Субъект ақша ағындарының 90 пайыздық үлесін сатудан пайданы, немесе шығынды алынған қарама-қарсы ұсыныстың сомасынан өткізілген үлестің бөлінген қаржылық жағдай туралы есептік құнын шегеру арқылы есептеуі тиіс, яғни 90 (9,090 - 9,000 ). Субъект сақтаған қаржылық жағдай туралы есептік құн 1,000 құрайды.
Сонымен қатар, субъект несие бойынша шығыннан қорғану үшін, өзінің сақталған пайыздық үлесін реттеу салдары ретінде активке одан әрі қатысуын мойындайды. Тиісінше, ол 1,000 сомасындағы (реттелген жағдайда ол алмайтын ақша ағындарының ең жоғары сомасындағы) активті, сондай-ақ 1,065 мөлшеріндегі (реттелген жағдайда ол алмайтын ақша ағындарының ең жоғары сомасын білдіретін, яғни 1,000 плюс 65 құрайтын реттеудің әділ құны) ілеспе міндеттемені мойындайды. Субъект жоғарыда аталған барлық ақпаратты мәмілені есепте төменде көрсетілгендей көрсету үшін пайдаланады:
|
|
Дебет
|
Кредит
|
Бастапқы актив
|
—
|
9,000
|
Реттеуге немесе қалдық қатысу үлесіне қатысты танылған актив
|
1,000
|
—
|
Қосымша спрэд нысанда алынған қарама-қарсы ұсыныс бойынша актив
|
40
|
—
|
Пайда немесе шығын (өткізуден пайда)
|
—
|
90
|
Міндеттеме
|
—
|
1,065
|
Алынған ақша қаражаты
|
9,115
|
—
|
Жиынтығы
|
10,115
|
10,115
|
|
|
|
Мәміле жасалғаннан кейін бірден активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны 2,040 құрайды, оған сақталған үлестің бөлінген құны түріндегі 1,000 және несие бойынша шығыннан қорғану үшін, оның сақталған үлесін реттеу салдарынан субъектінің одан әрі қосымша қатысуы түріндегі 1,040 (оған өз кезінде 40 мөлшеріндегі қосымша спрэд) кіреді.
Келесі кезеңдерде субъект өткен уақыт кезеңіне тепе-тең несиелік сапаны арттыру (65) үшін алынған қарама-қарсы ұсынуды мойындайды, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, танылған активке пайыздар есептейді және танылған активтің несиелік сапасының кез келген әлсіреуін мойындайды. Соңғысын көрсету үшін келесі жылы олардың несиелік сапасының әлсіреуіне байланысты бастапқы несиелер бойынша 300 мөлшерінде шығын орын алған делік. Субъект өзінің танылған активінің құнын 600 төмендетеді (300 сақталатын үлеске қатысты және 300 өзінің сақталған үлесін несие бойынша шығыннан қорғау үшін, реттеу салдарынан қосымша одан әрі қатысуға қатысты), сондай-ақ өзінің танылған міндеттемесін 300 төмендетеді. Таза нәтиже несиелік 300 мөлшеріндегі құнсыздану сомасын пайдаға, немесе шығынға жатқызу болып табылады.
|
Қаржы активін үлгі сатып алу немесе сату (40-параграф)
AG68. Қаржы активін үлгі сатып алу, немесе сату AG70 және AG71-параграфтарда жазылғандай, мәміле күні, немесе есеп айырысу күні есепте көрсетіледі. Субъект дәл сол әдісті бірдей сыныптастырған қаржы активтерінің бірдей санатына жатқызылатын қаржы активтерін барлық сатып алуларға және сатуларға қатысты жүйелі қолданылады. Осы мақсатта осы анықтамаға сәйкес келетін сатуға арналған активтер пайда және шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын активтерде бөлек санатты құрайды.
AG69. Шарттар құнының өзгерістерін өзара есепке алуды талап ететін, немесе рұқсат ететін шарт үлгі шарттардың қатарына жатпайды. Осындай шарттарды мәміле жасау күні және есеп айырысу күні арасындағы кезеңде туынды ретінде есепке алған дұрыс.
AG70. Мәміле жасау күні – бұл субъект активті сатып алуға немесе, сатуға міндеттеме алатын күн. Мәміле жасау күні есепке алу (а) алуға жатқызылатын активті және ол үшін мәміле жасау күні ақы төлеу жөніндегі міндеттемені мойындауды және (b) сату мәні болып табылатын активті мойындауды, оны шығынға жазудан кез келген пайданы, немесе шығынды мойындауды және мәміле жасау күні өтеуге жататын сатып алушы тарабынан дебиторлық берешекті мойындауды тоқтатуды көздейді. Әдетте, актив және тиісті міндеттеме бойынша пайыздарды есептеу меншік құқығы өткізілетін кездегі есеп айырысу күнінен ерте басталмайды.
AG71. Есеп айырысу күні - бұл субъектінің активін, немесе субъектінің жеткізу жүзеге асырылатын күн. Есеп айырысу күні есепке алу (а) активті оны субъектіге өткізу күні мойындауды және (b) активті мойындауды тоқтатуды және оны субъекті жеткізу күні шығынға жазудан кез келген пайданы, немесе шығынды мойындауды көздейді. Есеп айырысу күні есепке алу кезінде субъекті мәміле жасау күні және есеп айырысу күні арасындағы кезеңде алуға жататын активтің әділ құнының кез келген өзгерісін оның тура сатып алған активтің құнын өзгертуді есепке алатынындай есепке алады. Басқаша айтқанда құнның өзгерісі өзіндік құн, немесе амортизациялық құн бойынша бағаланған активтерге қатысты танылмайды; ол пайда, немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің санаты бойынша сыныптастырылатын активтерге қатысты пайдаға, немесе шығынға жатқызылады есептелген үлестік құралдарға салынатын активтерге қатысты басқа толық табыс арқылы танылады.
Қаржы міндеттемесін мойындауды тоқтату (41-44-параграфтар)
AG72. Қаржы міндеттемесі (немесе оның бөлігі) мынадай жағдайларда өтеледі, борышкер не:
(а) Несие берушімен есеп айырыса отырып, міндеттемені (оның бөлігін) орындаса, бұл ретте, әдетте, ақша қаражаты, басқа қаржы активтері, тауарлар, немесе қызмет көрсетулер қолданылады; немесе
(b) Міндеттемені (немесе оның бөлігін) орындамағаны үшін, бастапқы жауапкершіліктен заңды негіздерде, не сот тәртібімен, не кредитордың өзі босатса (егер борышкер кепілдік берсе, осы талап сонымен қатар күшінде қалуы мүмкін).
AG73. Егер борыштық құралдың эмитенті осы құралды кері сатып алса, онда борыш өтеледі, тіпті егер эмитент осы құрал бойынша маркет-мейкер болып табылса, немесе оны қысқа мерзімді үдеріс қайта сатуға ниеті болса да.
AG74. Үшінші субъектіге, оның ішінде трастқа (кейде «міндеттемелерді есепке алудың сенімгерлік қоры» деп аталады) төлемді жүзеге асыру, заңды негіздерде алынған босатулар болмаған кезде, борышкерді несие беруші алдындағы бастапқы міндеттемені орындаудан өзінен өзі босатпайды.
AG75. Егер борышкер үшінші тарапқа міндеттемені растау ретінде төлесе және өзінің кредиторын үшінші тараптың оның міндеттемесін растауды алғаны жөнінде хабардар етсе, борышкер, AG72(b)-параграфтарындағы талап сақталатын жағдайларды қоспағанда, міндеттемені мойындауды тоқтатпайды. Егер борышкер үшінші тарапқа міндеттемені растау ретінде төлесе және несие берушіден заңды босатуды алса, онда борышкер өзінің борышын өтеген болады. Дегенмен, егер борышкер борыш бойынша төлемдерді үшінші тарапқа, немесе тікелей кредиторға төлеуге келіссе, борышкер үшінші тарапқа қатысты жаңа борыштық міндеттемені мойындайды.
AG76. Егер үшінші тарап субъектінің міндеттемесін басшылыққы алатын болса, және субъект үшінші тарапқа жауап ретінде ия ешқандай, ия тек мардымсыз төлем қамтамасыз етсе, субъект осы Стандарттың талаптары мен 23 ҚСҚЕХС 84–87-параграфтарындағы мойындауды тоқтату талаптарын қолданады.
AG77. Кейде қарыз берушілер қоғамдық сектор субъектілермен алынған қарызды жинап алудан бас тартады, мысалы, ұлттық басқару органдары жергілікті басқару органдарымен алынған қарызды жоққа шығара алады. Аталған қарыздан бас тарту қарыз берушіден қарыз алушыға берілетін қарыздан босатуды заңды түрде бекітуі мүмкін. Айырбасталмайтын мәміленің бір бөлігі ретінде, субъектінің міндеттемелерінен бас тартылған болса, субъект осы Стандарттың талаптары мен 23 ҚСҚЕХС 84–87-параграфтарындағы мойындауды тоқтату талаптарын қолданады.
AG78. Егер өткізілген активтерге қатысты мойындауды тоқтатудың 17–39-параграфтарда тұжырымдалған талаптары орындалмаса және де сот тәртібімен, немесе несие беруші төлемімен борыштық міндеттемеден босату міндеттемені мойындауды тоқтатуға әкеп соқса, субъект жаңа міндеттемені мойындайды. Егер осы талаптар орындалмаса, онда өткізілген активтерді мойындауды тоқтату болмайды және субъект өткізілген активтерге қатысты жаңа міндеттемені мойындайды.
AG79. 42-параграфтың мақсаты үшін талаптар біршама айырмашылықпен танылады, егер осы жаңа талаптарға сәйкес ақша ағындарының тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша төленген комиссияларды есепке алып және алынған комиссияларды шегеріп дисконтталған ағымдағы құны бастапқы қаржы міндеттемесінің қалған ақша ағындарының дисконтталған ағымдағы құнынан кемінде 10% айырмашылығы болады. Егер борыштық құралдармен алмасу, немесе талаптарды өзгерту борышты өтеу ретінде есепке алынса, онда кез келген шығындар, немесе комиссиялар осындай өтеуден пайданың, немесе шығынның бөлігімен танылады. Егер борыштық құралдармен алмасу, немесе талаптарды өзгерту борышты өтеу ретінде есепке алынбаса, онда міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құны міндеттеменің өзгерген талаптары бар несиенің қалған мерзімі ішінде амортизацияланатын келтірілген шығындарды, немесе төленген комиссияларды есепке ала отырып түзетіледі.
AG80. Кейбір жағдайларда несие беруші борышкерді төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемеден босатады, бұл ретте борышкер бастапқы жауапкершілікті өзіне алған тарап міндеттемені орындамаған жағдайда кепілдік бере отырып, ақы төлеу міндеттемесін қабылдайды. Осы жағдайда борышкер:
(а) Өзінің кепілдік жөніндегі міндеттеменің әділ құнына негізделген жаңа қаржы міндеттемесін таниды; және
(b) Пайданы, немесе шығынды (і) түскен құралдар және (іі) жаңа қаржы міндеттемесінің әділ құны шегерілген бастапқы қаржы міндеттемесінің қаржылық жағдай туралы есептік құны арасындағы айырма негізінде таниды.
Бағалау (45-86-параграфтар)
Айырбасталмайтын Кіріс Мәмілелері
AG81. Айырбасталмайтын кіріс мәмілелерінен туындайтын активтер мен міндеттерді бастапқы мойындау мен бағалау 23 ҚСҚЕХС сәйкес жүзеге асырылады. Айырбасталмайтын кіріс мәмілелерінен туындайтын активтер келісімшарттық, немесе келісімшарттық жоспарлардың екуінен туындай алады (28 ҚСҚЕХС AG20 және AG21-параграфтарын қараңыз). Бұл активтер келісімшарттық жоспарлардан туындаған, немесе қаржы құралы анықтамасын басқаша қолданған кезде, олар:
(a) 23 ҚСҚЕХС сәйкес бастапқы танылады;
(b) Бастапқы бағаланады;
-
23 ҚСҚЕХС қағидаттарын қолдану арқылы әділ құнда; және
-
(ii) осы Стандарттың 45-параграфына сәйкес, пайда, не шығыны бойынша қаржы активі әділ құнда бағалануына тікелей қатысты мәміле құнын есепке ала отырып.
(Осы Стандартта қамтылатын IE46 дан IE50-дейінгі параграфтарын қараңыз).
Қаржы Активтері мен Қаржы Міндеттемелерінің Бастапқы Танылуы (45-параграф)
AG82. Бастапқы танылудағы қаржы құралының әділ құны әдетте мәміле бағасы болып табылады (мыс. берілген, не алынған ақша көрсеткішінің әділ құны AG108-параграфын қараңыз). Дегенмен, берілген, не алынған ақша көрсеткішінің бір бөлігі қаржы құралынан өзге нысанда болса, қаржы құралының әділ құны бағалау техникасын қолдану арқылы бекітіледі (AG106–AG112-параграфтарын қараңыз). Мысалы, ұзақ мерзімді қарыздың, немесе ешқандай пайда әкелмейтін алымның әділ құны ұқсас несиелік мөлшерлемесі бар (валюта, мерзім, пайда мөлшерлемесінің түрі және өзге факторлар сынды ) ұқсас құралға арналған пайда бойынша, басты нарық мөлшерлемесін қолдану арқылы шегерілген болашақтағы барлық ақша алымдарының қазіргі құны ретінде бекітіле алады. Кез келген қарызға берілген мөлшер егер басқа актив түрі ретінде танылмаса, шығын, немесе кірісті кеміту болып табылады.
AG83. Егер субъект нарықтық пайда мөлшерлемесінде кемдік құрайтын қарызды құраса (мыс. нарық мөлшерлемесі 8 пайыз болғанда, қарыздың 5 пайыз болуы), және ашық сыйақыны орын толтыру ретінде қабылдаса, субъект қарызды оның әділ құнында таниды, мыс. қабылдайтын таза сыйақы. Субъект тиімді пайда мөлшерлемесі әдісін қолдана отырып, шегерімді пайда, не шығынға өсіреді.
Жеңілдігі бар Қарыздар
AG84. Жеңілдігі бар қарыздар нарық талаптары негізінде субъектіге беріліп, не одан алынады. Субъектімен берілетін жеңілдігі бар қарыздардың мысалдары дамушы елдерге, шағын фермаларға, университет не колледжде даярланатын студенттерге берілетін қарыздар және тұрғын үй қарыздары, төмен кіріс көзі бар отбасыларға арналған қарыздарды қамтиды. Мысалы, субъект жеңілдігі бар қарыздарды дамыту агенттіктерінен, немесе мемлекеттік субъектілерден ала алады.
AG85. Жеңілдігі бар қарыздар беру, немесе алу субъектіге не субъектіден берілетін қарыздан бас тартудан айрықшаланады. Бұл айрықшалық маңызды, себебі ол нарық талаптарынан төмен кейінгі бағалау, не мойындауды тоқтатудың бір бөлігі болудан гөрі, қарызды бастапқы мойындау, не бағалауда көрініс табады.
AG86. Жеңілдігі бар қарыздардың басты мақсаты нарық талаптарынан төмен ресурстарды қамтамасыз ету, немесе қабылдау болып табылады. Қарыздан бас тарту бастапқыда нарыққа қатысты талаптарда екі тараптың қарызға қатысты мақсаты кейін өзгерген жағдайдағы берілген, не алынған қарыздардан туындайды. Мысалы, мемлекет пайда көздемейтін субъектіге нарық талаптары негізінде қарыз толық қайтарылады деген мақсатпен қарыз бере алады. Алайда, мемлекет кейін қарыздың бір бөлігін кешіруі (нөлге шығаруы) мүмкін. Бұл жеңілдігі бар қарыз емес, себебі бастапқыда қарыздың мақсаты субъектіге нарықтық мөлшерлеме негізінде несиені қамтамасыз ету болды. Субъект қарыздың кейінгі кешірілуін қарыздан бас тарту ретінде санай отырып, 29 ҚСҚЕХС сәйкес, мойындауды тоқтату талаптарын қолданады.
AG87. Жеңілдігі бар қарыздар нарық талаптарынан төмен берілетін, не алынатын болғандықтан, қарыздың бастапқы танылуындағы мәміле құны оның әділ құны болмауы мүмкін. Бастапқы танылу барысында, субъектілерінің берілген, не қабылданған қарыздың құрамдық бөлімдерін талдайды және сол бөліктерді төмендегі AG88 және AG89-параграфтарының қағидаттарын қолдана отырып бағалайды.
AG88. Біріншіден, субъект жеңілдігі бар қарыздардың құрамын оның шын мәнінде қарыз, жеңілдік, иемденушілерден келетін төлемдер, немесе солардан құралған төлем болып табылатындығын 28 ҚСҚЕХС қағидаттары мен 23 ҚСҚЕХС 42–58-параграфтарын қолдана отырып, бағалайды. Егер субъект оны мәміле, не оның бөлігін қарыз ретінде анықтаса, мәміле оны бастапқы танылғандағы әділ құнын көрсететіндігін бағалайды. Субъект қарыздың әділ құнын AG101–AG115-параграфтарындағы қағидаттарға сәйкес анықтайды. Субъект әділ құнды белсенді нарық сілтемелері бойынша анықтай алмайтын жағдайда, ол бағалауды анықтау техникасын қолданады. Бағалауды анықтау техникасы қолдану арқылы әділ құн осындай қарызға арналған пайданың нарықтық мөлшерлемесін қолдану арқылы анықталады. (AG82-параграфын қараңыз).
AG89. Қарыз бен мәміле бағасының (қарыз кірістері) әділ құны арасындағы кез келген айырмашылық төмендегідей көрсетіледі:
(а) Субъектінің қарыз ауындағы айырмашылық 23 ҚСҚЕХС сәйкес есепке алынады;
(b) Субъектіге қарыз беру барысындағы айырмашылық қарыз әрекеттегі жеке меншік иелерінің мәмілесін көрсетуден басқа жайттарда алғашқы мойындаудағы кіріс, немесе шығын құрамындағы шығыстар ретінде есепке алынады. Қарыз меншіктенуші ретіндеәрекеттегі иелермен мәмілені көрсеткенде, мысалы, бақылаушы субъект бақыланудағы субъектіге жеңілдікпен қарыз беретін болса, айырмашылық капиталға салынған салымды, яғни, субъектіге шығын емес, салынған инвестицияны көрсетеді.
Көрнекті мысалдары 23 ҚСҚЕХС IG54-параграфтарында, сонымен қатар, осы Стандарт жетекшілік ететін IE40–IE41-параграфтарында көрсетіледі.
AG90. Бастапқы танылғаннан кейін, субъет жеңілдігі бар қарыздарды 10-параграфта айқындалған қаржы құралдарының сыныптастырылуын қолдану арқылы бағалайды.
Айырбасталмайтын Кіріс Мәмілелері
AG91. [Жойылған]
Айырбасталмайтын Кіріс Мәмілелері Бойынша Шығарылған Қаржы Кепілдіктерін Есептеу
AG92. Тек қана келісімшарттық қаржы кепілдіктері (немесе пәні бойынша кепілдіктер) осы Стандарттың қолдану аясына кіреді. (28 ҚСҚЕХС AG3 және AG4-параграфтарын қараңыз). Келісімшарттық емес кепілдіктер осы Стандарттың қолдану аясына кірмейді және олар қаржы құралының анықтамасын қолданбайды. Осы Стандарт мойындау және бағалау талаптарын тек қаржылық кепілдеме келісімшарттарының эмитенттеріне бекітеді.
AG93. 10(a)-параграфында «Қаржылық кепілдеме келісімшарты», «Эмитенттен қарыз құралының бастапқы, не өзгертілген мерзімдеріне сәйкес, белгілі бір борышқор төлем жасауды жүзеге асыра алмағандықтан, иемденушіге келтірілген зарардың орнын толтыруға арналған төлемдерді жасауды талап ететін келісімшарт» осы Стандартың талаптарына сәйкес, қаржы кепілдеме келісімшарттары, немесе сол сынды қаржы құралдары және қаржы міндеттемелері бастапқыда әділ құнында танылуы талап етіледі. Осы Стандарттың 50–52-параграфтары әділ құнды айқындауға арналған түсіндірме, немесе нұсқау қамтамасыз етеді және бұл AG101–AG115-параграфтарындағы Қолдану нұсқауы бойынша толықтырылады. Қаржы кепілдеме келісімшарттарына арналған Кейінгі бағалау 19 ҚСҚЕХС, Ережелерінің,Үлестік Міндеттемелер мен Үлестік активтеріне сәйкес айқындалған мөлшерден жоғары болып табылады, және бастапқы танылған мөлшер 9 ҚСҚЕХС, Айырбасталатын Мәмілелерден туындайтын Кіріске сәйкес, жинақтық амортизация тиістілігіне орай кем болады.
AG94. Қоғамдық секторда кепілдемелер жүйелі түрде айырбасталмайтын мәмілілер арқылы қамтамасыз етіледі, мысалы, ешқандай, не мардымсыз төлем арқылы. Кепілдеменің осы түрі субъектінің әрі қарайғы экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына арналған. Осындай мақсаттар инфрақұрылымдық жобаларды қолдау, экономикалық құлдырау барсындағы корпоративті субъектіні қолдау, субъетілердің мемлекеттің басқа көздерімен байланыстырушы бағалы қағаздарына кепілдік ету және қызметкерлердің қызметке қолданатын автокөліктерін қаржыландыруға арналған қарыздар. Қаржы кепілдемесіне арналған төлем болғанда, субъекті сол төлемнің айырбасталатын мәміледен туындауын және төлем әділ құнды көрсетуін айқындауы тиіс.егер төлем әділ құндыы көрсететін болса, субъект қаржы кепілдеме төлем негізіндегі мөлшерде мойындауы тиіс. Кейінгі бағалау 19 ҚСҚЕХС сәйкес айқындалған жоғары мөлшерде болуы керек және бастапқы танылған мөлшер 9 ҚСҚЕХС сәйкес, жинақтық амортизация тиістілігіне орай кем болады. Субъект төлемнің әділ құнда еместігіне қорытынды жасаса, сол теңгерімдік құнды бастапқы мойындауда, ешқандай төлем жасалмағандай айқындайды.
AG95. Ешқандай салық салынбаған және төлем әділ құнда емес болған бастапқы мойындауда, субъект бірінші кезекте, жасалған қаржы кепілдеме келісімшарттарына тікелей тепе тең, белсенді нарықта бекітілген құндардың қолжетімділікке ие екендігін айқындайды. Белсенді нарық туралы ақпарат хабардар дайын тараптар арасында жасалатын нарық мәмілелері бойынша ағымдық реттелетін пайыздық мөлшерлемелі ипотека мерзімін және эмитент арқылы ешқандай, не нөлдік төлем арқылы қамтамасыз етілгендей өзге қаржы кепілдеме келісімшартының ағымдық әділ құны туралы сілтемені қамтиды. Қаржы кепілдеме келісімшартының эмитентке қарыз алушы арқылы ешқандай не нөлдік төлем арқылы жасалғандығы туралы дәлел, белсенді нарықтың болмағандығы туралы қорытынды ақпарат бермейді. Кепілдіктер коммерциялық эмитенттер арқылы қолжетімділікте болуы мүмкін, бірақ қоғамдық сектор субъектісі қаржы кепілдеме келісімшарттарын жасасуға бірқатар коммерциялық емес себептер бойынша келісім беруі мүмкін. Мысалы, егер қарыз алушы коммерциялық жарналарды төлеуге қабілетсіз болса, және бір субъектінің әлеуметтік, не саяси мақсатындағы жобасын орындау бастамасы қаржы кепілдеме келісімшарты жасалмайынша, тәуекелдік астында қалады, өз кезегінде ол қоғамдық сектор субъектінің, немесе басқару органының қаржы кепілдеме келісімшартын жасауына алып келеді.
AG96. Тікелей тепе-тең келісімшартына арналған белсенді нарық болмаған кезде, субъекті белсенді нарық бақылауынан бөлек бағалау техникасы қолжетімділікке ие екендігін ескереді және әділ құнның сенімді бағалауын қамтамасыз етеді. Осындай бағалау техникасы қаржы тәуекелдігі пікіріне алынатын математикалық модельдерге негізделеді.мысалы, W Ұлттық Басқару Органы, X Әкімшілік Басқару Органына байланыстырушы бағалы қағаз ұсынады. X Әкімшілік Басқару Органы өз бағалы қағазын қолдау кепілдемесіне ие, оның бағалы қағаздары басқару органы кепілдемесімен қорғану болмаған кездегідей төмен купонға ие. Себебі инвесторларға арналған бағалы қағаздардың тәуекелдігін кепілдеме төмендетеді. Кепілдеме сыйақысы орынды кепілдеме мөлшерлемесі мен басқару органымен кепілдеме арқылы қолдау көрсетілмегендей, купон мөлшерлемесінің болмысы арасында орын алған несиесін қолдану арқылы айқындала алады. Әділ құн әрі белсенді нарықты бақылау, әрі бағалау техникасы арқылы қолжетімділікке ие болған кезде, субъекті қаржы кепілдемесін қаржы ұстанымы бойынша есепте таниды және қаржылық орындау есебіндегі тепе тең соманың шығындарын таниды. Белсенді нарық бақылауына негізделмеген бағалау техникасын қолдану барсында, субъект кез келген модель өнімі сенімді және түсінікті деп, өзін қанағаттандыруы қажет.
AG97. Егер әділ құнның ешқандай сенімді бағалауы, не белсенді нарықты тікелей бақылау арқылы, не өзге бағалау техникасын қолдану арқылы анықталмаса, субъектінің бастапқы мойындауда қаржы кепілдеме келісімшарттарына 19 ҚСҚЕХС қағидаттарын қолдануы талап етіледі. Субъекті қазіргі міндеттеменің ия қаржы кепілдеме келісімшартына байланысты өткен нәтиже бойынша, ия осы сынды қазіргі міндеттеменің келісімшарт талаптарына сәйкес ақша ағындарында және осы ақша ағындары арқылы сенімді бағалау жасауында нәтиже табатындығын бағалайды. Қаржы кепілдеме келісімшартына байланысты қазіргі міндеттеме бастапқы мойындау барысында туындауы мүмкін, мысалы, субъект бір қатар шағын кәсіпорындарға қарыздарды кепілдендіру үшін қаржы кепілдеме келісімшартын жасасады және өткен тәжірибе негізінде осы кәсіпорындардың пропорциясы жүзеге асырылмайтындығынан хабары болады.
Қаржы Активтерін кейінгі Бағалау ( 47 және 48-параграфтар)
AG98. Егер алдында қаржы активі ретінде танылған қаржы құралы әділ құнда бағаланса, және оның әділ құны нөлден төмен түссе, бұл 49-параграфқа сәйкес бағаланған қаржы міндеттемесі болады.
AG99. Tөмендегі мысал сатылуға қойылатын қаржы активінің бастапқы және кейінгі бағалануындағы мәміле құнына арналған есептілікті көрсетеді. актив 100 а.б. сатылып алынады, 2 а.б. сатып алу комиссиясы қосылады. Бастапқыда, актив 102 а.б. танылады. Есепке алу кезеңінің соңы активтің бекітілген нарықтық бағасы 100 а.б. болған кезден бір күннен кейін туады. Егер актив сатылған болса, 3 а.б. көлемінде комиссия төленеді. Сол күні актив 100 а.б. бағаланды(сату үстіндегі болжамды комиссиясыз) және 2 а.б. шығыны таза активтер/акцияларда танылады. Егер сатылуға қойылған қаржы активі бекітілген, не анықталатын төлемдерге ие болса, мәміле құны пайда, не шығыны бойынша тиімді пайда әдісін қолдану арқылы амортизацияланады. Егер сатылуға қойылған қаржы активі бекітілген, не анықталатын төлемдерге ие болмаса, актив мойындауын тоқтатқан, не құнсызданған кезде, мәміле құны пайда, не шығыны бойынша бағаланады.
AG100. Қарыз және кірістер ретінде сыныптастырылатын құралдар субъектінің мақсаты оларды төлеу болуына қарамастан, амортизациялық құны бойынша бағаланады.
Әділ құны бойынша бағалау кезінде назарға алынатын пікірлер (50 және 52-параграфтар)
AG101. Әділ құнды айқындаудың негізінде жойылуы, өзінің қызметінің ауқымын біршама қысқарту, немесе пайдасыз жағдайларда операцияларды жүзеге асыру ниеті, немесе қажеттілігі жоқ субъект қызметінің үздіксіздігі туралы жорамал жатыр. Осылайша әділ құн субъект мәжбүрлеп жойылуы, немесе еріксіз сату кезінде байланысты мәміледе алуы, немесе төлеуі мүмкін сомаға балама болмайды. Дегенмен, әділ құн құралдың несиеге қабілеттілігін көрсетеді.
AG102. Осы Стандартта баға белгіленетін нарықтық баға мәтінінде «Сұраныс бағасы» және «Ұсыныс бағасы» (кейде «Ұсыныстың ағымдағы бағасы» деп аталады) терминдері, сондай-ақ мәміле бойынша шығындарды ғана көрсету үшін, «Сұраныс-Ұсыныстың спрэді» термині қолданылады. Әділ құнды алу үшін жүргізілетін басқа түзетулер (мысалы, контрагенттің несиелік тәуекелдігі) «Сұраныс-Ұсыныстың спрэді» ұғымына кірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |