Тақырыбы: Қайталанушы операторлар. Параметрлік, алғышартты және кейінгі шартты циклдық операторлар
Лекция жоспары:
For операторы
While операторы
Do ... while цикл операторы
For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы, соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы немесе арифметикалық цикл деп аталады. Параметрлі циклдің орындалу схемасы:
Сурет 4.1. For циклінің орындалу алгоритмі For цикл операторының жалпы жазылу түрі:
for(x=x0; x<=xk; x=x+dx)
{
<1-оператор>;
<2-оператор>;
. . .
;
}
Мұнда x=x0 – цикл айнымалысының бастапқы мәні, x<=xk – циклдің орындалу шарты, x=x+dx – цикл айнымалысының қадамы. x=x0 цикл операторы орындаларда бір рет есептеледі, x<=xk ақиқат болса немесе 0-ге тең болмаса, цикл тұлғасы ретіндегі операторлар атқарылады. Содан соң x=x+dx есептеледі және x<=xk мәні қайта анықталады. x<=xk мәні жалған болса немесе жалпы жағдайда ол 0-ге тең болса, for операторының жұмысы аяқталады. Сонымен, цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе орындалмауы оның атқарылуы алдында анықталады.
Мысал: /* 1-ден 100-ге дейінгі сандар қосындысын анықтау */
#include #include int main()
{ int s=0,i; clrscr();
printf("1-ден 100-ге дейінгі сандар қосындысы:");
for(i=1;i<=100;i++) { s+=i; }
printf("s=%d",s);
printf("\nАяқтау үшін Enter басыңыз\n"); getch();
return 0;
}
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |