АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Белгілі бір талаптарға жауап беретін баптар (87–89 параграфтар)



бет30/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95

Белгілі бір талаптарға жауап беретін баптар (87–89 параграфтар)

AG131 Субъектіні немесе субъектіні біріктіру барысында шаруашылық қызмет түрлерінің біріктірілген тобын сатып алу міндеттемесі валюталық тәуекелді қоспағанда хеджирленетін бап бола алмайды. Бұл басқа хеджирленетін тәуекелдерді нақты белгілеу және өлшеудің мүмкін еместігімен байланысты. Бұл тәуекелдер жалпы операциялық тәуекел болып табылады.

AG132 Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынған инвестиция әділ құны бойынша хеджирлеу кезінде хеджирленетін бап бола алмайды, өйткені кіріс, немесе залал құрамындағы үлестік қатысу әдісі шеңберінде инвестициялардың әділ құнының өзгерістері емес, инвестордың қауымдасқан субъектінің кіріс, немесе залалына қатысу үлесі танылады. Осы себеп бойынша біріккен бақылаушы субъектіге салынатын инвестиция әділ құнды хеджирлеу кезінде хеджирленетін бап бола алмайды, өйткені кіріс, немесе залал құрамында біріктіру кезінде инвестициялардың әділ құнының өзгерістері емес, бақыланатын субъектінің кірісі, немесе залалы танылады. Шетелдік бөлімшелерге таза инвестицияны хеджирлеу бойынша жағдай басқаша, өйткені ол инвестиция құныдағы өзгерістің әділ құнын хеджирлеу емес, валюта тәуекелін хеджирлеу болып табылады.

AG133 Мәміле мәміле жасаған субъектінің функционалды валютасынан ерекшеленетін валютада көрсетілеген, ал валюта тәуекелі біріктірілген кіріс немесе залалға ықпал еткен жағдайда, 89-параграфқа сәйкес біріктірілген қаржылық есптіліктегі валюта тәуекелі экономикалық бірлік шеңберінде ықтимал болжанатын мәміледе ақша ағынын хеджирлеу кезіндегі хеджирленетін баптың өлшемдерін қанағаттандыруы мүмкін. Жоғарыда айтылған ереженің мақсатында, субъект бақылаушы субъект, бақыланатын субъект, қауымдастырылған субъект, бірлескен кәсіпорын, немесе филиал болуы мүмкін. Егер экономикалық бірлік шеңберінде болжанатын мәміле бойынша валюта тәуекелі біріктірілген кіріс, немесе залалға ықпал етпесе, онда мәміле хеджирленетін мәміле өлшемдерін қанағаттандырмайды. Бұл бір экономикалық бірліктің мүшелерімен байланысты сыртқы мәміле болмаған кезде олардың арасындағы қатынастарда роялити, пайыз және басқару үшін, комиссия төлеуге қатысты әділетті. Әйтсе де, егер экономикалық бірлік шеңберінде болжанатын мәміле бойынша валюта тәуекелі біріктірілген кіріс, немесе залалға ықпал етсе, онда мәміле хеджирленетін бап ретінде сыныптастырылуы мүмкін. Мысал ретінде бір экономикалық бірлік мүшелерінің арасындағы экономикалық бірлікке қатысты сыртқы болып табылатын тарапқа қорларды әрі қарай сатумен болжанатын қорларды сату, немесе сатып алуды қарастыруға болады. Осыған ұқсас, экономикалық бірлік шеңберінде мүлікті және жабдықты болжанатын сату біріктірілген кіріс, немесе залалға ықпал етуі мүмкін, мұнда сатушы осындай мүлік пен жабдықты өндіретін субъект, ал сатып алушы осы мүлік пен жабдықты өз қызметінде пайдаланатын субъект болып табылады. Мысалы, бұл сатып алушы субъектінің жабдықты амортизациялауы және экономикалық бірлік шеңберінде болжанған мәміле сатып алушы субъектінің функционалды валютасынан ерекшеленетін валютада көрсетілген жағдайда жабдықтың бастапқы мойындалған құнын өзгерту нәтижесінде болуы мүмкін.

AG134 Егер экономикалық бірлік шеңберінде болжанатын мәмілені хеджирлеу хеджирлеуді есепке алу критерийлерін қанағаттандыратын болса, 106(a)-параграфына сәйкес таза активтер/капитал құрамында тікелей танылған кез келген кіріс, немесе кез келген залал осы кездегі кезеңдегі, немесе хеджирленетін мәміле бойынша валюта тәуекелі біріктірілген кіріске немесе залалға ықпал ететін кезең ішіндегі кіріске, немесе залалға сыныптастырылуы тиіс.

AG135 Субъект ақша ағындарындағы немесе хеджирлеуге қатысты хеджирленетін баптың әділ құнындағы барлық өзгерістерді анықтай алады. Субъект сондай-ақ ақша ағындарындағы немесе хеджирленетін баптың әділ құнындағы көрсетілген бағадан немесе басқа ауыспалылардан жоғары немесе төмен (бір жақты тәуекел) өзгерістерді ғана анықтай алады. Опционды хеджирлеудің (ол сыныптастырылған тәуекел сияқты негізгі шарттармен сиптталды деп болжанған кезде) сатып алынған құралының уақытша құны емес, ішкі құны хеджирленетін бап бойынша бір жақты тәуекелді көрсетеді. Мысалы, субъект болжанған тауарларды сатып алу бағасының көтерілуі нәтижесінде болашақ ақша ағындарының өзгермелілігін анықтай алады. Бұл жағдайда бағаның көрсетілген деңгейден жоғары көтерілуі нәтижесінде ақша ағындарының азаюы ғана анықталады. Хеджирленетін тәуекелге сатып алынған опционның уақытша құны кірмейді, өйткені уақытша құн кіріске, немесе залалға ықпал ететін болжанған операцияның компоненті болып табылмайды (96(b)-параграфты қараңыз).



Қаржылық баптарды хеджирленетін баптар ретінде анықтау (90 және 91-параграфтар)

AG136 Егер қаржылық активтен, немесе қаржылық міндеттемеден түсетін ақша ағынының бөлігі хеджирленетін бап ретінде анықталса, онда бұл белгілі бір бөлігі осы активтен, немесе міндеттемеден түсетін жиынтық ақша ағынынан кем болмауы тиіс. Мысалы, пайыздық тиімді мөлшерлемесі нарықтық пайыздық мөлшерлемеден тумен міндетеме жағдайында, субъект негізгі сомаға плюс нарықтық мөлшерлеме бойынша пайыз және теріс қалдық бөлігіне (b) тең міндеттеменің бөлігін (а) анықтай алмайды. Алайда хеджирленетін бап ретінде барлық қаржылық активтен немесе қаржылық міндеттемеден түсетін барлық ақша ағынын анықтай алады және оларды тек бір нақты тәуекелден (мысалы, нарықтық мөлшерлеме өзгерістеріне жатқызылатын өзгерістер тәуекелі) хеджирлей алады. Мысалы, тиімді пайыздық мөлшерлемесе нарықтық пайыздық мөлшерлемеден 100 базистік параграфқа төмен қаржылық міндеттеме жағдайында, субъект хеджирленетін бап ретінде барлық міндеттемені (яғни негізгі сома плюс нарықтық мөлшерлеме бойынша пайыз минус 100 базистік тармақ) анықтай алады және нарықтық мөлшерлеменің өзгерісіне жататын барлық міндеттемеден әділ құнының немесе ақша ағынының өзгерістерін хеджирлей алады. Сондай-ақ субъект AG140-параграфта айтылғандай, хеджирлеу тиімділігін арттыру үшін, бірге бір арақатынасынан ерекшеленетін хеджирлеу коэффициентін таңдай алады.

AG137 Сонымен қатар, егер мөлшерлемесі белгіленген қаржылық құрал пайда болғаннан кейін біршама уақыттан кейін хеджирленсе және осы уақыт ішінде пайыздық мөлшерлеме өзгерген болса, онда субъект осы бап бойынша төленетін шарт мөлшерлемесінен жоғары бастапқы мөлшерлемеге тең бөлігін анықтай алады. Субъекті мұны бастапқы мөлшерлеме субъект хеджирленетін бапты бірінші реті анықтаған сәтте құралды сатып алды деген жорамалды есепке ала отырып, есептелген тиімді пайыздық мөлшерлемеден төмен болған жағдайда ғана істей алады. Мысалы, субъект мөлшерлемесі белгіленген қаржылық активті жасады делік және бұл активтің шамасы 100 а.б. құрайды, ал ол бойынша тиімді пайыз мөлшерлемесі 6% тең, бұл ретте нарықтық мөлшерлеме 4% тең. Ол бұл активті біршама уақыт өткеннен кейін, нарықтық мөлшерлеме 8 пайызға дейін өскенде, ал активтің әділ құны 90 а.б. дейін төмендегенде хеджирлей бастайды. Субъектінің есептеулеріне сәйкес, егер ол осы активті хеджирленетін бап ретінде сол сәтте 90 а.б. тең әділ құны бойынша бірінші рет анықтаған сәтте сатып алса, онда нақты табыстылық 9.5 пайызды құрайтын еді. Өйткені нарықтық мөлшерлеме осы нақты табыстылықтан төмен, субъект 8 пайызға тең нарықтық мөлшерлеме бойынша бөлігін анықтай алатын еді, ол жартылай пайыздың шарттық мөлшерлемесі бойынша ақша ағындарынан және жартылай ағымдағы әділ құн мен (яғни 90 а.б.) мерзімі келген кезде төленетін сома (яғни 100 а.б.) арасындағы айырмашылыққа тең шамадан тұрады.

AG138 90-параграф субъектіге әділ құнның жиынтық өзгерісі, немесе қаржылық құралдың ақша ағынының ауытқуы болып табылмайтын өзге шаманы анықтауға рұқсат етеді. Мысалы:

(а) Қаржылық құралдың барлық ақша ағындары ақша ағындарындағы немесе кейбір (бірақ барлығы емес) тәуекелдерге жатқызылатын әділ құндағы өзгерістер үшін анықталуы мүмкін, немесе

(b) Қаржылық құралдың кейбір (бірақ, барлығы емес) ақша ағындары ақша ағындарындағы, немесе барлық, немесе кейбір тәуекелдерге жатқызылған әділ құндағы өзгерістер үшін анықталуы мүмкін (яғни, қаржылық құралдың ақша ағындарының «бөлігі» барлық, немесе кейбір тәуекелдерге жатқызылған өзгерістер үшін анықталуы мүмкін).

AG 139 Хеджирлеуді есепке алу өлшемдерін қанағаттандыру үшін, анықталған тәуекелдер мен бөліктер қаржылық құралдың жеке сәйкестендірілген компонентін білдіруі тиіс, ал анықталған тәуекелдер, немесе бөліктердегі өзгерістер нәтижесінде туындаған барлық қаржылық құралдық ақша ағындарының және әділ құнының ауытқулары жеткілікті сенімді деңгейде өлшенетін болуы тиіс. Мысалы:

(а) егер мөлшерлемесі белгіленген қаржылық құрал тәуекелсіз немесе базистік пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне жатқызылған әділ құнның өзгерісіне хеджирленетін болса, онда тәуекелсіз немесе базистік пайыз мөлшерлемесі, әдетте, қаржылық құралдың жеке сәйкестендірілген компоненті ретінде де, сондай-ақ жеткілікті сенімді деңгейді өлшеулі ретінде бағаланады;

(b) инфляция жеке сәйкестендірілетін де, жеткілікті сенімді деңгейде өлшеулі болып табылмайды және (с) параграфының талаптары орындалған жағдайларды қоспағанда, тәуекел немесе қаржылық құралдың бөлігі ретінде анықталмайды;

Шартқа сәйкес анықталған, инфляциямен байланысты танылған облигацияның ақша ағындарының инфляциялық құрамдас бөлігі (кірістірілген туынды құралды жеке есепке алу талап етілмейді деп жорамалдау кезінде), инфляциялық құрамдас бөлік құралдың басқа ақша ағындарына ықпал етпегенше, жеке сәйкестендірілетін және жеткілікті сенімді деңгейде өлшеулі болып табылады.



Қаржылық емес баптарды хеджирленетін баптар ретінде анықтау (92-параграф)

AG140 Қаржылық емес активтің, немесе қаржылық емес міндеттеменің құрамдас бөлігінің, немесе элементінің бағасының өзгерістері, әдетте, барлық баптың бағасына болжанатын, жеке өлшенетін ықпал етпейді, оны мысалы, нарықтық пайыз мөлшерлемесі өзгерістерінің облигация бағамына ықпалымен салыстыруға болады. Осылайша, қаржылық емес актив, немесе қаржылық емес міндеттеме тек толығымен, немесе валюта тәуекеліне қатысты бөлігінде ғанан хеджирленетін бап болып табылады. Егер хеджирлеу құралының және хеджирлеу баптарының шарттары арасында айырмашылық болса (мысалы, ұқсас шарттармен күкірті аз жеңіл мұнайды сатып алуға форвардтық келісімшартты пайдалана отырып, «Брент» маркалы мұнай шикізатын болжанған сатып алуды хеджирлеу кезінде), хеджирлеу қатынастары 98-параграфтың барлық шарттары, оның ішінде хеджирлеудің күтілетін жоғары тиімділігі туралы талап орындалған жағдайда, бәрібір осылай сыныптастырылуы мүмкін. Осы мақсаттар үшін, егер хеджирлеу қатынасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берсе, хеджирлеу құралының шамасы хеджирленетін баптың шамасынан артық немесе кем болуы мүмкін. Мысалы, хеджирленетін бап (мысалы, «Брент» маркасының мұнай шикізатымен жасалған операция) және хеджирлеу құралы (мысалы, жеңіл күкірті аз мұнаймен жасалған операция) арасындағы статистикалық байланысты анықтау үшін, регрессиялық талдау жасалуы мүмкін. Егер екі айнымалылардың арасында (яғни, «Брент» маркалы мұнай шикізатының және жеңіл күкірті аз мұнай бірліктерінің бағасы арасында) шынайы статистикалық өзара байланыс болса, онда регрессияның көлбеу сызығын күтілетін тиімділікті барынша арттыратын хеджирлеу коэффициентін анықтау үшін, пайдалануға болады. Мысалы регрессияның көлбеу сызығы 1.02 тең болса, онда 0.98 мөлшеріндегі хеджирленетін баптың 1.00 мөлшеріндегі хеджирлеу құралына қатынасына негізделген хеджирлеу коэффициенті күтілетін тиімділікті арттырады. Алайда хеджирлеу қатынасы тиімсіздікке әкеп соғуы мүмкін, ол хеджирлеу қатынасы кезеңінің ішіндегі кіріс немесе залал құрамында танылады.



Бап топтарын хеджирленетін бап ретінде анықтау (93 және 94-параграфтар)

AG141 Нақты хеджирленетін бапты емес, жалпы таза позицияны (мысалы, өтеу мерзімі бірдей, мөлшерлемесі белгіленген барлық активтер мен міндеттемелердің таза шамасы) хеджирлеу хеджирлеуді есепке алу талаптарын қанағаттандырмайды. Алайда баптардың негізінде жатқан бөлікті хеджирленетін бап ретінде анықтай отырып, осы хеджирлеу қатынастарының түрі үшін хеджирлеуді есепке алу кезінде кіріс, немесе залалға ықпал етуге қол жеткізуге болады. Мысалы, банктің активтері 100 а.б. құрайды, ал тәуекелдері мен шарттары ұқсас міндеттемелер – 90 а.б. Егер банк 10 а.б. мөлшеріндегі сальдоны хеджирлесе, ол хеджирленетін бап ретінде 10 а.б. сомасындағы активті анықтай алады. Осы анықтама егер осындай активтер мен міндеттемелер пайыз мөлшерлемесі белгіленген құралдар болған жағдайда пайдаланылуы мүмкін; осы жағдайда бұл – әділ құнды хеджирлеу немесе егер олар пайыз мөлшерлемесі ауыспалы құралдар болып табылған жағдайда, онда бұл – ақша ағындарын хеджирлеу. Дәл осы сияқты, егер субъектінің 100 а.б. сомасындағы шетелдік валютада сатып алу келісімі және 90 а.б. сомасындағы шетелдік валютада сату келісімі болса, онда ол туынды құралды сатып алу және оны 100 а.б. мөлшерінде сатып алу келісімінің бөлігі болып табылатын 10 а.б. байланысты хеджирлеу құралы ретінде анықтау жолымен 10 а.б. таза шаманы хеджирлей алады.



Хеджирлеу операциясын есепке алу (95–113 параграфтар)

AG142 Әділ құнды хеджирлеудің мысалы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі нәтижесінде мөлшерлемесі белгіленген борыш құралының әділ құнын өзгерту тәуекелін хеджирлеу болып табылады. Мұндай хеджирлеуді эмитент, немесе қаржылық құралдық иесі жүзеге асыруы мүмкін.

AG143 Ақша ағындарын хеджирлеудің мысалы мөлшерлемесі жылжымалы борышты мөлшерлемесі белгіленген борышқа айналдыру үшін, свопты пайдалану болып табылады (яғни, болашақ операцияны хеджирлеу, мұнда хеджирленетін болашақ ақша ағындары пайыздар бойынша алдағы төлемдер болып табылады).

AG144 Қатаң келісімді хеджирлеу (мысалы, теңгерімде танылмаған энергетикалық компанияның отынды тек белгіленген бағамен сатып алу шарттық міндеттемесімен байланысты отын бағасындағы өзгерістерді хеджирлеу) әділ құн өзгерістері тәуекелін хеджирлеу болып табылады. Сәйкесінше, мұндай хеджирлеу әділ құнды хеджирлеу болып табылады. Алайда 97-параграфқа сәйкес қатаң келісім бойынша балама ретінде валюта тәуекелін хеджирлеу ақша ағындарын хеджирлеу ретінде есепке алынуы мүмкін.



Хеджирлеудің тиімділігін бағалау

AG145 Егер келесі екі талап қанағаттандырылатын болса ғана, хеджирлеу тиімділігі жоғары деп саналады:

(а) Хеджирлеудің басында және кейінгі кезеңдерде де хеджирлеу анықталатын кезең ішінде хеджирленетін тәуекеліне жатқызылатын әділ құн немесе ақша ағындары өзгерістерінің өзара есебін қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары құрал болады деп күтіледі. Мұндай күтуді түрлі тәсілдермен, оның ішінде хеджирленетін тәуекелген жатқызылатын хеджирленетін баптың әділ құны, немесе ақша ағындарының бұрынғы өзгерістерін хеджирлеу құралының әділ құнығ немесе ақша ағындарының бұрынғы өзгерістерімен салыстыру, немесе хеджирленетін баптың және хеджирлеу құралының әділ құны немесе ақшалай қаражат қозғалысы арасындағы жоғары статистикалық корреляцияны көрсету арқылы көрсетуге болады. Субъект AG140-параграфта сипатталғандай хеджирлеу тиімділігін арттыру үшін, хеджирлеу кезінде бірге бір қатынасынан ерекшеленетін қатынасты таңдай алады.

(b) Хеджирлеудің нақты нәтижесі 80-125 пайыз аралығында болады. Мысалы, егер нақты нәтижелер осындай болса, хеджирлеу құралынан келетін залал 120 а.б. құрап, ал ақшалай құралдан түсетін кіріс 100 а.б. тең болса, өзара есеп нәтижелерін 120/100 деңгейінде, яғни 120 пайыз немесе 100/120, яғни 83 пайыз деңгейінде өлшеуге болады. Осы мысалда хеджирлеу (а) параграфының шарттарын қанағаттандырады деп болжасақ, субъект хеджирлеудің тиімділігі жоғары болды деп қорытынды жасай алады.

AG146 Хеджирлеу тиімділігін бағалау, кем дегенде, субъектінің жылдық немесе аралық қаржылық есептілігін дайындау сәтінде жүргізілуі тиіс.

AG147 Осы стандарта хеджирлеу тиімділігін бағалаудың бірыңғай әдісі белгіленбеген. Субъектінің хеджирлеу тиімділігін бағалау үшін, қолданылатын әдісі тәуекелді басқару стратегиясына байланысты. Мысалы, субъектінің тәуекелді басқару стратегиясы хеджирленетін позициядағы өзгерістерді көрсету үшін хеджирлеу құралының сомасын кезең-кезеңімен түзетуден тұратын болса, онда субъектіге оның күтуі бойынша хеджирлеу құралының сомасын келесі түзетуге дейінгі кезең ішінде ғана хеджирлеудің тиімділігі жоғары болатынын көрсету керек. Кейбір жағдайларда субъект түрлі хеджирлеу түрлері үшін түрлі әдістерді қолданады. Бұл процедураларда хеджирлеу құралынан барлық кіріс, немесе залал бағалауға ұшырайтыны, немесе хеджирлеу құралының уақытша құны қарастырудан алынып тасталатындығы көрсетіледі.

AG148 Егер субъект бапқа ықпалдың 100 пайыздан кемін, мысалы 85 пайызын хеджирлейтін болса, онда ол хеджирленетін бапты ықпалдың 85 пайызына тең ретінде анықтауы тиіс және осы белгіленген 85 пайыздық ықпалдың өзгерісі негізінде хеджирлеудің тиімсіздігін өлшеуі тиіс. Алайда белгіленген 85 пайыздық ықпалды хеджирлеу кезінде субъект AG140 параграфында түсіндірілгендей, хеджирлеудің күтілетін тиімділігін арттыратын болса, бірге бір қатынасынан ерекшеленетін хеджирлеу коэффициентін пайдалана алады.

AG149 Хеджирлеу құралының және хеджирленетін актив, міндеттеме, қатаң келісім, немесе барынша ықтмал болжанған операцияның негізгі шарттары сәйкес келген кезде, хеджирленетін тәуекелге жататын әділ құнның немесе ақша ағынының өзгерістері хеджирлеудің басында, сондай-ақ әрі қарай оны жүзеге асыру барысында бірін-бірі толығымен өтей алады. Мысалы, егер номиналды және негізгі сомалар, пайыз мөлшерлемесін қайта қарау мерзімдері, күні, пайыздарды, немесе негізгі соманы алу және төлеу күні, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді бағалау негіздері хеджирлеу құралы мен хеджирленетін бапқа бірдей болса, пайыздық своптың хеджирлеудің тиімді тәсілі болуы ықтимал. Сонымен қатар, форвардтық келісімшарт бойынша тауарды барынша ықтимал болжанған сатып алуды хеджирлеудің тиімділігі жоғары болады, егер:

(а) Дәл сондай тауарды сондай мөлшерде сатып алуға форвардтық келісімшарт хеджирленетін болжанған сатып алу жүргізілетін дәл сол уақытта және дәл сол жерде жасалады;

(b) Форвардтық келісімшарттың әділ құны ең бастапқыда нөлге тең;

(c) Форвардтық келісімшарт бойынша дисконт, немесе сыйақы өзгерістері тиімділікті бағалаудан алынып тасталады және кіріс немесе залал құрамында танылады, не барынша ықтимал болжанған операциядан болжанған ақша ағындарының өзгерістері форвардтық мәміле бойынша тауар бағасына негізделеді.

AG150 Кейде хеджирлеу құралы хеджирленетін тәуекелдің жарым-жартылай ғана орнын толтырады. Мысалы, хеджирлеу құралы және хеджирленетін бап бір-біріне сәйкес өзгермейтін түрлі валютада көрсетілген кезде, хеджирлеуді толығымен тиімді деп санауға болмайды. Сонымен қатар, егер туынды құралдың әділ құнын өзгерту бөлігі қарсы тараптың кредит тәуекеліне жатқызылуы мүмкін болса, туынды құралдың көмегімен пайыздық тәуекелді хеджирлеу толығымен тиімді бола алмайды.

AG151 Хеджирлеуді есепке алу талаптарына жауап беру үшін, хеджирлеу тұтас алғанда субъектінің операциялық қызметтері тәуекеліне емес, нақты бекітілген және белгіленген тәуекелге жатқызылуы тиіс, бұл ретте хеджирлеу, нәтижесінде, субъектінің кірісіне, немесе залалына ықпал етуі тиіс. Активтердің сапалық ескіруі тәуекелін немесе қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыруға қтысты заңнамаға өзгеріс енгізу тәуекелі хеджирлеуді есепке алуға жарамайды; бұл жағдайларда тиімділік деңгейін өлшеуге болмайды, өйткені көрсетілген тәуекелді сенімді өлшеу мүмкін емес.

AG152 83(а) параграф субъектіге опционның ішкі құнын және уақытша құнын бөлуге және хеджирлеу құралы ретінде опционның ішкі құны өзгерістерін ғана анықтауға рұқсат етеді. Егер болжанатын операцияның негізгі шарттары хеджирлеу құрауының негізгі шарттарымен сәйкес келгенде ғана, мұндай анықтама болжанған операция бойынша хеджирленетін біржақты тәуекелге жатқызылған ақша ағындарындағы орнын толтыратын өзгерістерге қол жеткізген кезде ғана өте тиімді хеджирлеу қатынастарына әкеп соғуы мүмкін.

AG153. Егер субъект сатып алынған опционды болжанатын операциямен байланысты туындаған біржақты тәуекелді хеджирлеу құралы ретінде толығымен анықтаса, хеджирлеу қатынасы толығымен тиімді болмайды. Бұл опцион бойынша төленген сыйақыға уақытша құн кіретіндіктен, ал AG135-параграфына сәйкес сыныптастырылған тәуекелге опционның уақытша құны кірмейтіндікте болады. Сондықтан бұл жағдайда опцион және ссыныптастырған хеджирленетін тәуекел бойынша төленген сыйақының уақытша құнына жататын ақша ағындарының арасында өтемақы болмайды.

AG154 Пайыздық тәуекел жағдайында таза позицияға әкеп соғатын нақты актив немесе міндеттемемен (немесе нақты активтер тобымен, не міндеттемемен немесе олардың белгілі бір бөлігімен) байланысты болған жағдайда, әр уақыт аралығында пайыздық позицияны көрсететін қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер бойынша төлем мерзімі кестесін дайындай отырып, хеджирлеу тиімділігін анықтауға болады, ал хеджирлеу тиімділігі осы актив, немесе міндеттемеге қатысты бағаланады.

AG155 Субъект хеджирлеу тиімділігін бағалау кезінде, әдетте, ақшаның уақытша құнын есепке алады. Хеджирленетін бап бойынша белгіленген пайыздық мөлшерлеменің әділ құнды хеджирлеу ретіндегі своп бойынша белгіленген пайыздық мөлшерлемемен сәйкес келуі міндетті емес. Дәл осы сияқты пайыздық актив, немесе міндеттеме бойынша жылжымалы пайыздық мөлшерлеменің ақша ағындарын хеджирлеу ретінде анықталған своп бойынша жылжымалы пайыздық мөлшерлемемен сәйкес келуі міндетті емес. Своптың әділ құны таза есептеулердің сомасынан туындайды. Бір шамаға ауысқан жағдайда, своп бойынша белгіленген және ауыспалы мөлшерлемелер таза есептеулеге ықпал етпестен, өзгеруі мүмкін.

AG156 Егер субъект тиімді хеджирлеу өлшемдеріне жауап бермейтін болса, онда ол хеджирлеудің тиімділік өлшемдеріне сәйкестігі көрсетілген соңғы күннен бастап хеджирлеу операциясын есепке алуды тоқтатады. Алайда егер субъект хеджирлеу қатынастарының тиімділік өлшемдерін қанағаттандыруын тоқтату себебі болған оқиғаны, немесе жағдайдың өзгерісін анықтаса және хеджирлеудің оқиға басталғанға, немесе жағдай өзгергенге дейін тиімді болғанын көрсетсе, онда ол оқиға, немесе жағдайдың өзгеруі болған күннен бастап хеджирлеу операциясын есепке алуды тоқтатады.



Портфельді пайыздық тәуекелден хеджирлеу кезінде әділ құнды хеджирлеуді есепке алу

AG157 Қаржылық активтер, немесе қаржылық міндеттемелер портфелімен байланысты пайыздық мөлшерлеме өзгерісі тәуекелінен әділ құнды хеджирлеу үшін субъект әрі қарай келесі (а)-(i) параграфтарында және AG158–AG175 параграфтарында мазмұндалған процедураларды сақтаған кезде, осы стандарттың талаптарын қанағаттандыратын болады:

(а) Субъект тәуекелдерді басқару үдерісінің бөлігі ретінде пайыздық тәуекелін хеджирлегісі келетін баптардың портфелін анықтайды. Портфель тек активтерден, тек міндеттемелерден немесе екеуінен де тұруы мүмкін. Субъект екі немесе бірнеше портфельді анықтауы мүмкін (мысалы, субъект сатуға арналған қолдағы өз активтерін жеке портфельге топтастыра алады), бұл ретте ол әрбір портфельге төменде келтірілген басшылықты жеке-жеке қолданады;

(b) Субъект портфельді пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың шарттық мерзімдері негізінде емес, күтілетін мерзімі негізінде пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңдері бойынша талдайды. Пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңдері бойынша талдау түрлі тәсілдермен, оның ішінде күтілетін кезеңдерде ақша ағындары кестесін жасау, немесе бағаларды күтілетін қайта қарау жүргізілетін сәтке дейінгі барлық кезеңдердегі шартты негізгі сомалар кестесін жасау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін;

(c) Осы талдау негізінде субъект қандай соманы хеджирлейтінін шешеді. Субъект хеджирленетін бап ретінде белгіленген портфельден активтердің, немесе міндеттемелердің (бірақ таза шамасы емес) хеджирленетін ретінде анықтағысы келетін сомаға тең сомасын анықтайды. Сондай-ақ бұл сома AG169(b) параграфына сәйкес хеджирлеу тиімділігін тексеру үшін, пайдаланылатын пайыздық көрсеткішті анықтайды;

(d) Субъект өзі хеджирлейтін пайыздық тәуекелді анықтайды. Бұл тәуекел хеджирленетін позициядағы әрбір бапқа, мысалы бастапқы пайыздық мөлшерлемеге (мысалы, своп мөлшерлемесі) жататын пайыздық тәуекелдің бөлігі болуы мүмкін;

(e) Субъект пайыз мөлшерлемесін әрбір қайта қарау кезеңі үшін бір немесе бірнеше хеджирлеу құралын анықтайды;

(f) Хеджирлеуге арналған (с)-(е) параграфтарындағы белгілі бір шамалар туралы ақпаратты пайдалан отырып, субъект хеджирлеудің басында және кейінгі кезеңдерде хеджирлеу анықталған кезең ішінде хеджирлеудің тиімділігі жоғары болатынын бағалайды;

(g) Субъект (b) параграфында белгіленген пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімдері негізінде хеджирленетін тәуекелмен ((d) параграфында анықталған) байланысты хеджирленетін баптың ((с) параграфында анықталған) әділ құны өзгерістерін кезең-кезеңімен өлшейді. Субъект құжаттарындағы тиімділікті бағалау әдісін пайдалана отырып, бағалау барысында хеджирлеу тиімділі жоғары болып табылады деп белгіленген жағдайда, субъект 100-параграфта сипатталғандай, хеджирленетін баптың әділ құнын өзгерісін кіріс, немесе залал құрамында және теңгерімдегі екі баптың біріндегі табыс, немесе залал ретінде таниды. Әділ құн өзгерісін жекелеген активтерге немесе міндеттемелерге бөлу талап етілмейді;

(h) Субъект хеджирлеу құралының (құралдарының) ((е) параграфында анықталған) әділ құны өзгерісін өлшейді және оның кіріс немесе залал құрамындағы табыс немесе залал ретінде таниды. Хеджирлеу құралының (құралдарының) әділ құны теңгерімдегі актив немесе міндеттеме ретінде танылады;

(i) Тиімсіздік (g) параграфында көрсетілген әділ құны өзгерісі мен (h) параграфында көрсетілген әділ құн өзгерісі арасында айырмашылық ретінде кіріске, немесе залалға жатқызылатын болады (тиімділік барлық ҚСҚЕХС маңыздылық түсініктерін қолдана отырып, өлшенеді).

AG158 Осы тәсіл әрі қарай толық сипатталады. Бұл тәсіл қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелер портфелімен байлаынсты пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелінен әділ құнды хеджирлеуге ғана қолданылуы тиіс.

AG159 AG157(а) параграфында белгіленген портфель активтерден және міндеттемелерден тұруы мүмкін. Балама ретінде бұл портфель тек активтерден немесе тек міндеттемелерден ғана тұруы мүмкін. Бұл портфель субъект хеджирлегісі келетін активтер, немесе міндеттемелер сомасын анықтау үшін пайдаланылады. Аладайда портфельдің өзі хеджирленетін бап ретінде анықталмайды.

AG160 AG157(b) параграфын қолдану кезінде субъект бап бойынша пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау күнін бапты күтілетін өтеу күнінен және нарықтық мөлшерлемеге дейін пайыз мөлшерлемесін қайта қарау күнінен бұрын анықтайды. Пайызды қайта қараудың күтілетін мерзімдері хеджирлеудің басында және хеджирлеудің барлық мерзімі ішінде бұрынғы тәжірибе және басқа қолдағы ақпарат, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу деңгейлеріне, пайыздық мөлшерлемелерге және олардың арасындағы өзара байланысқа қатысты ақпарат пен болжал негізінде бағаланады. Жеке тәжірибесі жоқ, немесе тәжірибесі жеткіліксіз субъектілер салыстырылатын қаржылық құралдарға жататын деңгейдегі субъектілер тобының тәжірибесін пайдаланады. Бұл есептік бағалау кезең-кезеңімен қайта қаралады және тәжірибені ескере отырып, жаңартылады. Мөлшерлемесі белгіленген және мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін бап жағдайында пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау күні, нарықтық мөлшерлемеге дейін бұдан ертерек күнге қайта бағалану жағдайларын қоспағанда, бап бойынша мерзімінен бұрын өтеу күтілетін күн болып табылады. Ұқсас бап топтары үшін пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімдері негізінде уақыт кезеңдері бойынша талдау жекелеген активтердің емес, әрбір уақыт кезеңінде барлық тоаптан белгілі пайызды бөлу нысанын қабылдайды. Субъект осындай бөлу мақсаттары үшін басқа әдістерді қолдануы мүмкін. Мысалы, ол пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімдері негізінде уақыт кезеңдеріне амортизацияланатын қарызды бөлу үшін мерзімінен бұрын өтеу деңгейінің көбейткішін пайдалана алады. Алайда мұндай бөлу әдісі субъектінің тәуекелдерді басқару процедураларына және мақсаттарына сәйкес келуі тиіс.

AG161 AG157(с) параграфына сәйкес хеджирлеу үшін, соманы анықтаудың мысалы ретінде келесі жағдайды келтіруге болады: егер субъект пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың белгілі бір кезеңінде өзінің мөлшерлемесі белгіленген активтерін 100 а.б. сомасында және мөлшерлемесі белгіленген міндеттемелерін 80 а.б. мөлшерінде бағаласы және 20 а.б. тең барлық таза позицияны хеджирлеуге шешім қабылдаса, онда ол хеджирленетін бап ретінде 20 а.б. сомасындағы активтерін анықтайды (активтердің бір бөлігі хеджирленетін бап ретінде анықталады, өйткені осы стандарт субъектіге белгілі бір талаптарға жауап беретін қолдағы активтер, немесе міндеттемелердің кез келген шамасын, яғни в осы мысалда активтердің 0 а.б. және 100 а.б. арасындағы кез келген шаманы анықтауға рұқсат етеді). Хеджирлеу үшін, анықталған шама жеке активтер ретінде емес, «ақшалай сома» ретінде (мысалы, сомасы доллармен, еуромен, фунтпен немесе рэндпен) көрсетіледі. Хеджирленетін сомадан алынатын барлық активтер, яғни жоғарыда келтірілген мысалдағы активтер құнының барлық 100 а.б., төмендегілер болуы тиіс деген қорытынды жасауға болады:

(а) Әділ құны хеджирленетін пайыздық мөлшерлеменің өзгерістеріне қарай ауысып отыратын баптар; және

(b) Егер хеджирленетін ретінде жеке анықталған болса, әділ құнды хеджирлеуді есепке алу талаптарын қанағаттандыра алатын баптар. Атап айтқанда, стандарты 52-параграфы талап етуі бойынша өтеуге тиесілі (мысалы, талап етілгенге дейінгі депозиттер және жедел депозиттердің кейбір түрлері) қаржылық міндеттеменің әділ құны бірінші күнінен батап дисконтталған, талап ету бойынша төлеуге тиесілі сомадан кем емес, соманы төлеу талап етілген кезде, онда мұндай бап иесі төлемді талап ету мүмкін ең аз кезеңнен асатын кезеңде әділ құнды хеджирлеуді есепке алу талаптарын қанағаттандыра алмайды. Жоғарыда келтірілген мысалда хеджирленетін позиция активтердің сомасы болып табылады. Сондықтан, мұндай міндеттемелері белгіленген хеджирленетін баптың бөлігі болып табылмайды, бірақ субъект оны хеджирленетін деп белгілейтін актив сомасын анықтау үшін, пайдаланады. Егер субъект хеджирлегісі келетін позиция міндеттемелер сомасы болып табылса, онда белгіленген хеджирленетін бапты білдіретін сома өтелуі субъектіден ертерек кезеңде талап етілуі мүмкін міндетемелерден ерекшеленетін мөлшерлемесе белгіленген міндеттемелер сомасынан алынуы тиіс, AG169(b) параграфына сәйкес хеджирлеудің тиімділігін бағалау үшін, пайдаланылатын пайыздық көрсеткіш осы басқа міндеттемелердің пайызы ретінде есептелінетін болады. Мысалы, субъектінің бағалауы бойынша пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың белгілі бір кезеңінде онда 100а.б. сомасында мөлшерлемесі белгіленген міндеттеме бар делік, оның ішінде 40а.б. талап етілгенге дейінгі депозиттер және 60 а.б. талап етуі бойынша өтеуге жатпайтын міндеттемелер, сондай-ақ 70а.б. мөлшерінде мөлшерлемесі белгіленген активтер. Егер субъект 30а.б. мөлшеріндегі барлық таза позицияның хеджирлеуге шешім қабылдаса, ол хеджирленетін бап ретінде 30а.б. сомасындағы міндеттемені немесе талап ету бойынша өтеуге жатпайтын міндетемелердің 50 пайызы (30а.б./(100а.б.–40а.б.)=50 пайыз) анықталады.

AG162 Субъект сондай-ақ, 98(а)-параграфта мазмұндалған хеджирленетін шамаларды анықтауға және құжаттауға қатысты басқа талаптарды орындайды. Пайыздық тәуекел портфелін хеджирлеу үшін, бұл анықтамалар және құжаттауға хеджирленетін соманы сәйкестендіру үшін, пайдаланылатын барлық айнымалы мәндерге қатысты субъектінің саясатын, сондай-ақ хеджирлеу тиімділігн бағалауды қамтиды, оның ішінде:

(а) Хеджирленетін портфельге қандай активтер және міндеттемелер кіру тиіс және оларды портфельден шығару үшін, қандай негіз пайдаланылуы тиіс;

(b) Субъект пайыз мөлшерлемесін қайта қарау мерзімін қалай есептейді, оның ішінде алдын ала төлем бойынша мөлшерлемені есептеу негізінде пайыздық мөлшерлеме бойынша қандай жорамалдар жатады және осы есептеу шамаларын өзгертуге қандай негіз бар. Бір әдіс активт, немесе міндеттемені хеджирленетін портфельге қосу сәтінде бастапқы есептік бағалау үшін де, осы есептік шамаларды әрі қарай қайта қарау үшін де пайдаланылады;

(c) Пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңдерінің саны және ұзақтығы;

(d) Субъект хеджирлеу тиімділігі қаншалықты жиі тексереді және AG169 параграфында көрсетілген екі әдістің қайсысын пайдаланатын болады;

(e) Субъекті пайдаланатын хеджирленетін бап ретінде анықтаған активтері, немесе міндеттемелерінің сомасын анықтау әдістемесі және, сәйкесінше, субъект AG169(b) параграфында сипатталған әдісті қолдана отырып, тиімділігін тексерген пайдаланатын пайыздық көрсеткіш;

(f) Субъект AG169(b) параграфында сипатталған әдісті пайдалана отырып, хеджирлеу тиімділігін тексергенде, ол тиімділікті пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың әр кезеңі үшін жеке, барлық кезеңдер үшін бірге тексереді ме, немесе екеуінің қандай да бір үйлесімін пайдалана ма?

Хеджирлеуге қатынастарын анықтау және құжаттау үшін, белгіленген саясат субъектінің тәуекелдерді басқару жосықтарына және мақсаттарына сәйкес келуі тиіс. Саясатқа өзгерістер ерікті түрде енгізілмеуі тиіс. Олар нарық шарттарының және басқа факторлардың өзгерістерімен ақталуы тиіс, сондай-ақ субъектінің тәуекелдерді басқару жосықтары мен мақсаттарына негізделуі жән оған сәйкес келуі тиіс.

AG163 AG157(е) параграфында көрсеілген хеджирлеу құралы ретінде бір туынды құрал, немесе туынды құралдар портфелі болуы мүмкін, олардың әрқайсысы AG157(d) параграфта анықталған хеджирленетін пайыздық тәуекелге ұшырайды. Мұндай туынды құралдар портфелінде бірін-бірі орнын толтыратын тәуекел позициялары болуы мүмкін. Алайда оған шығарылған опциондар, немесе шығарылған таза опциондар кіре алмайды, өйткені стандарттың 86-параграфы және AG127-параграф мұндай опциондарды хеджирлеу құралдары ретінде анықтауға рұқсат етпейді (шығарылған опцион сатып алынған опцион үшін өтемақы ретінде анықталған жағдайды қоспағанда). Егер хеджирлеу құралы AG157(с) параграфында анықталған соманы пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың бір кезеңі бойы хеджирлейтін болса, онда ол хеджирлейтін барлық кезеңдерге таралады. Алайда барлық хеджирлеу құралы пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың осы кезеңдеріне бөлінуі тиіс, өйткені осы стандарттың 84-параграфы хеджирлеу құралы айналымда болатын кезең бөлігінің ішінде ғана хеджирлеу қатынасын анықтауға рұқсат етпейді.

AG164 Субъект AG157(g) параграфына сәйкес мерзімінен бұрын өтеу ықтимал баптардың әділ құны өзгерістерін өлшеген кезде пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі мерзімінен бұрын өтеу ықтимал баптардың әділ құнына екі түрлі тәсілмен ықпал етеді: Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі шарттық ақша ағындарына және мерзімінен бұрын өтелуі ықтимал бапқа кірістірілген мерзімінен бұрын өтелетін опционның әділ құнына ықпал етеді. Осы стандарттың 90-параграфы субъектіге хеджирлеу тиімділігін өлшеу мүмкін болған жағдайда, хеджирленетін бап ретінде тәуекелге жалпы ұшырайтын қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің бөлігін анықтауға рұқсат етеді. Мерзімінен бұрын өтеу ықтималы баптарға қатысты 91-параграф шарттық емес, пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімдеріне сүйене отырып, тағайындалған пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне жатқызылатын әділ құн өзгерістері негізінде хеджирленетін бапты анықтау жолымен жасауға рұқсат етеді. Алайда хеджирленетін пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінің пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзіміне ықпалы хеджирленетін баптың әділ құны өзгерістерін анықтау кезінде есепке алынуы тиіс. Сәйкесінше, егер пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімі (мысалы, күтілетін мерзімінен бұрын өтеу өзгерістерін көрсету мақстында), немесе пайыз мөлшерлемесін нақты қайта қарау мерзімі күтілетін мерзімнен ерекшеленетін болса, онда бұл AG169-параграфында сипатталған хеджирлеудің тиімсіздігіне әкеп соғады. Және, керісінше, хеджирленетін пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінен ерекшеленетін факторлардың нақты нәтижесі болып табылтын (а) пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімдеріндегі өзгерістер (b) хеджирленетін пайыздық мөлшерлеме өзгерістерімен байланысты емес және (с) хеджирленетін пайыздық мөлшерлемемен байланысты өзгерістерден сенімді бөлінуі мүмкін (мысалы, пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінен емесе, демографиялық факторлардың немесе салықтық реттеу нәтжиесінде анық пайда болған мерзімінен бұрын өтеу деңгейінің өзгерісі), хеджирленетін тәуекелге жатқызылмайтын болғандықтан хеджирлеу бабының әділ құны өзгерістерін анықтау кезінде есепке алынбайды, өйткені олар хеджирленетін тәуекелген жатқызылуы мүмкін емес. Егер пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімдерінің өзгерісіне әкеп соғатын факторға қатысты белгісіздік болса, немесе субъектінің хеджирленетін пайыздық мөлшерлеменің нәтижесі болып табылатын өзгерістерді басқа факторлардың нәтижесі болып табылатын өзгерістерден сенімді бөлу мүмкіндігі болмаса, онда бұл өзгеріс хеджирленетін пайыздық мөлшерлеме өзгерістері нәтижесінде пайда болды деп болжанады.

AG165 Стандарт AG157(g) параграфында көрсетілген соманы, яғни хеджирленетін тәуекелге жатқызылатын хеджирленетін баптың әділ құны өзгерістерін анықтау үшін, пайдаланылатын әдісті белгілемейді. Егер осындай бағалау үшін, статистикалық, немесе өзге де есептік бағалау әдісі пайдаланылатын болса, онда басшылық нәтижесінің хеджирленетін бапты құрайтын барлық жеке активтер, немесе міндеттемелерді өлшеу кезінде алынуы мүмкін нәтижеге жақын болатынын болжауы тиіс. Хеджирленетін баптың әділ құны өзгерістері хеджирлеу құралының өзгерістеріне тең болады деп жорамал жасау дұрыс болмайды.

AG166 100-параграф егер хеджирленетін бап пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың белгілі бір кезеңінде актив болып табылатын болса, оның құнының өзгерістері активтер құрамындағы жеке бапта көрсетілуін талап етеді. Және керісінше, егер хеджирленетін бап пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың белгілі бір кезеңінде міндеттеме болып табылатын болса, оның құнының өзгерістері міндеттемер құрамында жеке баппен ұсынылады. Бұл AG157(g) параграф көрсететін жеке баптар. Жеке активтер (немесе міндеттемелер) бойынша бөлу талап етілмейді.

AG167 AG157(i) параграфында хеджирлеудің тиімсіздігі хеджирленетін тәуекелмен байланысты хеджирленетін баптың әділ құны өзгерістері туынды хеджирлеу құралының әділ құны өзгерістерінен қаншалықты ерекшеленсе, сол шамада туында деп белгіленген. Мұндай айырмашылық бірқатар себептер бойынша туындауы мүмкін, келесілерді қоса алғанда:

(а) Пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың нақты мерзімдері күтілетін мерзімнен ерекшеленеді, немесе пайыз мөлшерлемесін күтілетін қайта қарау мерзімдері өзгеріп отырады;

(b) Хеджирленетін портфельдегі баптар құнсызданады, немесе оларды мойындау тоқтатылады;

(c) Хеджирленетін құрал және хеджирленетін бап бойынша төлемдер күні ерекшеленеді; және

(d) Басқа себептер (мысалы, бірнеше хеджирленетін баптар бойынша базалық мөлшерлемеге қарағанда, төменірек мөлшерлеме бойынша пайыздар есептеледі, ол үшін бұл баптар хеджирленетін ретінде анықталды, ал туындаған нәтиженің тиімсіздігі соншалықты, портфель толығымен хеджирлеу операциясын есепке алу талаптарын қанағаттандыруды тоқтатты).

Мұндай тиімсіздік кіріске, немесе залалға анықталуы және жатқызылуы тиіс (осы контексте барлық ҚСҚЕХС маңыздылық түсініктері қолданылған).

AG168 Әдетте хеджирлеу тиімділігі артады:

(а) Егер субъект айырмашылықтар мерзімінен бұрын өтеу режимінде есепке алынатындай етіп, мерзімінен бұрын өтеу сипаттамалары әртүрлі баптар бойынша кесте жасаса;

(b) Портфельде баптардың саны көп болғанда. Портфельде бірнеше бап қана болған жағдайларда, егер баптардың бірінде мерзімінен бұрын өтеу күтілген мерзімнен бұрын немесе кеш жүргізілсе, салыстырмалы түрде жоғары тиімсіздіктің болуы ықтимал. Және керісінше, портфельде көп бап болған кезде, мерзімінен бұрын өтеу режимін алдын ала болжау нақтырақ;

(c) Пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың қысқа кезеңдері пайдаланылған кезде (мысалы, пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың 3 айлық кезеңдері емес, 1 айлық кезеңдер). Пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың қысқа кезеңі хеджирленетін бап бойынша пайыз және төлем мөлшерлемесін қайта қарау күндері мен хеджирленетін құрал бойынша пайыз және төлем мөлшерлемелерін қайта қарау күндерінің сәйкес келмеу әсерін азайтады (пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңі шеңберінде);

(d) Хеджирленетін баптағы өзгерістерді көрсету мақсатында хеджирлеу құралының сомасына жиі түзету жүргізу кезінде (мысалы, мерзімінен бұрын өтеуге қатысты болжамдардағы өзгерістер салдарынан).

AG169 Субъект кезең-кезеңімен хеджирлеу тиімділігін тексеріп отырады. Егер пайыз мөлшерлемесін есептік қайта қарау мерзімдері хеджирлеу тиімділігін бағалаудың екі күні аралығында өзгеретін болса, онда субъект тиімділік мәнін есептейді:

(а) Хеджирлеу құралынң әділ құны өзгерістері (AG157(h)-параграфты қараңыз) мен хеджирленетін пайыздық мөлшерлеме өзгерістерімен байланысты барлық хеджирленетін бап құнының өзгерістері арасындағы айырмашылық ретінде (оның ішінде хеджирленетін пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінің мерзімінен бұрын өтеуге кірістірілген опционның әділ құнына ықпалын қоса алғанда); немесе

(b) Келесі есептеулерді пайдалана отырып. Субъект:

(i) Хеджирлеу тиімділігін соңғы тексеру күні пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың есептік мерзімдері негізінде әрбір хеджирленген кезеңдегі активтер (немесе міндеттемелердің) пайызын есептейді;

(ii) Қайта қаралған есептік шама негізінде хеджирленетін баптың сомасын есептеу үшін осы пайыздық қатынасты пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың осы кезеңіндегі қайта қаралған есептік шамаға қолданады;

(iii) Хеджирленетін тәуекелмен байланысты хеджирленетін баптың қайта қаралған есептік шамасының әділ құны өзгерістерін есептейді және AG157(g) параграфында мазмұндалғандай, оны ұсынады;

(iv) (iii) параграфында анықталған сома мен хеджирлеу құралының әділ құны өзгерістерінің арасында айырмашылыққа тең сомадағы тиімсіздікті мойындайды (AG157(h) параграфты қараңыз).

AG170 Тиімділікті өлшеу кезінде субъект қолданыстағы активтер (немесе міндеттемелер) бойынша пайыз мөлшерлемесін қайта қарау мерзімдерінің өзгерістері мен жаңа активтердің (міндеттемелердің) пайда болуымен арасындағы айырмашылықты белгілейді, бұл ретте тек біріншісі ғана хеджирлеудің тиімсіздігіне әкеп соғады. Пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың есептік мерзімдеріндегі барлық өзгерістері (AG164-параграфына сәйкес есепке алынбайтындарын қоспағанда), оның ішінде қолданыстағы баптарды кезеңдер бойынша қайта бөлу AG169(b)(ii) параграфына сәйкес есептік шаманы қайта қарау кезінде және сәйкесінше, хеджирлеудің тиімділігін өлшеу кезінде есепке алынады. Бұрын көрсетілгендей, хеджирлеудің тиімсіздігі мойындалғаннан кейін субъект пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың әрбір кезеңінде жиынтық активтердің (немесе міндеттемелердің), оның ішінде хеджирлеудің тиімділігін соңғы тексеру сәтінен пайда болған жаңа активтердің (немесе міндеттемелердің) жаңа есептік шамасын белгілейді және хеджирленетін бап ретінде жаңа соманы және хеджирленетін пайыздық қатынас ретіндегі жаңа пайыздық қатынасты анықтайды. AG169(b) параграфында мазмұндалған процедуралар кейін хеджирлеу тиімділігін тексерудің соңғы күнінде қайталаданады.

AG171 Субъект құнсызданумен, немесе сатумен туындаған сомаларды мерзімінен бұрын өтеу, немесе есептен шығару күтілген мерзімнен бұрын болғандықтан, бастапқыда пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың қандай да бір кезеңіне жатқызылған баптарды мойындауды тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдай болған кезде, субъект мойындауды тоқтатқан бапқа жататын, AG157(g) параграфында көрсетілген жеке бапқа енгізілген әділ құн өзгерістерінің сомасы теңгерілімнен шығарылуы және бапты мойындауды тоқтату кезінде пайда болған кіріс, немесе залал құрамына енгізілуі тиіс. Осы мақсаттар үшін субъект мойындауды тоқтатқан баптың пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың қай кезеңіне (кезеңдеріне) жатқызылғанын білу керек, өйткені бұл осы бапты пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың қай кезеңінен (кезеңдерінен) шығару керектігін анықтауға және сәйкесінше AG157(g) параграфында көрсетілген жеке баптан қандай соманы шығару керектігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкін болмаған кезде, мойындауды тоқтату күтілгеннен жоғары болған мерзімінен бұрын өтеу нәтижесі болып, табылған кезде мұндай бап ең ерте кезеңнен шығарылады, немесе егер бап сатылған болса немесе құнсызданса, субъект мойындауды тоқтатқан баптардан тұратын барлық кезеңдерге жүйелі және рационалдық негізде бөлінеді.

AG172 Сонымен қатар, субъект осы кезең өткеннен кейін мойындауды тоқтатпаған кез келген кезеңге жататын сома осы сәтте кіріске немесе залалға жатады (100-параграфты қараңыз.). Мысалы, субъект пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың үш кезеңінде баптарды жоспарлайды. Хеджирлеу үшін, анықталған шамаларды алдыңғы қайта қарау кезінде теңгерімнің жеке бабында көрсетілген әділ құн өзгерісі 25 а.б. мөлшеріндегі активті білдірді. Бұл сома сәйкесінше 7 а.б., 8 а.б. және 10 а.б. құрайтын 1, 2 және 3 кезеңдерге жатқызылатын сомаларды білдіреді. Хеджирлеу үшін, анықталған шамаларды келесі қайта қарау кезінде 1 кезеңге жатқызылған активтер сатылды, немесе басқа кезеңдерге қайта жоспарланды. Сондықтан субъект баланстағы 7 а.б. сомасын мойындауды тоқтатады және оның кіріс, немесе залал құрамында мойындайды. 8 а.б. және 10 а.б. енді сәйкесінше 1 және 2 кезеңдерге жатқызылады. Кейін қажеттілігіне қарай осы қалған кезеңдер AG157(g) параграфта сипатталғандай әділ құн өзгерісі шамасына түзетіледі.

AG173 Екі алдыңғы параграфтың талаптарын көрсету ртеінде, субъект белгілген портфель паызын пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың барлық кезеңдеріне бөле отырып, активтер бойыша кесте жасады деп болжайық. Сондай-ақ алғашы екі кезеңнің әрқайсысына 100 а.б. жоспарлады делік. Пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың бірінші кезеңі өткен кезде, субект күтілетін және болжанбаған мерзімінен бұрын өтеуге байланысты 110 а.б. мөлшеріндегі активті мойындауды тоқтатады. Бұл жағдайда AG157(g) параграфында көрсетілген жеке баптағы, бірінші кезеңге жатқызылған барлық сома теңгерімнен шығарылады және бұл ретте екінші кезеңге жатқызылатын соманың 10 пайызы да шығарылады.

AG174 Егер хеджирленетін бап пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңінде тиісті активтерді (немесе міндеттемелерді) мойындауды тоқтатпастан азаятын болса, онда AG157(g) параграфында көрсетілген жеке бапқа енгізілген, осы азаюға жататын сома 104-параграфқа сәйкес амортизацияға жатады.



AG175 Субъект 29 ҚСҚЕХС сәйкес бұрын ақша ағындарын хеджирлеу ретінде есепке алынған хеджирленетін портфельге AG157-AG174 параграфтарында мазмұндалған тәсілді қолданғысы келуі мүмкін. Субъект сондай-ақ мұндайды 112(d) параграфына сәйкес ақша ағындарын хеджирлеудің бұрынғы анықтамасын болдырмайды және осы параграфта мазмұндалған талаптарды қолданады. Ол, сондай-ақ, хеджирлеуді әділ құнды хеджирлеу ретінде қайта анықтайды және кейінгі есепке алу кезеңдеріне келешекте AG157-AG174 параграфында мазмұндалған тәсілді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет