«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет98/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117
Бауыржан Момышұлы. Кеше неміс бізге үш рет шабуыл жасады. 
Онысына біздің жігіттер тиісті сыбағасын беріп тойтарды. Жау ет жемесе 
де, сорпа ішкендей болып, беті қайтып, өршуі басылып, ымырт жабыла 
шабуылын тоқтатты. Менің бақылаушыларым Десятидровканың әр үйіне 
20-30-дан бөлінген немістер даланың суығына шыдамай, қонуға барды 
деген хабарды жеткізді маған. 
Мен батальонды орынбасарыма тапсырып, бетінен барсақ сезіп қояр 
деген оймен, қасыма 10 жігіт ертіп, бір пулемет, бір миномет, бір кішкене 
зеңбіректі шанаға тиеп, 12 километр орайлап айналма жолға салып, түнгі 
сағат 2 шамасында немістер жатқан қыстақтың дәл ортасына бардық. 300-
600 метрдей жақындағанда қару-жарақтарды қыстаққа кезеп 
орналастырдық. Әбден ұйықтап жатқан немістер шошып оянып, опыр-
топыр үйден далаға шығару мақсатымен зеңбіректің он болат тесетін он 
оғын жарқыратып, бірінің артынан бірін дамылдата жібердік. Оның үстіне 
500 оқ минометті құрбақаша бақылдатып, 70 минаны қайдан шықсаң онан 
шық деп немістерге сәлемдемеге жібердік... Біз келген жолымызбен қайта 
сызып тұрдық. 


189 
Батальонға келе салып 20 шақты автоматчиктер жіберіп едім, олар 
барып 120 немістің өлігін санап, документтерін алып келді. Оны полктың 
штабына тапсырдық. Міне, менің бар жазығым осы, жолдас генерал. 
Қарт генерал. Иә, жазықтысыз, жолдас аға лейтенант. (Күлімдеп) Дұрыс- 
дұрыс, сәті түскен жұмыс болып, түнде жолыңыз болған екен. Сіздің 
мұныңыздан үш пайда тауып отырмыз: бірінші, немістердің саны 120 –ға 
кеміді, екінші, олар таң атқанша бірнеше жүз ауыр минасын айдалаға атып, 
бекерге шығын болды, мина қоры азайды. Үшінші, маңдайдан тимей 
шүйдеден тигеннен соң, немістер артымызда дүшпан жүр екен деп 
үрейленіп, көп ойға қалып, тыныш ұйықтамай, желкесін қорғауға күшін 
бөліп әлектенді. (Жарайсың!) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет