Емдік операциялар. Емдік операциялар науқастың сырқатынан сауығуы немесе жағдайының жақсаруы максатында жасалады. Олар радикальді, паллиативті және симптоматикалық емдік шаралар болып бөлінеді.
Радикальді операциялар - науқастың аурудан түбегейлі жазылып кетуі үшін жасалады. Мысалы: науқаста асқазанның қатерлі ісігі бар, метастазы жоқ. Барлық онкологиялық қағидаларды сақтап, толық жазылып кетуі үшін, науқасқа асқазанның субтотальді резекциясы жасалады.
Паллиативті операциялар науқастың жағдайын жақсарту үшін жүргізіледі,бірақ патологиялық үрдіске ұшыраған ағза алынбайды - ауру денеде қалады.Мысалы: метастазы бар тоқ ішектің қатерлі ісігі - оны алып тастау мүмкіндігі жоқ,бірақ науқаста обтурациялық ішектің түйілуі дамыды, үлкен дәрет жүрмегендіктен, ішектің сау жерін бір-бірімен жалғап, айналма анастомоз немесе жасанды артқы тесік - колостома салынады.
132. Симультанды, құрамдастырылған операциялар. Операцияның көп кезеңділігіне түсініктеме (бір кезекті, көп кезекті, қайталама операциялар). Симультандық операция – әртүрлі ағзалардың әртүрлі дертіне байланысты бір мезетте жасалатын операциялар.Мысалы, науқас асқазан мен ұлтабардың жара ауруымен, өттің тас ауруымен және өңеш тесігінің жарығымен ауырады (Сайнт триадасы). Хирург операция кезінде жараны кесіп алады, селективті проксималдық ваготомия, холецистэктомия және круроррафия жасайды. Патологияның орналасқан жері мен жасалатын операциялар әртүрлі анатомиялық аймақтарда орналасуы мүмкін: струмэктомия +холецистэктомия, сафенэктомия + струмэктомия, холецистэктомия + сафенэктомия.
Қабаттастырылған операцияларға бір дерт пен оның асқынуларына байланысты бірнеше ағзаларға жасалатын операциялар жатады. Мысалы, асқазан рагі бауырдың сол бөлігіне немесе көлденең тоқ ішекке таралғанда гастрэктомиямен бірге бауыр резекциясы, көлденең тоқ ішек резекциясы жасалады. Яғни асқазан рагінің асқынуларына байланысты үш ағзаға операция жасалады.
Хирургиялық операциялар паталогияны жоюға қажетті мерзімге байланысты бір- көп мезеттік операциялар болып бөлінеді.Бір мезеттік операциялар деп бірнеше этаптан тұратын бір операция арқылы науқасты айықтыруды айтады.
Көп мезеттік операциялар кезінде негізгі патологияны жою бірнеше этапқа бөлшектенеді.Операцияны бұлай бірнеше этапқа бөлшектеудің негізгі үш себебі бар:
науқастың жағдайының қатаңдығы;
операция жасау үшін қажетті жағдайдың болмауы;
хирургтің санаттық дәрежесінің жеткіліксіздігі.
Қайта жасалатын операциялар – сол патология немесе оның асқынуларына байланысты қайта жасалатын операциялар. Операциядан кейінгі ерте, жуық кезеңдерде жасалатын операциялар атауына ре- деген қосымша жалғанады: ралапаротомия, реторакотомия, реампутация және т.б.)