Switch көп нұсқалы таңдау операторы Программада кездесетін бірнеше нұсқаның бірін таңдап алу керек болған жағдайда, switch ауыстырғыш операторы қолданылады. Оның жалпы жазылуы:
switch <бүтін типті өрнек>; { case белгі1: операторлар; case белгі2: операторлар;
................
[default: операторлар;]
}
Мұнда switch сөзінен кейінгі өрнек мәні есептеледі, ол бүтін санды (char типі де) типте болуы тиіс. Сол мән case сөздерінен кейін жазылған константалар мәндерімен салыстырылады. Егер олардың біріне тең болса, сол жол орындалады, жол соңында көшу операторы болмаса, келесі жолдар толық орындалады. Ал бір жолды орындап болған соң, switch операторынан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер switch сөзінен кейінгі өрнек
мәні ешбір константамен сәйкес келмесе, онда default сөзінен кейінгі операторлар атқарылады. Кейде default сөзі болмауы да мүмкін.
Default сөзі болмаса, онда switch операторынан кейінгі келесі операторлар орындала береді. Switch операторындағы өрнек түрінде нақты типтегі мәліметтерді, сөз тіркестерін (жолдарды) пайдалануға болмайды. Кейде бүтін мәндермен үйлестірілген мәліметтердің құрылымдық (структуралық) элементтері қолданылуы мүмкін.
Мысал: Екі бүтін сан енгізіп, олармен арифметикалық 4 амалдың бірін орындау қажет.
#include #include Int main () {
char symbol; int x,y,z;
clrscr();
printf ("Екі бүтін сан енгізіңіз: "); scanf ("%i%i",&y,&z);
printf ("Қандай амал орындау керек: "); scanf ("%s",symbol);
switch (symbol) {
case “-“ : x=y-z; break; case “+” : x=y+z; break; case “*” : x=y*z; break; case “/” : x=y/z; break;
default: printf (”белгісіз операция\n”); printf("\nНәтижесі - %d\n",x);
getch(); return 0;
}
С тілінде қандай операциялар бар?
Меншіктеу операторының түрлері.
Меншіктеу операторының жазылу форматтары.
Арттыру немесе кеміту (инкремент және декремент) операциялары.
Префикстік және постфикстік операциялар.
Келтіру операцияларының жазылуы.
Программа жұмысын басқару операторлары
Құрама операторлар қалай ұйымдастырылады?
Бос оператор деген не?
Типтер ішінде төменнен жоғары қарай бағытталған түрлендірілу реттілігі.
Көп нұсқалы таңдау операторы не үшін қажет? Оның жазылу форматы қандай?
Көп нұсқалы таңдау операторына мысал келтіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |