Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесі



бет10/22
Дата05.07.2016
өлшемі2.8 Mb.
#179256
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесі
Техникалық жабдықталуы.

Қарағанды облысындағы «электрондық әкімдік» құру Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2006-2010 жылдарда басқару органдарын компьютерлік техникамен, серверлік құрылғылармен техникалық жабдықтау жүргізілді. Сонымен қатар жергілікті есептеу желілерін құру және серверлік бөлмелерді дайындау бойынша жұмыстарға көңіл бөлінді. Жоғарыда айтылған Бағдарлама шеңберінде негізгі жұмыстар серверлік құрылғылар, жергілікті есептеу желілері мен серверлік бөлмелерді жабдықтауға бағытталды.

Жергілікті атқарушы органдардың компьютерлік техникамен қамтылу үлесі 80 пайызды құрайды; Интернет желісіне қол жетерлік 256 kb/s орташа өткізу қабілеті бар байланыс арналарында ұйымдастырылған.

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік органдарға мүмкін қызметтерді әрі Интернет желісі арқылы көрсету мақсатында қажетті байланыс арналарына қосылған бір сервер жұмысын істеп тұр. Серверде ақпараттық жүйе ретінде Windows server-2003 ақпараттық жүйесі, ал МББЖ ретінде MSSQL Server жүйесі қолданылу үстінде.


Байланыс арналары.

Қарағанды облысындағы «электрондық әкімдік» құру Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2006-2010 жылдарда «Қазақтелеком» АҚ қатысуымен облыстың ЖАО Бірыңғай транспорттық желісін (БТЖ) құру бойынша жүргізілген жұмыстар жалғасуда. БТЖ «жұлдыз» топологиясындағы IP VPN базасында құрылып, БТЖ қатысушыларының қосылу жылдамдығы 64-тен 256 Кбит/с-қа аралығында. Облыстың БТЖ-не барлық жоғы 2 мекеме қосылған («Қарағанды қ. экономика және бюжеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қарағанды қ. қаржы бөлімі» ММ).


Қалада жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер.

Қазіргі уақытта Қарағанды қ. ЖАО-да келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істеп жатыр:

электрондық құжат айналымы жүйесі (жүйені пайдаланушылар саны 181);

қызметкерлерді басқару жүйесі (жүйені пайдаланушылар саны 17);

жергілікті бюджеттерді орындаудың «Қаржы үйі» қаржы мониторингі (26 пайдаланушы);

облыстың аймақтық болжамдау картасы (1 пайдаланушы);

халыққа қажетті әлеуметтік маңыздылығы бар тауарлар бағаларының мониторингі (1 пайдаланушы);

сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру (1 пайдаланушы).

Көрсетілген жүйелерден басқа 2007 жылдан бастап қала әкімі аппаратының Ақпараттық порталы жұмысын істеп жатыр. Бүгінгі күні бұл портал арқылы 20 ақпараттық қызмет көрсетіледі. Олардың ішінде: қала әкімінің блогы, жаңалықтарға жазылу, әрбір мемлекеттік мекеме жөніндегі ақпарат, мемлекеттік сатып алулар бойынша қызмет көрсетулер және т.б.

е-Үкіметтің базалық компоненттерін пайдалану.

Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс істейтін е-Үкіметтің базалық компоненттері бұл:



  1. электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

  2. «Адрестік регистр» мемлекеттік ақпараттық жүйесі;

  3. қоғамдық қол жеткізу бөлімшелері.

Электрондық құжат айналымы (ЭҚА) жүйесі қаланың 16 мемлекеттік мекемесінде енгізілген.

«Адрестік регистр» ақпараттық жүйесі (АР АЖ) жобасы шеңберінде 2007 жылы АР АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жылжымайтын объектілер адрестерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Мәліметтер базасының толықтығы 100 пайызға тең.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасында қоғамдық қол жеткізу бөлімшелерінің желісі құрылды. Мұндай бөлімшелерді құру ең алдымен Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әкімдіктер, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, кітапханалар, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталықтары, ІІБ жол полициясы, оқу орындары, ірі сауда орталықтарының құрылымдарын қамтиды.

Сонымен қатар, 2007-2008 жылдар аралығында қалада «2007-2009ж.ж. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті жою» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Халықтың әртүрлі деңгейдегі өкілдеріне тегін білім беретін компьютерлік сыныптар ашылды. 2 жыл ішінде аталған бағдарламамен 8545 адамды қамтылды.


2.3. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу бойынша қолданыстығы саясатты талдау


Барлық жоспарланған шаралар

Жүргізілгендері

Жақсы деңгейде жүзеге асырылып жатыр (50% жоғары жүзеге асқаны)

Төмен деңгейде жүзеге асырылып жатыр (20-50% жүзеге асқаны)

Жүзеге асырылмаған ( 20%-дан төмен жүзеге асқаны)

Жұмыспен қамту саласында:

2008-2010жж. «Қарағанды қаласы халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» бағдарламасы (21 желтоқсан 2007 жыл №44). Бағдарлама әкімшісі «Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.



16

16










Қылмысқа қарсы күрес саласында:

2007-2009жж. «Қарағанды – есірткісіз қала» бағдарламасы (16 мамыр 2007 жыл №17). Бағдарлама әкімшісі «Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ.



21

21










Жайластыру саласында:

2009-2010 жж. «Қарағанды қаласын сыртқы жарықпен қамтуды басқару жүйесін жетілдіру». Бағдарлама әкімшісі «Қарағанды қаласы қаржы бөлімі» ММ*



1







1




Көлікті дамыту саласында:

2009-2011 жж. «Қарағанды қаласының автомобиль жолдарын дамыту» бағдарламасы. Бағдарлама әкімшісі «Қарағанды қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ.



8

5







3

«Қарағанды қаласын сыртқы жарықпен қамтуды басқару жүйесін жетілдіру» бағдарламасы 2007 жылдың 21 желтоқсан күні №44 Қарағанды қаласының Мәслихаты сессиясымен қабылданып, бекітілді.

«Горсвет» КМК жарғылық капиталын ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-не сәйкес 2008-2010 ж.ж. сыртқы жарықпен қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін іске асыру мақсатында 165 атқарушы бөлімшесін (АБ) орнату, аталған жабдықтауларды қайта жөндеу және іске қосуды қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстарына 272,6 млн. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражаттар қарастырылып отыр.

АБЖ бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2008-2010 ж.ж. қала бюджетінен құрамында 4 дана көлеміндегі БК 100 контактсыз коммутаторы бар 82 АБ орнатуға, сонымен қатар берілген жабдықтауларды қайта жөндеу және іске қосуды қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстарына 94,8 млн. теңге көлеміндегі ақша қаражаттары бөлінді. Оның ішінде:



  • 2008 жылы – 44,8 млн. теңге, 2 дана көлеміндегі БК 100 контактсыз коммутаторы бар 39 АБ орнатылды.

  • 2010 жылы – 50,0 млн. теңге, 2 дана көлеміндегі БК 100 контактсыз коммутаторы және 43 АБ жеткізілді.

«2009-2010 ж.ж. Қарағанды қаласын сыртқы жарықпен қамтуды басқару жүйесін жетілдіру» бағдарламасымен байланысты жұмыстарды аяқтау үшін 2011-2013 ж.ж. 83 АБ және ЭПРАН-250 (электрондық пускты реттеу құрылғысы) 4000 данасын орнату мақсатында 177,8 млн.теңге көлеміндегі қаржы бөліну қажет.



2.4. Қала дамуының негізгі мәселелері, тәуекелдері, баяулату факторлары, артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

Қала дамуының негізгі мәселелері, тәуекелдері, баяулату факторлары, артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасын жүргізу мақсатында әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдылықты SWOT-талдауы жүзеге асырылды.




Артықшылықты жақтар

Кемшілікті жақтары

А басымдылығы

А басымдылығы

  • қала кәсіпорындарының облыстық динамикадан асып түсетін инновациялық белсенділік деңгейлері өсуінің жоғары жылдамдықтары;

  • қалада тиімді инновациялық ортаны қалыптастыруға ықпал ететін технопарктің бар болуы;

  • қала халқының электр қуатымен, жылумен, газбен және сумен қамтамасыз етілуі;

  • қалада өмір сүру жағдайын абаттандыруға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаның бар болуы және оның жүзеге асырылуы;

  • білім беру ұйымдарының дамыған желісі;

  • білім беру жүйесінде АКТ-ды (ақпараттық компьютерлік технологиялар) қолданудың жағымды динамикасы;



  • инновациялық ойлап табуларды қаржыландырудың төмен үлесі;

  • қалалық инновациялық жүйенің бытыраңқылығы;

  • аймақтық экономиканың басты салалары бойынша негізгі капиталының тозуының өсуі, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын техника тозуының жоғары деңгейі;

  • қосылған құны жоғары өндірілетін құрылыс материалдарының төмен үлесі;

  • халықтың әлеуметтік маңыздылығы бар аурулармен ауруының жоғары деңгейі;

  • қаладағы мектепалды мекемелерінің аз болуы мен оларға түсетін жүктеменің үлкендігі;

  • педагогикалық кадрлардың аздығы;

  • инновациялық бағыттағы және инфрақұрылымдық сипаттағы инвестициялық кірістердің төмен үлесі;

  • инженерлік инфрақұрылым объектілері тозуының жоғары деңгейі;

В басымдылығы

В басымдылығы

  • машина жасау және тау-кен өнеркәсіптеріндегі еңбек ресурстары біліктілігінің жоғары деңгейі;

  • металургия және тамақ өнеркәсіптеріне енгізілген жаңа технологиялар;

  • қаланың дамыған жол-көліктік желісі;

  • жыл сайынғы неке қию мен бала туу көлемінің өсуі;

  • өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі;

  • балаларды мектепалды тәрбиемен қамтудың жағымды днамикасы;

  • 1-4 сыныптағы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету деңгейі 100 % құрайды;

  • жүргізілетін спорттық-бұқаралық шаралар санының өсуі;

  • спорт объектілері санының өсуі;

  • мәдениет объектілеріне бару деңгейінің өсуі;

  • мәдениет саласындағы қызмет көрсетулерге деген сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі.

  • тамақ және металургия өнеркәсіптерінде жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек ресурстарына деген сұраныстың қанағатсыз қалуы;

  • технологиялық үдерістер мен өндірілетін фармацевтикалық өнімдер үшін GMP стандарттарын енгізу қиындықтары;

  • шаруашылық субъектілері жағынан инновацияларға деген сұраныс деңгейінің төмендігі;

  • қаланың экономикалық дамуын баяулатуға әкеп соғатын кәсіпорындар мен халыққа несиелік қаражаттарды берудің шарттарын қатаңдату;

  • қаладағы қылмыстылықтың жалпы деңгейінің өсуі;

  • жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жеткіліксіздігі;

  • халықтың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтудың қиыншылықтары;

  • амбулаторлық-поликлиникалық ұйымдар санының төмендігі мен оларға түсетін жүктеменің үлкендігі;

  • білім беру ұйымдарындағы компьютерлік техниканың қатты тозуы;

  • спорттық құрылғылардың жеткіліксіздігі;

  • қолда бар спорттық объектілердің материалдық-техникалық жағынан төмен деңгейде қамтамасыз етілуі;

  • мәдени мекемелер желісін дамытудағы сәйкессіздіктермен сипатталатын мәдениет ұйымдарының көрсететін қызметтеріне аймақтағы халықтың тең дәрежеде қол жеткізе алмауы;

С басымдылығы

С басымдылығы

  • құрылыс жабдықтары тозуының төмен дәрежесі;

  • құрылыста жаңа технологияларды пайдалану мен құрылыс компанияларының көбінде енгізілген сапа менеджменті стандарттарының болуы;

  • ортаайлық еңбекақының тұрақты өсуі;

  • білім беру ұйымдарындағы компьютерлер паркісін ұлғайту;

  • қала мектептерінде үшкезектілік оқыту жөніндегі мәселе алып тасталынды;

  • құрылыс материалдарын өндіруші өндірісін қалалық кәсіпорындардың онімдерін Астана қаласы мен Қарағанды облысының ғана нарықтарына өткізілуіне бағдарлау;

  • жер ресурстарының шектілігі мен қымбаттылығы;

  • кәсіпорындардағы табиғатты қорғау жабдықтаулары мен тазарту құрылғылары тозуының жоғары дәрежесі;

  • өнеркәсіптік улы қалдықтар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюдың мәселелері;

  • санаторийлер мен демалыс аумақтарының жеткіліксіздігі;

  • барлық негізгі ауыл шаруашылық дақылдарын егу аудандарының қысқаруы;

  • білім беру ұйымдарының ғимараттары, кәріздік және су өткізу желілерінің шектен тыс тозуы;

  • білім беру ұйымдарын қазіргі уақытқа сай жиһазбен және жабдықтаулармен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

  • мәдениет объектілерін материалдық-техникалық жабдықтаулармен қамтамасыз етудің төмен деңгейі (ғимараттар тозуының жоғары дәрежесі, музыкалық аспаптардың, қазіргі уақытқа сай дыбыстық және жарықтық құрылғылардың, сахналық киімдердің жетпеуі, жиһаздың аздығы, кітапханалық үдерістерді автоматтандырудың төмен деңгейі, компьютерлік машиналар паркісінің ескіруі);

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

А басымдылығы

А басымдылығы

  • қазіргі уақыттағы бар инновациялық жүйенің шашыраған элементтерін түзу көпдеңгейлі жүйеге біріктіру арқылы қала экономикасының инновациялық құраушысының дамуы жылдамдатылуының мүмкіндігі;

  • мемлекеттік-жеке серіктестіктің механизмдерін пайдалану арқылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мүмкіндіктері;

  • тамақ және металургия өнеркәсіптеріндегі білікті еңбек ресурстарының жоқтығын жою арқылы берілген салалардың дамуын ынталандыру мүмкіндіктері;

  • «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

  • білім беру ұйымдарының желісін ұлғайту;

  • білім берудегі инновациялық технологияларды дамыту мен қолдану;

  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;

  • білім беру ұйымдарында жаңа жұмыс орындарын құру;

  • аймақтың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

  • өнімдерге төлемқабілетті сұраныстың төмендеуі, инвестициялар көлемінің қысқаруы, несиелік ресурстардың жоғары құнымен сипатталатын қаланың нақты экономикалық секторындағы төмендеуі;

  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі қаражаттарының тозуы жоғары дәрежеде болуының нәтижесінде өнеркәсіптік өнімдердің көлемі мен сапасының төмендеуі;

  • жылжымайтын объектілердің барлық түрлеріне төлемқабілетті сұраныстың төмендеуі салдарынан құрылыс секторы мен құрылыс материалдары өндірісіндегі одан әрі төмендеуі;

  • инженерлік инфрақұрылым объектілерінің одан арғы тозуының өсуі немесе оны қазіргі қалыпта сақтауға тырысу;

  • білім беру объектілерінің құрылысы жылдамдығының баяулауы.




В басымдылығы

В басымдылығы

  • ірі корпорациялардың келісім-шарттарын батыстық жеткізушілерден отандық жеткізушілерге қайта бағдарлау арқылы қаланың машина жасау және прибор жасау кәсіпорындарын пайдалану мүмкіндігі;

  • импорттық өнімдерді әкелуді шектеу және кәсіпорындарды еліміздің басқа аймақтарының өткізу нарықтарына қайта бағдарлау арқылы құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;

  • фармацевтикалық өндіріске қажетті білікті мамандарды дайындай алатын қалада бар оқу орындары көмегімен фармацевтикалық саланы дамыту (Қарағанды медициналық академиясы, Қарағанды фармацевтикалық институты, Медициналық колледж);

  • білім беруді дамыту жобаларын жүзеге асыру;

  • МЖӘ механизмдерін қолдану.

  • ғылыми-зерттеу ұйымдарында жиналған материалдық-техникалық базалардың тозуы мен жоғарғы білікті мамандардың массалық кетуі себебінен қолда бар аймақтық ғылыми-инновациялық әлеуетті жоғалту;

  • қаржыландырудың жеткіліксіз көлемі қаланың білім беру жүйесінде бар мәселелерді толығымен шешуге бөгет жасайды.

С басымдылығы

С басымдылығы

  • қажетті туристтік инфрақұрылымды құру және мемлекеттік меншіктегі кейбір туристтік-рекреациялық объектілердің аутсорсингке ауыстырылуы арқылы қаладағы туризмді дамыту;

  • мал шаруашылығы өнімдері, сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша техникалық регламентті құру арқылы қаланың ауыл шаруашылықтық өнімдерінің сапасын көтеру;

  • аймақтық және жергілікті экологиялық проблемаларды шешу және экологиялық көрнектілік пен кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін ұлғайту талаптарының жүйесін құрудағы мемлекеттік органдардың рөлін күшейту арқылы қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту;

  • қаланың әртүрлі мөлтек-аудандарында ФОК кешендерін (дене-шынықтыру және денсаулықты жақсарту кешені) және қазіргі заманға сай спорттық алаңдарды салу арқылы, сонымен қатар жаңа мұз сарайы, бокс пен теннис орталықтарының құрылысын аяқтау арқылы дене-шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар санын ұлғайту;

  • қаланың кез-келген жастағы және санаттағы адамдарына арналған аулалық үйірмелерді, оның ішінде пайдалануға берілген тұрғын-үй кешендерінде ашуды, спорттық және денсаулықты жақсарту үйірмелерін құрылып жатқан спорт объектілерінде де ашуды көбейту;

  • ҚР «Дене-шынықтыру және спорт туралы» заңының 10 б. негізінде кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері бөлімдеріне дене-шынықтыру мен спорт нұсқаушысы лауазымын енгізу, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаттары есебіндегі ұжымдық келісім-шарттарға қызметкерлердің денсаулығын жақсарту шараларын (оның ішінде өндірістік гимнастиканы да) қосу;

  • салаларға жаңа ақпараттық технологиялар мен халыққа қызмет көрсетудің қазіргі заманға сай нысандарын енгізу.

  • қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындарды ұйымдастырудың қазіргі заманға сай нысандары үлесінің төмен болуы нәтижесінде көрсетілген қызметтер көлемі өсуінің баяулауы;

  • тұтынушылық сұраныстың, әсіресе жоғарғы баға сегментіндегі төмендеуі;

  • спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

  • спорт ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;

  • қаланың көптеген кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері бөлімдерінде дене-шынықтыру және спорт мамандарының жоқтығы;

  • табиғи-климаттық жағдайдың тарихи-мәдени мұраға жағымсыз әсері.



3. Қала дамуының келешегінің көрінісі

Қарағанды Қазақстанның қайта өңдеуші, машина жасау және фармацевтикалық өнеркәсіп салаларында бәсекеқабілетті өнімдерді жоғарытехнологиялық тұрғыда өндіру орталығына, сонымен қатар қолайлы бизнес ортасы, дамыған инфрақұрылымы бар және халқының өмір сүруінің жоғары деңгейіндегі қалаға айналады.


Шешуші индикаторлар:
1 бағыт: Қаланың экономикалық саласын дамыту


  • Тұтынушылар бағаларының индексі 2011-2015 ж.ж. жылына 8% деңгейінде ұсталынып тұрады;

  • 2015 жылға қарай өндірістік өнімдер өндіру көлемінің 48,8%-ға дейін көтерілуі;

  • 2015 жылға қарай тау-кен өндірісінің көлемінің 73,5%-ға дейін көтерілуі;

  • 2015 жылға қарай өңдеуші саланың өндіріс көлемінің 40%-ға дейін көтерілуі;

  • 2011-2015 жж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерін өндіру көлемінің өсуі жылына 1,8-2%-ды құрайтын болады;

  • Қаланың жүйеқұрушы кәсіпорындарының сатып алуларындағы Қазақстанда жасалынған өнімдер үлесін 60%-ға дейін ұлғайту;

  • Қаланың жүйеқұрушы кәсіпорындарының жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуларындағы Қазақстанда жасалынған төнімдер үлесін 90%-дық деңгейде сақтау;

  • 2015 жылға қарай өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін 47,9%-ға дейін көтеру;

  • 2015 жылға қарай тау-кен өндірісіндегі еңбек өнімділігін 71,6%-ға дейін көтеру;

  • 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігін 39,5%-ға дейін көтеру;

  • 2015 жылға қарай қала кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар көлемінің жыл сайынғы нақты өсуі 3,1% шамасында болады;

  • 2015 жылға қарай кәсіпорындардың инновациялар саласындағы белсенділігінің деңгейі 10% жетеді;

  • 2015 жылға қарай шағын және орта бизнес өнімдері көлемінің 20%-ңа ұлғаюы;

  • 2014 жылға қарай уақыт пен ақшалай шығындарды қоса бизнесті тіркеу және жүргізумен байланысты операциялық шығындардың 30%-ға төмендеуі (лицензияға рұқсат, сертификат және кеңес алу).



2 бағыт: Әлеуметтік саланы дамыту


  • 2015 жылға қарай балаларға мектепалды тәрбие берумен және білім алумен қамтылуын 100%-дық көрсеткішке дейін жеткізу мақсатында жағдай жасау;

  • 2015 жылға қарай 12-жылдық білім беру бағдарламасымен жұмыс істейтін мектептер үлесі 100%-ға дейін;

  • 2015 жылға қарай орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесінің қолданылуы – 53,8%-ға дейін;

  • 2015 жылға қарай жоғары және бірінші санаттағы жоғары біліктілігі бар мұғалімдердің жалпы педагогтар саны ішіндегі үлесі 49%-ға дейін;

  • 2015ж. қарай халықтың өмір сүруінің орта ұзақтығы 70 жылға дейін;

  • 1000 адамға жалпы өлім-жітім, 2015 жылы – 1000 адамға жалпы өлім-жітім 7,7 адам;

  • 2015ж. қарай АМСЖ шеңберіндегі 30 %-ға дейінгі медициналық қызметтер жалпы тәжірибелі дәрігерлермен көрсетілетін болады

  • 2015ж. қарай ТМЖӘК шеңберіндегі дәрі-дәрмектер және медициналық міндеттегі өнімдермен қамтамасыз етілудің тиімді жүйесін 80 %-ға дейін енгізу

  • 2015 ж. жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын барлық жас санатындағы адамдарды қамту - 20 %

  • 2015 ж. БЖӨСМ-де, спорттық және аулалық клубтарда, жалпы білім беретін мекемелердегі спорт үйірмелерінде жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны 35 % (22500 адам)

  • 2015ж қалалық деңгейде өткізілетін шаралар саны – 245-ке дейін

  • 2015ж. қарай жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың санынан (72637 адам) дәрежесі бар спортсмендер санын 10 %-ға дейін көтеру

  • 2015ж. қарай мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдар бөлігі – 68 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай орыс тілін меңгерген ересек адамдар бөлігі – 98 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай ағылшын тілін меңгерген ересек адамдар бөлігі – 6 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай мәдениет саласындағы қызмет көрсетулер сапасымен тұтынушылардың қанағаттану деңгейі – 48 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай жұмыссыздық деңгейі – 7,6 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай жұмысқа орналастыруды өтінген адамдар санынан жұмыспен қамтылғандардың бөлігі – 95 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай еңбекке жарамды жастағы этникалық оралмандар ішіндегі жұмыспен қамтылғандардың бөлігі – 70 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай мекен-жайлық әлеуметтік көмек алатындар арасындағы еңбекке жарамды адамдар бөлігі – 29,8 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай әлеуметтік қызмет көрсетілетін тұрғындардың арасындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылғандардың бөлігі – 100 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай мүгедектер мен ардагерлердің қызмет көрсетулер сапасымен қанағаттану деңгейі – 95 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай халықтың ішкі істер органдарына қатысты сенімділік деңгейінің болжамы 50 %-дан төмен емес деңгейде

  • 2015ж. қарай жалпықылмыстық қылмыстардың (10 мың адам халқына) болжамдық деңгейі 75-тен жоғары емес

  • Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың сауалнамаларына жағымды жауап қайтарылуының бөлігі 2015ж. 80 %-ға дейін көтеріледі.



3 бағыт. Қаланың инфрақұрылымдық кешенін дамыту


  • 2015ж. қарай қалалық маңыздылығы бар автокөліктік жолдардың 31 %-ға дейінгілері жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

  • 2015ж. қарай жүк айналымының өсуі 15 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай жолаушылар айналымының өсуі 5 %-ға дейін

  • 2015ж. апаттар саны 10 %-ға дейін төмендеуі

  • 2015ж. қарай жылумен қамту желілерінің ескіру деңгейінің 50 %-ға дейін төмендеуі

  • 2015ж. қарай ЖЭО-1, ЖЭО-3 қуаттылықтарының негізінде электр қуатының жиынтық өндірілу деңгейін 37,5 %-ға дейін көтеру

  • 2015ж. қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізушілікті 85 %-ға дейін көтеру

  • 2015ж. қарай тұтынушылардың коммуналдық қызмет көрсетулер сапасымен қанағаттану деңгейін 51,5 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай электр қуатымен қамту желілерінің ескіру деңгейінің 45 %-ға дейін төмендеуі


4 бағыт. Аумақтық кеңістіктік даму


  • Жыл сайынғы тұрғын-үй құрылысы көлемінің орта есеппен алғанда 1,7 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. құрылысы аяқталған, пайдаланылуға берілген объектілердің сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық саладағы нормативтерге сәйкес келуінің 100 %-ға дейін өсуі

  • Өтініш берген адамдарды жер телімдері мен жер қатынастары жайлы ақпаратпен қамтамасыз етудің 100 %-ға дейін өсуі

  • Қаланың жасыл аймағын 100 %-ға дейін сақтау

  • 12,4 мың га дейін аумақтағы Қарағанды қаласының жер телімдері мен қалалық жер қоры жайындағы мәліметтер жинағын қалыптастыру, сонымен қатар мөлшерлік есептің жақсаруы

  • 2015ж. қарай рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастаудың көлемін 2010ж. деңгейге қарағанда 88 %-ға дейінгі деңгейге жеткізу

  • Ғылыми-зерттеу аймақтық даму институтымен ұсынылатын өсімдіктік құрылыс нормасына, яғни 1 адамға 15,8 ш.м. дейін өсімдіктерді отырғызу ауданын үлкейту

  • 2015ж. қарай жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау көрсеткішінің өсуі 27 %-ға дейін жеткізу

  • 2015ж. қарай Қарағанды қаласы аумағындағы қалақұрылыстық даму схемалары құрылуының 100 %-ға дейін өсуі

  • 2015ж. базалық деңгейдегі қалақұрылыстық кадастрын құру және жүргізу – 20 %

  • Халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақталу деңгейін 60 %-ға дейін көтеру

  • Техногендік және табиғи апаттар кезіндегі эвакуациялық көшуді талап ететін халықтың жалпы бөлігінен көшірілген адамдар бөлігін 100 %-ға дейін көтеру

  • Алдын алу шараларын өткізудің сапасын 95 %-ға дейін көтеру


5 бағыт. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту


  • Мәслихат аппаратымен көрсетілетін қызметтер сапасымен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін

  • 2015 ж. қарай мәслихатпен қабылданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы заңдармен сәйкестігін қамтамасыз ету 100 %-ға дейін

  • 2015 ж. қарай қала әкімі аппаратымен көрсетілетін қызметтер сапасымен жеке және заңды тұлғалардың қанағаттану деңгейі – 90 %-ға дейін жетуі

  • 2015 ж. қарай аппараттармен көрсетілетін қызметтер сапасымен әкімнің қанағаттану деңгейі 90 %-дық деңгейге дейін жетуі

  • Электрондық түрде көрсетілетін қызметтер санының өсуі 37 %-ға дейін көтерілуі

  • 2015 ж. қарай электрондық үлгіде көрсетілетін әлеуметтік маңыздылығы бар мемлекеттік қызметтер бөлігінің 50 %-ға дейін жетуі

  • 2015 ж. қарай халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейінің 40 %-ға дейін жетуі

  • 2015 ж. қарай жергілікті өзін-өзі басқару дамуының үдерісіне қаланың аумақтық-әкімшіліктік бірліктерін қатыстырудың 100 %-ға дейін өсуі

  • Жыл сайынғы бюджеттік бағдарламаларды игеру 100 %-ға дейін

  • 2011 ж. нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық және методологиялық базасын 100 %-ға дейін енгізу

  • Қалалық мәслихатты ұйымдастырушылық және басқа да қамтамасыз ету жайындағы жүргізілетін шаралардың сапасы әрі тиімділігімен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін

  • Жыл сайынғы кадрлар тұрақсыздығын 10 %-ға дейін төмендету

  • 2015 ж. стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету 100 %-ға дейін

  • 2015ж. қарай мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қолданылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етулермен жұмыс істей білетін мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің олардың жалпы санынан 50 %-ға дейінгі бөлігін қамтитын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет