Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

Зерттеу нысандары. Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы Іле ауданы 
Қарой ауылында орналасқан «Димаш» шаруа қожалығынан алынған түйе 
(Camelus bactrianus) сүті үлгілері, құрамы Streptococcus salivarius subspecies 
termophilius және Lactobacillus delbruki subspecies bulgaricus тұратын MicroMilk 
YO 60 (Италия), БК-Углич-Б (Ресей), Бүкілресейлік сүт өнеркәсібі ғылыми-
зерттеу институты (БСӨҒЗИ) әзірлеген СТБп және КТС (Ресей), Genesis 
(Болгария-Ресей), VIVO (Ресей), YoFlex®Advance (Дания), Lactoferm ECO 
(Италия), Danisco (Франция) өндірістік симбиотикалық ұйытқылары, фруктоза, 
изомальтулоза, лактулоза, олигофруктза, инулин алынды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарына талдаулар органолептикалық, 
физика-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштерді зерттеудің стандартты 
және жалпы қабылданған әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. 


10 
Шикізат пен дайын өнімнің сапасын зерттеу үшін келесі заманауи 
биохимиялық әдістер мен құрылғылар қолданылды: компьютерленген
биоректор, капиллярлық электрофорез, атомды-абсорбционды спектрометр, 
ИФА иммуноферментті анализаторы, Яуза-01-ААА анализаторы, «Hygrolab-3» 
құрылғысы.
Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеу үшін «Statistica», 
Microsoft Exel бағдарламалары қолданылды. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты түйе сүті 
негізінде пребиотикалық қасиеттері бар сүтқышқылды сусын алу 
биотехнологиясын жасау және пребиотикалық қасиет көрсететін көмірсулар
композициясының 
алынған 
сусынның 
тағамдық 
және биологиялық 
құндылығына әсерін зерттеу болып табылады.
Мақcатқа жeту үшін кeлеcідей негізгі міндеттер қойылды: 
 түйе сүтінің физика-химиялық, биохимиялық және микробиологиялық 
көрсеткіштерін зерттеу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет