Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Алдын-ала өзінің дайындалған қанның аутогемотрансфузия-реинфузиясы, трансфузиясы, алмасып қан құйылу



бет18/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

28. Алдын-ала өзінің дайындалған қанның аутогемотрансфузия-реинфузиясы, трансфузиясы, алмасып қан құйылу.
Аутогемотрансфузия - наукасқа операцияның алдында немесе опера-
ция уақытында өзінен алынған қанды өзіне құю. Аутогемотрансфузияның
мақсаты - науқастың операция уақытында жоғалтқан қан көлемінің ор-
нын өзінің қанымен толтыру, донор қанының теріс қасиеттерінен ала-
стау. Аутогемотрансфузия донор қанын кұйған кездегі мүмкін болатын
асқынулардың (реципиенттің иммунизациясынан, гомологиялык қан
синдромының дамуы) алдын алу, сонымен катар, эритроциттер антигендеріне
АВО және Rh жүйесінің кұрамына кірмейтін антиденелері бар науқастар үшін
индивидуальды донор таңдаудағы қиындарды женуге мүмкіндік береді.
Аутогемотрансфузияға көрсеткіштер келесідей: наукастың сирек қан тобы,
донор таңдау мүмкіндігінің болмауы, ауыр посттрансфузионды аскынулардың
даму каупі.
Көп мөлшерде қан жоғалтумен орындалатын операциялар.
Аутогемотрансфузияның карсы көрсеткішіне: кабыну аурулары, бауыр және
бүйректердің ауыр патологиясы (кахексия сатысындағы науқас), қатерлі
аурулардың соңғы сатылары.
Аутотрансфузияға пайдаланатын қанды операцияға дейін 4-6 күн бұрын алу
керек, себебі жоғалған қанның мөлшері осы уақытта қалпына келеді, ал алынған
қан өзінің қасиетін жақсы сақтайды. Жоғалған қан тек тінаралық сұйықтықтың
қан арнасына түсуімен ғана емес, сондай-ақ қан түзу қызметінің белсенділігінің
артуымен де толтырылады. Сондай тәсілмен дайындалған қанның мөлшері
500 мл -ден аспауы керек. Операцияға ұзақ уақыт дайындағанда қан үздік-үздік
алынады, 15 күнге дейін 1000 мл, тіпті 25 күнге дейін 1500 мл қан алуға болады.
Мұндай әдіспен ең алдымен науқастан 300-400 мл қан алып, оны 4-5 күннен кейін
қайтадан құяды да, одан тағы да алдыңғысынан 200-250 мл -ге көбірек қан алады,
осы тәсілді 2-3 рет қайталайды. Бұл әдіспен көп мөлшерде қан дайындауға болады,
ал аутоқан өз сапасын сақтайды, өйткені оны сақтау мерзімі 4-5 тәуліктен аспайды.
Қанды сақтау үшін, «Глюгицир» және «Цитроглюкофосфат» консервілеуші
ерітінділерді қолданады. Қан консервантпен бірге флакондарға құйылып, +4°С
температурада сақталады. Өте төмен температурада (-196°С) аутоқанды мұздату
жолымен сақтауға болады.
Операция кезінде қан жоғалтуды азайту әдістерінің біріне гемодилюция
(қанды сұйылту) жатады, оны операция алдында жасайды. Науқас операция кезінде
сұйылтылған қанды жоғалтады, ал оның құрамында қан түйіршіктері мен плазмалық
факторлардың мөлшері төмен болады.
Аутотрансфузияға арналған қанды операцияның алдында, эксфузия өткізген
кезде дайындайды және сол мезгілде құрамында реополиглюкин, 20% альбумин
мен Рингер-Локк ерітінділері бар гемодилютантты енгізеді. Орташа гемодилюция
кезінде алынған қанның мөлшері 800 мл -ден аспауы керек, ал енгізілетін
сұйықтықтың көлемі 1100-1200 мл (реополиглюкин - 400 мл, Рингер-Локкерітінідісі -
500-600 мл, 20% альбумин ерітіндісі - 100 мл) болуы тиіс. Үлкен гемодилюция
1200 мл қан мөлшерін алуды және 1600 мл (реополиглюкин - 700 мл, Рингер-Локк
ерітінідісі - 750 мл, 20% альбумин ерітіндісі - 150 мл) ертінділерді енгізуді талап
етеді. Операция аяқталғаннан кейін, аутоқанды науқасқа қайтып құяды.
Операция кезінде қанды аз мөлшерде жоғалту үшін, гемодилюция әдісі
операция алдында да қолданылады, ол кезде эксфузия жасалмайды, қан тамырына
ЦҚК-ін жоғарылататын коллоидты инфузиялықорталарды (альбумин, полиглюкин,
желатинольді) және тұз-электролитті плазма алмастырушы ерітінділерді (Рингер-
Локк ерітіндісін) қосып енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет