Көрші бала Мәулен. Соғыс емес пе! Сіз сияқты командир болғым келеді.
Достарыммен Ташкенттегі әсери училищеге түстік.
Бауыржан. Ал, намысты қолдан берме! Мен саған сенемін.
(Мәулен кетеді, әйелімен орындыққа отырады. Сол уақытта табтан
бір әскери адам келеді)
Әскери адам. Аға лейтенант Момышұлы, сізді штабқа шақыртуда.
Әйелі. Неге шақыртты екен?! Тыныштық па...(үрейлене Бауыржанға
қарайды)
Бауыржан (әйелінің қолын алып). Уайымда, сен командирдің әйелісің!
Қазір соғыс уақыты. Мен тез барып, жағдайды білейін!
(Екеуі жүгіре басып, штабқа кетеді).(Полковник генерал-майор
Панфиловқа штабты таныстырып жатады. Сол уақытта Бауыржан
кіріп келеді)
Бауыржан. Шақырттыңыз ба, жолдас... (жалт бұрылып генерал-майорға
қарайды).Саулығыңызды тілеймін, генерал-майор! Полковникке айтуға
рұқсат етіңіз. Аға лейтенант Момышұлы! Сізді шақыртуыңыз бойынша
келіп тұр!
Полковник. Сізге айтқан адамым осы, Иван Васильевич! Бұл жігіт үшін
өміріме бәс тігуге дайынмын.
Панфилов.Сәлеметсіз бе, мен генерал-майор Панфиловпын. Танысқаныма
қуаныштымын. Менің қарамағымда жұмыс істейсіз. Жұмыстарыңызды
тапсыру үшін қанша уақыт керек!
Бауыржан. Екі сағат.
Панфилов. Таңертең сағат 9-да сізді барлық құжаттарыңызбен осында
күтемін. Сіз хабардар болу үшін айтайын, біз атқыштар дивизиясын
жасақтаймыз. Мен командирі болып тағайындалдым. Сізді полковник
ұсынып отыр. Маған мықты тәжірибелі командирлер керек.
Бауыржан. Сұрауға рұқсат етіңіз? Майданға жібереді ме...
Панфилов. Ұрысқа баруға асықсыз ба? Бұйрық бойынша қайда жіберсе,
сонда барамыз! Ал енді барыңыз! (Жүгіре басып шығып кетеді).
2-акт
(Соғыс алаңы, онда Б.Момышұлы жауынгерлермен бірге, ал кабинетте
штаб бастығы-жұмыс үстелінің басында)
Кезекші. (Соғыс алаңынан Бауыржан Момышұлын дивизияның штабына
шақырады.) Аға лейтенант, сізді дивизия штабына шақыртып жатыр.
(Соғыс алаңынан Бауыржан Момышұлы дивизияның штабына келеді)
Серебряков. (Штаб бастығы, полковник Серебряков )
Мейірімді жүзбен күлімдей қарап(Бауыржан Момышұлына): Жүріңіз,
жолдас аға лейтенант, командирге ертіп барайын, сізді шақырған сол кісі
еді.
Достарыңызбен бөлісу: |