Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Перидуральди анестезия, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жүргізу техникасы, асқынуы, алдын алу



бет12/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

22. Перидуральди анестезия, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жүргізу техникасы, асқынуы, алдын алу.
ЖАУАБЫ:
Эпидуральды – өткізгіштің бір түрі. Омыртқаның сүйек үсті қабығымен жұлынның қатты қабығы арасындағы эпидуральды кеңістікке енгізілетін анестезиялаушы препараттың жұлын түбіршіктерін бөгеттеу есебінен, жансыздандыруға қол жетеді.
Пункция натриц хлоридінің изотоникалық ерітіндісі бар шприцке кигізілген инемен жүргізеді. Иненің жылжуы піскекке қысым түсу кезіндегі қарсыластықпен қатар жүреді. Ине байламдардан эпидуральды кеңістікке өтеді де, қысым жойылады және ерітінді жеңіл енгізіледі, иненің бос қуысқа енуі сезіледі.
Пункция дұрыс жүргізілсе, цереброжұлындық сұйықтық ақпайды, инеге қысымды анықтайтын су монометрі жалғанғанда теріс болу керек. Эпид анестезия үшін 2% лидокаин, 0,5% бупивакаин ерітіндісі, 0,75% ропивакаин пайдаланылады. Жарақатты операцияларда наркотикалық аналгетиктер (морфин,фентанил) енгізіді.
Көрсетілім: травматологиялық және оптопедиялық операцияларда, іш қуысы мен жамбас қуысы ағзалары операцияларына қолданады.
Қарсы көрсетілім: егде және қарттарға, жүрек-қантамыр мен тысын жүйесінде ауыр аурулары барларға,, заталмасу бұзылыстары (семіздік, қант диабеті) бар науқастарға болмайды.
Асқынуы: Артериалды гипотензия мен тыныс алу бұзылыстары, жүрек айну,құсу, тырысу ұстамалары.
23. Қан кетудің, донорлық, қанды дайындау және консервілеу тарихы.
ЖАУАБЫ:
Қан кету – қан тамырлардың зақымдалуы кезінде немесе олардың қабырғасының өткізгіштігі бұзылғанда қанның ағуы.
Трансфузиология – қанның құрамына, организмнің биологиялық сұйықтарына емдік мақсатта қан, оның компонеттері мен препараттарын, қаналмастырғыштарды құю туралы ғылым. Қан құюа арқылы әртүрлі аурулары, патологиялық жағдайларды емдеудегі басты құрыл.Қан құюмен емдеу Цельс, Гомер мен Плиний замандарынан бар.
Ежелгі Египетте б.э дейінгі 2000-3000 жыл бұрын, сау адамдардан науқастарға құюға талпынды, қайғылы және күлкілі де жағдайлар орын алды. Қарт адамдарға жас қозылардың қанын құю да орын алды.
Жалпы 3 кезеңге бөле аламыз:

  1. Ерте заманнан 1628 жылға дейін

  2. Гарвейдің қанайналым шеңберін ашқаннан бастап

  3. 1901 К.Ландштайнердің изогемагглютинация заңынан бастап

Екінші кезеңінде гемотрансфузия техникасын жетілдірумен сипатталды: күміс түтікшелерді пайдаланумен қанды венадан венаға құю, шприцті әдістер қолданды. 1666 жылы Жан Дени адамға алғаш қан құюды орындады(сәтсіз болсада)
1875 жылға дейін адамға қанды трансфузиялау 347 және жануарларға 129 жағдайлары жазылған. Ресейде босану кезінде қан кетуден кейін, 1833 ж Петербургте Вольф қан құюды сәтті іске асырды.
1845ж Буяльский гемотрансфузияның болашағының маңызды екенін жазды.
1847 ж Филомафитский өз уақытында қан құю көрсеткіштері, әсер механизмі мен әдістемесін баянжааған
1832ж бастап 19 ғ соңына дейін барлығы 60 гемотрансфузия жүргізілді, 22-сін Н.И Пироговтың замандасы С.П Коломнин
1901ж Ландштейнер қан топтарын ашты, Янкий 1907 ж қанның 4 топты бөліп көрсетті. 1940ж Ландштейнер мен Винер резус-факторды ашты.
АВ0 жүйесі бойынша қан түсінігін Янский қалыптастырды.
Юстен натрий цитратының қанның ұйығыштығын болдырмайтын қасиетін ашты.
Ресей ғалымдарынан: Вольф, Коломнин, Бульярский мен Филомафитскийлердің үлесі зор. 1921 ж Шамовтың қан құюды ғылымы өңдеп, тәжірибеде қолданған соң, 1926ж Мәскеуде қан құю институты құрылды. 1930 ж Харьковте,1931 ж Ленинградта институттар ашылды.

24. АВО бойынша қан топтары, қан құюдың заңдары ( гемолиз және агглютинация заңы, Оттенберг ережесі, агглютиндердің титрлеу заңы), қан топтарын анықтау тәсілдері, қан топтарын анықтауда қателіктердің мүмкіншілігі.
ЖАУАБЫ:
АВ0 бойынша 4 топ бар,

  • 0 (І): эритроциттерде агглютиноген жоқ, сарысуда а және в агглютинин бар

  • А (ІІ): эритроциттерде агглютиноген А, сарысуда в агглютинин бар

  • В (ІІІ): эритроциттерде агглютиноген В, сарысуда а агглютинин бар

  • АВ (ІV): эритроциттерде агглютиноген А мен В, сарысуда агглютинин жоқ

Қазіргі таңдағы иммуногематолгия мен клиникалық практика бойынша, универсал топтың донорының қанын құюда реципиенттің эритроциттерінің гемолизі байқалған. Тек қана жеке антиденелерге ғана байланысты емес, Анти-А антиденелерге де байланысты. Бұл антиденелер донорларда А және В антигендерімен вакцинация не жүктілікте иммунизацияланғанда байқалады. Резус теріс қанда резус оңға құю кезінде әлсіз антигендерге (С мен Е) антидене түзілуі мүмкін деп есептеледі. Сол себепті : қазіргі таңда тек өз қан тобын (АВ0 бойынша) және бірдей резусты қандарды құяды. Тек аса маңызды өмірлік жағдайлар орын алса ғана, универсал донор 0 (І) 500 мл дейін қанын пайдалануға болады. Балаларға өзге қан тобын құюға тыйым салынған.
Әр адамның қан тобы әртүрлі эритроцитарлы, лейкоцитарлы, тромбоцитарлы және плазмалық антигендері бар және олар гемотрансфузия кезінде иммунологиялық сәйкессіздікке алып келуі мүмкін. Негізгі роль АВ0 және Rh фактор болып табылады.
Иммундық сәйкессіздік реципиент қанында бірдей эритроциттегі антигендер мен сарысуындағы антиденелердің болуымен ерекшеленеді(агглютиноген А – агглютинин а) Осындай жағдайда эритроциттердің агглютинациясы гемолизге ұласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет