41.Қан кету, қан жоғалту, анемияға түсініктерге анықтама. Терминология.
Қан кету (һaemorrhagia) - қан тамырлардың зақымдалуы кезінде немесе
олардың қабырғасының өткізгіштігі бұзылғанда қанның ағуы.
Қан жоғалту зардап шегушінің өміріне тікелей қауіп төндіреді және қан
кетуді тоқтату бойынша күттірмейтін шаралар оның тағдырына тәуелді болады.
ҚАН КЕТУЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ (КЛАССИФИКАЦИЯСЫ)
• Пайда болу себебіне байланысты:
- механикалық зақымдану, қан тамырлардың жарылуы (haemorrhagia per
rhexin);
- aррозионды қан кету (haemorrhagia per diabrosin);
- диапедезді қан кету (haemorrhagia per diapedesin);
-қанның химиялық құрамының өзгерісі, қанның ұйытушы және ұюға
қарсы жүйелерінің өзгерісі.
• Кан кетіп жаткан тамырдың түріне карай:
артериалды;
- артериовенозды;
- венозды;
капиллярлы;
-паренхиматозды.
• Сыртқы ортаға катынасы және клиникалық көрінісі бойынша:
сырткы;
ішкі;
-жасырын.
• Пайда болу уақытына қарай:
- біріншілік;
- екіншілік.
42.Қан кету себептері, жіктелуі(топографиялық-анатомиялық, қанның қайда құйылуына байланысты, ағымы бойынша, ауырлығына байланысты.) Қан кетудің себептері: *қан тамырлардың механикалық зақымдалуы:ашық және жабық жарақаттарда,күйіктерде,үсіп қалулар кезінде;
*қантамыр қабырғасының бүтіндігі бұзылған кезде,өспе өскенде,деструктивті қабыну кезінде;
*ұсақ қантамырлардың өткізгіштігі жоғарылайтын ауруларда:геморрагиялық васкулит,уремия,сепсис,скарлатина
*қан ұйытушы жүйенің бұзылысында:қантамырларында тромбтардың түзілуі қанның ұю факторларының жеткіліксіздігіне әкеліп,ұюы бұзылып гипокоагуляциялы қан кетуді шақырады
Жіктелуі: 1.Топографиялық-анатомиялық(қан кетіп жатқан тамырың түріне қарай): *артериалды-қанның түсі ашық,тамыр соғысымен атқылап ағады
*артериовенозды *венозды-қошқыл қызыл түсті қан ағады,қан ағу жылдамдығы артериялық қан кетуге қарағанда баяу.Ірі вена тамырлары зақымданғанда қан сарқырап ағады.