Rh-факторды анықтаудың шұғыл әдісі үшін, арнайы реагент адам
альбуминінің ерітіндісіне сұйылтылған анти-Rh IV (AB) топ сарысуын немесе бөлме температурасында, эритроциттер агтрегациясын қалыптастыратын зат ретінде пайдаланатын 30-33% декстран (ор. мол. массасы 50 000-70 000) ерітіндісін пайдаланады.
IV (AB) топтағы анти-Rh стандартты сарысудың тамшысын заттық
шыныға немесе Петри табақшасына тамызып, оған параллель құрамында антиденелері жок IV (АВ) топтың резус-теріс сарысуының тамшысын тамызады. Оған зерттелуші қанның 2-3 елі кіші көлемдегі тамшысын қосып,заттық шыны бұрышымен, шыны таяқшамен немесе 3-4 мин бойы шайкау жолымен араластырады, осыдан кейін 1 тамшыдан натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін қосып, 5 минут өткен соң нәтижесін есепке алады. Эритроциттермен анти-Rh сарысудан агглютинацияның болуында, және бақылау сарысуымен оның болмауында, кан резус-оң. Екі сарысумен де агглютинация болмаса резус-теріс. Екі сарысумен агглютинация байкалған жағдайда, онда реакцияға күмәнмен караған дұрыс. Шұғыл қан кұю үшін тек резус-теріс қанды пайдалану қажет, ал онын болмауында, өмірге кауіп
төнген жағдайда, Rh факторға үйлесімділіктік сынамасын жүргізгеннен кейін резус-он қанды құю мүмкін.
26. Құйылған қанның әсер ету механизмі. Қан құюдағы көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштер.
ЖАУАБЫ:
Құйылған қан ағзаға жүйке, ферментативті және гормоналды жүйеге әсер етіп, молекулалық деңгейден мүшелерге дейін әсер етеді.
Әсер эффекті:
Алмастырғыш – ағзадан жоғалған қанды толықтырып, Эритроциттер газалмасуды реттесе, лейкоциттер иммунды қабілетін арттырады. Тромбоциттер қан ұю жүйесін, плазма мен альбумин гемодинамикалық жүйені реттейді.
Гемодинамикалық – жүрек қантамыр жүйесіне жан-жақты әсер етуімен ерекшеленеді. АҚК артып, веналық айналымның артуы жүректің оң бөлімі мен минуттық көлемін арттырады. Микроциркуляция қалпына келіп, артериола, венула және капиллярлар ашылады ,ондағы қан ағысы артады
Иммунологиялық – гранулоцит, макрофаг, лимфоциттер, комплемент, иммуноглобулиедер, цитокиндер мен түрлі антибактериалды және антитоксикалық антиденелер енеді. Лейкоциттердің фагоцитарды активтілігі артып, антидене түзілуі арта бастайды
Гемостатикалық – гемостаз жүйесінің жұмысын реттеп, тромбопластинның артуына байланысты гиперкоагуляция тудырады және антикоагулянтты белсендік төмендейді. Плазмалар (антигемофильді, викасольді) мен гемостатикалық препараттар (фибриноген, криопреципитат, протромбин комплексі тсс) жоғары гемостатикалық қасиетке ие
Стимулдаушы – қан құйылған соң стресске ұқсас өзгерістер дамиды. Гипоталамо-гипофизарлы-адреналды жүйенің стимулиясы орын алып, посттрансфузиялық периодта реципиент қаны мен зәрінде кортикостероидтардың саны артады. Табиғи иммунитет факторы белсеніп, фагоцитарлы активтілік пен антигенге қарсы антидене түзу қасиеті артады.
Достарыңызбен бөлісу: |