіленетін пайыздық мөлшерлемені сол валютада көрсетілген құралға қатысты бағдар-мөлшерлеме ретінде қолдануға болмайды. Осы елдердегі кейбір субъектінің неғұрлым жоғары несиелік қабілеттігі болуы және орталық үкіметтерге қарағанда неғұрлым төмен несиелеу мөлшерлемесін қолдануы мүмкін. Осы жағдайда базалық пайыздық мөлшерлемені осы елдің валютасында шығарылған, ең жоғары рейтингі бар корпорациялық облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі негізінде айқындаған дұрыс.
(b) Несиелік тәуекелдік. Несиелік тәуекелдіктің әділ құнға әсер ету дәрежесі (яғни, несиелік тәуекелдік үшін базалық пайыздық мөлшерлемеге үстемені) түрлі несиелік қабілеттілігі бар сауда құралдарының қазіргі нарықтық бағалары негізінде, немесе несие берушілер әртүрлі несиелік рейтингі бар несиелер бойынша белгіленген пайыздық мөлшерлемелер негізінде айқындауға болады.
(с) Шетел валюталарының бағасын белгілеу. Көптеген валюталар үшін активтік валюта нарығы бар, бұл ретте баға белгілеулер күн сайын қаржы басылымдарында жарияланады.
(d) Биржалық тауарлардың бағалары. Көптеген биржалық тауарларда баға белгілеулер бар.
(е) Үлестік бағалы қағаздардың бағасын белгілеу. Сауда үлестік құралдары бағалары (және бағалар индекстері) кейбір нарықтарға тікелей кіру режимінде бар. Дисконтталған құнға негізделген әдіс осы сәтте бағасын белгілеуі бар үлестік құралдардың ағымдағы нарықтық бағалары бағалау үшін, пайдаланылуы мүмкін.
(f) Волатильділік (яғни, қаржы және басқа құралдардың бағаларының болашақтағы өзгеру диапазоны). Активті сауда құралдарының волатильділік диапазоны тарихи нарықтық деректер негізінде, немесе ағымдағы нарықтық бағаларға салынған волатильділік көрсеткіштеріне пайдалану арқылы жеткілікті дәрежеде шынайы бағалануы мүмкін.
(g) Алдын ала ақы тәуекелдігі және басқаға беру тәуекелдігі. Қаржы активтеріне қатысты алдын ала ақы төлеудің күтілетін үлгілері және қаржы міндеттемелеріне қатысты басқаға берудің күтілетін үлгілері тарихи деректер негізінде бағаланады. (Контрагентке берілетін қаржы міндеттемелерінің әділ құны міндеттемені басқаға беру кезінде контрагентке қайтарылатын соманың дисконтталған құнынан аз болмауы тиіс 52-параграфты қараңыз).
(h) Қаржы активіне, немесе қаржы міндеттемесіне қызмет көрсету шығындары. Қызмет көрсету шығындары оларды нарықтың басқа қатысушылары ағымдағы сәтте алатын ақы төлеумен салыстыру арқылы бағалануы мүмкін. Егер қаржы активіне, немесе қаржы міндеттемесіне қызмет көрсету шығындары едәуір болса, бұл ретте нарықтың басқа қатысушылары салыстырмалы шығындарды көтереді, эмитенттің оларды осы қаржы активінің, немесе қаржы міндеттемесінің әділ құнын айқындау кезінде ескергені дұрыс. Болашақ сыйақылар және ілеспе шығындар салыстырмалы нарықтық көрсеткіштермен сәйкес келмеген жағдайды қоспағанда, болашақ сыйақыларға шарттық құқықтың пайда болу сәтіндегі әділ құнның кредитті ұйымдастыру үшін ақыға тең болуы ықтимал.
Пайдалар және шығындар (64-66- параграфтар)
AG116. Субъект 4 ҚСҚЕХС бойынша ақша баптары болып табылатын және шетел валютасында көрсетілген қаржы активтеріне қолданады. 4 ҚСҚЕХС сәйкес, ақша міндеттемелері бойынша оң және теріс мөлшерлемелік айырмалар пайдаға немесе шығынға жатқызылады. Ақша қаражаты ағындарын (106-112 параграфтарды қараңыз), немесе таза инвестицияны (113-параграфты қараңыз) хеджирлеу құралы ретінде айқындалған ақша бабы ерекшелікті құрайды. Егер туынды емес ақша активтері және туынды емес ақша міндеттемелері арасында хеджирелеу қатынасы белгіленсе, осы қаржы құралдарындағы өзгерістер пайдаға, немесе шығынға жатқызылады. 4 ҚСҚЕХС бойынша шетелдік айырбастаудағы кірістер не шығыстарды мойындау мақсатында, ақшалай сатылуға қойылған қаржы активі шетелдік валютадағы амортизациялық құнында жүргендей саналады. Сәйкесінше, осындай қаржы активіне арналған айырбастау 64(b) параграфта айқындалған теңгерімдік есептегі басқа өзгерістер мен амортизациялық құнындағы өзгерістер пайда, не шығыны бойынша танылады. 4 ҚСҚЕХС ҚЕХС бойынша ақшалай емес баптар болып табылатын сатылуға қойылған қаржы активтерінің (субъект құралдары) кіріс не шығыстары 64(b)-параграфқа сәйкес таза активтер/акцияларда тікелей танылады, бұл тармақ кез келген қатысты шетелдік белгіні қамтиды. Егер туынды емес ақша активі мен туынды емес ақша міндеттемесі арасында хеджирлік қатынастылық болса, осы қаржы құралдарының шетелдік валюта бөлігіндегі өзгерістер пайда не шығыны бойынша танылады.
Қаржы активтері бойынша құнсыздану және үмітсіз берешек (67–79 параграфтар)
Құнсыздану және амортизациялық құн бойынша бағаланған қаржы активтерінің жиналмайтындығы (72–74 параграфтар)
AG117. Амортизацияланған құны бойынша бағаланған қаржы активінің құнсыздануы қаржы құралының бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемесін пайдалану арқылы айқындалады, өйткені ағымдағы нарықтық мөлшерлеме бойынша дисконттау шын мәнінде амортизацияланған құны бойынша бағалауға жататын қаржы активтерінің әділ құны бойынша бағалауды қолдануды білдірген болар еді. Егер амортизацияланған құнмен бағаланған қаржылық активтің талаптары қайта қаралса, немесе қарызшының, немесе эмитенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қандай да болмасын басқа тәсілмен өзгерсе, онда құнсыздану мөлшері осындай жағдайлар өзгергенге дейін қолданылатын бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеменің көмегімен айқындалады. Егер дисконттаудың салдары маңызды болып табылмаса, қысқа мерзімді дебиторлық берешекке байланысты ақша ағындары дисконтталмайды. Егер несие, дебиторлық берешек, немесе өтелгенге дейін ұсталатын инвестиция бойынша пайыз мөлшерлемесі айнымалы болып табылса, онда 72-параграфқа сәйкес құнсызданудан шығынды айқындау үшін, пайдаланылатын дисконттау коэффициенті ретінде шартқа сәйкес белгіленетін ағымдағы тиімді пайыздық мөлшерлеме (мөлшерлемелер) қолданылады. Несие беруші іс жүзінде амортизацияланған құны бойынша көрсетілген қаржы активінің құнсыздануын бұл ретте осы сәтте қолданылып жүрген нарықтық бағаны пайдалана отырып, әділ құн негізінде бағалай алады. Кепіл ретінде берілген қаржы активі бойынша болжанған болашақ қаржы қаражатының дисконтталған құнын есептеу, кепіл берушінің сатып алу құқығынан айырылу ықтималдығына қарамастан, кепілді алу және сату шығындары шегеріле отырып, кепілге салынған активті сатып алу құқығынан айырылуы салдарынан туындауы мүмкін ақша қаражатының ағындарын көрсетеді.
AG118. Құнсыздануды бағалау процесі тек төмен несие қабілетіне байланысты ғана емес, барлық несиелік тәуекелдікті есепке алуды болжайды. Мысалы, егер субъект несиелік рейтингтердің ішкі жүйесін пайдаланса, онда ол тек несиелік қабілеттіліктің нақты төмендеуін көрсететіндерді ғана емес, барлық несиелік рейтингтерді қабылдауы тиіс.
AG119. Құнсызданудан болған шығынды бағалау процесінің нәтижесі жалғыз өлшем немесе ықтимал өлшемдердің диапазоны болуы мүмкін. Соңғы жағдайда субъект құнсызданудан болған шығынды қаржы есептілігі шығарылғанға дейін қолда бар есепті күні қолданылып жүрген талаптар туралы барлық маңызды ақпаратты ескере отырып алынған диапазондағы ең жақсы бағалауға тең сомада таниды (19 ҚСҚЕХС 47 параграфы болуы мүмкін түсімдердің қатарындағы ең жақсы бағалауды қалай анықтау қажеттігі туралы нұсқауларды қамтиды).
AG120 Құнсыздануды жиынтық бағалау мақсатында қаржылық активтер несие тәуекелінің ұқсас сипаттамалары бойынша топтарға біріктіріледі, олар дебитордың шарт талаптарына сәйкес барлық тиесілі соманы төлеу қабілетін көрсетеді (мысалы, тәуекелді бағалау немесе сыныптастыру үдерісі негізінде, бұл кезде активтік түрі, сала, географиялық орналасу, кепілзат түрі, мерзімі кешіктірілеген берешектің мәртебесі және басқа да орынды факторлар есепке алынады). Таңдап алынған сипаттамалар осындай активтердің топтарына болашақ ақша ағынын есептеуге орынды, өйткені олар дебитордың шарт талаптарына сәйкес бағаланатын активтер бойынша барлық тиесілі соманы төлеу қабілетін көрсетеді. Алайда зарар шегу ықтималдығы және зарар бойынша басқа да статистика құнсыздануға жеке бағаланған және олардың құнсызданбағаны белгілі болған активтер (а) және құнсыздануға жеке бағаланбаған активтер (b) арасындағы топтар шеңберінде ерекшеленеді, оның нәтижесінде құнсызданудың басқа сомасы талап етілуі мүмкін. Егер субъектіні тәуекел сипаттамалары ұқсас активтер тобы болмаса, ол қосымша бағалау жүргізбейді.
AG121 Топтық негізде танылған, құнсызданудан шеккен зарар құнсыздануға бағалаудан өтетін қаржылық активтер тобындағы жекелеген активтер бойынша құнсызданудан шегетін зарарды анықтағанға дейінгі аралық қадамды білдіреді. Топ шеңберінде жекелеген құнсызданған активтерден шегетін зарарды нақты анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат қолжетімді болған соң, бұл активтер топтан алынып тасталады.
AG122 Құнсыздануға бірге бағаланатын қаржылық активтер тобындағы ақшалай қаражаттың болашақ ағындары кредит тәуекелінің сипаттамасы топтағыға ұқсас активтер бойынша туындаған зарар шегу тәжірибесі негізінде есептеледі. Зарар шегу бойынша жеке тәжірибесі жоқ немесе тәжірибесі жеткіліксіз субъектілер қаржылық активтердің салыстырылатын тобы үшін сол деңгейдегі субъектілердің тәжірибесін пайдаланады. Залал шегу бойынша бұрынғы тәжірибеге қатысты кезеңге ықпал етпейтін ағымдағы жағдайлардың ықпалын көрсету және өткен кезеңнің қазіргі уақытта жоқ жағдайларының ықпалын болдырмас үшін, залал шегу бойынша бұрынғы тәжірибе бақыланатын ағымдағы деректер негізінде түзетіледі. Болашақ ақша ағыны өзгерістерінің есептік бағалау кезеңнен кезеңге тиісті бақыланатын деректердегі өзгерістердің жалпы бағытын көрсетеді (мысалы, жұмыссыздық деңгейінің, жылжымайтын мүлік бағасының, тауар бағасының өзгерістері, төлемдердің мәртебесі немесе топта зарардың пайда болуын және оның мөлшерін көрсететін басқа факторлар). Есептік зарармен зарардың нақты пайда болу тәжірибесі арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін, болашақ ақша ағынын бағалауда пайдаланылатын әдістеме мен жорамалдар үнемі қайта қарастырылады.
AG123 Субъектінің бұрынғы тәжірибе негізінде қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаудың негізгі себептерінің бірі қарыз алушының қайтыс болуы екендігін анықтау жағдайы AG122-параграфын қолдануға мысал бола алады. Субъект қайтыс болу деңгейі жылдан жылға өзгермейтіндігін бақылауы мүмкін. Әйтсе де, субъектінің қарыз тобындағы кейбір қарыз алушылар осы жылы қайтыс болуы мүмкін, бұл жылдың аяғында субъектінің қарыз алушылардың қайсы қайтыс болғанын әлі білмегеніне қарамастан, осы қарыз бойынша құнсызданудан зарардың пайда болуын көрсетеді. Осындай «Пайда болған, бірақ көрсетілмеген» зарар бойынша құнсызданудан шеккен залалды мойындау дұрыс болады. Алайда, болашақ кезеңде күтілетін қайтыс болу жағдайлары бойынша құнсызданудан келетін залалды мойындау дұрыс емес, өйткені залалдың пайда болу оқиғасы (қарыз алушының қайтыс болуы) орын алған жоқ.
AG124 Егер болашақ ақша ағынын бағалау кезінде бұрынғы залал деңгейлері туралы ақпарат пайдаланылатын болса, осы ақпараттың бұрынғы залал деңгейі байқалған топтарға сәйкес анықталатын топтарға қолданылғаны дұрыс. Осылайша, пайдаланылып отырған әдіс әр топты несие тәуекелінің сипаттамалары ұқсас активтер тобында бұрынғы залалдың пайда болу тәжірибесі туралы ақпаратпен, сондай-ақ ағымдағы жағдайда көрсететін орынды бақыланатын ақпаратпен байланыстыруы тиіс.
AG125 Қаржылық активтер тобындағы құнсызданудан келтірілген залалды анықтау үшін (мысалы, үлкен қалдықтары бар қарыз) формулалар пайдаланылған тәсілдер немесе 72–74 және AG120–AG124 параграфтарының талаптарына сәйкес болған жағдайда, статистикалық әдістер қолданылуы мүмкін. Пайдаланылатын модель ақшаның уақытша құнының ықпалын есепке алуы, активті пайдаланудың қалған барлық мерзіміне ақшалай қаражаттың қозғалысын есепке алуға (тек келесі жылды ғана емес), портфельдегі қарыз мерзімін есепке алуы тиіс және қаржылық активті бастапқы мойындау кезінде құнсызданудан келтірілген залалға әкеп соқпайды.
Құнсыздануды мойындағаннан кейінгі пайыздық табыс
AG126 Құнсызданудан залал шегу нәтижесінде қаржылық активтің, немесе ұқсас қаржылық активтер тобының құнын жарым-жартылай есептен шығару сәтінен пайыздық табыс құнсызданудан келтірілетін залалды бағалау мақсатында болашақ ақша ағынын дисконттау үшін, пайдаланылатын пайыздық мөлшерлеме негізінде танылады.
Хеджирлеу (80–113-параграфтар)
Хеджирлеу құралдары (81–86-параграфтар)
Белгілі талаптарға жауап беретін құралдар (81 және 82-параграфтар)
AG127 Субъект шығарған опционнан келтірілетін әлеуетті залал тиісті хеджирленетін баптың құнын әлеуетті арттырудан біршама артық болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығарылған опцион хеджирленетін бап бойынша кіріс, немесе залалдың өзгерісі тәуекелін азайтуға тиімді емес. Сондықтан шығарылған опцион сатып алынған, оның ішінде басқа қаржылық құралға кірістірілген (мысалы, қайтарып алынатын міндеттемені хеджирлеу үшін, пайдаланылатын, сатып алуға шығарылған опцион) опционның өтемақысы ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, хеджирлеу құралының талаптарын қанағаттандыра алмайды. Және керісінше, сатып алынған опционның залалға тең, немесе одан жоғары әлеуетті кірісі бар, сондықтан әділ құнның немесе ақша қаражатының өзгерістерінен кіріс, немесе залал тәуекелін азайту мүмкіндігі бар. Сәйкесінше, ол хеджирлеу құралының талаптарын қанағаттандыра алады.
AG128 Өтелгенге дейін ұсталынатын, амортизациялық құны бойынша есепке алынатын инвестиция валюталық тәуекелді хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін.
AG129 Әділ құны бойынша есепке алынбайтын баға белгіленбейтін үлестік құралға салынатын инвестицияның, өйткені оның әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін емес немесе осындай баға белгіленбейтін үлестік құралмен байланысты және ол бойынша есептеу осындай баға белгіленбейтін үлестік құралды жеткізу жолымен жүргізілетін туынды құралдың (48(с) және 49-параграфтарды қараңыз) хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін емес.
AG130 Субъектінің жеке үлестік құралдары оның қаржылық активтері немесе қаржылық міндеттемелері болып табылмайды және сәйкесінше, хеджирлеу құралдары ретінде анықталуы мүмкін емес.
Хеджирленетін баптар (87–94 параграфтар)
Достарыңызбен бөлісу: |