АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп



бет54/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95

Қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп

Кіріс, шығыс, пайда немесе зарар параграфтары

24. Субъект қаржылық есепте немесе түсіндірме хаттарда келесі кіріс, шығыс, пайда немесе зарардың баптары жөнінде ақпаратты ашу қажет:

(a) Таза пайда немесе таза шығын, келесілерден тұрады:


  1. Өзгерістері пайдада немесе зарарда көрініс табатын әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтерден немесе қаржылық міндеттемелерден, осы ретте таза пайда мен таза шығын осы категорияға алғашқы мойындау кезінде сыныпталған қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер бойынша, және 29 ҚСХҚЕС сәйкес саудаға арналған деп сыныпталған қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер бойынша жеке-жеке ашылады.




  1. Сату үшін қолда бар қаржылық активтерден, осы ретте мерзім ішінде таза актив/капитал құрамында тікелей мойындалған пайда немесе зарар сомасы және мерзімінде пайда немесе шығында тікелей мойындалған және таза актив/капитал құрамынан аударылған сома жеке-жеке ашылады;




  1. Өтеуге дейін ұсталып отырған инвестициялардан;




  1. Дебиторлық берешек пен несиеден; және




  1. Амортизацияланған бағасы бойынша бағаланған қаржылық міндеттемелерден.

(b) Өзгерісі пайда немесе шығында көрінетін әділ құны бойынша байқалмайтын қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер бойынша пайыздық (пайыздық үлестің тиімді әдісін қолдану арқылы есептелген).

  1. Төмендегілермен байланысты комиссиялық кіріс пен шығыс (тиімді пайыздық үлес анықтамасына қосылған сомаларды санамағанда):



    1. Өзгерісі пайда немесе зарарда көрінетін әділ құны бойынша байқалмайтын қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер;




    1. Нәтижесі активтерді иелену болып табылатын сенімді және басқа фидуциарлық операциялар немесе оларды жеке тұлға, инвестициялық қор, зейнетақы қорлары және басқа ұйымдар атынан инвестициялау;




  1. 29 ҚСҚЕХС AG126-параграфына сәйкес есептелген құнсызданған қаржылық активтер бойынша пайыздық кіріс; және




  1. Құнсызданудан әрбір қаржылық актив бойынша кез келген шығын сомасы.

Басқадай акпараттарды ашу

Есеп саясаты

25. 1 ҚСҚЕХС 132-параграфына сәйкес субъект есепке алу саясатының негізгі ережелерінің қысқаша шолуында қаржылық есепті дайындау кезінде қолданған бағалау негізін (немесе негіздерін), және қаржылық есепті түсіну жағынан сай есепке алу саясатының басқа да қағидаларын ашу керек.



Хеджирлеу есебі

26. Субъект 29 ҚСҚЕХС көрсетілген хеджирлеудің әрбір типі бойынша (яғни, әділ құнды хеджирлеу, қаражат айналымын хеджирлеу және шетелдік қызмет таза инвестицияларын хеджирлеу (шетелдік бөлімше)) жеке-жеке ақпарат ашу қажет:



    1. Хеджирлеудің әрбір типін сипаттау;




    1. Хеджирлеу құралдары деп танылған қаржылық құралдарды және есеп мерзіміне олардың әділ құнын сипаттау; және




    1. Хеджирленіп жатқан тәуекелдердің реті.

27. Қаражат айналымын хеджирлеу кезінде субъект келесі ақпаратты ашу қажет:



  1. Қаражат айналымы болжанып отырған мезгілдер және олардың пайда немесе зарарға әсері күтіліп отырған мезгілдер;




  1. Бұрын хеджирлеуді есепке алу жүргізілген, бірақ алда жүргізілмейтін кез келген болжамды операцияны сипаттау;




  1. Мерзім ішінде таза актив/капитал құрамында мойындалған сома;




  1. Таза актив/капитал құрамынан мерзім бойынша қаржылық қызмет нәтижесінің әрбір бап бойынша соманы аша отырып, пайда немесе зарарға ауыстырылған соманы;




  1. Мерзім ішінде таза актив/капитал құрамынан алынып, алғашқы бағаға қойылған сома немесе сатып алуы немесе пайда болуы хеджирленген жоғары мүмкіндікке ие болжамды операция болып келетін қаржылық емес активтің немесе қаржылық емес міндеттеменің басқа теңгерімдік құн сомасы.

28. Субъект келесі ақпаратты жеке-жеке ашу қажет:

(а) Пайда немесе зарар - әділ құнды хеджирлеу үшін:

(і) Хеджирлеу құралы бойынша; және

(іі) Хеджирленген тәуекелге байланысты туындаған хеджирленген бап бойынша.

(b) Пайдаға немесе зарарға жатқызылған қаржы айналымын хеджирлеу тиімсіздігі ; және



(c) Таза инвестицияларды шетелдік әрекетке (шетелдік бөлімше) хеджирлеу үшін пайда немесе зарарға бөлінген тиімсіздік

Әділ құн

  1. Субъект 35-параграфта бекітілген жағдайлардан басқа барлық қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелер (9-параграфты қараңыз) үшін әділ құнды оны теңгерімдік құнмен салыстыруға мүмкіндік беретін тәсілмен ашуы керек.



  1. Әділ құнды ашу кезінде субъект қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерді түрлері бойынша топтауы тиіс, бірақ оларды тек олардың теңгерімдік құнының қаржылық жағдайы туралы есептеменің тиісті бөлігінде есепке алынуы керек.



  1. Субъект тәсілдерді ашуы тиіс, ал бағалау әдіснамасын қолданған жағдайда әрбір қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерінің әділ құнын анықтағанда қолданылған жорамалдармен бірге ашылады. Мысалы, егер іске асатын болса, субъект алдын ала төлеудің деңгейіне, есептік несиелік шығындар мен пайыздық өлшемдер немесе дисконттау өлшемдері деңгейіне қатысты жорамалдар жайлы ақпараттарды ашады. Бағалау әдісінің өзгерісі жағдайында субъект мұндай өзгеріс жайлы ақпаратты себептердің көрсетілуімен бірге ашуы тиіс.



  1. 33-параграфтағы талаптарға сәйкес, ақпаратты ашуда субъект бағалау кезінде қолданылатын бастапқы деректердің маңыздылығын айқындайтын әділ құн иерархиясын қолдана отырып әділ құн бағаларын жіктеуі керек. Әділ құн иерархиясы мынадай деңгейлерден тұруы тиіс:



  1. Активті нарықта активтер немесе міндеттемелерге сәйкес бағаны белгілеу (1-деңгей).

  2. 1-деңгейге кірістірілген бағаны белгілеу болып табылмайтын, активтер немесе міндеттемелер үшін тура (яғни баға ретінде) немесе жанама (яғни бағаның туындысы ретінде) бақыланатын бастапқы деректер (2-деңгей).

  3. Нарықта бақыланбайтын деректер болып табылатын (бақыланбайтын бастапқы деректер) активтер немесе міндеттемелер үшін бастапқы деректер (3-деңгей).

Әділ құнды ең кең мағынасында бағалау жатқызылатын әділ құн иерархиясындағы деңгей әділ құнды бағалауда маңызды болып табылатын ең төменгі деңгейдің бастапқы деректері бойынша анықталуы тиіс. Бұл мақсатта бастапқы деректердің маңыздылығы әділ құнды ең кең мағынада бағалаумен сәйкес бағаланады. Егер де әділ құнды бағалауда бақыланбайтын бастапқы деректерді ескере отырып, едәуір түзетулерді қажет ететін, қарастырылытаын бастапқы деректер қолданған болса, әділ құнды бағалау 3-деңгейге сәйкес келеді. Әділ құнды ең кең мағынада өлшеуде қолданылатын нақты бастапқы деректердің маңыздылығын бағалау жеке факторлар, активтер мен міндеттемелерді есепке ала отырып талдаушының пікір білдіруін қажет етеді.

  1. Қаржылық жағдай туралы есептемеде көрсетілетін әділ құнды бағалау үшін субъект қаржылық құралдардың әрбір категориясы бойынша келесі ақпаратты ашуы тиіс:

  1. Әділ құнды ең кең мағынада бағалауға қатысты әділ құн иерархиясындағы деңгей, сонымен қатар әділ құн бағалары 32-параграфта белгіленген деңгейлер бойынша жіктеледі.

  2. Сыныпталатын өлшемдердің кез келген әділ құн иерархиясында 1-деңгейден 2-деңгейге және керісінше едәуір орын ауыстырулары және мұндай қайта сыныптаудың себептері. Нақты деңгейге орын ауыстырулардың барлық жағдайлары осы деңгейден орын ауыстыру жағдайларынан бөлек ашылуы және қарастырылуы керек. Осы мақсатта маңыздылық пайда немесе зарар және де жиынтық активтер немесе жиынтық міндеттемелер тұрғысынан бағаланады.

  3. 3-деңгейде сыныпталған бағалар үшін Кезең басына шағатын қалдықтар мен кезең соңына шағатын қалдықтар кезең бойындағы өзгерістерді ашумен бірге үстіне салынатын 3-деңгейде сыныпталған бағалар үшін:

  1. Пайда немесе зарар құрамында мақұлданған кезең бойындағы жиынтық пайда немесе зарарда, сонымен бірге, қаржылық жағдай жайлы есептеменің қай бөлігінде бейнеленетіні ашып көрсетілуі керек.

  2. Таза активтер/капитал құрамында мақұлданған жиынтық пайда немесе зарарда;

  3. Сатып алу, сату, шығару және есептеулерде (әрбір қадам бөлек көрсетіледі);

  4. 3-деңгейге немесе керісінше орын ауыстырулардың себептерін ашып көрсетумен қатар. Орын ауыстыруларды жүзеге асыру үшін 3-деңгейге орын ауыстыруларды 3-деңгейден орын ауыстырулардан бөлек ашылуы және қарастырылуы керек.

  1. Кезең бойындағы жиынтық пайда немесе зарардың (с)(i)- параграфында көрсетілген есептік кезеңнің соңына дейін ұсталынатын және қаржылық әрекеттің нәтижесі жайлы есептеменің қай бөлігінде екені көрсетілген мұндай активтер мен міндеттемелермен байланысты пайда немесе шығын нәтижесінде пайда болған пайда немесе зарар құрамына енгізілген жиынтығы.

  2. 3-деңгейде әділ құнды бағалау үшін, кез келген бастапқы деректерді ауыстыру нәтижесінде мүмкін болатын баламалы жорамалдар әділ құнды едәуір өзгеріске түсіреді. Субъект бұл деректі және мұндай өзгерістің әсерін ашып көрсетуі тиіс. Субъект бұл әсердің мүмкін болатын баламалы жорамалдарға қалай есептелгенін ашып көрсетуі керек. Осы мақсатта маңыздылық пайда немесе зарар тұрғысынан, сонымен қатар, жиынтық активтер немесе жиынтық міндеттемелер тұрғысынан, ал әділ құн өзгерісі таза активтер/капитал құрамында мақұлданса, жиынтық капитал тұрғысынан бағаланады.

Субъект осы параграфтағы талаптарға сәйкес ақпараттың сандық сипаттамаларын басқа формалары көбірек келетін жағдайлардан басқа жағдайларда, кесте түрінде көрсетуі керек.

  1. Егер қаржы құралының нарығы активті болмаса, субъект оның әділ құнын бағалау әдіснамасын қолдана отырып орнатады (29 ҚСҚЕХС AG106–AG112-параграфтарын қараңыз). Дегенмен, әділ құнның ең тиімді растауы бастапқы мойындалуы шартында, 29 ҚСҚЕХС AG108- параграфында белгіленген шарттар орындалған жағдайда операция бағасы болып табылады. Осыдан бастапқы мойындалу шартындағы әділ құн мен бағалау әдіснамасы арқылы осы мезгілге белгіленген жиынтық арасында айырмашылық бар көрінеді. Егер мұндай айырмашылық бар болса, субъект келесі ақпаратты қаржы құралдарының түрлері бойынша ашуы тиіс:

(а) Осы айырмашылық бағаның орнықтырылуы шартында нарыққа қатысушылар арқылы есепке алынатын факторлардың өзгерісін (уақыт өзгерісімен қатар) бейнелеу мақсатында пайда немесе шығындар құрамында мойындалуына қатысты өз есеп саясатын (29 ҚСҚЕХС AG109-параграфтарын қараңыз); және

(b) Кезеңнің басы мен соңында пайда мен зарар құрамында енді мойындалуға тиісті жиынтық айырмашылықты және осы айырмашылықтың сальдосының өзгерістерін сәйкестендіру.



  1. Әділ құнды ашып көрсетуді қажет етпейді:

  1. Теңгерімдік құн шамамен әділ құнмен тең болғанда. Мысалы, сауда операциялары бойынша қысқамерзімдік дебиторлық және несиелік қарыздар сияқты қаржы құралдары үшін;

  2. Активті нарықта бағасы белгіленбейтін үлестік құралдарына бөлінетін инвестициялар немесе әділ құны нақты өлшене алмайтындықтан, 29 ҚСҚЕХС параграфына сәйкес сатып алынған құнымен бағаланытын үлестік құралдарға бекітілген туынды құралдар үшін;

  3. Қалауынша қатысу мүмкіндігі жайлы ережесі бар келісімшарт үшін, егер бұл мүмкіндіктің әділ құны нақты өлшене алмаса.

  1. 35 (b) және (c)-параграфында сипатталған жағдайларда субъект қаржылық есептемелерді қолданушыларға осы қаржы активтертері немесе қаржы міндеттемелерінің, сонымен қатар, келесілердің теңгерімдік құны мен олардың әділ құны арасындағы мүмкін болатын айырмашылықтың көлемі жайлы пікірді қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі керек:

  1. Әділ құнын нақты анықтау мүмкіндігі болмауынан, осы құралдардың әділ құны жайлы ақпараттың ашып көрсетілмегендік фактісін ұсынуының;

  2. Осы қаржы құралдарының сипаттамасы, олардың теңгерімдік құны және әділ құны неліктен нақты анықтала алмайтындығының себептемесінің;

  3. Осы құралдардың нарығы жайлы ақпараттың;

  4. Субъект бұл қаржы құралдарын сауда айналымына енгізу-енгізбеуін және оны қалай жүзеге асыратыны жайлы ақпараттың;

  5. Егер бұрын әділ құнын нақты анықтау мүмкіндігі болмаған қаржы құралдарын мойындау үрдісі тоқтаса, мойындауды тоқтату фактісі ашып көрсетіледі, оларды мойындау тоқтатылған мезетке сәйкес қаржы құралдарының теңгерімдік құнын және көрсетілген табыстар мен шығындар жиынтығының.

Жеңілдік қарыздары

  1. Субъектілер жеңілдік қарыздарын нарықтың шарттарынан төменірек береді. Субъектілермен берілетін жеңілдік қарыздарға мысал ретінде дамушы елдерге, шағын фермерлік иеліктерге берілетін қарыздар, университеттер немесе колледждерде оқу үшін студенттерге берілетін арнайы талаптарға сәйкестендірілетін студенттік несиелер және табысы төмен отбасыларға берілетін тұрмыстық қарыздарды атап айтуға болады. Берілетін жеңілдік қарыздар бойынша субъект келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

  1. Кезеңнің басы мен соңында несиелердің теңгерімдік құнының салыстырмалы көрсеткішін, сонымен қатар:

  1. Кезең бойындағы қайтадан берілген қарыздардың номиналды құнын;

  2. Бастапқы мойындау шартында әділ құнның түзетуін;

  3. Кезең бойында төленген қарыздар;

  4. Құнсыздану нәтижесінде мойындалған шығындар;

  5. Уақыт өтуіне орай дисконтталған соманың кез келген ұлғаюлары;

  6. Басқа да өзгерістер.

  1. Кезең соңына сәйкес келетін қарыздардың номиналды құнын;

  2. Әр түрлі қарыздардың мақсаттары мен шарттарын;

  3. Қайта бағалау кезінде қолданылатын жорамалдарын.

Қаржы құралдарымен байланысты тәуекел сипаты мен мөлшері

  1. Субъект қаржылық есептемені қолданушыларға есептік мерзімде қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдердің сипаттамасы мен көлемін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі керек.

  2. 40–49-параграфтарында талап етілетін ақпаратты ашу қаржы құралдарына байланысты туындайтын қауіптерді және қауіптерді басқару қалай жүзеге асырылатынын анықтайды. Бұл қауіптердің құрамына әдетте несиелік қауіп, төлемпаздық қауіп және нарықтық қауіп жатады, бірақ ол тек осылармен шектелмейді.

Ақпаратты ашып көрсету – сапалық сипаттамалар:

  1. Қаржы құралдарына байланысты туындайтын әрбір қауіп түрі бойынша субъект келесі ақпаратты ашып көрсетуі керек:

  1. Субъектінің қауіпке ұшырағыштығы және олардың қалай пайда болатыны;

  2. Қауіптерді басқару саласындағы субъектінің мақсаттары, саясаты және рәсімі, сонымен қатар қауіпті бағалау үшін субъектінің қолданатын тәсілдері;

  3. Алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы (a) немесе (b) пункттеріндегі кез келген өзгерістер.

Ақпаратты ашып көрсету – сандық сипаттамалар:

  1. Қаржы құралдарына байланысты туындайтын әрбір қауіп түрі бойынша субъект келесі ақпаратты ашып көрсетуі керек:

  1. Субъектінің есептік мерзімде қауіпке ұшырағыштығы жайлы жиынтық сандық деректері. Бұл ақпаратты ашып көрсету субъект басқармасының мағызды мүшелеріне, мысалы, директорлар кеңесі немесе субъектінің бас директорына ұсынылатын ішкі ақпаратқа негізделуі тиіс («Байланыстырылған тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» 20 ҚСХҚЕС параграфындағы талаптарға сәйкес).

  2. 43–49 параграфтарындағы (a) параграфында қарастырылмаған талаптарға сәйкес және тәуекел маңызды емес болмаса (маңыздылық деңгейлері 1 ҚСХҚЕС 45–47-параграфтарында қарастырылады) ашып көрсетілуі тиіс ақпаратты;

  3. (a) және (b)-параграфтарында айқын көрінбесе, тәуекелдердің концетрациясы жайлы ақпаратты.

  1. Егер есептік мерзімге қарай қалыптасқан ахуалға байланысты ашып көрсетілген сандық деректер субъектінің кезең бойында қауіпке ұшырағыштығы жайлы дұрыс көрініс бермесе, субъект мұндай көріністі беретін алдағы ақпаратты береді.

Несиелік тәуекел

  1. Субъект қаржы құралдарының түрлері бойынша келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

  1. Субъектінің ұсталынатын қамтамасыз етулер немесе басқа да несие сапасын арттыруда қолданылған механизмдерді (мысалы, 28 ҚСХҚЕС параграфы бойынша өзара есепке алу өлшемдерін қанағаттандырмайтын өзара есепке алулар жайлы келісім) есепке алуынсыз есептік мерзімде ұшырау мүмкіндігі бар несиелік қауіптің максималды көлемін ең тиімді көрсететін соманы;

  2. (a) параграфы бойынша ашып көрсетілген сомаға қатысты қолданбалы болатын ұсталынатын қамтамасыз етулердің және басқа да несие сапасын көтеру механизмдерінің сипатталуын;

  3. Несие қауіпіне қатысты мерзімі өткен немесе құнсызданған болып табылмайтын қаржы активтерінің сапасы жайлы ақпаратты;

  4. Шарттары қайта қарастырылмаған жағдайда мерзімі өткен немесе құнсызданған болу қаупі болған қаржылық активтерінің теңгерімдік құнын.

Мерзімі өткен немесе құнсызданған қаржылық активтер:

  1. Субъект қаржы құралдарының түрлері бойынша келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

  1. Мерзімі өткен, бірақ есептік мерзімдегі ахуалға қатысты құнсызданбаған болып табылатын қаржылық активтерінің өмір сүру мерзімінің талдауын;

  2. Есептік мерзімнің ахуалына сәйкес, жеке тұрғыда құнсызданған деп анықталған қаржылық активтерінің талдауын, субъект осы активтердің құнсыздануын анықтағанда қарастырған факторлармен қоса;

  3. (a) және (b)-параграфтарына сәйкес ашып көрсетілген сомаларға қолданылатын субъектімен ұсталынатын қамтамасыз етулердің және басқа да несие сапасын көтеру үшін қолданылған механизмдерінің сипатталуын және, егер бұл тәжірибе жүзінде мүмкін болса, олардың әділ құнының есептік бағасын.

Алынған қамтамасыз ету және несиенің сапасын арттырудың басқа қолданылған механизмдері:

  1. Егер кезең бойында субъект иелігіне кепілзаттық қамтамасыз етуді алу немесе несие сапасын қамтамасыз етудің басқа да механизмдерін (мысалы, кепілдемелер) сауда айналымына енгізу арқылы қаржылық немесе қаржылық емес активтерді алса, және мұндай активтер басқа Стандарттармен орнатылған мойындау өлшемдерін қанағаттандыратын болса, субъект келесі ақпаратты ашып көрсетуі керек:

  1. Алынған активтердің сипаттамасы мен теңгерімдік құны;

  2. Активтер ақшалай қаражатқа еркін аударыла алмаған жағдайда субъектінің осындай активтерді сауда айналымына енгізуге немесе оларды өз әрекетінде қолдануға қатысты саясаты.

Жою тәуекелі:

  1. Субъект ашып көрсетуі тиіс:

  1. Туынды емес қаржы міндеттемелерінің (бітім жасасқан қаржылық кепілдемелерді қоса есептегенде) келісімшарт бойынша есептік мерзімге қалған өтеу мерзімдері бойынша талдауы;

  2. Туынды қаржы міндеттемелерінің өтеу мерзімдері бойынша талдауы. Келесімшарт бойынша бекітілген мерзімдер ақша айналымдарының мерзімдерінің түсініктерінің келісімшарт бойынша есептік мерзімге қалған (AG14-параграфын қараңыз) өтеу мерзімдері бойынша маңызды болып табылатын өндірістік қаржы міндеттемелері талданады;

  3. Субъект (a) және (b)-параграфтары бойынша анықталған қайтарымпаздық қаупін қалай басқаратындығының сипаттамасы.

Нарықтық тәуекел:

Сезімталдылық талдауы:

  1. Субъект 48-параграф талаптарын қанағаттандыра алмайтын жағдайда келесі ақпаратты ашуы керек:

  1. Тәуекелдің осы мерзімде мүмкін болатын сәйкес айнымалысының субъектінің пайда немесе зарар және таза активтерге/капиталға айналуларға түсіретін субъект есептік мерзімде ұшырау тәуекелі бар әрбір нарықтық қауіптің түрі бойынша сезімталдық талдауы;

  2. Сезімталдық талдауын дайындау кезінде қолданылған тәсілдер мен жорамалдар;

  3. Алдыңғы мерзіммен салыстырғанда қолданылған тәсілдер мен жорамалдар өзгерістері және мұндай өзгерістердің себептері.

  1. Егер субъект сезімталдық талдауын дайындайтын болса, мысалы, қауіптердің айнымалылары арасындағы өзара байланысты көрсететін және оны қаржы тәуекелдерін басқаруда қолданатын қауіптердің құндылық бағалау тәсілі бойынша талдау жасаса, бұл сезімталдық талдауын 47-парграфта белгіленген талдаудың орнына қолдана алады. Субъект сонымен бірге мыналарды ашып көрсетуі тиіс:

  1. Мұндай сезімталдық талдауын және ұсынылған деректердің негізінде жатқан негізгі параметрлер мен жорамалдарды дайындау кезінде тәсілді түсіндіріп көрсету;

  2. Қолданылған тәсілдің мақсатын және сәйкес активтер мен міндеттемелердің әділ құны жайлы ақпаратты толық емес қамтып көрсететін шектеулерін түсіндіріп көрсету.

Нарықтық тәуекел туралы басқадай ақпараттарды ашу:

  1. 47 және 48-параграфтары бойынша ашылған сезімталдық талдауы қаржы құралына тән тәуекел (мысалы, жыл соңындағы қауіптер жайлы ақпараттың ашылуы субъектінің жыл бойындағы қауіпке ұшырымпаздығын бейнелемейтіндіктен) туралы дұрыс көрініс бермесе, субъект бұл фактіні және оның ойынша, бұл сезімталдық талдауының тәуекелдер жайлы дұрыс көріністі бермеуінің себептері жайлы ақпаратты ашуы тиіс.

Күшіне ену күні және есептің жаңа тәртібіне ауысу:

  1. Субъект 2013 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жылдық есептік мерзімдерге қатысты осы Стандартты қолдануы тиіс. Осы Стандартты бұдан ертеректе қолдану мадақталады. Егер субъект осы Стандартты 2013 жылдың 1 қаңтарынан басталатын мерзімге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетуі тиіс.

  2. Субъектілер бұл Стандартты 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданбауы тиіс, 28 ҚСҚЕХС және 29 ҚСҚЕХС қоса қолданған жағдайлардан басқа кездерде.

  3. Егер субъект осы Стандартты 2013 жылдың 1 қаңтарынан басталатын жылдық мерзімдерге қатысты қолданса, ол қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдердің сипаттамасы мен көлемі жайлы 38–49- параграфтарға сәйкес талап етілетін ашылулар үшін сәкестендіруге қатысты деректерді көрсетуге тиісті емес.

  4. Егер субъект жоғарыда көрсетілген күшіне ену мезгілінен кейін қаржылық есептіліктің мақсаттарында есептеу тәсілі негізінде ҚСҚЕХС берілген анықтамаға сәйкес бухгалтерлік есепті енгізетін болса, осы Стандарт субъектінің күшіне ену күні мен одан кейінгі мерзімді қамтитын жылдық қаржылық есептілігінде қолданады.

15 ҚСҚЕХС күшін жою және алмастыру (2001):

  1. Осы Стандарт пен «Қаржы құралдары: ақпаратты ашу мен ұсыну» 28 ҚСҚЕХС 15 ҚСҚЕХС алмастырады. 15 ҚСҚЕХС қайсысы ерте болатынына байланысты 28 ҚСҚЕХС және 30 ҚСҚЕХС күшіне енген кезге дейін өз күшін жоймайды.


А қосымшасы

Қолдану бойыша нұсқау

Бұл қосымша осы 30 ҚСҚЕХС ажырамас бөлігі болып табылады.

Қаржы құралдарының түрлері және ақпаратты ашу деңгейі (параграф 9)

  1. 9-параграф субъектінің қаржы құралдарын ашылатын ақпараттың сипаттамасына байланысты және бұл қаржы құралдарының сипаттамасын ескере отырып түрлері бойынша топтастыруды талап етеді. Субъект 9-параграфта сипатталған қаржы құралдарының түрлерін өз бетінше анықтайды. Осыдан мұндай қаржы құралдары 29 ҚСҚЕХС (қаржы құралдарының бағалануы қалай жүргізілетінін және әділ құнның өзгерістері қайда көрсетілетінін анықтайтын) ұсынылған қаржы құралдарының категорияларынан ерекшеленеді.

  2. Қаржы құралдырының түрлерін анықтау кезінде субъект кемінде тиісті:

  1. Амортизацияланған құн бойынша және әділ құн бойынша өлшенетін құралдар арасындағы айырмашылықты белгілеуге;

  2. Осы Стандарттың қолдану аясына кірмейтін қаржы құралдарын бөлек түр немесе бөлек түрлер ретінде қарастыруға.

  1. Субъект осы Стандарт талаптары бойынша ұсынылатын ақпараттың қаншалықты егжей-тегжейлі болатындығын, талаптардың түрлі аспектілеріне қаншалықты көп мән беру керектігін және әр түрлі сипаттамаларға ие ақпараттарды біріктірмей-ақ ортақ тұжырымдаманы жасау үшін деректерді қалай біріктіру керектігін өз жағдайларына байланысты шешеді. Қаржы есептемесінде есептемені қолданушылар үшін жарамсыз болуы мүмкін керексіз ақпараттың ұсынылуын шектейтін және, екінші жағынан, артық жалпылау салдарынан маңызды ақпараттың жасырын немесе түсініксіз қалуынан құтулуға мүмкіндік беретін теңгерімді табу қажет. Мысалы, субъект керексіз тетіктердің үлкен саны арасында маңызды ақпаратты жасырмауы тиіс. Дәл солай, субъект бөлек операциялар арасындағы айырмашылықтарды және солармен байланысты тәуекелдерді көруге мүмкіндік бермейтін тым жалпылама мәнді ақпаратты ашпауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет