АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Келісімге келу мерзімі немесе есеп айырысу мерзімі: сатылым барысында есепке алынатын сомалар



бет37/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95

D.2.2 Келісімге келу мерзімі немесе есеп айырысу мерзімі: сатылым барысында есепке алынатын сомалар.

Осы стандартта көрсетілген келісімге келу мерзімі және есеп айырысу мерзімі бойынша және тіркеу ұстанымдары қаржылық активтерді қалай сатады?

20Х2 жылдың 29 желтоқсанында (келісімге отыру мерзімі) субъект оның әділ құны болып табылатын, 1,010 а.б. қаржылық активтерді сатуға келісімге отырады. Актив жыл бұрын 1,000 а.б. сатылып алынған болады және оның амортизациялық құны 1,000 а.б. құрайды. 20Х2 жылдың 31 желтоқсанында (қаржылық жылдың соңы) және 20Х3 жылдың 4 қаңтары (есеп айырысу мерзімі) активтің әділ құны 1,013 а.б. тең болады. Актив қатынасында есепке алынатын сомалар оның сыныптастыруына байланысты болады, төмендегі екі кестеде көрсетілгендей, келісімге келу мерзімі, немесе оның есеп айырысу мерзімінің тіркеуі бойынша қолданылуы мүмкіндігі содан көрінеді (активке есептелуі мүмкін болған пайыздар, назарға алынбайды).



Сатылымның стандартты тәртібіне сәйкес сатылатын қаржы активінің әділ құнының өзгертілуі келісімді бекіту күні мен есеп айырысу күні арасындағы кезеңде қаржы есептілігінде есепке алынбайды, себебі сатушының әділ құнды өзгертуге құқығы келісімді бекіткен күннен бастап тоқтатылады.

Есеп айырысу күні бойынша есеп

Сальдо

Амортизациялық құн бойынша есептелетін өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар

Таза активтерге/капиталға өзгерістерді жатқызуға байланысты әділ құн бойынша қайта бағаланған, сатуға арналған қолда бар активтер

Таза активтерге/капиталға өзгерістерді жатқызуға байланысты әділ құн бойынша қайта бағаланған кіріс немесе шығыс арқылы әділ құн бойынша активтер

20Х2 жылғы 29 желтоқсан










Дебиторлық берешек







Қаржылық актив

1,000

1,010

1,010

Таза активтер/капитал (әділ құнды түзету)



10



Жинақталған кіріс немесе шығыс (пайда немесе шығын арқылы)





10

20Х2 жылғы 31 желтоқсан










Дебиторлық берешек







Қаржылық актив

1,000

1,010

1,010

Таза активтер/капитал (әділ құнды түзету)



10



Жинақталған кіріс немесе шығыс (пайда немесе шығын арқылы)





10

20X3 жылғы 4 қаңтар










Таза активтер/капитал (әділ құнды түзету)







Жинақталған кіріс немесе шығыс (пайда немесе шығын арқылы)

10

10

10



Келісім жасасу күні бойынша есеп

Сальдо

Амортизациялық құн бойынша есептелетін өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар

Таза активтерге/капиталға өзгерістерді жатқызумен әділ құн бойынша қайта бағаланған, сатуға арналған қолда бар активтер

Таза активтерге/капиталға өзгерістерді жатқызумен әділ құн бойынша қайта бағаланған кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша активтер

20Х2 жылғы 29 желтоқсан










Дебиторлық берешек

1,010

1,010

1,010

Қаржылық актив







Таза активтер/капитал (әділ құнды түзету)







Жинақталған кіріс немесе шығыс (пайда немесе шығын арқылы)

10

10

10

20Х2 жылғы 31 желтоқсан










Дебиторлық берешек

1,010

1,010

1,010

Қаржылық актив







Таза активтер/капитал (әділ құнды түзету)







Жинақталған кіріс немесе шығыс (пайда немесе шығын арқылы)

10

10

10

20X3 жылғы 4 қаңтар










Таза активтер/капитал (әділ құнды түзету)







Жинақталған кіріс немесе шығыс (пайда немесе шығын арқылы)

10

10

10

D.2.3 Есеп айырысу күні бойынша есеп: ақшасыз қаржылық активтерімен айырбас жасау

Егер субъект есеп айырысу күні бойынша есепті қолдану арқылы қаржы активтерінің сатылымын мойындайтын болса, 29 ҚСҚЕХС 66 сәйкес сатылып жатқан ақшасыз қаржылық активінің орнына алуға тиесілі қаржы активінің әділ құнының өзгертілуін мойындау қажет пе?

Бұл жағдайға байланысты. Егер субъект қаржы активтерінің осы санатына есеп айырысу күні бойынша есепті қолданатын болса, алуға тиесілі қаржы активінің кез-келген өзгерісін 29 ҚСҚЕХС 66 сәйкес есепке алған жөн. Алайда, егер субъект алуға тиесілі активті келісімді бекіту күні бойынша есепті қолданатын санаттарға сыныптастырылған болса, алынуға тиесілі актив 29 ҚСҚЕХС AG70 сипатталғандай, келісімді бекіту күніне мойындалады. Олай болса, субъект есеп айырысу күніне дейін жеткізілуге тиісті қаржы активінің теңгерімдік құнына тең сомадағы міндеттемені мойындайды.



Мысал: 29 желтоқсан 2012 жылы (келісімді бекіту күні) субъект А амортизацияланған құн бойынша есептелінетін А векселін сату бойынша келісімшартты саудаға арналған құнды қағаз ретінде топтастырылатын және әділ құн бойынша өлшенетін В құнды қағазының орнына бекітеді. Екі активтердің де әділ құны 29 желтоқсанда 1,010 құрады, ал А векселінің амортизацияланған құны 1,000 а.б. тең. Субъект А қарыздар мен дебиторлық берешектерді есеп айырысу күні бойынша есепке алады, және саудаға арналған активтерді келісімді бекіту күні бойынша есепке алады. 31 желтоқсан 20X2 жылы (қаржылық жылының соңы) А векселінің әділ құны 1,012 а.б. тең, ал В құнды қағазының әділ құны 1,009 д.б тең. 4 қаңтар 20X3 жылы А векселінің әділ құны 1,013 а.б.тең, ал В құнды қағазының әділ құны 1,007 а.б. тең. Келесідей тіркеулер жасалады:

20X2 жылғы 29 желтоқсан

Дт




B құнды қағазы

1,010 а.б.







Кт

Кредиторлық берешек




1,010 а.б.



20X2 жылғы 31 желтоқсан

Дт




Сауда шығыны

1 а.б.







Кт

B құнды қағазы




1 а.б.



20X3 жылғы 29 қантар

Дт




Кредиторлық берешек

1,010 а.б.




Дт




Сауда шығыны

2 а.б







Кт

A Векселі




1,000 а.б.




Кт

B құнды қағазы




2 а.б




Кт

Сатылымнан түсетін кіріс




10а.б.

E Бөлімі: Бағалау

E.1 Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің бастапқы бағасы

E.1.1 Бастапқы баға: келісім бойынша жасалған шығындар

Келісім бойынша шығындар пайда немесе шығындар арқылы әділ құн бойынша есепке алынатындардан басқа, қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің бастапқы бағасына ендірілуі тиіс. Бұл талапты іс жүзінде қалай қолданған жөн?

Қаржы активтерінің жағдайында активті сатып алуға тікелей қатысты қосымша шығындар, мысалға сыйақы мен комиссиялық ақша, бастапқы мойындалған сомаға қосылады. Қаржы міндеттемелерінің жағдайында қарызды шығаруға тікелей қатысты шығындар қарыздың бастапқы мойындаған сомасынын шегеріліп тасталады. Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша өлшенетін қаржы құралдарының жағдайында, келісім бойынша шығындар бастапқы мойындау кезіндегі әділ құнның бағасына қосылмайды.

Амортизацияланған құн бойынша есепке алынатын қаржы құралдарының жағдайында, мысалы өтелімге дейін ұсталынып қалатын инвестициялар, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша есепке алынбайтын қарыздар, дебиторлық берешектер мен қаржы міндеттемелері, келісім бойынша шығындар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдану арқылы амортизацияланған құнның есебіне қосылады және құралдың әрекет ету мерзімі бойында пайда немесе шығын арқылы амортизацияланады.

Сатуға арналған қолда бар қаржы активтерінің жағдайында, келісім бойынша шығындар келесі қайта бағалану кезінде әділ құнның өзгертілуінің бір бөлігі ретінде басқа да таза активтерде/капиталдарда мойындалады. Егер қолда бар сатуға арналған қаржы активі тіркелген немесе анықталған төлемдерге ие болса және шектелмеген әрекет ету мерзіміне ие болмаса, келісім бойынша шығындар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдану арқылы пайда немесе шығынға амортизацияланады. Егер қолда бар сатуға арналған қаржы активі тіркелген немесе анықталған төлемдерге ие болмаса және шектелмеген әрекет ету мерзіміне ие болса, келісім бойынша шығындар активті мойындауда немесе оның құнсыздану кезінде табыстарда немесе шығындарда мойындалады.

Қаржы құралының табысталуына немесе істен шығуына байланысты күтіліп жатқан келісім бойынша шығындар қаржы құралының бағасына қосылмайды.

E.2 Әділ құн бойынша бағалау мәселелері

E.2.1 Инвестициялық қорларға арналған әділ құн бойынша бағалау мәселелері

29 ҚСҚЕХС AG104 қолда бар активтің әділ құнын сұраныстың ағымдағы бағасының көмегімен өлшеген жөн. Инвестициялық қорлардың кейбір түрлеріне қолданылатын ережелер есептілік мақсаттарда таза активтердің құны инвесторларға орташа нарықтық құнның негізінде есептелуін талап етеді. Мұндай жағдайларда инвестициялық қор үшін өз активтерін орташа нарықтық бағада өлшеу орынды болады ма?

Жоқ. Нақты мақсаттарға арналған бағалаудың түрлі әдістерін талап ететін ережелердің болуы сұраныстың ағымдағы құнын өтемдік міндеттеме болмаған кезде қолдану сияқты 29 ҚСҚЕХС AG104 жалпы талаптарынан шегінуді ақтамайды. Инвестициялық қор өзінің қаржы есептілігінде өз активтерін сұраныстың ағымдағы бағасы бойынша өлшейді. Инвесторларға арналған таза активтер туралы есептілікте инвестициялық қор теңгерімде мойындалған әділ құндар мен таза активтердің құнын есептеу үшін қолданылған бағалар арасында салыстырып тексеруді ұсынуы мүмкін.

E.2.2 Әділ құн бойынша бағалау: ірі меншік

Субъект А субъектісі В субъектісінің акционерлік капиталының 15 пайызына ие. Акциялар белсенді ашық нарықта саудаға түседі. Ағымдағы бағасы белгіленген құн 100 а.б. тең. Сауданың күндізгі көлемі айналымда акцияның 0.1 пайызын құрайды. Субъект А субъектісі В субъектісіне тиесілі акциялардың әділ құнын, олардың белгіленген бағасынан жоғары бағада пакетімен сатылған жағдайда, субъект А барлық өзінде бар осы акциялардың пакеті сатылған жағдайда акциялар үшін алатын бағаның бірнеше тәуелсіз бағалауларын жүргізуді ұйымдастырады. Бұл бағалар А субъектісінің 105 а.е бағасын алуы мүмкін екендігін яғни белгіленген бағадан 5 пайызға көп. А субъектісі өзінде бар акциялардың пакетін бағалау үшін, бағаның әділ құн бойынша қандай мәнін қолдануы керек?

29 ҚСҚЕХС AG103 сәйкес белсенді нарықтағы жарияланған, белгіленген баға әділ құнның ең жақсы бағасы болып табылады. Сондықтан да А субъектісінің жарияланған белгіленген бағаны қолданғаны абзал (100 а.е.). Егер акцияларды пакетімен сатқанда, А субъектісі тәуелсіз бағалардың жоғарылауына (төмендеуіне) ие болар еді деп көрсетуінен ғана белгіленген нарықтық құннан шегіне алмайды.

E.3 Пайдалар мен шығындар

E.3.1 Қолда бар сатуға арналған қаржы активтері: акциялармен айырбас жасау



А субъектісі В субъектісінің акцияларының шығын санына ие. Акциялар сатуға арналған қолда бар акциялар ретінде топтастырылады. 20X0 жылы 20 желтоқсанда акциялардың әділ құны 120 а.б тең болды, ал таза активтерде/капиталда мойындалған, жинақталған кіріс 20 а.б. құрады. Дәл сол күні субъект В субъект С арқылы сатып алынды. Нәтижесінде субъект А оған тиесілі В субъектісінің акцияларының орнына тең әділ құн арқылы С субъектісінің акцияларын алады. 29 ҚСҚЕХС 64(b) сәйкес, субъект А таза активтердің/капиталдардың құрамында мойындалып жинақталған 20 а.б. кірісті пайдаға немесе шығынға сыныптастыру қажет пе:

Иә. Бұл операция 29 ҚСҚЕХС сәйкес тоқтатылудың талап етілуіне келіп түседі. 29 ҚСҚЕХС 64(b) сәйкес таза активтерде/капиталда мойындалған сату үшін, қолда бар жинақталған кіріс, немесе қаржы активінен келетін шығын активті мойындаудың тоқтатылуы кезінде пайдаларда немесе шығындарда мойындалуы тиіс еді. Акциялармен айырбас жасаған кезде, субъект А ол иелік еткен В субъектісінің акцияларын беріп, С субъектісінің акцияларын алады.

E.3.2 29 ҚСҚЕХС және 4 ҚСҚЕХС сатуға арналған қолда бар қаржы активтері: валюталық құрамдас бөліктің бөлімшесі

Сату үшін қолда бар монетарлық қаржы активі үшін субъект 4. ҚСҚЕХС 27(a) және 4 ҚСҚЕХС 32 сәйкес пайдаларда немесе шығындарда валюта айырбастау курстарымен байланысты теңгерімдік құнның өзгертілуін мойындайды, ал теңгерімдік құнның басқа да өзгерістері – 29 ҚСҚЕХС сәйкес таза активтерде/капиталда мойындайды. Таза активтерде/капиталда мойындалатын жинақталған кірісті немесе шығысты калай анықтау керек:

Бұл амортизацияланған құн (құнсыздануды есепке алу арқылы түзетілген, егер ол орын алған болса) мен сатуға арналған қолда бар, есеп беріп жатқан субъектінің функционалды валютасында ірілендірілген монетарлық қаржы активінің әділ құны арасындағы айырмашылық. 4 ҚСҚЕХС 32 қолдану мақсатында актив шетелдік валютада амортизацияланған құн бойынша өлшенетін актив ретінде есепке алынады.

Мысалы: 31 желтоқсан 20X1 жылы субъект A шетелдік валютада (ш.в.) әділ құн 1,000 ш.в. бойынша ірілендірілген құнды қағазды сатып алады. Құнды қағаз өтеуге дейінгі қалған бес жыл мерзімге, қарыздың негізгі 1,250 ш.в сомасына, жыл сайын (1,250 ш.в. × 4.7 пайыз = жылына 59 ш.в.) төленіп отыратын, тіркелген пайыздық 4.7 пайыз мөлшерлемеге және тиімді пайыздық мөлшерлеме 10 пайызға ие. Субъект А құнды қағазды қолда бар сатуға арналған ретінде топтастырады және осылайша, пайдалар мен шығындарды таза активтерде/капиталда мойындайды. Субъектінің функционалды валютасы жергілікті валюта (ж.в.) болып табылады, айырбастау курсы 1.5 ж.в. үшін 1 ш.в. тең, ал құнды қағаздың теңгерімдік құны 1,500 ж.в. (=1,000 ш.в.× 1.5) тең.

Дт




Құнды қағаз

1,500 ж.в.







Кт

Ақшалай қаражат




1,500 ж.в.

31 желтоқсан 20X2 жылы шетелдік валютаның курсы өсті және 2 ж.в үшін 1 ш.в. құрады. Құнды қағаздың әділ құны 1,060 ж.в тең, ал теңгерімдік құн осылайша, 2,120 ж.в. (=1,060 ш.в.×2) құрайды. Амортизацияланған құн 1,041 ш.в. (= 2,082 ж.в.) тең. Бұл жағдайда мойындауға және таза активтерде/капиталда жинақталуға тиесілі жинақталған табыс немесе шығын 2012 жыл 31 желтоқсандағы әділ құн мен амортизацияланған құн арасындағы айырмашылықты көрсетеді, яғни 38 ж.в. (= 2,120 ж.в. – 2,082 ж.в.).

31 желтоқсан 2012 жылы құнды қағаз бойынша алынған пайыздық төлем 59 и.в. (=118 ж.в.) құрайды. Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісіне сәйкес анықталған пайыздық кіріс 100 ш.в. (= 1,000 × 10 пайызға) тең. Орташа валюта айырбастау курсы жыл бойына 1.75 ж.в үшін 1ш.в құрады. Осы мәселенің мақсаты үшін, орташа валюта айырбастау курсын қолдану жыл бойына пайыздық кірісті есептеуге қолданылатын ағымдағы мөлшерлемелердің сенімді болжалды есебімен қамтамасыз етеді. (ҚСҚЕХС 4.25). Осылайша, есептілікте көрсетілген пайыздық кіріс 72 ж.в. (= [100ш.в. – 59 ш.в.] × 1.75) бастапқы дисконттың салымын қоса отырып, 175 ж.в. (= 100 ш.в. × 1.75) құрайды. Тиісінше, табыстар мен шығындарда мойындалатын құнды қағаз бойынша курстық айырмашылық 10 ж.в. (=2,082 ж.в. – 1,500 ж.в. – 72 ж.в.) құрайды. Сонымен қатар, 1 жылда алынуға тиісті 15 ж.в. (=59 ж.в. × [2.00 – 1.75])-ға тең курстық айырмашылықтан пайыздар бойынша кірістер бар.



Дт




Құнды қағаз

620 ж.в..




Дт




Ақшалай қаражат

118 ж.в







Кт

Пайыздық кіріс




175 ж.в.




Кт

Курстық кіріс




525 ж.в.




Кт

Таза активтерде/капиталда әділ құнның өзгеруі




38 ж.в.

31 желтоқсан 20X3 жылы шетелдік валюта курсы қайта өсті және 2.50 ж.в үшін 1 ш.в құрады. Құнды қағаздың әділ құны тең, ал теңгерімдік құн осылайша 2,675 ж.в. (=1,070 ш.в. × 2.50) тең. Амортизацияланған құн 1,086 ж.в. (=2,715 ж.в.) тең. Таза активтерде/капиталда жинақталған кіріс, немесе шығын 31 желтоқсан 2013 жылғы әділ құн мен амортизацияланған құн арасындағы айырмашылққа тең, яғни қарама-қарсы мән 40 ж.в. (=2,675 ж.в. – 2,715 ж.в.). осылайша, таза активтерде/капиталда мойындалған сома 2013 жыл бойына 78 ж.в. (= 40 ж.в. + 38 ж.в.) айырмашылықтың өзгерісіне тең.

31 желтоқсан 2013 жылғы құнды қағаз бойынша алынған пайыздық төлем 59 и.в. (=148 ж.в.) тең. Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісіне сәйкес анықталған пайыздық табыс 104 ш.в.(= 1,041 ш.в.× 10 пайыз) тең. Валюта айырбастаудың орташа курсы жыл бойына 2.25 ж.в үшін 1 ш.в құрады. Осы мәселенің мақсаттары үшін, валюта айырбастаудың орташа курсын қолдану жыл бойына пайыздық табысты есептеуге қолданылатын ағымдағы мөлшерлемелердің болжалдық есебімен қамтамасыз етеді. (4 ҚСҚЕХС 25). осылайша, мойындалған пайыздық табыс бастапқы дисконтты 101 ж.в. (= [104 ш.в. – 59 ш.в.] × 2.25) есептеуді қоса отырып, 234 ж.в. (= 104 ш.в. × 2.25) тең. Тиісінше, табыстар мен шығындарда мойындалатын құнды қағаз бойынша курстық айырмашылық 532 ж.в. (= 2,715 ж.в. – 2,082 ж.в. – 101 ж.в.) құрайды. Сонымен қатар, 1 жылда алынуға тиісті 15 ж.в. (= 59 ш.в. × [2.50 – 2.25]) тең курстық айырмашылықтан пайыздар бойынша кірістер бар.



Дт




Құнды қағаз

555 ж.в.




Дт




Ақшалай қаражат

148 ж.в.




Дт




Таза активтерде/капиталда әділ құнның өзгеруі

78 ж.в.







Кт

Пайыздық кіріс




234 ж.в.




Кт

Бағамдық кіріс




547 ж.в.

E.3.3 Шетелдік бөлімшенің қаржы қызметінің немесе қаржылық жағдайының нәтижелерін аударған кезде пайда болатын 29 ҚСҚЕХС және 4 ҚСҚЕХС курстық айырмашылықтары: таза активтер/капитал немесе кіріс пен шығыс болып есептеле ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет