АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет53/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95



39 ҚЕХС салыстыру

«Қаржы құралдары: мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС «Қаржы құралдары: мойындау және бағалау» 39 ҚЕХС негізінде әзірленген (2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілген өзгерістерді, сонымен қатар 2009 жылдың сәуіріндегі «ҚЕХС жетілдіру» аясында 39 ҚЕХС ҚЕХСК енгізілген өзгерістерді қоса алғанда). 29 ҚСҚЕХС пен 29 ҚЕХС арасындағы негізгі айырмашылықтар келесілерден тұрады:



  • 29 ҚСҚЕХС сыйақысыз немесе ең төмен сыйақымен жасалатын қаржы кепілдігінің шарттары мен жеңілдікті қарыз мәселелерін қарастыратын қолданудың қосымша нұсқауларынан тұрады. 39 ҚЕХС бұл мәселелер қарастырылмаған.




  • Белгілі жағдайларда 29 ҚСҚЕХС 39 ҚЕХС терминологиясынан ерекшеленетін терминология қолданылады. Ең маңызды мысалдары «қаржы нәтижелері туралы есеп» пен «таза активтер/жеке капитал» терминдері болып табылады. 39 ҚЕХС баламалы терминдер «басқадай жиынтық пайда туралы есеп немесе пайда мен зарар (егер болса) туралы жеке есеп» және «жеке капитал» болып табылады.




  • 29 ҚСҚЕХС «табыс» пен «пайда» арасын ажыратпайды. 39 ҚЕХС «табыс» пен «пайда» арасын ажыратады, сонымен қоса «пайданың» «табысқа» қарағанда зор мәні болады.




  • «Кіріктірме туынды құралдарды қайта бағалау» 9 ХҚЕТК мен «Шетел бөлімшесіндегі таза инвестицияны хеджирлеу» 16 ХҚЕТК қосымшалардың назарына тұрарлық ретінде 29 ҚСҚЕХС енгізілген болатын. ҚЕХСК жеке құжаттар түрінде ХҚЕТК шығарады.



ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ: АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ – 30 ҚСҚЕХС
Баспагерлерден
Осы Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартын (ҚСҚЕХС) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша кеңес (ҚЕХСК) жариялаған «Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету» 7 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (ҚЕХС) негізінде әзірленген. 7 ҚЕХС үзінділері Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Қордың (ҚЕХСҚ) рұқсатымен Халықаралық Бухгалтерлер федерациясының (ХБФ) Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша кеңестің (ҚСҚЕХСК) осы жарияланымында жаңғыртылған.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) бекітілген мәтіні ҚЕХСК ағылшын тілінде жариялаған стандарты болып табылады, ал көшірмелерін ҚЕХСК жарияланымдар департаментінен келесі мекенжайға хабарласып, тікелей алуға болады: First Floor, 30 Cannon Street, London EC4M 6XH, United Kingdom.
E-mail: publications@ ifrs.org
Internet: http://www. ifrs.org
ҚЕХСКҚ ҚЕХС, ХЕС, стандарт жобаларының және басқа да ҚЕСХК басылымдарының авторлық құқығына ие.
IFRS», «IAS», «IASB», «IFRS Foundation», «International Accounting Standards» және «International Financial Reporting Standards» ҚЕХСКҚ сауда маркасы болып табылады және ҚЕХСКҚ мақұлдауынсыз қолдануға болмайды.



ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ: АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ – 30 ҚСҚЕХС
ҚСҚЕХС тарихы
Бұл нұсқа 2012 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша ҚСҚЕХС енгізілген түзетулерден тұрады.
«Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету» 30 ҚСҚЕХС 2010 жылдың қаңтарында іске қосылды.
Сол уақыттан бері 30 ҚСҚЕХС түзетулер қоғамдық сектор үшін келесі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен енгізілді:


  • «ҚСҚЕХС жетілдіру» (2011 жылдың қазан айында жарияланған)


30 ҚСҚЕХС өзгертілген параграфтардың кестесі

Өзгертілген

параграф


Қалай өзгертілді

Төмендегілермен

өзгертілді

Кіріспе параграфтар

Алынып тасталынған

2011 жылғы қазан, ҚСҚЕХС жетілдіру


2010 жылғы қаңтар

ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ: АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ – 30 ҚСҚЕХС

МАЗМҰНЫ




Параграф

Мақсаты .......................................................................................................

1-2

Қолдану аясы ..............................................................................................

3-7

Анықтамалар ..............................................................................................

8

Қаржы құралдарының түрлері және ақпаратты ашу дәрежесі ................

9

Қаржы жағдайы мен қаржы қызметінің нәтижелеріне арналған қаржы құралдарының мәні ......................................................................................

10-37

Қаржы жағдайы туралы есеп ...............................................................

11-23

Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің дәрежесі ........

11

Өзгерістері пайдада немесе зарарда көрсетілетін, әділ құны бойынша ескерілетін, қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері …………...............................................................

12-14


Кері сыныптау …............................................................................

15-16

Мойындаудың тоқталылуы ….......................................................

17

Қамтамасыз ету ..............................................................................

18-19

Несие шығыны бойынша провизия есебі ....................................

20

Көптеген кіріктірме туынды құралдары бар құрама қаржы құралдары ………………………………………...........................

21


Міндеттемелерді орындау және бұзу ...........................................

22-23

Қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп .......................................

24

Табыс, шығын, пайда немесе зарар параграфтары .....................

24

Басқадай ақпараттарды ашу .................................................................

25-37

Есеп саясаты …...............................................................................

25

Хеджерлеу есебі .............................................................................

26-28

Әділ құн ..........................................................................................

29-36

Жеңілдік қарыздары ......................................................................

37

Қаржы құралдарымен байланысты тәуекел сипаты мен мөлшері ..........

38-49

Ақпаратты ашу – сапалық сипаттамасы .............................................

40

Ақпаратты ашу - сандық сипаттамасы ..............................................

41-49

Несиелік тәуекел …...............................................................................

43-45

Мерзімі өткен немесе құнсызданған қаржы активтері ..............

44

Алынған қамтамасыз ету және несиенің сапасын арттырудың басқа қолданылған механизмдері .................................................

45


Жою тәуекелі .........................................................................................

46

Нарықтық тәуекел …….........................................................................

47-49

Сезімталдық талдауы ....................................................................

47-48

Нарықтық тәуекел туралы басқадай ақпараттарды ашу ............

49

Күшіне ену күні және есептің жаңа тәртібіне ауысу ................................

50-53

15 ҚСҚЕХС (2001) күшін жою және алмастыру ......................................

54

А қосымшасы: Қолдану бойынша нұсқау

B қосымшасы: ҚСҚЕХС басқа түзетулер

Қорытынды жасауға негіз

Енгізу бойынша нұсқау

7 ҚЕХС салыстыру







«Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету» 30 Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты 1-54 параграфтарда мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші бар. 30 ҚСҚЕХС өзінің мақсаты, қорытынды жасау негізі және «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына» алғы сөз мәнмәтінінде оқылуы тиіс. Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер 3 ҚСҚЕХС нақты нұсқаулықтар болмағанда бухгалтерлік есеп саясатын қолдану және таңдау негізін береді.


Мақсаты

1. Осы Стандарттың мақсаты оларды пайдаланушыға төмендегідей бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қаржылық есептілікке ұсыну бойынша субъектілер талаптарын орнату болып табылады:

(a) Субъектінің қаржылық қызметінің қаржы жағдайы мен нәтижелеріне қаржы құралдары әсерінің қаншалықты маңызды болып табылатынын; және

(b) Субъект қаржы құралдарына байланысты кезең бойы және есептік мерзімге тартылатын тәуекелдердің сипаты мен көлемі және субъектінің қандай түрде осы тәуекелдермен басқаратынын.

2. Осы Стандартта мазмұндалған қағидалар «Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну» 28 ҚСҚЕХС және «Қаржы құралдары: мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС бекітілген қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тану, бағалау және ұсыну қағидаларын толықтырады.

Қолдану аясы

3. Осы Стандарт төмендегілерді қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түрлеріне барлық субъектілерге қолданылуы қажет:

(a) «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» 6 ҚСҚЕХС, «Қауымдастырылған субъектілер инвестициясы» 7 ҚСҚЕХС немесе «Біріккен қызметке қатысу» 8 ҚСҚЕХС стандарттарына сәйкес ескерілетін бақыланатын және қауымдастырылған субъектілерге қатысу үлестеріне. Алайда, кейбір жағдайларда 6 ҚСҚЕХС, 7 ҚСҚЕХС немесе 8 ҚСҚЕХС стандарттары 29 ҚСҚЕХС сәйкес бақыланатын және қауымдастырылған субъектілерге немесе біріккен кәсіпорындарға қаржы салуды субъектіге көрсетуге рұқсат береді; мұндай жағдайларда субъектілер осы Стандарттың талаптарын қолданады. Сонымен қатар субъектілер осы туынды құралы 28 ҚСҚЕХС берілетін, үлестік құралды анықтауға сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, бақыланатын және қауымдастырылған субъектілерге қаржы салуға тіркеулі барлық туынды құралдарға осы Стандарты қолданады.

(b) «Қызметкерлер сыйақысы» 25 ҚСҚЕХС қолданылатын қызметкерлерді сыйақылау жоспары бойынша жұмыс берушінің құқығы мен міндеттері.

(c) Сақтандыру шарттарынан туындайтын құқықтар мен міндеттер. Алайда осы Стандарт қолданылады:

(i) Сақтандыру шарттарына кіріктірме туынды құралдарға, егер 29 ҚСҚЕХС олардың жеке көрсетілуін талап етсе; және

(ii) Қаржы кепілі шартының эмитентіне, егер эмитент олардың мойындау мен бағалау үшін 29 ҚСҚЕХС талаптарын қолданса, бірақ егер эмитент сақтандыру шартына қатысты халықаралық немесе ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес, қаржы кепілінің шарттарын көрсетсе, ол мұндай шарттарды мойындау және бағалау кезінде осындай халықаралық немесе ұлттық стандарт талаптарын қолданады.

(i) және (ii) жоғары параграфтарға қосымша ретінде, субъект қаржы тәуекелін беруді қарастыратын сақтандыру шартына осы Стандартты қолданады.

(d) Осы Стандарт таралатын 29 ҚСҚЕХС 4-6 параграфтарын қолдану аясына түсетін шарттарды қоспағанда, акциялар құнына бекітілетін операцияларға, төлемдерге қатысты, бухгалтерлік есептің сәйкес халықаралық немесе ұлттық стандарт қолданылатын акцияның құнына бекітілген операциялар, төлемдер бойынша туындайтын қаржы құралдары, шарттар мен міндеттемелер.

(e) 28 ҚСҚЕХС 15 және 16 параграфтарына немесе 17 және 18 параграфтарына сәйкес үлес құралдарын жіктеуге түсетін құралдар.

4. Осы Стандарт қаржы жағдайы туралы есепте танылған, сонымен қатар қаржы құралдарына танылмаған қаржы құралдарына жатады. Қаржы жағдайы туралы есепте танылған қаржы құралдарына 29 ҚСҚЕХС қолдану аясына кіретін қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері жатады. Қаржы жағдайы туралы есепте танылмаған қаржы құралдарына 29 ҚСҚЕХС қолдану аясына кірмейтін, алайда осы Стандарттың қолдану аясына түсетін кейбір қаржы құралдары жатады (мысалы, қарыз бойынша жеке міндеттемелер).

5. Осы Стандарт 29 ҚСҚЕХС қолдану аясына кіретін қаржылық емес құралдарды сатып алу немесе сату шартына қолданылады (29 ҚСҚЕХС 4-6 параграфтарды қараңыз).

6. Бұл Стандарт Мемлекеттік коммерциялық кәсіпорын болып табылмайтын қоғамдық сектордың барлық кәсіпорындарына қолданылады.

7. ҚСҚЕХСК шығарған «Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына алғысөз» мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындарға (МКК) ҚЕХСК шығарылған ҚЕХС қолданылатынын түсіндіреді. МКК анықтамасы 1 ҚСҚЕХС «Қаржылық есептілікті ұсынуға» беріледі.

Анықтамалар

8. Осы Стандартта төменде келтірілген мәнге ие келесі терминдер қолданылады:



Несиелік тәуекел – тараптардың бірі қаржылық құрал бойынша өзінің міндеттемелерін орындамау арқылы екінші тарапты қаржылық шығындарға алып келу тәуекелі.

Валюталық тәуекел – қаржылық құрал бойынша әділ құн немесе ақша қаражатының болашақ ағымдары шетелдік валюталардың бағамының өзгеруіне байланысты тұрақсыз болу тәуекелі.

Пайыздық тәуекел – қаржылық құрал бойынша әділ құн немесе ақша қаражатының болашақ ағымдары нарықтық пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты тұрақсыз болу тәуекелі.

Өтімділік тәуекелі – субъектіде ақша қаражаты немесе басқа қаржылық активті жеткізіп беру арқылы орындалауға тиісті қаржылық міндеттемелерді орындау барысында қиындық туындау тәуекелі.

Тартылған несиелер бойынша қарыз – төлем мерзімін ұзартудың стандартты шарттары бар тауар операциялары бойынша қысқа мерзімді несиелік берешек болып табылмайтын қаржылық міндеттемелерден тұрады.

Нарықтық тәуекел – қаржылық құрал бойынша әділ құн немесе ақша қаражатының болашақ ағындары нарық бағаларының өзгеруіне байланысты тұрақсыз болу тәуекелі. Нарықтық тәуекел тәуекелдердің үш түрінен құралады: валюталық тәуекел, пайыздық тәуекел және басқа бағалық тәуекел.

Басқа бағалық тәуекел – қаржылық құрал бойынша әділ құн немесе ақша қаражатының болашақ ағындары нарық бағаларының (пайыздық және валюталық тәуекелдерден шығатын өзгерістерден басқа) өзгеруіне байланысты, бұл өзгерістердің белгілі бір қаржылық құралдарға немесе оның эмитентіне тән факторлары нәтижесінде немесе нарықта қолданылатын барлық ұқсас қаржылық құралдарға әсер ететін факторлары нәтижесінде туындауына байланысты емес, тұрақсыз болу тәуекелі.

Келісім бойынша контрагенттер келісім-шарт бойынша анықталған мерзімде төлем өтемеген жағдайда қаржылық актив кешіктірілген болып есептеледі.

ҚСҚЕХС басқа стандарттарында анықтама берілген терминдер осы Стандартта да ҚСҚЕХС басқа стандарттарындағыдай мағынаға ие, олар жеке басылып шығарылатын анықтамалар Глоссарийінде көрініс табады.

Қаржы құралдарының түрлері және ақпаратты ашу дәрежесі

  1. Осы стандарт қаржылық құралдар бойынша ақпараттың ашылуын талап ететін жағдайда субъект қаржылық құралдарды ашылатын ақпараттың сипатына сәйкес және осы қаржылық құралдардың сипатын есепке алатын санаттарға топтауы қажет. Субъект қаржылық жағдай жөнінде есепте көрсетілген сәйкес тараулармен салыстыруға болатындай жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ете алуы қажет.


Қаржы жағдайы мен қаржы қызметінің нәтижелеріне арналған қаржы құралдарының мәні

  1. Субъект оның қаржылық есептерін қолданушыларға қаржылық құралдардың қаржылық жағдайға және оның қаржылық әрекеттерінің нәтижелеріне әсер етуі қаншалықты елеулі екендігін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты аша алуы қажет.


Қаржы жағдайы туралы есеп
Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің дәрежесі


  1. Әрбір келесі категориялардың, 29 ҚСҚЕХС анықталатындай, теңгерімдік құны қаржылық жағдай жөніндегі есепте немесе қаржылық есепке түсініктеме хаттарында ашылуы керек:




  1. Өзгерістері пайда мен зарарда көрініс табатын әділ құн бойынша қаржылық активтер, осы ретте бұл категорияларға оларды алғашқы рет мойындау кезінде сыныпталған активтер (i) және 29 ҚСҚЕХС сәйкес сауда үшін арналған, сыныпталған акивтер (iі) жеке-жеке ашылады;




  1. Өтелгенге дейін ұсталып тұратын инвестициялар;




  1. Несиелер және дебиторлық берешек;




  1. Сату үшін қолда бар қаржылық активтер;




  1. Өзгерістері пайда немесе зарарда көрініс табатын әділ құн бойынша қаржылық міндеттемелер, осы ретте бұл категорияларға оларды алғашқы рет мойындау кезінде сыныпталған міндеттемелер (i) және 29 ҚСҚЕХС сәйкес сауда үшін арналған етіп сыныпталған міндеттемелер (iі) жеке-жеке ашылады; және




  1. Амортизацияланған құн бойынша көрсетілетін қаржылық міндеттемелер.

Өзгерістері пайдада немесе зарарда көрсетілетін, әділ құны бойынша ескерілетін, қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері

  1. Егер субъект несие немесе дебиторлық берешекті (несие немесе дебиторлық берешек тобын) өзгерістері пайда немесе зарарда көрініс табатын әділ құн бойынша қаржылық активтер категориясына сыныпталса, ол келесі ақпаратты аша алу қажет:




  1. Есептесу күніне несие немесе дебиторлық берешек бойынша (несие немесе дебиторлық берешек тобы бойынша) максималды несиелік тәуекел (43 (а)-параграфын қараңыз) сомасын;




  1. Несиелік тәуекелге жататын кез-келген сәйкес туынды құралдар немесе ұқсас құралдар несиелік тәуекелдің максималды сомасын азайтатын соманы;




  1. Несиелік тәуекел деңгейінің өзгеруімен келісілген несиенің немесе дебиторлық берешек (немесе несие топтары немесе дебиторлық берешек) әділ бағасы сомасының өзгерісін (белгілі бір кезең және ұлғаюшы нәтижелер бойынша):

(і) Нарықтық тәуекелдің туындауына алып келетін нарықтық жағдайдың өзгеруіне жатпайтын активтің әділ құнының өзгеру сомасы ретінде анықталатын; немесе

(іі) Балама тәсіл қолданумен анықталатын, ол субъектінің ойы бойынша, несиелік тәуекелдің өзгеруімен байланысты әділ құн активінің өзгеру сомасының анағұрлым шынайы көрінісін береді.

Нарықтық тәуекелдің өзгеруіне алып келетін нарықтық жағдайдың өзгерістері бақылаудағы (базалық) пайыздық мөлшерлемелер, тауар бағалары, валюта айырбастау бағамдары немесе бағалар индексі немесе мөлшерлемелер өзгерістерінен тұрады.



  1. Несиелік тәуекелге жататын кез келген сәйкес туынды құралдар немесе баламалы құралдар әділ құнының, белгілі бір кезең немесе ұлғаюшы нәтижелер бойынша несиенің немесе дебиторлық берешектің бейнелену уақытынан бастап, өзгеру сомасын.




  1. Егер субъект 29 ҚСХҚЕС 10-параграфына сәйкес қаржылық міндеттемені өзгерістері пайда немесе зарарда көрініс табатын әділ құн бойынша бейнеленетін қаржылық міндеттемелер категориясына сыныпталса, ол келесі ақпаратты аша алу қажет:

(а) Несиелік тәуекел деңгейінің осы міндеттеме бойынша өзгеруімен келісілген қаржылық міндеттеменің әділ бағасы сомасының өзгерісін (белгілі бір кезең және ұлғаюшы нәтижелер бойынша):

(і) Нарықтық тәуекелдің туындауына алып келетін нарықтық жағдайдың өзгеруіне жатпайтын міндеттеменің әділ құнының өзгеру сомасы ретінде анықталатын (А қосымшасының AG4-параграфын қараңыз); немесе
(іі) Балама тәсіл қолданумен анықталатын, ол субъектінің ойы бойынша, несиелік тәуекелдің өзгеруімен байланысты әділ құн міндеттемесінің өзгеру сомасының анағұрлым шынайы көрінісін береді.

Нарықтық тәуекелдің өзгеруіне алып келетін нарықтық жағдайдың өзгерістері базалық пайыздық мөлшерлемелер, басқа субъектімен шығарылған қаржылық құрал бағасы, тауар бағалары, валюта айырбастау бағамдары немесе бағалар индексі немесе мөлшерлемелер өзгерістерінен тұрады. Бір жарна құнын қосып қою орын алған келісім-шарттарға қатысты, нарықтық жағдайдың өзгеруі сәйкесінше ішкі немесе сыртқы инвестициялық қордың әрекет ету нәтижелерінің өзгерісін қосады.



  1. Қаржылық міндеттеменің теңгерімдік құны мен субъект келісімшарт бойынша міндеттемені орындау күнінде несие берушіге төлеуі тиіс сомма арасындағы айырмашылық.




  1. Субъект:




  1. 12(с) және 13(а)-параграфтарындағы талаптарды пайдалану жағдайында қолданылған тәсілдерді ашуы керек;




  1. Егер субъект 12(с) және 13(а)-параграфтарына сәйкес ұсынылған ақпаратты ашу несиелік тәуекел өзгерісіне негізделген қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме әділ құнының өзгеруі жайында шынайы түсінікті қамтамасыз ете алмайды деп жорамалдаса, онда субъект мұндай қорытынды жасауға негіз болған себептерді және субъектінің ойы бойынша аталған жағдайда орынды болып табылатын сәйкесінше факторларды ашып көрсетеді.

Қайта сыныптау

  1. Егер субъект қаржылық активтің қайта сыныптамасын (29 ҚСХҚЕС 60-63-параграфтарының талаптарына сәйкес) төмендегідей жүргізген болса:

(а) Сатып алу құны немесе амортизацияланған құн бойынша, бірақ әділ құн бойынша емес; немесе


(b) Әділ құн бойынша, бірақ сатып алу құны немесе амортизацияланған құн бойынша емес, ол әр сәйкесінше категорияға және әр сәйкесінше категориядан қайта сыныпталған соманы, сондай-ақ мұндай қайта сыныпталу себебін ашып көрсетуі қажет.
16. Егер субъект 29 ҚСХҚЕС 55 және 57-параграфтарына сәйкес өзгерісі пайда немесе зарар құрамында бейнеленетін әділ құн арқылы есептелетін қаржылық активтер немесе 29 ҚСХҚЕС 58-параграфына сәйкес сату үшін қолда бар қаржылық активтер категориясынан қаржылық активті қайта сыныптаған болса, онда ол келесі ақпаратты ашу қажет:

(а) Әрбір қозғалған категорияға қатысты қайта сыныптау кезіндегі бір категориядан шығып кетіп, басқа категорияға өту сомасы;

(b) Әрбір кезеңге қатысты, тіпті мойындауды тоқтатуға дейін ағымдағы және бұрынғы есеп беру кезеңдерінде қайта сыныпталған барлық қаржылық активтердің теңгерімдік және әділ құны;

(с) Егер қаржылық актив 29 ҚСХҚЕС 55-параграфына сәйкес қайта сыныпталған болса, онда бұл ерекше жағдайды ашу қажет, сонымен қатар осы жағдайдың ерекшелігін көрсетіп тұрған деректер мен міндеттерді де;

(d) Қаржылық актив қайта сыныпталған есеп беру кезеңіне қатысты, пайда немесе зарарда немесе таза активтер/капитал құрамында мойындалған қаржылық актив беру кезеңінде;

(e) Қайта сыныпталудан кейінгі әрбір есеп беру кезеңіне қатысты (қаржылық актив қайта сыныпталған есеп беру кезеңін қосқанда), тіпті қаржылық активті мойындауды тоқтатуға дейін, егер қаржылық актив қайта сыныпталмаған жағдайда пайда немесе зарарда немесе таза активтер/капитал құрамында мойындалған қаржылық актив әділ құнының өсуі немесе кемуі, сонымен қатар пайда немесе зарарда мойындалған кірістер, шығыстар, пайда мен шығындар; және

(f) Субъект қаржылық активті қайта сыныптау күнінде алуды күтіп отырған қаражаттың тиімді пайыздық үлесі мен бағалық ағындары.

Мойындаудың тоқтатылуы

17. Субъект қаршылық активтерді қаржылық активтердің белгілі бір бөлігі немсесе барлығы мойындауды тоқтату өлшемдеріне сәйкес келмейтіндей етіп өткізуі мүмкін (29 ҚСХҚЕС 17-39-параграфтарын қараңыз). Субъект әрбір осындай қаржылық активтердің түрі бойынша келесі ақпаратты ашу қажет:

(a) Активтер өзгешелігін;

(b) Субъект душар болып қала беретін активтерді иеленуге қатысты тәуекелдер мен тиімділік өзгешелігі;

(c) Субъект барлық сәйкесінше активтерді мойындауды жалғасытырған жағдайда осындай активтер мен онымен байланысты міндеттемелердің теңгерімдік құны;

(d) Субъект мойындауды жалғастырып жатқан сәйкесінше активтердің жалпы алғашқы теігерімдік құнын, активтер сомасын, және олармен байланысты міндеттердің теігерімдік құны, субъект өзі қатысып жатқан бөлігінде осы активтерді мойындауды жалғастырып жатқан жағдайда;



Қамтамасыз ету

18. Субъект ашып отыру қажет:



  1. Ол міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін тапсырған қаржылық активтердің теіңгерімдік құнын, 29 ҚСХҚЕС 39(а)-параграфына сәйкес қайта сыныпталған сомаларды қосқанда; және




  1. Осындай кепілдің мерзімі мен шарттары.

19. Субъект қамтамасыз етудің (қаржылық немесе қаржылық емес активтермен көрсетілген) ұстаушысы болып келгенде және бұл қамтамасыз етуді дефолт жоқ кезде сатуға немесе қайта кепілге салуға меншік иесінің рұқсаты болған жағдайда ол ашу қажет:

  1. Шегеріп қалып жатқан қамтамасыз етудің әділ құнын;




  1. Сатылған немесе қайта кепілге берілген, сонымен қатар субъект оны қайтаруға байланысты міндеттелген кез келген қамтамасыз етудің әділ құнын;




  1. Субъектімен осы қамтамасыз етуді қолдануға байланысты субъектінің мерзімі мен шарттары.

Несие шығыны бойынша провизия есебі

20. Қаржылық активтер несиелік шығындар нәтижесінде құнсызданған және субъект бұл құнсыздануды активтің теңгерімдік құнын тікелей жою жолымен емес, жеке есепте (мысалы, жеке құнсыздануды ескеруге қолданылатын провизия есебі, немесе активтердің құнсыздануын ескеруге қолданылатын сәйкесінше жиынтық есеп) ескерген жағдайда, ол осы есептегі қаржылық активтердің мерзім ішіндегі әрбір түрі бойынша өзгерістер анализін жасау керек.



Көптеген кіріктірме туынды құралдары бар құрама қаржы құралдары

21. Егер субъект міндеттеме мен капитал элементтерінен құралған құрал шығарған болса және бұл құралдарға өзара байланысты бағасы бар (мысалы, кері шақыратын конверсияланатын қарыздық құрал) көптеген туынды құралдар енгізілген болса, субъект бұл құралдың өзгешеліктерін ашу қажет.



Міндеттемелерді орындамау және бұзу

22. Есеп беру мерзімінде тартылған несие бойынша қарызға қатысты субъект ашу қажет:



  1. Белгіленген мерзім ішінде жалпы сомаға, пайыздарға, өтеу қорына немесе осындай берешекті өтеу мерзіміне қатысты дефолттың кез келген факті жайында ақпаратты;




  1. Белгіленген мерзім ішінде тартылған несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздың әділ құны;




  1. Міндеттемелерді орындамауға қатысты шығын өтелгендігі, немесе қаржылық есеп мерзімін бекітуге дейін тартылған несиелер бойыша қарыздың шарттары қайта қаралғандығы жайында ақпаратты.

23. Егер мерзім ішінде 22-параграфта көрсетілгендерден өзгеше несиелік келісім шарттарын бұзу орын алса, субъект, егер бұл бұзулар несие берушіге қаржыны тез қайтаруды талап етуге мүмкіндік берсе (шарттарды бұзудан туындаған шығын толтырылған немесе несие шарттары есеп беру мерзіміне немесе оған дейін қайта қаралған жағдайлардан басқа), 22-параграфқа сәйкес ашуды талап ететін бұзуларға қатысты ақпаратты ашу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет