«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет97/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117
Қарт генерал(ұйқы көрмегені жүзінен байқалады) Екеуі сәлемдеседі. 
Бауыржан. Жолдас генерал, сіздің шақыртуыңыз бойынша аға 
лейтенант... 


188 
Қарт генерал. Отырыңыз (орындыққа қарай басын изейді. Темекіні 
тұтатып тартып, біраз ойланып, Бауыржан Момышұлының басынан аяғына 
дейін бірнеше рет қарап шығады. Бауыржан Момышұлы үндемей отыра 
береді.) 
Қарт генерал (Жұлып алғандай).
Бүгін 
түн 
ортасында 
Десятидровкада жатқан 120 немістің бірін қалдырмай қырып 
тастағандарыңызға жол болсын. Ең болмаса он шақтысын тірі ұстап алып 
келмегеніңіз бе? Одан кейін, ол жерге өзіңіз баруға мен рұқсат берген 
емеспін. Менің қай жер болса, сол жерге шаша беретін командирім жоқ. 
Мейлі, абырой болып, аман-есен қайтқаныңызға шүкір, бірақ та бұдан 
былай сізге әр додаға кірісе беру жарамайды. Ой, жастық, жастық кейде 
алды-артын ойламайтын жастық! Егер жазатайым болып кетсеңіз 
батальонды кім меңгеріп, кім басқармақ. Сол жағын аттанардың алдында 
сіз ойладыңыз ба? 
Бауыржан Момышұлы (ашуланып). Менен басқа адам құрып қалды 
дейсіз бе? 
Қарт генерал (қатал дауыспен).Сізден басқа адам құрыған жоқ, бірақ та 
сіз сықылдылар көп те емес. Соны еске алу керек. Сіз батальон командирі, 
сіз сықылдыларды қазақ «мыңбасы» дейді. Қай қазақтың мыңбасшысы 
мыңды тастап, онбасының қызметін атқарған еді. (қарт генерал түсін 
жылыта беріп) Қой шырағым, қызулықты! Шошаңдамай өз орныңда 
отырып, қарамағыңдағы командирлерді жұмсап, басқарып меңгергін. 
Бауыржан Момышұлы. Ойпырым-ау, жолдас генерал, не бүлінді түнде 
менің жорыққа барғанымнан?
Қарт генерал. (Айтқан сөздеріне іштей құсаланып отырғанын сезгендей, 
күлімсірей қарап) Болған оқиғаны толығынан баяндаңызшы, мен тек шет 
жағасын ғана естіп едім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет